Еңбек коллективi (пайдалану қызметi) функциональдi бөлiмдер бойынша бiрiккен.
Кибернетиканың көз қарасы (басқарушы ғылым) бойынша мелиоративтiк жүйелердегi осы нысанның екi түрі қосымша басқару жүйелерi болады, ал оның гидротехникалық бөлiмi - қосымша жүйелердi басқару нысанасыi болады.
Қосымша жүйелердi басқару суды беруге және әкетуге, ауылшаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимiн реттеуге арналған.
Қосымша жүйелердi басқарушы гидромелиоративтiк жүйелердегi судың ағынын оперативтi түрде, ауылшаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимiн, гидромелиоративтiк жүйелердiң техникалық жағдайын қамтамасыз етедi. Қосымша жүйелерге басқару сигналын немесе команда беру үшін ол шешiм қабылдайды, ал ол жақтан басқару нысанасының жағдайы жайлы ақпарат түседі.
Мелиоративтiк жүйелерде бiрлесiп әрекет жасайтын екi қосымша жүйенiң болуы (басқарылатын және басқарушы) оларды су шаруашылығы кәсіпорны деп қарастыруға негiз бередi. Сонымен, гидромелиоративтiк жүйе - бұл су шаруашылығы кәсіпорны, ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары өнiм алу мақсатында, өзiнiң жәмыс iстеу үрдісiнде ауылшаруашылығы жерiнiң мелиоративтiк режимiн оперативтi басқару, топырақтың қәнарлылығын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау.
Мелиоративтiк жүйелердi олардың тағайындалуына байланысты суландыру, құрғату немесе құрғату-ылғалдандыру деп атайды.
Ылғалдың жетiспеушiлiгiне және ауа-райының ыссы қәрғақтығына байланысты қәрғақ және шөлдi аймақтарда суармалы мелиоративтiк жүйелердiң орны жоғары. Ылғалдылығы мол және климаты салқын, бiрiншi орында негiзiнен құрғату, ал суару екiншi орындағы гумидтi аймақтарда гидромелиоративтiк жүйелердi құрғату - ылғалдандыру жүйелерi деп атайды.
Жауын-шашыны мол және ауа-райының температурасы төмен гумидтi аймақтардың солтүстiк - батысында суға деген мұқтаждықтың мүмкін болмауы. Бұндай жағдайда мелиоративтiк жәйелер қосымша құрғату жүйесінен ғана тұрады, бәндай жүйелердi құрғату жүйелерi деп атайды.
Мелиоративтiк жүйе бiр iзбен орналасқан және келiсiп әрекет жасайтын бiрнеше бөлiктерден түратын звенолар, бiр-бiрiнен айырмашылығы мiндеттерiне және конструктивтi орындалуына байланысты. Әдетте МЖ келесi звеноларға бөлiнедi: сағадағы су алатын ғимарат; шаруашылық аралық суармалы тiзбек; шаруашылықтың iшiндегi суармалы тiзбек; суару техникасы; шаруашылықтың iшiндегi құрғату немесе суды әкету тiзбегi; шаруашылық аралық құрғату немесе суды әкету тiзбегi.
Достарыңызбен бөлісу: |