Ырым: Аспанды бұлттар басса, ауа райының бүлінуі ұзаққа созылады
Қимыл- қозғалыс ойыны: «Ұшақтар»
Әр түрлі бағытта жүгіре алуларын дамыту (балалар алаңда жұмыс істеп тұрған мотор сияқты бір-бірін қанаттарымен қақпауға тырысып жүгіреді), белгі бойынша («Маторды қос!», «Отырғызу басталды!») қимыл жасай алуға үйрету.
Еңбектену әрекеті
Тәрбиешімен бірге құрғақ жапырақтарды жинау
Учаскедегі құрғақ жапырақтарды жинау, оларды шаруашылық аулаға шығару.
Құралдарды қолдана алу дағдыларын дамыту. Біріге еңбектене алуға тәрбиелеу. Жолдастарына көмек көрсету.
Өзіндік іс-әрекет
Үлкендердің азғана көмегімен балалардың ойынға ыңғайлы жерді таңдай білуін, ойын жағдайын ұйымдастыра алуын қалыптастыру. Ойында құмдағы құрылыстарды пайдалана білуін дамыту.
|
Карточка№ 2 Желді бақылау
БақылауБалаларға желдің неліктен соғатынын түсіндіру. Жел – бұл ауа қозғалысы. Желдің күшін өсімдіктердің қозғалысына қарап анықтауды үйрету (күшті, әлсіз; әлсіз жел жапырақты ақырын тербетеді, түсіп жатқан жапырақты сәл ғана жылжытады; күшті жел – ірі бұтақтарды шайқалтады, ағаштардың жапырақтарын жұлады). Өлі табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу, балалардың ақыл - ой, тіл белсенділігін дамыту
Көркем сөз Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады (Жел)
Жел де ауа кәдімгі, Жел дегенің тек бірақ. Ойға-қырға шапқылап, Байыз таппас ауа ғой. (М. Әлімбай)
Ырым Жануарлар қай жағына жатса – сол жақтан жел соғады.
Егер түнге қарай жел күшейсе – ауа райы бұзылады
Қимыл- қозғалыс ойыны: «Жел мен жапырақшалар» Әр түрлі бағытта жүгіруді дамыту, белгі бойынша қимыл жасай білу.
Еңбектену әрекеті
Табиғат бұрышында өсімдіктерді өсіру үшін жер дайындау
Балаларды тапсырылған іске тыңғылықты қарауға үйрету. Жұмысты тату жасау, бір - біріне көмектесу «Жел» сөзіне анықтама айт» Т ә ж і р и б е. Шардың желін шығару.
Қ о р ы т ы н д ы. Жел дегеніміз – кейде қатты, кейде баяу горизонтальды бағытта қозғалып соғатын ауаның ағымы.
Өзіндік іс-әрекет
Қуанышты тыныш жағдайды тудыру және оны сақтауға көмектесу; ынталарын және өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу
Карточка№4 Бұлтты бақылау
Бақылау: Балаларға бұлттар деген не екенін, олардың неліктен аспанда бірде ақырын, бірде тез жылжитынын түсіндіру. Ерте күзде аспан көбінесе көгілдір, таза болып аспанда бұлттар ақырын жүйткиді. Бұлттар қозғалысының жел күшімен байланысын айтуға үйрету.
Көркем сөз: Аспанға ұшар бу болып, Жерге қайтар су болып (Бұлт)
|
Достарыңызбен бөлісу: |