Тақырыбы: су шаруашылығын жобалау және пайдалану кіріспе


Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдардың жұмыс істеу жағдайлары



жүктеу 409,82 Kb.
бет3/63
Дата09.12.2023
өлшемі409,82 Kb.
#44612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
МЖСТТ

1.2 Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдардың жұмыс істеу жағдайлары
Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдарды пайдалану кезінде оларға ауа атмосферасы, сулы орта, мұз, төмен және жоғары температура, атмосфералық жауын-шашын, жел және боран, күн радиациясы, сейсмикалық күштер және т.б. одан баса құрылымдар мен олардың табаны арасында әрекеттесу болады.
Ауа атмосферасы құрамында гидротехникалық құрылымдарды бұзатын химиялық қоспалар массасы, шаңдар және газдар болады. Ауада болатын химиялық қоспалар, әсіресе ылғал күйінде, бетондарды коррозияға ұшыратады, жарылуға әкеледі, бетондық конструкцияларды, механикалық жабдықтарды, олардың қосалқы бөлшектерін ластап, бүлдіреді. Сонымен қатар, агрессивті химиялық қоспаларсыз жоғары дәрежедегі ылғалдық бетонның беріктілігін арттырады. Құрғақ және таза атмосферада бетон, металл, тас құрылымдар жүздеген жылдарға дейін сақталады. Сонымен, құрылымдардың жағдайы ауа атмосферасының агрессивтілік дәрежесіне байланысты болады.
Ортаның агрессивтілігін арттыратын негізгі ластаушыларға әртүрлі отындардың жану өнімдері мен химиялық өнеркәсіптердің қалдықтары жатады. Сол себепті қалалар мен өндіріс нысандарына жақын жерлерде салынған металл құрылымдар ауылдық жерлерде салынған металл құрылымдарға қарағанда коррозияға 2...4 есе қарқынды түрде бейім болады. Әдетте гидротехникалық құрылымдардың көбісін қаладан аулақ жерде орналастырылатынын атап кеткен жөн.
Сулы орта гидротехникалық құрылымдарға қарқынды түрде механикалық, физика-химиялық және биологиялық әсер етеді.
Механикалық әсер статикалық, динамикалық және абразивті деп бөлінеді. Статикалық әсерге судың, мұздың, топырақтың кері жапқан кезіндегі, құрылымдардың алдында пайда болған наностардың қысымы жатады. Динамикалық әсер жылжып келе жатқан ағымның, мұздықтың, алып жүрген денелердің, шектеусіз толқын құбылыстардың, гидравликалық соққы кезінде, сейсмикалық күштердің соққысынан пайда болады.
Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдардың элементтеріне механикалық абразивті әсерінің мысалы ретінде келесі гидротораптарды келтіруге болады: Косьва (Кама өзенінің бастауында) өзеніндегі Широковская плотинасында су ұрғыш плитаның құрылыстардан кейін қалған тастармен, ал Бөріжар құламасында плитаның металл заттармен үйкелісі орын алған.
Судың құрылымдарға физика-химиялық әсері металл мен бетонның коррозиясынан, бетон қатқанда, ерігенде және агрессивтік сулардың әсерінен бұзылғанда, ағым фильтрациясы нәтижесінде бетон мен топырақтың суффозиялануында байқалады.
Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдардың элементтерінің бетіне жоғары жылдамдықпен ағым келіп түскенде, ол жерде төмен қысымды локалды аймақ пайда болады.
Судың биологиялық әсері сулы ортада және құрылымдардың элементтерінде өмір сүретін микроорганизмдердің тіршілігімен түсіндіріледі. Олардың әсері әртүрлі элементтердің шіруінен, құбырлардың шөп-шаламмен өсіп кетуінен, құрылымдардың жекелеген бөліктерінің моллюскаллармен өсіп кетуінен байқалады.
Бетон құрылымдар қарапайым суда уақыт өткен сайын беки түседі, ал агрессивті суда бұзылады. Әрдайым суда тұратын ағаш өзінің беріктік қасиетерін ондаған, жүздеген жылдар бойы сақтауы мүмкін. Мысалы, Санкт-Петербордағы Исаакиевский собор көптеген ғасырлар бойы ағаш свайларда тұр, ол свайлар қажетті беріктікті сақтай отырып майысқан. Ал енді судың өзгеріп тұратын деңгейінде және оған атмосфераның әсерінен ағаш қарқынды түрде бұзылады. Ағаш конструкцияларды пайдаланған кезде оларды әртүрлі мұнай өнімдерін сіңіру арқылы қорғайды. Сол Санкт-Петерборда Адмиралтействоның ғимаратының шпилі ағаштан ХVIII ғасырдың 20...30-шы жылдарында салынғанмен осы уаытқа дейін сақталған.
Толқындар гидротехникалық құрылымдардың элементтеріне динамикалық қысым көрсетеді. Қуып жетіп және басып қалатын толқындардың қосылуы нәтижесінде су топырақ плотинаның жиегінен асып төгілуіне әкеліп соғады. Вайонт (Италия, 1963), су қоймасында үлкен топырақ құздың сырғуының салдарынан су толқыны пайда болып, ол жиектен асып кетіп, плотинаны бұзғанынан 2000-нан астам адам қаза тапқан.
Мұз теріс температура басталысымен өзен мұздан тазартылғанға дейін пайда болады. Мұздың судағы майда бөлшектері өзен сағасын бітеп тастайды. Бұл кезде ағыстың жоғары жағында подпор пайда болады. өзеннің тарылған жерінде жинақталған мұздардан затор пайда болады, оны алып тастау өте қауіпті, себебі ол кезде мұздың массасының құрылымдарға көптеп түсу қаупі бар. Айта кетсек, Американың Сейф Харбор плотинасында биіктігі 8 м мұздың жинағы пайда болған. Мұздықтарды соққысы механикалық жабдықтарды, олардың нығыздалуын, энергия сөндіргіштерді зақымдауы мүмкін. Мұздардың пайда болуы көктемде паводка кезінде судың кетуін, балық жіберуші және балық қорғаушы құрылымдардың жмысын қиындатады.
Төмен температура дренаждық құрылымдарды жартылай немесе түгелімен қатуына, еңістерде жарықшалардың пайда болуына, тығыздалулардың едәуір ашылуына, құбырлардың қатуына, сазды топырақтың қампиуына әкелуі мүмкін. Одан басқа, төмен температура механикалық жабдықтардың майлануының қоюлануына, торлардың және бекітпелердің (затворлардың) тығыздауының тоңуына әкеледі, жасанды материалдардан, пластмассадан, полиэтиленнен, резинадан жасалған элементтердің беріктік және пластикалық сапаларын төмендетеді.
Жоғары температура бетон мен жабдықтардың металл бөлшектерінің температуралық деформациялануына әкеледі. Соның салдарынан майда жарықшалар пайда болуы мүмкін. Едәуір оң температурада майлайтын майлары ағып кетуі, еңістердің бекітулерінің плиталар тығыздауынан жмсарған және битумдық композиция сыртқа шығып труы мүмкін.
Атмосфералық жауын-шашындар ұзақ нөсер түрінде су қоймаларын асыра толтырып жіберуі мүмкін, судың бөгеттің (плотинаның) жоталарынан асып кетуіне әкеледі. Оның мысалы ретінде АҚШ-та (Сают Форк) бөгетте дәл осындай жағдай болып, нәтижесінде бөгет толық бұзылды. Нөсер жауындар бөгеттердің жөнді бекітілмеген еңіс жерлерін, нөсер жауындар тасталатын лотоктарды шайып кетуі мүмкін. Теріс температураларда (нольге жақын) жаңбыр аралас қар құрылымдардың едәуір қатып қалуына әкеледі, қатты тайғақ болуы нәтижесінде гидротехникалық құрылымдарды пайдалану қиындайды.
Жел мен борандар кей кездерде көтергіш механизмдерді істен шығарады. Мысалы, Ирак республикасының Феллуджа гидроторабындағы бөгетке бекітпелер (затворлар) жинақтайтын алаңда кранды рельсімен, шпалдарымен бірге аударып тастаған. Сол апаттан соң кран іске жарамай қалды.
Күн радиациясы қардың еру қарқындылығын күшейтеді, ол - тасқынның ұлғаю дәрежесі де күшейеді деген сөз. Ол құрылыста пайдаланылатын резина материалдарына, полиэтилен қабықтарға және басқа да жасанды материалдарға теріс әсерін тигізеді.
Сейсмикалық әсер ету баллдарының қанша болуына байланысты гидротехникалық құрылымдардың бзылуына шейін зиянын тигізеді. Болмашы жер сілкіну кезінде әдетте құрылымдардың элементтерінде жарықшалар пайда болады, бекітпелердің қисайып, сыналап қалуы, жапсарлар тығыздалуларының шпонкаларының бұзылуы, дренаждық жүйелердәің конструкцияларының істен шығуы мүмкін.
Мелиоративтік жүйелердегі құрылымдар іргетасымен (табанымен) әсерлескенде олардың су қоймаларының толу дәрежесіне қарай ширығу жағдайлары, серпімділік модульдерінің, табандарының, жағаларының және т.б. геологиялық құрылысының қатынасы өзгеріп отырады. Әлсіз табандарда кей кездерде құрылымдардың жекелеген элементтерінің әдәуір біркелкісіз шөгінділері пайда болады. мұндай жағдай бетон (топырақ) бөгеттерде немесе олардың құрылымдардың сүзгіленуге қарсы құрылымдарында тұрақтылығын жоғалтатын жарықшаларға әкеледі. Жекелеген жағдайларда бекітпелердің қисайып ауытқуы мүмкін.

жүктеу 409,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау