Карточка№157 Құмырсқаларды және құмырсқа илеуiн бақылау.
Бақылау Құмырсқалар және құмырсқа илеуiмен балаларды таныстыруды жалғастыру; бақылау кезінде құмырсқалардың үлкен жанұялармен өмiр сүретiніне көңiл аудару, сүйiр үйлердi салады - бiр тал шөптер, қылқан жапырақ, тағы басқа материалдардан (балапан құрттарды асырайды), (минутына 100 шынжыр табандары) зиянды шыбын-шiркейлерді құрта отырып, пайда әкеледі.Ауа райын құмырсқа илеуi арқылы болжауға болатын балаларға көрсету: егер барлық жолдары ашық және еркін жүрсе, онда жақсы ауа райының нысанын білдіреді.Балаларға құмырсқа илеуiн қоруы керек болатыны жөнінде қорытынды жасау.
Жұмбақ:Екі басы жұдырықтай. Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)
Тыйымдар:Құмырсқаның илеуін бұзсаң, үй ішіңе кесапаты тиеді.
Қимылды ойын :«Бота» Шығармашылық, ұйымдастырушы және бастамашылық қабiлеттiлiктердi жетiлдiру.Қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға тәрбиелеу.
Еңбек іс-әрекеті: «Құмырсқа илеуi үшiн қоршаулар» Құмырсқа илеуiн балаларға қамқорлыққа алуға тәрбиелеу; жануарларды күту талабын жетiлдiру. Еңбек дағдыларын жетiлдiру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Болмаған нәрсені кім көбiрек байқайды» Табиғатта маусымды құбылыстар туралы ұсынысты бекiту; елестету, ықыласты жетiлдiру.
Тапсырма. Қант шақпағын қою. Минуттан соң ештеңе қалмайды.
Қорытынды. Құмырсқалар тәттiні жақсы көредi.
Өзіндік іс-әрекеті
Игерілген норма мен ережелерді орындауға балаларды ойын барысындағы қарым қатынастарға икемдеу(тәртіп мәдениеті, достық сезім, ұжымдық қарым қатынастар).
Карточка№159 Кесiрткені бақылау
Бақылау: Кесiртке туралы ұғымды балаларға қалыптастыру,оның сыртқы бейнесінің ерекшеліктерін байқауға және қадағалауға үйрету(сұр, жанарларында қара оюы бар, шағын мөлшерде, ұзын денелі; басы кішкентай, мойны қозғалыста, аяғы қысқа, жіңішке, икемді құйрығы бар, қауіпті жағдайда сынып кетуі мүмкін; шағын жануарлармен қоректенеді: бақа, құрт-құмырсқа, кейде өсімдіктермен); тәртібінің ерекшеліктері жөнінде елестетуге болады(тез жүгіреді, жерде тұрады, бірақ біраз уақытын суда өткізеді).Бақыланатын обьектіге қызығушылығын арттыру.
Қимылды ойын: «Керме ау» (якутия халықтық ойыны)
Балаларды екі топқа бөлінуге үйрету(керме ау, балық), «Керме ау» белгісі бойынша қолды жібермей әрекет ету керек, балықты қоршайды, балықтар «көлде жүзеді. Ойын тәртібін сақтау керек: тізбекті үзбеу керек, тек «көлде» ғана балықты аулау керек , «.балықтыңүйінде» емес.
Еңбек іс-әрекеті: Көкөнiстерді тыңайтқыштармен суару
Өз еңбегiнiң маңыздылығын бiлу,нәтижеге жету талпынысын дамыту.Жұмысты ұқыпты,мұқият орындауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар.Тәжiрибе және эксперименттер.
«Кім ұшады,жүгіреді,секіреді?»
Жәндіктердің өмірі туралы балалардың түсініктерін кеңейту және тереңдету.Олардың қозғалыс ерекшелігін білу;білуге құмарлығын дамыту.
Өзіндік іс-әрекеті
Бірлескен іс-әрекетте белсенді тәртіп және мінез-құлық ережелерін қолдануға себептесу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |