Т. М. Блисов Экологиялық кадастр



жүктеу 0,69 Mb.
бет3/10
Дата23.11.2018
өлшемі0,69 Mb.
#23814
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.5 Бұл тақырыпты оқып білу барысында студент жерді пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптарды білу керек және ең алдымен жердiң нысаналы пайдаланылуы өзгерген және оны бiр санаттан екiншiсiне ауыстырған кездегi экологиялық талаптар; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар; су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.

Ал жалпы оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi негізгі экологиялық талаптар мынандай болады:

   1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;

      2) барлық санаттағы жердiң ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты негiздеу және iске асыру;

      3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi құнарлы жердi сақтау;

      4) экологиялық негiзделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн қалыптастыру және орналастыру;

      5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтiп ұстау және жердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;

      6) жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;

7) жерге түгендеу жүргiзу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жердi анықтау;

     8) жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақтау мүддесiне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтау және күшейту;

9) биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.

Табиғат пайдаланушылар жердi пайдалану кезiнде төмендегідей экологиялық талаптарға сәйкес болуы керек:


      1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi;
     2) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi;

      3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.


      Табиғат пайдаланушылар пайдалы қазбаларды қазу, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде:

    1) иеленiп отырған жер учаскелерiн оларды одан әрi мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде ұстауға; 2) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға, сақтауға және пайдалануға; 3) бүлiнген жердi қалпына келтiрудi жүргiзуге мiндеттi.

Бүлiнген жердi қалпына келтiру бағытын таңдау кезiнде: 1) жер учаскесiнiң үстiңгi жағының бүлiну сипаты; 2) объект орналасқан ауданның табиғи және физикалық-географиялық жағдайлары; 3) ауданның даму перспективалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, объектiнi орналастырудың әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерi; 4) қара топырақты жердiң таралу және үдемелi ауыл шаруашылығы аймағында бүлiнген жердiң негiзгi көлемiн жыртылатын жер алқаптары ретiнде қалпына келтiру қажеттiгi; 5) кенi алынған бос жерде су тоғандарын және аршылған жыныстар мен байытылған қалдықтар үйiндiлерiнде сәндiк бақ-парк кешендерiн құруды қоса алғанда, елдi мекендерге тым жақын орналасқан бүлiнген жердi бақ, қосалқы шаруашылықтар және демалыс аймақтары етiп қалпына келтiру қажеттiлiгi; 6) өндiрiстiк объектiнiң аумағында жоспарлау жұмыстарын орындау, қажетсiз шұңқырлар мен үйiндiлердi жою, құрылыс қоқыстарын жинау және жер учаскесiн абаттандыру; 7) пайдаланылатын жер учаскесiндегi жыралар мен су шайған жерлердi топырақпен жабу немесе тегiстеу; 8) мiндеттi түрде аумақты көгалдандыру ескерiлуге тиiс.

Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшiн пайдаланылған жағдайда олар мынадай талаптарға сай келуге: 1) кәдеге жаратылмаған өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге арналған полигондарды жобалаудың, салудың және пайдаланудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келуге; 2) су тоғаны, ауыл шаруашылығы алқаптары, ормандар, өнеркәсiптiк кәсiпорындар жағына 1,5 процент еңiсi бар жерлерде сыйымдылықтың түбiнен алғанда екi метрден аспайтын ыза суы тұрғанда әлсiз сүзгiш топырағы болуға; 3) елдi мекенге қатысты желден ық жақта және жерасты суы ағысының бағыты бойынша төмен орналасуға; 4) тасқын су мен нөсер су басып қалмайтындай жерлерде орналасуға; 5) инженерлiк қарсы сүзгi қорғанышы, периметрi бойынша қоршауы мен көгалдандырылуы, қатты жамылғысы бар кiрме жолдары болуға; 6) жер учаскесiнен шығатын жер үстi және жер асты ағыны ашық су объектiлерiне қосылмауға тиiс.

Жаңа технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау және топырақтың құнарлығын арттыру бағдарламаларын жүзеге асыруға олар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге және өзге де талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тыйым салынады.

Радиоактивтi және химиялық ластануға ұшыраған жердi пайдаланудың, күзет аймақтарын белгiлеудiң, осы жерде тұрғын үйлердi, өндiрiстiк, коммерциялық және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi сақтаудың, оларда мелиорациялық және техникалық жұмыстар жүргiзудiң тәртiбi радиациялық және химиялық әсер етудiң жол берiлетiн шектi деңгейлерiнiң нормативтерi ескерiле отырып айқындалады.

Жердi қорғау мақсатында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар: 1) жердi су және жел эрозиясынан, селдерден, су басудан, батпақтанудан, қайта тұзданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, радиоактивтi және химиялық заттармен ластанудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен қоқыстанудан, ластанудан, оның iшiнде биогендiк ластанудан, сондай-ақ басқа да терiс әсерлерден сақтау; 2) ауыл шаруашылығы алқаптарын және басқа да жердi бактериялық-паразиттiк және карантиндiк зиянкестермен және өсiмдiктер ауруларымен зақымданудан, арамшөптер, бұталар және шiлiктер басып кетуден, жердiң жай-күйiнiң өзге де нашарлану түрлерiнен қорғау; 3) ластанудың, оның iшiнде биогендiк ластанудың және жердiң қоқыстануының салдарларын жою; 4) мелиорацияның қол жеткiзiлген деңгейiн сақтау; 5) бүлiнген жердiң құнарлылығын қалпына келтiру, топырақ құнарлылығын қалпына келтiру, жердi айналымға уақтылы енгiзу; 6) топырақтың құнарлы қабатын кейiннен жердiң құнарлылығын қалпына келтiрудi жүргiзу кезiнде пайдалану үшiн алу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

Елдi мекендер жерiнде көктайғаққа қарсы күресу үшiн ас тұзын пайдалануға тыйым салынады.



Бақылау сұрақтары:

1 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiнде қандай жағдайлар қамтамасыз етілуі керек?

2 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу экологиялық қолайсыздық дәрежесiнiң қандай көрсеткiштерiне негізделеді?

3 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.

4 Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар.

5 Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшiн пайдаланылған жағдайда олар қандай талаптарға сай болуы керек?

6 Табиғи ресурстар дегеніміз не?

7 ҚР жер санаттарын атаңыз.

8 ҚР жер қоры және ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемдері.

9 ҚР Жер Кодексі қашан қабылданды?

10 Мемлекеттік жер кадастры дегеніміз не?

11 Жер кадастрының құрамдас бөліктері.

12 Қандай орган мемлекеттік жер кадастрын ұйымдастыру, жүргізу және қамтамасыз ету рөлін атқарады?

13 Мемлекеттік жер кадастры қандай жұмыстар түрлерінен тұрады?

14 Мемлекеттік жер-кадастр кітабы дегеніміз не және онда қандай мәліметтер бар?

15 Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері қандай жұмыстарды жүргізуде негіз болады?

16 Базалық жер-кадастр кұжаттары.

17 «Шөлдену» ұғымы нені білдіреді және оның табиғи алғышарттарын атаңыз.

18 Қазақстан попырақтарының экологиялық проблемаларын атаңыз.

Әдебиет:

1, с.125-126; 2, с.125-131; 238-255; 4, 251-273б; 5, 137-144б.;6, 199-228б; 7, с. 256-261; 8, 303 б; 9, с. 154-190; 10, 218-242 б; 12, 164-177 б.; 16, 5-6, 108-111 б.; 24, 68-76, 124-168 б.; 25, с. 74-261; 26, с, 430-411, 473-505; 27, с. 272-276.



4 Тақырып Мемлекеттік су кадастры

Мақсаты: Қазақстанның су ресурстарын, Су Кодексін және мелекеттік су кадастрын оқып білу.

Дәріс сұрақтары:

4. 1 Судың биосфера және тіршіліктегі маңызы

4. 2 ҚР су ресуртары

4. 3 ҚР су кодексі

4. 4 Мемлекеттік су кадастры. Су ресурстарын мемлекеттік есепке алу.

4.5 Суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар



4. 1 Су ауа сияқты мөлшерлі сарқылмайтын табиғи ресурстарға жатады, бірақ адамға сонымен қатар биосферадағы барлық тіршілікке су формуласы Н2О болатын зат ретінде ғана емес, сонымен қатар белгіленген сапалық көрсеткіштермен былайша айтқанда мөлдірлігі, температурасы, белгілі қоспалары және с.с. болатын зат ретінде қарастырылады.

Гидросфера – бұл судың ғаламдық айналымы циклі және оның газдар мен минералдық заттарды еріту қабілетіне байланысты қоршаған табиғи ортаға түсетін ластаушы заттардың табиғи сүзгіш-аккумуляторы немесе жинағышы.

Статистикаға сүйенсек әлемдегі барлық аурулардың 80% тұщы судың қанағаттанғысыз сапасынан болатындығы анықталған.

Сонымен бірге суды ештеңемен ауыстыруға болмайды, бұл жағдайымен ол басқа барлық шикізаттар мен жанармай түрлерінен өзгеше ерекшеленеді. Суды тек ғана су ауыстыра алады!

Сусыз тіршілік жоқ. Қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған, былайша айтқанда су бар жерде тіршілік бар. Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор, жер бетінің шамамен 70% теңіздер мен мұхиттар алып жатыр, бірақ бұлар тұзды сулар болып табылады. Барлық негізгі жердегі экожүйелер, сонымен бірге адамзатты қоса, тұщы судың болуына байланысты онда тұздың мөлшері 0,01% кем болуы керек. Оның мөлшері өте аз - әлемдік су қорының 1% кем, ал өспелі адамзат суды ысырап қылады және бұл өте құнды байлықты ластайды.

Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың немесе құнды минералдың жалпы мөлшері жылына 4000 м3 , немесе адам басына шағылғанда 900 м3. Бұл орасан зор мөлшер.

Адамның физиологиялық қажеттілігіне күніне шамамен 2,5 л су керек, бірақ бұл аздаған мөлшердің өзі барлық жерлерде жете бермейді. Мысалы адамзаттың 1/5 бөлігіне тұщы су жетіспейді және оның сапасы нашар келеді.

Біздің планетадағы судың үлкен көлемде болуы оның молшылығы және сарқылмайтындығы туралы пікір қалдырады. Дегенмен гидросфера - Жер қыртысының ең жұқа қабыршағы. Судың барлық күйдегі және барлық сферадағы мөлшері планета массасының 0,024%-дай ғана болады және оның аздаған бөлігін ғана пайдалануға мүмкіншілік бар. Қазіргі кезде Жерде су тапшылығы байқала бастады.

Тірі организмдерде су негізгі функцияны атқарады, ол клетканы қоректендіру. Клетка суды мембрананың екі жағында осмостық қысымның айырмашылығы болған кезде және суда тұздың концентрациясы клетканың ерітіндісінен төмен болғанда сіңіреді.

Осы тұрғыдан тірі организмдерге тұщы су қажетті болады. Теңіз суын ішкен адам организмге су жетіспегеннен өледі, үйткені су клетканы қоректендіре алмайды.

Тірі организмдер жүйесіндегі су балансы қоршаған орта мен жалпы биосферадағы су балансы сияқты маңызды мәселе.

Лас су – көптеген бактериялардың: оба, қарын сүзегі, жұқпалы іш ауруы, сібірлік жара және с.с. мекендеу ортасы және көбею сорпасы болып саналады.

Жердегі бар су үздіксіз тазартылады және айналым жасайды. Биосферадағы су айналымында булану жиынтығы жауын-шашынның түсуімен теңдестіріледі. Сутегінің аздаған мөлшерінің космосқа шығындануы магмалық ошақтардан жоғары кқтерілетін жер асты суларымен толықтырылады. Мұхиттан су жауын-шашынмен түсетін судан көбірек, ал құрлықта керісінше азырақ буланады. Құрлыққа түсетін «артық» жауын-шашындар мұздақтар, жер асты сулары, көлдер мен өзендерді толтырады және ағындармен мұхитқа қайтып келеді. Судың бір бөлігі өсімдіктердің транспирациясына кетеді. Былайша айтқанда жалпы судың айналымы булану, конденсация және жауын-шашыннан тұрады.

Дегенмен су айналымы үш негізгі «ілгектерден» тұрады: 1) жер бетіндегі ағындар: су жер бетіндегі сулар бөлігі; 2) булану-транспирация: су топырақпен сіңіріледі, капиллярлы су ретінде ұсталып тұрылады, сонан кейін жер бетінен булану немесе өсімдіктермен сіңірілу және транспирация кезінде бу ретінде бөлінеді де атмосфераға қайтып келеді; 3) жер асты сулары: су жер астына түседі, одан жылжып құдықтар мен бұлақтарды толтырады және осылай жер бетіндегі су жүйелеріне қайтадан түседі.

Сонымен, құрлықтың барлық учаскелері жауын-шашынмен түсетін, бірте-бірте жер бетімен және оның қабатынан өтіп жылжитын тұщы су ағындарымен жуылады. Тұздар мен басқа да еритін минералдар буланатын жерлеріне апарылады және сол жерлерде су буланғанға дейін жиналады, сүйтіп келесі цикл басталады. Булану орны, тұздар мен басқа да еритін минералдар жолының соңы болып негізінен мұхит саналады.

Біз пайдаланатын барлық су айналымның ана немесе басқа нүктелерінен алынады. Ең қауіпті жағдай гидрологиялық циклге біздің өндіру кезіндегі барлық қалдықтар мен ластағыштардың түсуі. Сонымен қатар қалалардың өсіп-дамуы, ауыл шаруашылығы сұраныстары, ормандардың жойылуы мен шөлдену жер бетіндегі ағындарды арттырады және инфильтрацияны кемітеді.



Су табиғи ресурс. Су ресурстары дегеніміз – бұл пайдлалануға жарамды тұщы сулар. Олар негізінен өзендер, көлдер, жер асты қабаттары, мұздақтарда шоғырланған. Атмосферадағы су булары, теңіз сулары, сол сияқты полярлық мұздар мен жер қабатының тереңдегі сулары қазіргі кезде пайданылмайды және потенциалды су қорлары ретінде қарастырылады. Оларды келешекте игеру шығару техникасын жетелдіруге, оның экономикалық негіздеріне, сонымен қатар дәстүрлі емес су көздерін пайдалану кезінде болатын күтпеген негативті экологиялық проблемаларға байланысты.

Әлемдік шаруашылықта судың маңыздылығы өте зор. Ол көптеген салаларда пайдалынады: энергетика, өнеркәсіп, коммунальдық сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыру. Кейбір жағдайларда оны су алу үшін емес, сонымен қатар көлік магистралдары ретінде, тынығу аймақтарында, балық шаруашылығында пайдаланады.

Қазіргі жалпы әлемдік тұщы суды тұтыну көлемі өткен ғасырдың 80-ші жылдары 4 - 4,5 тыс. км3/г. болды. Екінші жүзжылдықтың соңында жылына 5,7 тыс. км3 тұщы су пайданылды, оған қоса 8,5 тыс. км3- ақаба сулармен ластанды (оның көлемі 1,3 млн км3), бұл толық ағынның 21% немесе тұрақты ағынның 61%.

Тұщы судың қоры континенттерде біркелкі емес, бұл үлкен проблема болып саналады. Жер шарының әрбір тұрғыны жылына орташа 7,5 мың. м3 сумен қамтамасыз етілген. Европада сумен қамтамасыз етілу нормасы төмен - 4,7, ал Азияда бары 3,37 мың. м3. Адамзат су қорларының шектелу проблемасына кездесіп тұр, ал кейбір аймақтарда судың жетіспеулігі өте тығыз жағдайда деуге болады.



4.2 Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық сулар өзендер, көлдер, мұздақтар, су қоймалары, басқа да жер үстіндегі көздер, жер асты суларын қоса біртұтас су қорын құрайды, олардың жалпы қоры 450 км3-ге дейін.

Қазақстан өзендерін қоректендіретін ең негізгі көз болып мұздақтар саналады, олардың ауданы 2 мың км2, ал көлемі - 98 км3 артық, немесе Балхаш көлі суының көлеміне тең болады. Мұздақтардың қалыңдығы шілдеден қыркүйекке дейін орташа есеппен 3 м-ге, ал жаз өте ыстық болған жағдайда 6 м-ге дейін кемиді. Үлкен мұздақтар Жонғар Алатауында жатады (көлемі 46 км3), Іле Алатауында (28 км3), Терскей Алатауда (11 км3), Алтайдың қазақстан бөлігінде (3,5 км3) және Талас Алатауында (2,3 км3).

Қазақстанда шамамен 39 мың. өзендер мен уақытша иірімдер бар, олардың ішінде 8 мыңнан артығы арнасының ұзындығы жағынан әр қайсысы 10 км-ден артық. Маңызды өзендерге келесілерді жатқызуға болады: Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Мойыл, Тобыл, Ишим, Сағиз, Жем, үлкен жіне кіші Узень, Торғай, Иргиз, Нура, Шідерты, Сілеті, Сарысу, Арыс, Талас, Шу, Қаратал, Іле, Аксу, Лепсы және б. Тауларда басталатын Үлкен және кіші Алмаатинка, Қаратал, Иссык өзендерінде тасқындар болып тұрады. Көптеген өзендердің сулары шамалы, тек көктемгі тасқындар кезінде арнасынан шығады. Қазақстанның орташа көпжылдық ағыны шамамен 101 км3, оның ішінде тек 56,5 км3 республика аумағында қалыптасады ал қалғаны - 44,0 км3 көршілес мемлекеттерден келеді: Қытайдан - 18,9 км3; Өзбекстнан - 14,6 км3; Қырғызстаннан - 3,0 км3; Ресейден - 7,5 км3.

Республикамызда әр қайсысының ауданы 1 га-дан артық болатын көлдер саны 48 мың. артық. Орташа тереңдігі – 1 м-ден 8 метрге дейін. Бұдан да терең көлдер де бар, мысалы: Алакөл тереңдігі 45 м-ге дейін, Шортанды - 31 м және Балқаш -26 м. Көлдердің ішіндегі ең үлкені Балқаш көлі, оның ұзындығы 605 км, ені - 74 км-ге дейін, судың көлемі - 112 км3, екінші орында – Алакөл ұзындығы - 104 км және ені - 52 км, судың көлемі - 56,6 км3. Жалпы Қазақстан көлдеріндегі судың көлемі - 190 км3, оның ішінде тұщы сулысы – шамамен 20 км3.

Сонымен қатар республикада шамамен 4,0 мың. тоғандар және 204 су сақтағыштары.

Жер үстіндегі су ресурстары республикада біркелкі таралмаған. Ең көп қамтамасыз етілген Шығыс Қазақстан - 200-290 мың. м3/км2, ең аз – Батыс Қазақстан, әсіресе Маңғыстау обласы - 0,36 тыс. м3/км2-ге дейін.

Қазақстанның жер асты суларының қоры 61 км3 бағаланады, оның ішінде тұщылары – шамамен 58 км3. Жер асты суларының қоры 623 жер асты сулар кенорындарында шоғырланған, олардың балансты эксплуатациялық қорлары 15,1 км3, оның ішінде шаруашылықты сумен қамтамасыз ету – жылына 6,1 км3; өндірістік-техникалық – жылына 0,95 км3; жерлерді суармалау – жылына 8,0 км3; баль­неологиялық (минералдық) сулар – жылына 0,01 км3.

Ең көп қорлылар – республикамыздың шығысы мен оңтүстігіндегі таулы-тауалды аудандарында, ал ең азы – солтүстік және орталық аудандарда, Каспий және Аралбойларында.

Жер асты суларын пайдалану деңгейі әзірше жоғары емес және 1,2 км3 немесе жылына 7,9 %.

Қазақстанда жер асты суларын мына негізгі бағыттарда пайдаланады:

- экономиканың өнеркәсіптік салаларында техникалық су ретінде;

- ауыл шаруашылығы мақсатында;

- ауыз су, емдеу және минералдық сулар ретінде.

Жалпы гидросфера үздіксіз қозғалыс, даму және қалпына келу күйінде болады.

Жылына Жер үстінен 0,5 млн. км3 су буланады, бұл құрлықтың барлық су қоймалар көлемінің жартысын құрайды. Атмосфераның су булары, олар 13 мың. км3, он тәулікте жаңарады. Өзен сулары ағынға байланысты әрбір 12 тәулікте ауысады. Көл сулары әрбір 10 жылда жаңарады. Дүниежүзілік мұхит сулары толық әрбір 3 мың жылда ауысады, ал ең аз жылжитын су түрлері – мұздақтарда, оларда толық ауысу 8,5 мың. жылда болады.

Тұщы сулардың жалпы қорлары 524 км3 бағаланады.

Қазақстан тұщы сулар көлемі бойынша планетамыздың ең аз қамтамасыз етілген елдер қатарына жатады. Сумен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен еліміздің 1 км2 аумағында 20 мың. м3 және жылына бір адам басына 6 тыс. м3, бұл евразия континентінде ең төмен көрсеткіш болып саналады.

Жалпы елімізде барлық экономика саласында жылына пайдаланатын су көлемі шамамен 35,5 км3, сонымен бірге оның 85 % - жер асты суларынан. Пайдаланатын судың ең негізгі үлесі – елімізде пайдаланатын жалпы су мөлшерінің шамамен 75 % ауыл шаруашылығына түседі. Сонымен қатар судың үлкен деңгейдегі нормадан тыс шығындары өнімнің өзіндік құнындағы шығындарды арттырады, оның бәсекеліктік қабілетін түсіреді, судың құнын арттырады. Мысалы, әлемде 1 т күрішті өндіру үшін орташ есеппен шамамен 5 мың. м3 су жұмсайды, ал Қазақстанда - 10,4 мың. Сол сияқты 1 т мақтаны өндіруге әлемде - 3, ал Қазақстанда - 4,3 мың. м3 су кетеді.

Өнеркәсіп секторы бас тоғаннан 5,8-7,8 км3 алады да орташа есеппен шамамен 5 км3 суды жұмсайды немесе шамамен 18-22 %. Ең көп алатын жылуэнергетика, түрлі-түсті металлургия кәсіпорындары, мұнай өндірісі.

Коммуналды-тұрмыстық мұқтаждықтарға жылына шамамен 1,3 км3 су жұмсалады немесе или 4-7%. Қазақстанда жылына бір адам 2264 м3 су жұмсайды, ал дамыған елдерде екі есе кем (АҚШ - 1870 м3, Канада -1602 м3).

Қазақстанда 2002 жылы суармалауға және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге 10590 млн. м3, шаруашылықтық-ауыз су мақсатында -600 млн. м3 таза су пайданылды.

Қазақстан Республикасында табиғи көздерден алынған су мөлшері 1999 жылы 20748, 2000 жылы - 19830, 2001 жылы - 19695 млн. м3 шамасында болды.

Қазақстан минералдық және гидротермалдық ресурстарға бай ел болып саналады.

Қазақстан Республикасында ең негізгі проблема су ресурстарының жай-күйі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы су ресурстарының жалпы жай-күйі және сапасы нашарлануда және оның қарқынды ластануы қоршаған ортаға бұзулық ықпал етуі мүмкін.

Қазіргі кезде Қазақстанның ең негізгі су күре тамырлары – Сырдария, Ертіс және Іле өзендерінің жай-күйіне, Арал және Каспий теңіздерінің проблемасына, Балқаш, Зайсан көлдеріне ең көп көңіл беру керек.

Студент Бүкіләлемдік табиғат қорының мәліметі бойынша адамзат тек 25 жыл ішінде (1970-1995гг.) біздің планетадағы табиғи ресурстардың 30% артығын жойғанын білуі керек. Әсіресе ауыз суын қамтамасыз ететін экожүйелер тез жойылады – жылына 6 %. Жалпы 30 жыл ішінде (1970 ж-дан 2000 ж-ға дейін) бұл биотоптардың саны екі есе азайды. Қазіргі уақытта планетада жылына барлық тұщы су ресурстарының шамамен 12 % жұмсалады, жер үстіндегі және жер асты суларының орасан зор массалары араласады немесе жылжиды, судың табиғи айналымы өзгереді. Адам теңіздерді қосады, өзендердің географиясын өзгертеді, үлкен су қоймаларын жасайды, батпақтарды құрғатады, сусыз шөлдерді суландырады, жер қойнауынан жер асты суларының бірсыпыра көлемін тартады.

Тұщы су ресурстарының азаюы (әсіресе өнеркәсіп дамыған аудандарда) оның пайдалануының артуына байланысты емес, негізінен оның ластануының (су бассейндеріне тазаланбаған немесе толық емес тазаланған ақаба суларды ағызу) артуына байланысты. Жер үстіндегі гидросфераны ең ластайтындар қалалық және кенттік канализация жүйелері, олар ластанған ақаба сулар категориясының 60 % ағызады.

Жер үстіндегі сулардың ең көп тараған негізгі ластаушы заттары болып мұнай өнімдері, фенолдар, жеңіл тотығатын органикалық заттар, металлдар қосындылары, аммонийный және нитритный азоттар саналады. Егер улы химиялық элементтермен қаныққан шаруашылық суларының жалпы әлемдік ағындысының қосындысын есептесек ол әлемдегі ең суы мол Амазонканың көлемінен артық болады.

Ақырғы он жылда ең қауіпті ластаушы ретінде үстіңгі-активті заттар (ПАВ –поверхностно-активные вещества) көріне бастады, олар мұнай және газ скважиналарын бұрғылауда кеңінен қолданылады.

Ең қауіптісі жер астындағы тұщы сулардың ластануы. Қазіргі уақытта жер асты гидросферасына деген антропогендік әсерлер 6-8 км тереңдікке дейін жетеді (дегенмен көбінесе 100 м-ге дейін байқалады) және біздің планета құрлығының жартысын алып жатады. Осының салдарынан пайдалынатын жер асты суларының шамамен 5% тұрақты ластану дәрежесінде болады.

Жер асты суларын ластаушылар ішіндегі басымдылары: мұнай өнімдері, фенолдар, ауыр металлдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, никель, сынап), сульфаттар, хлоридтер, азот қосындылары.

ҚР су ресурстарының жай-күйі қазіргі уақытта ең негізгі экологиялық проблема болып саналады. Сонымен бірге су ресурстарының жалпы күйі және сапасы нашарлауда, ал олардың ластануы қоршаған ортаға қиратушы әрекет жасауы мүмкін.



жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау