|
Білімділік: Жиренше шешен шығармаларына талдау жүргізу, шешендік сөздерің мағыналарын ашып,саналарына дарыту, бейнелі сөздерге қөңілдерін аударып, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін тереңдетуге ықпал ету
|
Дата | 17.01.2020 | өлшемі | 2,37 Mb. | | #26983 | түрі | Сабақ |
| - Білімділік: Жиренше шешен шығармаларына талдау жүргізу, шешендік сөздерің мағыналарын ашып,саналарына дарыту, бейнелі сөздерге қөңілдерін аударып, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін тереңдетуге ықпал ету.
- Дамытушылық: Шешендік сөздердегі асыл сөз айшықтары арқылы ойлау, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту, ұтқырлыққа баулу.
- Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін суюге, эстетикалық сезімін оятуға, ана тілін ардақтауға, халқының тәуелсіздігін сақтауға, оны қорғай білуге және шешендік сөздер арқылы адал достыққа, бауырластыққа тәрбиелеу, ойын арқылы тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру
- Сабақтың көрнекілігі:
- Жиренше шешеннің суреті, интерактивті тақта, тірек сызба;
- Сабақтың түрі: жаңа сабақ;
- Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі,топтастыру, мәнерлеп оқу, сахналау.
- Сабақ жоспары:
- 1. Оқушылардың дайындап келген зерттеу жұмыстарына назар аудару.(Үй тапсырмасы)
- 2.“Білген сайын келеді, біле бергім ...” (Жаңа сабақ)
- а) Жиренше шешен өмірі мен шығармашылығы;
- ә) Жаңа сөздермен жұмыс;
- б) “Шоқан мен Саққұлақ шешен” мәтінімен жұмыс;
- 3.Сөздердің синонимдерін бағыт арқылы көрсету;
- 4.Тест тапсырмалары;
- 5.Не үйрендім, не білдім. (сабақты бекіту)
- 6. “Жақсының сөзі – шамдай жарық, айдай анық”(қорытындылау)
- Жиренше шешен – қазақтың ақыл парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15-16 ғасырлардан басталады. Жиренше шешен туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, т.б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарымқатынасы көрсетілген. Жиренше шешен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы жайылған айтулы тұлға.
- Сөздікпен жұмыс:
- тосын сұрақ – внезапный вопрос
- адасу – заблудиться
- тағылымды әңгімелер – поучительные рассказы
- көне – старец
- аздырмау – не доводить до истощения
- басшы – предводитель
- шолғыншы – обозреватель
- кәсіп – занятие
- риза болу – остаться довольным
- сабыр – терпение
- дидарласу – общаться
- қорғаушы – защитник
- көргенді – благовоспитанный
- ем – лекарство
- жетекші – рукаводитель
- талап – стремление
- қорғаны – защита
- тумысыңнан – с рождения
- мінез - характер
- Мәтінмен жұмыс:
- “Шоқан мен Саққұлақ шешен” мәтінін рөлдерге бөліп оқу;
- Мәтінді сахналау;
- Мәтін бойынша синоним сөздерді бағыт арқылы көрсет
- Дидарласу
- Ақыл
- Көне
- Адасу
- Сабыр
- Кәсіп
- Кен
- Дана
- Қателесу
- Ескі
- Жүздесу
- Ерекше
- Салмақты
- Шаруашылық
- Сана
- Байлық
- Тестілеу
- 1.Шешендік дегеніміз –
- а)қорытынды
- в)мәнерлеп сөйлеу
- с)ақыл айту
- д)көркем тілмен айтылған үлгілі ой тұжырымдар
- 2. “Би” деген кім?
- а)сөзге шебер ел мүддесін қорғайтын адам
- в)өз ойынан жыр шығаратын адам
- с)әнші ,өнерлі адам
- д)айтысқа түсетін адам
- 3.Жиренше кім?
- а)қазақтың ханы
- в)қазақтың шешені
- с)қазақтың ақыны
- д)қазақтың жырауы
- 4.Шешендік сөздерді бағалаған адамдардың бірі:
- а)Ахмет Байтұрсынов
- в)Абай Құнанбаев
- с)В.В.Радлов
- д)Мұхтар Әуезов
- 5.Шешендік сөздер неше түрге бөлінеді?
- а) екіге
- в)төртке
- с)үшке
- д)беске
- 6.Жиренше шешен қай ханның тұсында өмір сүрген?
- а)Абылай ханның тұсында
- в)Жәнібек ханның тұсында
- с)Тәуке хан тұсында
- д)Шыңғыс ханның тұсында
- 7.Адамның басшысы не?
- а)кәсіп
- в)мінез
- с)сабыр
- д)ақыл
- Жаңа білімді бекіту:
- Не білдім?
- Не ұқтым?
- Жақсының сөзі – шамдай жарық, айдай анық
- Біз сендермен шешендік сөздерді қайталай отырып, Жиренше шешен туралы білдік. Қазақ шешендерінің ақылға қонымды, тапқыр сөздерін санамызға сіңірдік.
- Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген» дейді өзінің нақыл сөздерінде. Елбасымыз айтқандай қазақ халқында батырлар, билер, ділмәр шешендер, ақындар т.б. елге танымал азаматтарымыз өте көп.
- Үйге тапсырма:
- а)Жаңа сөздерді жаттау;
- б)Шешендік сөздер туралы мақал – мәтелдер жазып, жаттап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|