Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлақтық және жердегі қызмет көрсетудің қызметтер (жұмыстар) тізімі



жүктеу 124 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі124 Kb.
#21460
түріҚұрамы



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрiнiң

2017 жылғы «___» __________ № ___ және

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрiнiң

2017 жылғы «___» __________ № ___

бiрлескен бұйрығымен

бекітілген



Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлақтық және жердегі қызмет көрсетудің қызметтер (жұмыстар) тізімі

1- тарау Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлақтық қызметтер (жұмыстар)
1. Әуе кемесінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) ұшу-қону жолағын, рульдік жолдар, перрондар беру;

2) ұшу алаңын күту мен пайдалануды қамтамасыз ету;

3) ұшуларды жарықтехникалық қамтамасыз ету;

4) әуежай аймағында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;

5) әуенавигациялық ақпараттардың және әуе кемесінің әуежайдан ұшуының негізгі бағыты бойынша әуенавигациялық жағдайдың оперативті өзгерісін жеткізу;

6) әуежай ауданында авария және өрт апаттарын алдын-алу шараларымен қамтамасыз ету;

7) Жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағат және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағат ішінде тұрақ орнын беру;

8) жүк және жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелерінің түрлері қонғаннан кейін, өңдеуге жататын жүк (почта) болу кезінде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру;

9) ұшу қауіпсіздігін бакылау және қамтамасыз ету;

10) Әуеайлақ зонасында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоспағанда қону мезетінен бастап тоқтау мезетіне дейін әуе кемесіне әуеайлақтық қызмет көрсету технологиясында көзделген басқа қызметтер.

2. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) жолаушыларды, қол жүктерін, багаждарды, азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары мүшелерін тексеру;

2) әуежайдың өткізу және ішкі объектілік режимдерін қамтамасыз ету; (бақылау-өткізу мен тексеру пунктерін (соның ішінде жалпы аймақтарды), олардың техникалық құралдарын, бейне бақылау жүйесін, күзеттік жарықтандыруды, қоршауды, патрульдік жолдар мен көлік құралдарын, тексеру үшін арналған жабдықтарды құру, күтіп-ұстау және пайдалану, іске қосылған коммуникациялар, әуежайда өткізу мен ішкі объект режимдерін қамтамасыз ету үшін арналған персонал, басқа да сүйемелдеуші қызметтер);

3) әуе кемесін, пошта мен борт қорларын ұшу алдында тексеру;

4) әуежай күшін және құралдарын заңсыз араласу актілерін бөгеу бойынша әрекеттерге дайындықта ұстау;

5) әуе кемелеріне бөтен тұлғалардың өтуін болдырмайтын тұрақтарда әуе кемелерін күзету;

6) әуе кемесімен тасымалдауға тиым салынған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш, радиоактивті, улы, тез тұтанғыш құралдар мен заттарды алып жүру мүмкіндігін болдырмау;

7) әуе кемесінің жолаушылардан бөлек бөлігінде оғы алып тасталынған күйде оларды багажда тасымалдауды қамтамасыз ететін қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау кезінде сақтықтың ерекше шарасын енгізу;

8) авиақамтамасыз ету объектілерін күзету;

9) әуежай аймағына пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру.

3. Әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру:

1) тұрақ орнын дайындау;

2) Жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе түсіруге) жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру.

4. Әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру, қоса алғанда:

1) тұрақ орнын дайындау;

2) әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру.

2-тарау Әуежай қызметінің құрамына кіретін жердегі қызмет көрсетудің қызметтері (жұмыстары)
5. Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) беру, қоса алғанда:

1) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін жұмыс орнын дайындау;

2) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар және байланыс құралдары бар орын беру;

3) жолаушылады тіркеуді жүзеге асыру үшін терминалдағы жалпы қолданыс орнының бөлігін беру.


6. Коммерциялық ұйымдарға тасымалдау процессін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланатын әуежай жайларын жалға беру:

1) алаң беруді;

2) басқа негізгі құралдарды беруді қоса алғанда.

7. Телескоптық трап арқылы жолаушыларды отырғызу/ түсіру – қызмет көрсету технологиясында көзделген қызметі, қоса алғанда:

1) трапты беру;

2) трапты орнату;

3) трапты жинау.

8. Әуе кемесін авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету – қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:

1) авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

2) авиациялық жанар-жағармай материалы сапасының анализі;

3) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау, құю және жіберу;

4) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін қызметкер (оператор) және техникалық жылжымалы немесе стационарлық құрал беру.

9. Жүкті өңдеу – келіп түскен және жөнелтілген жүктер мен пошталарды өңдеу кезінде қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:

1) қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жіберілген жүк партиясының келгені туралы жүк алушыны немесе агентті хабардар ету, жүк алушыға немесе агентке жүк құжаттамасын беру;

2) өлшеу және маркерлеу;

3) жүк алушылар бойынша сорттауды қоса алғанда қоймада сорттау, құжаттамалар рәсімдеу;

4) контейнерлерге және түпқоймаларға іріктеуді, бөліп іріктеуді қоса алғанда рейстер бойынша іріктеу;

5) жүкті жиырма төрт сағаттан артық емес аз мерзімге сақтау;

6) әуе кемесіне және кері тасымалдау үшін тиеу және түсіру құралына тиеу-түсіру;

7) әуе кемесіне және кері тасымалдау;

8) әуе кемесінде тиеу мен түсіруді бақылау;

9) әуе кемесіне және кері тиеу және түсіру.

10) жүк құжаттарын құру, қол қою, өткізу, келісу, тіркеу;

11) жүктерді пакеттеу құралы үшін қойма алаңдарын беру;

12) пакеттеу құралдарын өңдеу;

13) жүктерге қызмет көрсету үшін қоймалар мен жабдықтар беру;

14) жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;

15) одан әрі тасымалдау үшін жүктерді (трансферттік, транзиттік) қабылдау және дайындау;

16) пошталық құжаттар бойынша келген пошталарды тексеру;

17) трансферттік поштаны алып жүруші пошталық құжат бойынша өңдеу;

18) кіріс және шығыс пошталық құжаттарды беру.

10. Жолаушыларды тіркеу:

1) жолаушыларды рейске тіркеу;

2) багажды өлшеу мен рәсімдеу;

3) нормативтен тыс багажды рәсімдеу;

4) бос орынның бар болуын анықтау;

5) тіркеу қорытындысын жүргізу;

6) жолаушыларды тіркеу ведомостерін және багаж ведомостерін жасау;

7) құжаттарды және рейс бойынша бір мәртелік жинақ квитанцияларын экипажға беру;

8) тиеуді бақылау мақсатында жолаушылар саны және оларды әуе кемеде орналастыру бойынша ақпарат беру,;

9) әуе кемесіне отырғызғаннан кейін олаушылардың санын тексеру.

11. Жолаушыларға қызмет көрсету – жолаушыларды тіркеуді авиакомпания өз бетімен іске асыратын жағдайда қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызметтер, мыналарды қоса алғанда:

1) жолаушыларды жинақтау және әуе кемесіне дейін алып жүру;

2) келетін жолаушыларды күтіп-алу және аэровокзалға дейін алып жүру;

3) жолаушыларды отырғызу және түсіруін бақылау

4) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;

5) жолаушыларға багаж арбаларын беру.

6) арнаулы құралдарын және оларға қызмет көрсету үшін арнайы жолаушылар санаттарының (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, депортируемые жолаушылар, қараусыз балалар және басқалар).

12. Багажды өңдеу, қоса алғанда:

1) багажды сұрыптау;

2) пакеттеу құралдарына және багаждық арбаларға жүкті жиынтықтау;

3) багаждың орын саны мен салмағын анықтау;

4) багаждың орындарының саны, салмағы бойынша ақпарат беру;

5) багажды бөліп іріктеу;

6) басымдығын ескере отырып багажды беруге сұрыптау;

7) багажды беру;

8) трансферттік багажды сұрыптау және сақтау

13. Багажды тасымалдау, қоса алғанда:

1) багажды жолаушылар терминалының багаж бөлімшесінен әуе кемесіне дейін және кері қарай жеткізу терминалдық кешен;

2) тасымалдауға багаж әуе кемелері арасындағы.

14. Багажды тиеу және түсіру бойынша қызмет көрсету

1) әуе кеменің жүк бөліктеріне пакеттерілген және пакеттерілмеген багажды тиеу;

2) әуе кеменің жүк бөліктерінен пакеттерілген және пакеттерілмеген багажды түсіру;

3) әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кеменің едендік механизацией қолдана отырып) багажды (багаж тиеген пакеттеу құралдарын) орналастыру;

4) әуе кеменің жүк бөлігінде багажды(багаж тиеген пакеттеу құралдарын) бекіту;

5) багаж орындарын есептеу, оның тұтастығын бақылау.

15.Қоймада жукті және поштаны өңдеу, қоса алғанда


  1. кедендік бақылау және жүк қабылдап алушыларды ескерту (халықаралық ұшулар үшін)

2) санитарлық бақылау (халықаралық ұшулар үшін);

3) өлшеу.

4) құжаттарды тиісті тәртіппен ішкі ережеге және халықаралық ұйымдардың регламентіне немесе тасымалдаушының өз талаптары бойынша сәйкес дайындау, ресімдеу;

5) жүк алушылар бойынша сорттауды қоса алғанда қоймада сорттау, құжаттамалар рәсімдеу;

6) контейнерлерге және түпқоймаларға іріктеуді, бөліп іріктеуді қоса алғанда рейстер бойынша іріктеу;

7) жүкті жиырма төрт сағаттан артық емес аз мерзімге сақтау;

8) әуе кемесіне және кері тасымалдау үшін тиеу және түсіру құралына тиеу-түсіру;

9) мемлекеттік органдардың талаптары бойынша жеке тексеру үшін жүктерді беру

10) мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатын алғаннан кейін белгіленген тәртіп бойынша жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;

11) қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жіберілген жүк партиясының келгені туралы жүк алушыны немесе агентті хабардар ету, жүк алушыға немесе агентке жүк құжаттамасын беру;   

12) одан әрі тасымалдау үшін жүктерді (трансферттік, транзиттік) қабылдау және дайындау;

13) пошталық құжаттар бойынша келген пошталарды тексеру;

14) трансферттік поштаны алып жүруші пошталық құжат бойынша өңдеу;

15) кіріс және шығыс пошталық құжаттарды беру.

16) жүктерді (поштаны) пакеттеу құралы үшін қойма алаңдарын беру.

16. Жүкті (поштаны)тасымалдауды, қоса алғанда:

1) жүкті (поштаны) жүк терминалынан әуе кемеге дейін және кері қарай жеткізу;

2) жүкті (поштаны) әуе кемелер арасында тасымалдау.

17. Жүкті (поштаны)тиеу және түсіру бойынша қызмет көрсету:

1) әуе кеменің жүк бөліктеріне пакеттерілген және пакеттерілмеген жүкті (поштаны)тиеу;

2) әуе кеменің жүк бөліктерінен пакеттерілген және пакеттерілмеген жүкті (поштаны) түсіру;

3) әуе кемесінің жүк бөлігінде (оның ішінде әуе кеменің едендік механизацией қолдана отырып) жүкті (поштаны) (жүк (пошта) тиеген пакеттеу құралдарын) орналастыру;

4) әуе кеменің жүк бөлігінде жүкті (поштаны) (жүк (пошта) тиеген пакеттеу құралдарын) бекіту;

5) жүк (пошта) орындарын есептеу, оның тұтастығын бақылау;

6) жүктің (поштаның) құжаттарын әуе кемеге және кеін қарай жеткізу.

18. Өңдеу бойынша қызметтер айырбас қорының пакеттеу құралдарын, соның ішінде:

1) ұсыну, қойма алаңдарын сақтау үшін пакеттеу құралдарын;

2) сақтау және өңдеу, пакеттеу құралдарын, есепке алу, бақылау, тұтастығын тексеруді, актирование белгіленген талаптарға сәйкес әуе компаниялары мен халықаралық стандарттар.

19. Тиеуді бақылау, қоса алғанда:

1) әуе кемеге тиеуді жоспарлау;

2) тиеу схемасын шығару;

3) әуе кеменің салмақтық және центровочных сипаттамаларын есептеу;

4) перронда әуе кеменің тиеуін бақылау, жоспарланған тиеуге әуе кемеде нақты тиеудің сәйкестігін, тексеру, багаж, жүк (поштаның) (пакеттеу құралдарының) тұтастығын тексеру, багаждың, жүк (поштаның), пакеттеу құралдарының бекітуін тексеру;

5) жинақтау-тиеу ведомосы мен басқа да құжаттаманы технологияға сәйкес дайындау және тексеру;

6) рейстік құжаттаманы жинақтау және беруді;

7) авиакомпаниялардың талаптарына сәйкес жеделхаттарды жөнелту.

20. Әуе кемесін күтіп алуды және жөнелтуді қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) әуе кемесі келгенге дейін тұрақ орындарды мен рульдеу жолдарын тексеру;

2) әуе кемесі тұрақ орнына қабылдау және шығару (визуалды сигналдар беру немесе әуе кемені тұрақ орнына тұрғызуын автоматтық жүйесін қамтамасыз ету);

3) доңғалақтың астына тұрақ қалыптарын орнату және жинау;

4) сигналдық конустарды орнату және жинау;

5) шасси фиксаторын, қозғалтқыш қақпағын, түрлі датчиктердің тыстарын орнату және алып тастау;

6) әуе кемесінің жерге қосу;

7) ұшақтың сөйлесу құралы немесе перрон және экипаж кабинасы арасындағы радио байланыс арқылы экипажбен байланыс орнату;

8) әуе кемені зақымдану тұрғысынан, қосылған жабдықтарды көзбен шолу;

9) қозғалтқышты іске қосуын бақылау;

10) әуе кемесінің тұрақ орнынан жүруін бақылау.

21. Әуе кемесін авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету – қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:

1) авиациялық жанар-жағармай материалы сапасының анализі (техникалық жылжымалы құралдарында, әуеайлақтық бақылау);

2) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін техникалық жылжымалы немесе стационарлық құралдарын беру;

3) басқарма келу және кетуді басқару, әуе кемені авиациялық жанар-жағар май материалдарымен толтыру үшін жылжымалы құралдарды орнату және қайтару;

4) әуе кемеге авиациялық жанар-жағар май құю үшін жылжымалы құралдарды жерге тұйықтау, әуе кемемен және көлік құрал арасында теңестіру арқанын қосу;

5) әуе кемелерінде техникалық қақпақтарды ашу және жабу;

6) әуе кемесінде құю (ағызу) жеңдерді қосу және ажырату;

7) әуе кеменің бактарына жылжымалы немесе стационарлық құралдарын пайдаланып жанар-жағар май материалдарын құю;

8) әуе кеменің бактарынан жылжымалы немесе стационарлық құралдарын пайдаланып жанар-жағар май материалдарын төгу;

9) есепке алу аспаптары бойынша құйылған (төгілген) жанар-жағармай материалдар санын бақылау, жанар-жағармай материалдарының массасын есептеу үшін тығыздықты өлшеу;

10) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарын құю үшін шығыс ордерін ресімдеу.

22. Жолаушылар траптарымен қамтамасыз ету – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) трапты беру;

2) трапты орнату;

3) трапты жинау.

23. Жолаушыларды жеткізу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) жолаушыларды аэровокзалдан әуе кемесіне жеткізу және қайтару үшін көлік құралын беру;

2) көлік құралын алып кету.

24. Жолаушылар мен әуе кемесінің экипаждарын борт қорымен қамтамасыз ету - әуе кемесін борт тамағымен қамтамасыз ету кезінде көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:

1) көлік құралдарыннын келуiн және кетуiн басқару

2) әуе кемесінің бортына алынбалы жабдықтар мен борт ыдыстарын қабылдау және түсіру;

3) көлік құралына тиеу, борт тамағын кешенге (цех) жеткізу және алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарды түсіру;

4) көлік құралына борт тамағы кешенінен (цех) борт тамағын тиеу;

5) әуе кемесінің бортына борт тамағын беру және тиеу.

25. Борт қорын асымалдау және тиеу және түсіру үшін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету:

1) автокөлік құралдар беру;

2) әуе кемесіне борт қорын жеткізу;

3) әуе кемесіне автокөлік құрал орнату;

4) әуе кемесі автокөлік құрал алу.

26. Экипаж жеткізу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) техникалық құралдар (автобус, шағын автобус), қызметкер беру;

2) әуе кемесіне жеткізу және қайтару;

3) техникалық құралдарды алып кету.

27. Ішкі тазалау – жолаушылар салонын, есік учаскелерін, алғы және артқы кабиналарды, экипаждар, залдар, барлар, буфеттер, асханалар, санузелдер (әжетханалар), терезелер бөліктерін, жүк бөліктерін, вертибюлаларды тазалау технологиясында көзделген жұмыстар жиынтығы, қоса алғанда:

1) күл сауыттарды тазарту;

2) әуе кемесіндегі қоқысты жинау;

3) орындықтың арқа қалталарынан және жоғарыдағы багаж орындарынан қоқыстарды жою;

4) орындықтарды жуу;

5) жолаушылар орындықтары мен жалғаспалы жабдықтарды тазалау және тәртіпке келтіру;

6) еденді тазалау (кілемдерді және айналадағы шалағайларды);

7) борттық буфеттердегі, асхана мен әжетханадағы жабдықтардың үстін және жабдықтарын ылғалдап тазалау;

8) әуе ауруынан, азық-түліктердің шашылуынан, азық-түліктердің төгілуінен және дақтардан болған түрлі ластануларды жою;

9) қоқысты шығару және пайдаға асыру.

28. Әуе кемесінің санузелдеріне (әжетханаларына) қызмет көрсету - әуе кемесінің санузелдеріне (әжетханаларына) құюды (босату, тазалау, жуу) және санузелдер (әжетханалар) жеткізуді, қалдықтарды жою мен пайдаға асыруды қоса алғанда, қызмет көрсету бойынша жұмыстар жиынтығының қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) оператордың арнайы машинаның технологиялық шлангісін әуе кемесінің жүйесіне жалғауы;

2) әуе кемесінің қабылдау бөшкесіне әуе кемесінің берілген типі бойынша технологиялық нұсқауға сәйкес немесе пайдаланушының нұсқауы бойынша құю және жуып тазалау;

3) әуе кемесінің қабылдау бөшкелерін техникалық сумен толтыру;

4) технологиялық шлангілерді ажырату, технологиялық люктерді, жапқыштарды жабу.

29. Әуе кеменің санузелдерін (әжетханаларын) өңдеу үшін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) санузелдер (әжетханалар) қалдығын құю үшін және техникалық сумен толтыру үшін арнайы машина беру;

2) арнайы көлікті қою және алып кету.

30. Ауыз суды толтыру - әуе кемесін ауыз сумен толтыруды қамтамасыз ету бойынша қызметтер жиынтығы, қоса алғанда:

1) технологиялық шлангілерді әуе кемесінің жүйесіне жалғау;

2) әуе кемесінің су бөшкелерін төгу, жуып тазалау және толтыру;

3) технологиялық шлангіні ажыратуды, крандарды, люктер мен жапқыштарды жабу;

31. Әуе кемесін ауыз сумен толтыру үшін арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) ауыз суды дайындауды, тазалау мен фильтрлеу;

2) судың санитарлық нормаларға сәйкестілігінің құжаттарын беру;

3) арнайы машина беру;

4) арнайы машинаны әуе кемесіне қою және алып кету.

32. Әуе кемесіне электрэнергиясын беру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) әуе кемесіне технологиялық кабелдер қосу;

2) электрэнергия беруді және беріп жатқан арнайы техниканың немесе әуе кемесі бортындағы стационарлы қуат кернеу тоғының параметрлерін бақылау;

3) тұтынып жүрген электрэнергиясының көлемін анықтау;

4) кабелдерді ажырату және алып тастау.

33. Әуе кемені жылжымалы немесе стационарлық электрмен қоректендіру көзімен қамтамасыз ету қоса алғанда

1) жылжымалы немесе стационарлық электрмен қоректендіру көзін беру;

2) жылжымалы электрмен қоректендіру көзін орнату және алып кету.

34. Әуе кемесін кондиционерлеу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) арнайы көліктің келуін және кетуін басқару;

2) әуе кемеге технологиялық жеңдерді қосу;

3) әуе кемесінің кабинасын қажетті температураға кондиционерлеу жүргізу;

4) әуе кемеден технологиялық жеңдерді ажырату және жинау.

35. Әуе кемені салқындату үшін жылжымалы құралмен қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) әуе кемені салқындату үшін арнайы машины ұсыну;

2) арнайы көлікті орнату және алып кету.

36. Сүйрелеу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) сүйрелеу құралын әуе кемесі мен тягачқа жалғау және ажырату;  

2) сүйрелеуді басқару.

37. Әуе кемені сүйрелеу үшін арнайы техникалық құралдармен қамтамасыз ету:

1) техникалық құралдар беру (әуе кемесі үшін сүйрегіш және/немесе тягач);

2) тіркеп сүйрегіш тягачты басқару.

38. Әуе кемені қолмен қардан тазалау - қызмет көрсету технологиясында көзделген қызметі, қоса алғанда:

1) техникалық құралдар, арнайы баспалдақтарды беру;

2) әуе кеме үстінен қарды алып тастау.

39. Әуе кемені қардан және мұздан механикалық тазалау - қызмет көрсету технологиясында көзделген қызметі, қоса алғанда:

1) арнайы техника пайдаланып әуе кеменің бетін қарданы және мұздан тазалау;

2) әуе кеме айналасында арнайы техника қозғалысын басқаруын жүзеге асыру, жүргізушімен байланысты қамтамасыз ету;

40. Әуе кемеснің бетінен қарды, мұзды, қырауды алып тастау үшін арнайы құралдармен қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) сыртқы ауа температурасына байланысты арнайы сұйықтықтарды дайындауды;

2) әуе кеменің бетінен мұздануды кетіру үшін персоналмен (оператормен) қоса арнайы техника ұсыну;

3) арнайы техниканы басқару.

41. Авиақозғалтқышты іске қосуына ауа жіберуін қамтамасыз ету – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) арнайы көліктің келуін/кетуін басқару

2) әуе жіберу қондырғысын әуе кемесіне жалғау;

3) әуе жіберу қондырғысын жіберу және қажетті құралдарды бақылау, соның ішінде отынның, майдың ағуы мен өрт болдырмау;

4) әуе жіберу қондырғысын әуе кемесінен ажырату, авиа қозғалтқышты жіберу панелін жабу.

42. Авиақозғалтқышты іске қосуына ауа жіберуі үшін арнайы құралмен қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) авиақозғалтқыштың арнайы ауа жіберу қондырғысын беру;

2) авиақозғалтқыштың арнайы ауа жіберу қондырғысын орнату және алып кету;

43. Әуе кемесіне транзитік формасы (A-check) бойынша техникалық қызмет көрсету – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету және әуе кемесінің типі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентіне сай әуе кемесін ұшуға дайындау, сондай-ақ қажетті құжаттамалар рәсімдеу,қоса алғанда:

1) әуе кемесіне ағымдағы оперативті қызмет көрсету;

2) техникалық қызмет көрсету регламентін, технологиялық нұсқаулар, оперативті техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты, анықтамаларды, каталогтар мен әуе кемесінің әрбір типі бойынша басқа қажетті құжаттар беру;

3) әуе кемесін, соның ішінде жолаушылық салонды, асхананы, әжетхана бөлмелерін оперативті ішкі тексеруді іске асыру;

4) әуе кемесіне оперативті тексеру жүргізу туралы борттық мәліметтер журналына енгізу;

5) борттық мәліметтер журналына әуе кемесін тексеру кезінде анықталған ақаулар туралы ескертулер енгізу;

6) ұшу алдында әуе кемесінің үстінде мұздың жоқтығын тексеру;

7) әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы құжаттамалар рәсімдеу.

44. Авиақозғалтқышқа май құю – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) қозғалтқышты толтыру үшін май дайындауды;

2) майдың сапасы мен техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;

3) май құю үшін арнайы машина беру;

4) техникалық персонал (оператор) беру;

5) толтыру үшін қозғалтқыш пен май бөшкесін дайындау;

6) әуе кемесінің бөшкесіндегі майдың мөлшерін тексеру;

7) май бөшкесіне сертификатталған маман немесе экипаждың бақылауымен қажетті май толтыру;

8) май бөшкенің, кіру люктерінің аузын жабу;

9) арнайы машинаны әуе кемесінен алып кету;

10) құжаттамаларды рәсімдеу.

45. Жүйені оттегімен толтыру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) жүйені оттегімен толтыру үшін арнайы агрегат беру;

2) cапа мен оттегінің техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;

3) техникалық персонал (оператор) беру;

4) жүйенің саңылаусыздығын тексеру;

5) ауа баллондарының қысымын тексеру;

6) әуе кемесінің ауа баллондарын осы әуе кемесінің технологиялық көрсеткішіне сәйкес сертификатталған маманның немесе экипаждың бақылауында толтыру;

7) арнайы агрегатты әуе кемесіне ажырату мен айыру жұмыстарын жүргізгеннен кейін;

8) құжаттамаларды рәсімдеу.

46. Әуе кемесін азотпен немесе сығылған ауамен толтыру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) әуе кемесін азот немесе сығылған ауамен толтыру үшін арнайы машина немесе арнайы агрегат беру;

2) техникалық құрам (оператор) беру;

3) баллондарда қысымның болуын тексеру;

4) әуе кемесіне агрегат орнату және шлангіні әуе кемесіне жалғау;

5) жүйені қажетті мөлшерге дейін толтыру;

6) әуе кемесінен шлангіні ажырату және арнайы машинаны (арнайы агрегатты) алып кету жұмысын жүргізгеннен кейін;

7) құжаттамаларды рәсімдеу.

47. Гидрожүйені тексеру және толтыру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) әуе кемесінің гидрожүйесін толтыру үшін гидросұйықтық дайындау;

2) гидросұйықтықтың сапасын және техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;

3) әуе кемесіне арнайы құрылғыны (агрегат) жылжыту үшін арнайы көлік беру;

4) техникалық құрам (оператор) беру;

5) әуе кемесіне арнайы құрылғы орнату, технологиялық шлангілер мен гидрожүйесін құюды жалғау;

6) технологиялық шлангілерді жалғау және арнайы құрылғыны (агрегат) әуе кемесінен айыру жұмысын жүргізгеннен кейін;

7) құжаттамалар рәсімдеу.

48. Ангарда тұрақ – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда ангарда тұрақ орын беру;

49. Техникалық персоналды (операторды) әуе кемесіне қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығын қамтамасыз ету үшін беру.

50. Арнайы техникалық және көлік құралдарын әуе кемесіне қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығын қамтамасыз ету үшін беру.

51. Жолаушыларға, экипаж мүшелеріне ұзақ мерзімде тұруға арналған залдар беру;

1) үй-жайлар беру;

2) қызмет көрсететін персоналды беру;

3)ұзақ мерзім залында жолаушыларға қызмет көрсету.

52. Жүкті жиырма төрт сағаттан аса сақтау, қоса алғанда;

1) жүкті қабылдау;

2) жүкті сақтау;

3) жүкті беру.

53. Авиациялық жанар-жағармай материалдарын сақтау бойынша қызметтер:

1) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау;

2) авиациялық жанар-жағармай материалы сапасын талдау;

3) жанар-жағармай материалын сақтау;

4) жанар-жағармай материалын жіберу;

54. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қосымша қызметтер, қоса алғанда:

1) қызметкер мен өту рұқсаты шектеулі аймаққа өтетін коммерциялық ұйымдардың көлік құралдарын тексеру және рұқсатнамалармен қамтамасыз ету;

2) көлік құралының өтуі үшін жолдарды күтуді қамтамасыз ету;

3) бақылау жүргізілетін зонада өтініш арқылы тұлғаларды алып жүру.

55. Ұшу алдында экипаж мүшелерін медициналық қарау:

1) экипаж мүшелерін көзбен шолып қарау;

2) экипаж мүшелерін құралдармен қолданып қарау;

3) экипаж мүшелерін қарау бойынша өткені туралы тиісті құжаттарды (тіркеу) беру.

56. Авиатасымалдау процессін қамтамасыз етуде қатысатын басқа ұйымдарға ауысу алдында медициналық қарау:

1) кәсіпорын жұмыскерлерін көзбен шолып қарау;

2) кәсіпорын жұмыскерлерін техникалық құралдармен қолданып қарау;

3) кәсіпорын жұмыскерлерінің қарау бойынша өткені туралы тиісті құжаттарды (тіркеу) беру және жұмысқа рұқсат беру.

57. Авиатасымалдарды қамтамасыз ету процесіне қатысатын тараптық ұйымдар қызметкерлерін әуеайлақтағы қозғалыс қағидаларына, әуеайлақта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік талаптарына әуежайда бекітілген оқу бағдарламасы бойынша бастапқы оқыту, қоса алғанда:

1) білікті нұсқаушыны ұсыну;

2) оқу (нұсқаулық) материалдармен қамтамасыз ету;

3), оқу аудиториясын қамтамасыз ету;

4) білім деңгейінің бағалауын өткізу;

5) рұқсат құжаттарын (талондарды) беру.

58. Авиатасымалдарды қамтамасыз ету процесіне қатысатын тараптық ұйымдар қызметкерлерін әуеайлақтағы қозғалыс қағидаларына, әуеайлақта жұмыс істеу барысында қауіпсіздік талаптарына әуежайда мерзімді оқыту, қоса алғанда:

1) білікті нұсқаушыны ұсыну;

2) оқу (нұсқаулық) материалдармен қамтамасыз ету;

3) оқу аудиториясын қамтамасыз ету;

4) білім деңгейінің бағалауын өткізу;

5) рұқсат құжаттарын (талондарды) беру.

59. Жүк буып түю, қоса алғанда:

1) жүкті буып түю үшін орын дайындау;

2) жүкті буып түюге қондырғыны беру;

3) жүкті буып түюге арналған материалмен қамтамасыз ету;

4) жүк буып түюді қамтамасыз ету.

60. Әуе кемеден қоқыс шығару және кәдеге жарату -операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) қызметкерлерді (оператор) беру;

2) қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар беру.

61. Әуе кемесінен қоқыс шығару және пайдаға асыру – операциялар жиынтығы, қоса алғанда:

1) персоналды (оператор) беру;

2) қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар беру.

62. Жарнамаларды орналастыруға орын беру; қоса алғанда:

1) орын беру;

2) персонал беру.

63. Мемлекеттік ұйымдарға әуежай жайларын жалға беру:

1) алаң беруді;

2) басқа негізгі құралдарды беруді қоса алғанда.

64. Басқа ұжымдардың әуежай аймағын өртке қарсы қамтамасыз ету, қоса алғанда:

1) персоналды ұсыну;

2) техникалық құрал-жабдықтарды беру;

3) өртті сөндіруге арналған материалдар беру.

65. Әуеайлық маңында орналасқан тікұшақ айлағының жарамдылығын басқа ұйымдарға қарау, қоса алғанда:

1) тікұшақты көзбе-көз қарау;

2) «Ұшу жолағының жағдайы» журналындағы жазба.

66. Әуе кемелеріне желілік техникалық қызмет көрсету, қоса алғанда:

1) техникалық көмек;

2) техникалық қолдау;

3) желілік қызмет көрсету.

67. Әуе кемелерін сүйемелдеу, қоса алғанда әуе кеме әуеайлақтың жұмыс алаңында.рульдеу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы машина ұсыну.

68. Жердегі қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін тараптық кәсіпорындармен Әуежайдың инфрақұрылымдық объектілерін пайдалану, қоса алғанда:

1) перрон, кірме жолдар, тұрақ орындары, бокстарды жерүсті және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету техникалық құралдармен пайдалану;

2) жерүсті қызмет көрсету үшін технологиялық жабдықты, құралдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын пайдалану.

69. Тікұшақты авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуеайлақтан тыс жерде ұшу-қону кезінде ұсынылады, қоса алғанда:

1) авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету кешенді ұсынылады.

70. Әуежай алаңында орналасқан басқа ұйымдардың алаңдарын тазалау, қоса алғанда:

1) персоналды беру;

2) қызмет көрсету үшін техникалық жабдықтар беру.

71. Алымсыз сауданы қамтамасыз ету.

1) алымсыз сауданы іске асыру үшін тауар жеткізуді ұйымдастыру;



2) алымсыз сауда қызметін іске асыру.

________________________
жүктеу 124 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау