Ырым:Бұлттар төмен болса, жаңбыр жауады, күн суытады.
Қимыл- қозғалыс ойыны «Біз көңілді балалармыз»
Балалардың қозғалыс белсенділігін, ойын тәртібін орындай білуін дамыту
Еңбектену әрекеті
Еңбек тапсырмалары
Өз өзіне қызмет ету; серуен соңында ойыншықтарды жинау. Еңбек ете алу қабілетін дамыту, үлкендерге көмек бергісі келетін тілегін тәрбиелеу
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау
«Бұлтты суретте»
Бұлтты суреттейтін сөздерді тауып айтуға үйрету
«Аспан денелерін ата»
Күн, Ай, жұлдыздар, планеталар – аспан денелері екендігі жайлы балалардың білімдерін бекіту
Өзіндік іс-әрекет
Балалардың ойындарын қызғылықты етіп ойнауларын ұйымдастыруға көмектесу
Карточка№6 Жапырақтардың түсуін бақылау
Бақылау: Балалар назарын жапырақтардың қызыл, сары, алтын түсті, жасыл-сары болып жерге түсіп, жерді жылы көрпемен жауып жатқанына аударту. Жапырақтардың түсу себебін түсінуге, жапырақтардың бөліктерін атауға үйрету. Жапырақтар көп мөлшерде немесе аз мөлшерде түсетінін, бұл көрініс жел күшіне байланысты екенін атап айту. Табиғаттың бір құбылысының екінші бір құбылысымен өзара байланысын көруді үйрету; күзгі табиғат әсемдігін қабылдауға үйрету.
Көркем сөз Ой, алақай, тамаша, Ағайынды бәрі, Шашу шашты жапырақ. Шықса – жасыл, Бақтың іші алаша, Түссе – сары (жапырақ) Аунар ма еді жатып ап!
Ырым: Егер жапырақтар ағаштан түгел түспей бұтақтарында қалып қойса, қыс суық болады. Жапырақтар кеш түссе, қыс қатты және ұзақ болады
Қимыл- қозғалыс ойыны: «Асық, бірақ түсіріп алма»
Балаларды қолындағы жапырақшаны түсірмей жүгіре алуға жаттықтыру. Физикалық сапасын дамыту: шапшаңдық, ептілік.
Еңбектену әрекеті
Учаскедегі жапырақтарды жинау
Балаларды жұмысқа белсенді қатысуға үйрету, жапырақтарды тырнауышпен тырнап, тасығышпен бір жерге жинастыру. Еңбексүйгіштікке, өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету.
Дидактикалық ойындар. «Аяқ астындағы жапырақтар қалай сыбдырлайтынын тыңдау». Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, тыңдай білуге, түйін жасауға үйрету.«Жапыраққа қарап ағашты таны»
Балаларды жапырақтың қай ағаштан түскенін анықтауға үйрету. Ойын ережесін сақтау (белгі берілгеннен кейін ғана жапырақ қай ағаштан болса, сол ағашқа жүгіріп бару).
Өзіндік іс-әрекет: Балалардың тұрақты бірлестіктерін нығайтуға көмектесу. Ынталарын, өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу.
Карточка№8 Шықты бақылау
Бақылау: Күзде шықтың жиі түсетінін, оның барлық жерлерде күмістей болып жарқырап жататынын атап айту. Күзде неліктен таңғы мезгілде шық мол түсетінін және ақырындап жоғалып кететінін, ал кей кезде күні бойы сақталатынын балалармен бірге еске түсіру. Табиғат құбылыстарының өзара байланысын көрсету: күн шықты – шық жоғалды. Балалардың эстетикалық қабылдауын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Көркем сөз:Күзде болар, Қыста жоқ. Таңертең бар, Кешке жоқ. Кеш түгілі, Түсте жоқ. (Шық)
Достарыңызбен бөлісу: |