Т. М. Блисов Экологиялық кадастр



жүктеу 0,69 Mb.
бет1/10
Дата23.11.2018
өлшемі0,69 Mb.
#23814
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
    Навигация по данной странице:
  • ББК 40.3

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы

Т.М. Блисов



Экологиялық кадастр
тәжірибелік жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар
5В060800– Экология мамандықтарына арналған

Қостанай, 2014


ББК 40.3

Б 69



Автор:

Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.


Пікір білдірушілер:

Ахмет А.З., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.

Жокушева З. Г., экология кафедрасының аға оқытушысы
Блисов Т.М.

Б 69 Экологиялық кадастр: Әдістемелік ңұсқаулар - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2014. – 106 б.


Әдістемелік нұсқауларда тәжірибелік жұмыстар жоспары, орындау нұсқаулары, бақылау сұрақтар және ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

5В060800 - Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған



ББК 40.3


Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, ___ ___2014 ж. мақұлданған № хаттамасы

Қостанай мемлекеттік университеті, 2014

Мазмұны

1 Тақырып Экологиялық кодекс – қоршаған табиғи ортаны

қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі құқықтық базасы.........................................................................................................................5

1.1 Экологиялық кодекс – қоршаған табиғи ортаны

қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі құқықтық базасы.........................................................................................................................5

1.2 Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру

кезіндегі экологиялық талаптар...............................................................................7

2 Тақырып Табиғи-ресурстар кадастрлары туралы түсінік

және жалпы сипаттама............................................................................................11

2.1 Табиғи ресурстар және оларды жіктеу (классификациясы).............11

2.2 Табиғи-ресурстар кадастрлары туралы түсінік,

принциптері, объектері және құрылымы..............................................................13

2.3 Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары...............................14

3 Тақырып Мемлекеттік жер кадастры......................................................17

3. 1 Жер табиғи ресурс ретінде..................................................................17

3. 2 Қазақстанның жер ресурстары және олардың қазіргі жай-күйі......19

3. 3 ҚР жер кодексі.....................................................................................20

3. 4 Мемлекеттік жер кадастры. Жер ресурстарын

мемлекеттік есепке алу..........................................................................................21

3.5 Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар............................24

4 Тақырып Мемлекеттік су кадастры.........................................................27

4. 1 Судың биосфера және тіршіліктегі маңызы.....................................28

4.2 ҚР су ресуртары....................................................................................30

4.3 ҚР су кодексі.........................................................................................33

4. 4 Мемлекеттік су кадастры. Су ресурстарын мемлекеттік

есепке алу................................................................................................................37

4.5 Суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар..............................39

5 Тақырып Мемлекеттік орман кадастры...................................................41

5. 1 Орман, оның табиғатта және тіршіліктегі маңызы...........................41

5. 2 Қазақстанның орман ресурстары........................................................42

5. 3 ҚР орман кодексі..................................................................................45

5. 4 Мемлекеттік орман кадастры. Орман ресурстарын

мемлекеттік есепке алу..........................................................................................51

5.5 Ормандарды және өзге де өсімдіктерді

пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар.........................................................53

6 Тақырып Қазақстанның жануарлар әлемі, олардың

экологиясының проблемалары және экологиялық кадастрдың рөлі................59

6.1 Жануарлар әлемі және оның маңызы..................................................60

6.2 Жануарлар әлемінің мемлекеттік есебі және мемлекеттік

кадастры..................................................................................................................62

6.3 Жануарлар дүниесін пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар....64

7 Тақырып Қазақстанның жер қойнауы және мемлекеттік кен

кадастры................................................................................................................69

7.1 Қазақстанның жер қойнауы...................................................................70

7.2 Мемлекеттік кен кадастры.....................................................................74

7.3 Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар...80

8 Тақырып Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдайлар..........................82

8.1 Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдайлар.....................................82

8.2 Радиациялық материалдарды, атом энергиясын

пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз

етуге қойылатын экологиялық талаптар.............................................................83

9 Тақырып Өндіріс және тұтыну қалдықтары, проблемалар және

оларды шешу жолдары.........................................................................................87

9.1 Қалдықтардың жалпы сипаттамасы, олардың құрамы және жіктеу.87

9.2 Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры.

зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және ақаба

суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры...............................89

9.3 Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын

анықтау кезіндегі экологиялық талаптар............................................................90

10 Тақырып Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды экономикалық тұрғыдан реттеу жолдары және экологиялық мониторинг......96

10.1 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану

саласында экономикалық реттеу механизмі.......................................................96

10.2 Қоршаған орта қорғау және табиғи ресурстар мониторингі...........100

Ұсынылған әдебиеттер тізімі.......................................................................105



1 Тақырып Экологиялық кодекс – қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі құқықтық базасы

Мақсаты: ҚР Экологиялық кодексінің негізгі ережелерімен танысу.

Жоспар:

1.1 Экологиялық кодекс – қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі құқықтық базасы

1.2 Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар
1.1 Бұл тақырыпты оқып білуде экологиялық заңнама жүйесі конституциялық актілер негізіндегі идеяларды басшылық ететінін және екі жүйешеден тұратынын білу керек, олар: табиғатты қорғау және табиғи ресурстар заңдар жүйешелері.

Табиғатты қорғау заңдарына ҚР Экологиялық кодексі және басқа да кешенді құқықтық реттеу заңды актілері кіреді.

Табиғи ресурстар заңдар жүйешесіне ҚР Жер кодексі, ҚР Орман кодексі, ҚР Су кодексі, сонымен қатар басқа да заңды және нормативті актілер кіреді.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясында мемлекеттің экологиялық стратегиясының негізгі ережелері мен экологиялық құқықтық тәртіптерінің негізгі бағыттары көрсетілген. ҚР Конституциясы қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі сферасындағы адамның экологиялық іс-әрекеті анықтамасына ғылыми сөздерді енгізеді, олар: табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

ҚР Конституциясының экологиялық нормаларының ішіндегі ортадағы орны 2 тараудың 31 бабында былай делінген: мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды негізгі мақсаты деп санайды.

2007 жылы қаңтардың басында ҚР Экологиялық кодексі күшіне енді. Бұл заң Негізгі заң – ҚР Конституциясының негізгі ережелеріне сүйенеді. ҚР Экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негізін анықтайды, шаруашылықтық және басқа да қызметтер кезіндегі қоғам мен табиғаттың әрекеттесу сферасындағы қарым-қатынастарды реттейді.

Кодексте ең алғашқы рет «қоршаған орта», «табиғи ресурстар», «қолайлы оршаған орта», «қоршаған ортаға эмиссиялар», «қоршаған ортаның сапасы», «тiршiлiк ету ортасы», «табиғи ресурстарды қорғау» және «экологиялық жүйе (экожүйе) ұғымдарына анықтама берілген және шектелген, оларды қорғау міндеттері бекітілген.

Мысалы табиғи ресурстар аныөқтамасы мынандай: тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi.

ҚР Экологиялық кодексінің 4 бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi мыналар:

     1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;

2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;
     3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау;
     4) қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру;
     5) өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту;

6) қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi;


     7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;

     8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

     9) Жердiң экожүйесiнiң салауатты жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтiру мақсатындағы жаhандық әрiптестiк;

10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

   11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

      Ал Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi мыналар:

 1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;


      3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;
      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;
     5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;
      6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;

8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;
       9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;
      10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;

12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

Сонымен Кодекс ҚР аумағында табиғатты қорғау жұмыстарын іске асыру базасы болып саналады және қазақстанның табиғатты қорғау заңдарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық нормалар, принциптер және ережелермен үндестіруге бағытталған.
1.2 Бұл тақырыпты оқып білу барысында экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметке белгіленетін білу керек.

Сонымен бірге экологиялық талаптар мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар;
      2) табиғи ресурстарды пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптар;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар;


      4) Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар;

5) радиоактивтi материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар;


      6) ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер мен ағзаларды өндiру және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар;

7) өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiндегi экологиялық талаптар;

8) әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар.

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық талаптардың өзге де түрлерi белгiленуi мүмкiн.

Экологиялық талаптар осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленедi және жекелеген құжаттар немесе шаруашылық және өзге де қызметтiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру ережелерiнiң жекелеген бөлiмдерi түрiнде қабылдануы мүмкiн.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган экологиялық талаптарды әзiрлеу кезiнде мамандандырылған ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен басқа да ұйымдарды, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларды тартуы мүмкiн.

Жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералдық ресурстарды, жер асты және жер үстi суларын, орман және өсiмдiктер дүниесiнiң өзге де ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар тиiсiнше жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы органмен, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, орман шаруашылығы саласындағы, жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiленедi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiленедi.

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу мен реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу, радиоактивтi материалдарды пайдалану, ықтимал қауiптi химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер мен организмдердi өндiру және пайдалану, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеу кезiнде оларды жобалауға және, орналастыруға қойылатын, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.

Кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жүйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiнде:

1)қоршаған орта сапа нормативтерiнiң сақталуы;
      2) қауiптi қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;

3) қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;

4) қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиiмдi шараларының қолданылуы;
      5) табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуi тиiс.
Мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы жоқ жобаларды қаржыландыруға және iске асыруға тыйым салынады.

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актiсi бойынша жүргiзiледi.


     Қауiптi қалдықтарды, шығарындыларды, төгiндiлердi залалсыздандыру және кәдеге жарату жөнiндегi қоршаған ортаны қорғау нормативтерiн қамтамасыз ететiн жабдықтарды орнатпай, сондай-ақ жердi рекультивациялау, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi жобада көзделген жұмыстарды аяқтамай кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.

Шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы:

1) өзiне бөлiнген аумақта жұмысты экологиялық қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып жүргiзу;

2) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi белгiленген құжаттаманы жүргiзу және бүкiл қызметi бойынша мемлекеттiк органдарға белгiленген есептiлiктi беру;

3) мемлекеттiк бақылаушы органдар инспекцияларының жұмысына жәрдемдесу және заңды нұсқамаларды белгiленген мерзiмде орындау үшiн жауаптылықта болады.

Табиғат пайдаланушы әрбiр объектiде:

1) өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыруға, жүргiзуге және бақылаушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға жауап беретiн арнайы бөлiмше құруға не қызметкердi тағайындауға;

2) қызметкерлердiң денсаулығы мен өмiрiн, қоршаған ортаны және мүлiктi қорғау мақсатында барлық операцияларды неғұрлым қауiпсiз тәсiлмен жүргiзуге және жабдықтарды қауiпсiз жай-күйде ұстауға;

3) барлық қызмет түрлерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiлген, кемiнде бес жылда бiр рет қайта қаралатын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеп, бекiтуге тиiс. Нормативтiк-техникалық құжаттар жаңа үлгiлiк ережелер мен нормаларды, жаңа технологиялық процестердi, қондырғыларды, машиналар мен аппаратураларды енгiзу кезiнде де қайта қаралуға тиiс;

4) жұмыс учаскелерiнде (объектiлерiнде) табиғат пайдаланушының жауапты лауазымды адамдары анықталған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмдерiн көрсетiп, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн жазатын тексеру журналдарын жүргiзуге тиiс.

Экологиялық қауiптi объектiлердегi жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi табиғат пайдаланушы әзiрлеген арнайы ережеде белгiленуге тиiс.
Табиғат пайдаланушыда Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуының, дүлей зiлзалалар мен табиғи катаклизмдердiң нәтижесiнде туындаған авариялық жағдайларды жою немесе оқшаулау жөнiндегi iс-қимылдар жоспары болуға тиiс.

Экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуын немесе адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретiн қауіпті, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану мүмкiндiгiн анықтаған қызметкер туындаған жағдайды жою немесе оқшаулау жөнiндегi шамасы жететiн барлық шараларды дереу қабылдауға және ол жөнiнде диспетчерге немесе басшылыққа хабарлауға мiндеттi.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, сондай-ақ шаруашылық және өзге де объектiлердi пайдалануды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы анықталған кемшiлiктердiң белгiленген мерзiмдерде жойылуын бақылауға тиiс.

Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған авариялар жазатайым оқиғаларға және экологиялық зардаптарға әкеп соқпаған аварияларды техникалық тексеру және есепке алу жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес тексерiледi. Ерекше жағдайларда iрi техникалық аварияларды және экологиялық зардаптарды, сондай-ақ топтық жазатайым оқиғаларды тексеру үшiн комиссия тағайындалады.

Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылған авариялар туралы ол анықталған кезден бастап екi сағат iшiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

Шаруашылық және өзге де қызмет түрлері бойынша экологиялық талаптарды оқып білу барысында төмендегі экологиялық талаптарға да көңіл беру керек: елдi мекендердi жобалауға және салуға


қойылатын экологиялық талаптар, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар, атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар және сонымен қатар кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар.

Сонымен бірге өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс


объектiлерiн пайдалануға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалануға және әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптардың ерекшеліктерін анықтап алу.

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР экологиялық заңнамасы неге негізделеді және неден тұрады?

2 ҚР орнықты дамуының экологиялық негіздерін атаңы.

3 ҚР экологиялық заңнамасының негізгі принциптері.

4 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекттік реттеуге нелер кіреді?

5 Мемлекеттік табиғи-қорық қоры дегеніміз не?

6 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ дегеніміз не?

7 Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай

мемлекеттік жүйесін және табиғи ресурстар кадастрларының бірыңғай жүйесін кім жүргізеді?

8 Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды атаңыз?

9 Экологиялық талаптар қандай қызметке белгіленеді және қандай түрлері бар?

10 Экологиялық талаптар нелерде белгіленеді?

11 Кәсiпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау жүйелерiн, кәрiздердi, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк және байланыс объектiлерiн, технологиялық процестердi, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектiлердi жобалау кезiндеге негізгі талаптарды атап өтіңіз.

12 Қандай жағдайларда кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады?

13 Елдi мекендердi жобалауға және салуға қойылатын негізгі экологиялық талаптарды атаңыз.

14 Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыруға, салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптарды атаңыз.

15 Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар.

Әдебиет:

5, 5-27 б, 130-137 б.



2 Тақырып Табиғи-ресурстар кадастрлары туралы түсінік және жалпы сипаттама

Мақсаты: Табиғи-ресурстар кадастрларын және олардың жалпы сипаттамасын оқып білу.

Дәріс сұрақтары:

2.1 Табиғи ресурстар және оларды жіктеу (классификациясы)

2.2 Табиғи-ресурстар кадастрлары туралы түсінік, принциптері, объектері және құрылымы

2.3 Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары



2. 1 Биосферадағы тіршілік көздері немесе ресурстары болып оттегі, су, топырақ, минералдар, өсімдіктер, жануарлар және басқалар саналады. Ресурстар сарқылытын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Сарқылмайтын табиғи ресурстарға ғарыш, Күн энергиясы, гравитация және биосферада адам эволюциясының мезгіл масштабындағы басқалар да жататыны айдай анық.

Сарқылатын табиғи ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Тез қалпына келетін ресурстар үлкен биотикалық потенциалы (орта жағынан шектеу болмағанда түрдің көбею қабілеті) және үлкен өсу жылдамдығы бар (шөпті өсімдіктер және жануарлар) популяциялармен жаңадан жасалады.

Салыстырмалы (баяу немесе толық емес) қалпына келетін ресурстар күрделі көпқұрауышты экожүйелер (топырақ , орман) болып саналады. Мысалы топырақ – топырақ микроорганизмдері, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлардың іс-әрекетінің нәтижесі - өзінің құнарлығын қалпына келтіре алады, бірақ ол өте баяу жүреді. Топырақтың 1 см құнарлы қабатын қалпына келтіру үшін орташа есеппен шамамен 150 жыл қажет етіледі. Кемеліне келген қылқанды орманды (тұрақты климаксты қауымдастық) қалпына келтіру үшін шамамен 100 жыл қажет етіледі.

Биосфераның қалпына келмейтін ресурстары (мысалы, пайда қазбалары, шөгінді тау жыныстары және б.) қазірдің өзінде геохимиялық процестер арқылы пайда болады, бірақ олардың жер қыртысында немесе ландшафт сферасында қалыптасу жылдамдығы адамзаттың оны пайдалану жылдамдығынан әрі қайда төмен.

Табиғи ресурстар деп өндіріс күштерінің қазіргі даму және зерттелу деңгейінде қоғамның мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қолданылатын биосфера ресурстарын бөлігін айтады (А. А. Минцтің анықтамасы бойынша). Сонымен бірге табиғи ресурстарға адамнан басқа ешкімге керек емес және зиянды (мұнай, сынап, уран және б.) жер қойнауының кейбір құрауыштары да жатады. Қазіргі кезде табиғи ресурстар деп адамға қажетті өнімдерді өндіретін табиғи шикізат пен отындарды айтады.

Адамзатқа қоршаған ортаны адамға үйреншікті түрде сақтау мақсатында табиғи ресурстар болып биосфераның барлық ресурстары саналады, ал биота күшті ортақұраушы және ортареттеуші функциясы бар ең негізгі табиғи ресурс болады.



жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау