Т. М. Блисов Экологиялық кадастр



жүктеу 0,69 Mb.
бет10/10
Дата23.11.2018
өлшемі0,69 Mb.
#23814
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

10.2 Экологиялық мониторингті оқып-білу барысында студент экологиялық мониторингті (латынша monitor – сақтандырушы, қадағалаушы) – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері екенін білуі керек.

Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда) «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

Экология саласында мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету факторларының ең маңыздысы болып табиғи ортаның жай-күйі мен сапасы және оған деген әсердің дәрежесі жайында толық объективті ақпараттардың болуы. Осындай ақпараттарды алу мемлекеттің өзіндік қызметі – экологиялық мониторингтің мазмұны болып саналады. ҚР табиғи ортаның мониторингі жұмысы 1972 жылы Мемлекеттік гидрометкомитетінде табиғи ортаның ластану деңгейін Мемлекеттік бақылау қызметі құрылғаннан басталдыү.

Қоршаған ортаның мониторингі – бұл қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен басқа да тірі организмдерге деген қауіпті жағдайлар жайында алдын ала ескерту қызметі.

     ҚР Экологиялық кодексінде мемлекеттік экологиялық мониторинг (қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi болып бөлінеді.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi - экологиялық қауiпсiздiктi, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешiмдердiң қабылдануы үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйi туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады.

Ол тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн тiкелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелерi мен мониторингтiң кiшi жүйелерiнiң базасында қалыптасады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi - экологиялық қауiпсiздiктi, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешiмдердiң қабылдануы үшiн қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiн байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйi туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйе.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып ұйымдастырады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мiндеттерi:

1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердiң жай-күйi туралы, антропогендiк әсер ету көздерi, тiршiлiк ету ортасының халық денсаулығына әсер ететiн факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу;

2) қоршаған ортаның жай-күйiн, антропогендiк әсер ету деңгейлерiн, биосфера жай-күйiнiң көрсеткiштерiн, экожүйелердiң функционалдық тұтастығын бағалау және болжау;

3) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешiмдерi мен өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдi болуына талдау жүргiзу үшiн деректермен қамтамасыз ету болып табылады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн ақпараттық қамтамасыз ету жинақтық деректер банкiне берiлетiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар орындайтын қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiнiң, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндiрiстiк экологиялық бақылау шеңберiнде жүзеге асыратын өндiрiстiк мониторингтiң нәтижелерiне негiзделедi.

4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мiндеттерi:

1) қоршаған ортаның, биологиялық әралуандық және экожүйелердiң жай-күйi туралы, антропогендiк әсер ету көздерi, тiршiлiк ету ортасының халық денсаулығына әсер ететiн факторлары туралы дұрыс және салыстырмалы ақпарат алу;

2) қоршаған ортаның жай-күйiн, антропогендiк әсер ету деңгейлерiн, биосфера жай-күйiнiң көрсеткiштерiн, экожүйелердiң функционалдық тұтастығын бағалау және болжау;

3) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қабылданатын басқарушылық шешiмдерi мен өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдi болуына талдау жүргiзу үшiн деректермен қамтамасыз ету болып табылады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi тіршілік ету ортасы мен халықтың денсаулығын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн тiкелей немесе жанама түрде қамтитын, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы мониторинг жүйелерi мен мониторингтiң кiшi жүйелерiнiң базасында қалыптасады.

Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне сәйкес табиғи объектiлерге зерттеу жүргiзуге және мониторинг түрлерiн (кiшi жүйелердi) ұйымдастыруға мiндеттi.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мазмұнын мониторингтiң мынадай кiшi жүйелерi:

1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;

2) табиғи ресурстар мониторингi;

3) мониторингтiң арнайы түрлерi құрайды.

Жұмыс iстеу процесiнде Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң кiшi жүйелерiне мониторингтiң басқа да түрлерi енуi мүмкiн.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң мониторингiн жүргiзу мынадай үш деңгейде жүзеге асырылады:

1) жергiлiктi (өндiрiстiк мониторинг және елдi мекендердiң нақты учаскелерiнiң, су тоғандары мен өзендердiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мониторингi);

2) өңiрлiк (өңiрлердiң физикалық-географиялық және экономикалық ерекшелiктерiн, экологиялық тұрғыдан ауыртпалықты аймақтардың бар-жоғын және қоршаған ортаның жай-күйi мен табиғи ресурстардың пайдаланылуына әсер ететiн табиғи және техногендiк факторлар кешенiн ескере отырып, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiндегi мониторинг);

3) республикалық (қажет болған кезде жалпы мемлекеттiк мәнi бар iрi өңiрлер мен жекелеген объектiлердi бөлiп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағын қамтитын мониторинг).

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау, сондай-ақ талдау үшiн сынамаларды iрiктеу арнайы құрылған мемлекеттiк, аумақтық және жекеменшiк бақылау желiлерiнiң пункттерiнде жүзеге асырылады. Iрiктелiп алынған сынамалардағы ластаушы заттардың құрамын талдау аккредиттелген талдамалық зертханаларда жүзеге асырылады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң шеңберiнде бақылау желiлерiн құру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.

Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қаржыландыру:

1) мониторингтiң республикалық деңгейiн жасауға және оның жұмыс iстеуiне қолдау көрсетуге;

2) мониторингтiң және оның кiшi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мен дамуын қамтамасыз ету, республикалық (мемлекеттiк және салалық) нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламалар арқылы мониторингтiң нысаналы бағдарламаларын орындау үшiн ғылыми-техникалық өнiмдi жасауға;

3) мониторингтiң аумақтық деңгейiн жасауға және оның жұмыс iстеуiне қолдау көрсетуге, оны дамыту мүддесi үшiн ғылыми-техникалық өнiмдi жасауға арналып көзделедi.

Бақылау сұрақтары:

1 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиымды пайдаланудың экономикалық механизмдерін атаңыз.

2 Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиымды пайдалануды экономикалық ынталандыру шараларын атаңыз.

3 Табиғи ресурстарын пайдалану төлемдері.

4 Табиғи ортаны ластау төлемдері.

5 Табиғатты қорғау шараларын қаржыландыру.

6 Экологиялық сақтандыру.

7 Қоршаған ортанының сапасын басқарудың қазіргі әдістері.

8 «Мониторинг» ұғымы нені түсіндіреді және қоршаған ортаның мониторинг жүйесі қандай негізгі міндеттерді шешеді?

9 Экологиялық мониторинг және оның міндеттері, құрылымы, функциялары.

10 Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі.

11 Табиғи ресурстар мониторингі.

12 Қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу.

Әдебиет:

5, 963-103б; 2, с. 163-192; 193-204; 436-479; 6, 349-354, 398-466б; 7, с.230-251; 10, 293-351б; 12, 251-260 б; 25, с.321-378; 28, с. 531-536.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі


    1. Емельянов А.Г. Природопользование: Учебник. – М.: Академия, 2004. – 304с.

2 Воробьев А.Е. Основы природопользования: экологические, экономические и правовые аспекты: Учебное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 542 с.

  1. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология в вопросах и ответах: Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс, 2002. – 384 с.

4 Оспанова Г.С., Босшатаева Г.Т. Экология. – Алматы: Экономика, 2002, 402 б.

5 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі: Ресми мәтін. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. –496с.

6 Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық. – Алматы.: Экономика, 2006. – 480 б.

7 Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан: Учебное пособие- Алматы,2003. - 328с.

8 Экологиялық энциклопедия / А.Ж.Ақбасова және т.б. – Алматы, 2007,

303 б.


9 Панин М.С. Экология Казахстана: Учебник для вузов. – Семипалатинск. – Семипалатинский государственный педагогический институт, 2005. – 548с.

10 Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану экономикасы: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. –368 б.

11 Еремченко О.З. Учение о биосфере: Учеб. пособие. - М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 240 с.

12 Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. – Алматы: Бастау, 2003. – 292б.

13 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған А.Қ. Құсайынов – Алматы: Мектеп, 2002. – 392 б.

14 Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. –126с.

15 Экологический мониторинг: Учебно-методическое пособие. / Под редакцией Т.Я.Ашихминой. М.: Академический Проект, 2006. – 416 с.

16 Қазақстан Республикасының Жер кодексі: Ресми мәтін. - Алматы: Жеті жарғы, 2003, - 256 с.

17 Қазақстан Республикасының Орман кодексі // Егемен Қазақстан, 2003 жылғы 19 шілде, № 180-181.

18 Қазақстан Республикасының Су кодексі // Егемен Қазақстан, 2003 жылғы 23 шілде, № 184-185.

19 «Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы// ҚР Парламентінің Жаршысы, 1997 жылғы 15 шілде, №17 - 18.

20 Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология: Оқулық. – Алматы: Ғылым, 2001. – 238 б.

21 Колесников С.И. Экологические основы природопользования: Учебное пособие. М.: ИКЦ «МарТ», 2005. – 336с.

22 Константинов В.М., Челидзе Ю.Б. Экологические основы природопользования: Учебное пособие. М.: «Академия», 2007. – 208 с.

23 Алишева К. Экология: Учебник, - Алматы: НАS, 2006. – 304 с.

24 Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. – Алматы.: Каз НИИЭОАК, 2000. – 225 с.

25 Мамыров Н.К., Тонкопий М.С., Упушев Е.М. Экономика природополь-зования: Учебник. – М.: Финансы и статистика; Алматы: Экономика, 2003. – 464 с.

26 Муха В.Д., Картамышев Н.И., Муха Д.В.Агропочвоведение: Учебник. – М.:КолосС, 2003 – 528 с.

27 Почвоведение: Учебник в 2 частях// Под ред. ВА.А.Ковды, Б. Г. Розанова. Ч. 2. – м.: Высшая школа, 1988. – 272-276.

28 Коробкин В.И. Экология. Учебник для вузов/В.И.Коробкин, Л.В.Передельский. – Ростов н/Д: Феникс, 2010. – 602 с.

29 ҚР Президентінің, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығы. – 1996 жылғы 27 қаңтар, Алматы: Жеті жарғы.

30 Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. – Алматы: Зият, 2003, 124-176 б.






жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау