Биологиялық ырғақмеханизмі
Биологиялық ырғақтын, шығу тегі ішкі мерзімді құбылыстарға байланысты. Организмнің ырғақты құрылымы тұқым қуалайды. Сондықтан ол көптеген физиологиялық әрекеттердің ездігінен туатын оралымдық көріністерін жүзеге асырады. Алайда, сонымен катар өздігінен ағатын тербелісті құбылыстарға сыртқы түрткі-лердің немесе фотопериодизм, температура, ауа қысымының тер-белістері т. б. ықпалын ескермеуге болмайды.
Организмдегі көптеген әрекеттердің (өрбу, жылу реттеу, зат және энергия алмасуы) жағдайын қадағалайтьш негізгі сыртқы түрткілердің бірі фотопериодизм. Тәуліктін, жарық және қарацғы мезгілдері брінеше физиологиялык әрекеттердің ырғақтарын қа-лыптастырады. Мұны маусымдық ұйқыға кететін жануарлардан, адамдардың «әлеуметтік уакыт жүргізгіштерінен» байқауға бо-лады.
Организмнің «биолоіиялық сағотының» ішкі гендік механизм-дерін түсіндіру үшін бірнеше болжамдар ұсынылды. Соның бі-рі — «хронон болжамы» (хронос — уақыт, мерзім). Ырғақты ба-қылаушы-субстрат ретінде ДНҚ қатысады деп есентейді. Өйткені РНҚ-ның түзілуі белгілі бір мезгіліне тураланған және жануар-лардьщ тіршілік қалаын керсетеді. Сөйтіп клетканың . генетика-лық қасиеті биологиялық ырғақтарды жүзеге асыруға қатыса-тындығы дәлелденді.
Кейбір зерттеушілер «биологиялық сағаттың» шығу тегін клетка мембранасының жағдайымен байланыстырады. Осы мем-браналық қағида бойынша, байқалатын ырғақты құбылыстардың оралымдығьш мембрананың күйі және оның калий иондарын ет-кізгіш қасиеті реттейді деп санайды. Мембраналық құрылымдар өзінің қабылдағыш қасиеті арқылы температура мен фотоперио-дизмнен туатын биологиялық ырғақтарды бақылайды.
Ал еиді, көптеген зерттеушілер қолдайтын үшінші қағида бойынша, биологиялық ырғақтардың мультиосцилляциялық (көп-тербелісті) өрнектері болады. Қүрделі организмде өз ырқына көн-діретін басты орталық ырғақ жүргізуші (пейсмекер) болады деп санайды. Оған бірнеше езіндік тербеліс кезеңдері бар қосымша болмашы ырғақ жүргізушілер бағынады. Соңғылары өзара топта-сып, бір-бірімен тәуелсіз қызмет атқаруы да ықтимал.
Көптеген ғылыми еңбектерде орталық ырғақ жүргізуші ретін-де мидың эпифиз (домалақ) безін атайды. Кейбір зерттеушілер-дің"пікірі бойынша, эпифиздің өзіндік биологиялық сағаты сырт-кы түрткілердің, әсіресе күн мен түн алмасуынан тәуелді. Алайда бұл без тек құрстардың тәуліктік ыррақтарын реттейтшдігі акық-.талды. . I
Сүтқоректілерде орталық ырғақтың лайықтағыш әрекетін ги-поталамус атқарады, дәл айтқанда, оның супрахиазмалық ядро-сы. Ол гипоталамус пен торлы қүрылым жүйесі арқылы ақпарат қабылдап, оны симпатикалық жүйке талшықтарымен ағзаларда, тканьде орналасқан осцилляторларға жеткізеді. Мұны супрахиаз-малық ядро мен мойынның жоғарғы симпатикалық түйіндері ней-рондарының серпініс белсенділігінің өзара байланысынан байқау-ға болады.
Сонымен қатар ми қыртысының, әсіресе оның көру аймақта-рыньің биологиялық ырғақтар қалыптастыруға қатысатындығы дәлелденді. Орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде (жұ-лын, торлы құрылым, төмпешік таламус), мишық, ми қыртысын-да өздігінен ырғақ белсенділігін түзетін көптеген нейрондар табылды. Олар күрделі нейрондар жүйесінің ырғақты іс-әрекетін кұрайды. Нейрондардың ырғақты биоэлектрлік белсенділігі олар-дың мембранасының күйіне, потенциалына, натрий, калий және калыіий иондарының каналдары жағдайына байланысты екендігі • ' анықталды.
Сонымен бірге күрделі ұйымдастырылған организмде барлық оралымды әрекеттердің лайықталысы вегетативтік жүйке және гуморальдық жүйелер арқылы қамтамасыз етіледі. Мұны жыл маусымының және тәуліктің белгілі бір мерзіміне сәйкес келетін вегетативтік жүйкенің белсенділігінен және гормондардьщ сөлініс кезенд,ерінен байқауға болады. Мәселен, ұйқы-сергектік оралымы вегетативтік жүйкенің тәуліктік ырғағымен тығыз байланысты. Ұйқы кезінде, әсіресе оның баяу толқынды сатысьшда, парасим-патикалық жүйкенің тонусы жоғарылайды. Ал сергектік кезінде, керісінше, адрено-симпатикалық жүйкенің әрекеттік белсенділігі басым келеді. Сондықтан түлгі мезгілде катехоламиндер несеп арқылы сыртқа аз шығарылады, ал күндіз (8—-12 сағ.) адамның сезім және қрзғалыс әрекеттеріне байланысты ол көп шығады.
Хрономедицина
Организмнің физиологиялық жүйелерінің ырғақты ұйықдас-'тырылуы олардың әрекеттерінің нәтижесімен тікелей байланыоты.. Сондықтан бүл денсаулықты, жүмысқа қабілеттілікті және сырт-кы ортаның колайсыз әсерлеріне төзімділікті анықтайды. Мұны ғылымның хрономедицина саласы зерттейді. Ол жұмыскер ыр-" ғақтармен (ЭКГ, тыныс, ЭЭГ) қатар, іс жүзінде организмніқ барлық әрекетін қамтитын және геофизикалық оралымдарға сәй-кес келетін биологиялық немесе бейімдейтін ырғақтарды да тек-середі.
Көптеген клиникалык зерттеулер ауру пайда болғанда ең әуелі тербелісті әсерленістің бұзылатынын керсетеді. Әсіресе, жүрек-тамыр ауруларында тәуліктік ырғақтар' жиі бұзылады. Олардың, ауытқу дәрежесі аурудын. ауыртпалығына сәйкес келеді.
Сонымен қатар биоырғақтардың фазалық құрылымы бұзыл-ғанда немесе шайқалымы өзгергенде ауру жиі • асқынады және оның барысының мерзімі үзарады. Сол сиякты тәуліктік ырғақ-тың бұзылуы ас қорыту жүйесінің, бауыр, бүйрек ауруларында жиі кездеседі. Физиологиялық әрекеттердін тәуліктік ырғағыньщ ауытқулары эндокриндік және психоневрологиялық ауруларда да байқалады.
Дені сау адамның және науқастың биоырғақтарын талдау ар-қылы ішкі және сыртқы патогендік (дерттену) түрткілеріне ор-ганизмнің жоғары немесе темен төзімділігін анықтауға болады.
Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер бойынша, организмнің әртүрлі сыртқы, онын, ішінде фармакологиялық әсерлерге сезім-талдығы тәуліктің уақыттық және жылдың маусымдық мерзіміне сәйкес елеулі өзгеріп отыратындығы дәлелденді.
Сондықтан хронофармакология дәрі-дәрмектердің уақытқа байланысты организмге әсерін, емгерлік нәтижесін, кинетикасын, нысана-арзаның сезімталдырын және дәрілердің биоырғақта-ры ықпалын тексереді. Одан кейін хронотерапия мерзімді процес-терді ескере отырьш емдеу шараларын қолданады.
Ертедегі ғұламалардың көрсетуі бойынша, жалпы денедегі әрбір авзаньщ іс-әрекетінде шиеленісетін белгілі бір сәттері бай-калады. Басқаша айтқанда, кез келген ағзаның «емдеу уақыты» болатындығы дәрігерлерге ерте заманнан белгілі. Мәселен, бауыр-дың аумалы сағаттары 1 мен 3; өкпе—3 пен 5; тоқ ішек—5 пен 7; асқазан—7 мен 9; көкбауыр—9 бен 11; жүрек—11 мен 13; аш ішек—13 пен .15; куык—1.5 пен 17; бүйрек—17 мен 19 аралығын-да байқалады. детте, адамньщ негізгі ағзаларының әрекеттік белсенділігінің аумалы жағдайларын жасқа және жынысқа байланысты болж-ауға болады. Еркектерде бауыр, көкбауыр және асказанның қызметі үш рет — 5—6, 10 және 18 жаста, ал әйелдерде тек — 7—8 жаста әлсірейді. Жүректің аумалы жері ұлдардың 10 жасында, ал қыз-дардын, 7 жасында байқалады.
Әдебиеттер:
/1/1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы” 465-496 беттер
Дәріс №29
Тақырыбы: Ағзаның экология жағдайларына бейімделуі
Дәріс мазмұны:
1 Бейімделіс
2 Физиологиялық кибернетика
1 Бейімделіс
Бейімделіс (адаптация) — сыртқы ортаның құбылмалы жағ-дайларына организмнің икемделуі. Ол клеткалық, ағзалық, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа' болған неме-се жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін керсетеді. Ортаның кептеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе бейбарабар келеді. Организмнің барабар тітір-кендіргішке бейімделу қабілеті үзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты. Ал- барабар емес тітіркендіргіштер кебі-несе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жоядьі.
Ғылым мен техника үрдіс дамыған сайын, адамның шаруашы-лық және ендірістік іс-әрекетінің ерісі кеңейіп, жаңа істер, ме-кенжайлар игеруіне мүмкіндік туып отыр. Алайда табиғи және өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге жағымсыз .әсер ете-тін қоршаған .төңіректің қолайсыз түрткілері жиі кездеседі. Бұ-лар төтенше (экстремальдық) немесе шамадан тыс тітіркендір-гіштердің қатарына жатады.
Тетенше түрткілер физикалық-химиялық, орасан, ақпараттық^ мағыналық (семантикалық) және биологиялық болып 5 класқа жіктеледі. Ортаның үйреншікті физикалық (қысым, климат, мау-сым, космос жылылық, сәулелену) және химиялық (ауаның, та-ғамның құрамы, газдардьщ мелшері) түрткілері әдеттен тыс әсер» еткенде, олар организмде төтенше жағдайлар туғызады.
Орасан түрткілер гравитациялық (салмақсыздық әсіресалмақ-тық) және ақпараттық (қисындык, компоненттік, жағдайлық) негіздерден тұрады.
Адамның күнделікті тіршілік жағдайларында ақпараттық, түрткілер, мәселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды. Қазіргі кезде адам жасынаи және өмір бойы ақпараттық жүктемеге ұшырайды. Сондықтан ол үнемі бейімделу механизмдерінің қауырттығын талап етеді. Бұ-лар арнайы ендірістік іс-әрекеттің шараларымен қосылып, адам-ның психика саласында стрестер және бейімделіс олқылықтарын-тудырады.
Семантикалық төтенше түрткілер жеке адам немесе үжымға қауіп-қатер төнгенде, апат жағдайларында пайда болады.
Биологиялық төтенше түрткілерге кенеттен ауру, ұзақ уақыт ү.йықтамау, аштық және т. б. жатады. Осыған орай адамның бе-йімделіс нёгізін биологиялық және әлеуметтік механизмдері жа-сайды.
Организм осы жағдайларға бар мүмкіншілігінпіе өзініц құры-лымдық және әрекеттік әсерленістері арқылы бейімделіп отыра-ды. Оньщ табиғи ортадағы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды. Ол бейімде--лістің жекеленген түрі болып саналады.
Бейімделістің түрлері. Қазір бейімделістің әралуан түрлері болғанымен, көпшілік мақұлдаран топтары жок-.
Бейімделісті мерзіміне қараіі ұзақ мерзімді және қысқа мер-зімді деп жіктейді. Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің «авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделістің бас-тапқы кезінде, жүйке жүйесінін, ор^алық бөлімдерінің әрекеттік күйі қатты өзгеріп, организмнің әсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемдёлу қа-білеті, мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сайада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суықтыққа, тамақтың тапшылығына бүрын байқалмайтын тезімділігін тудырады.
/Қеке организм деңгейінде бейімделістің төмендегідей түрле-рін ажыратады: туа болған және жүре болған, жеке және қауым-:ды (түрлік), жалпы және маманданған, арнамалы, бейарнамалы, :ішкі және сыртқы, шартты және шартсыз, қалыпты және төтенше, морфологиялық (құрылымдық) және физиологиялық (әрекеттік), -соматикалық және психикалық т. с. с.
Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау ^адамның •бейімделісі арнайы физиологиялық әсерленістер арқылы жүзеге асырылады.
Физиологияльщ бейімделіс деп әрекеттік жүйе, ағза, ткань белсенділігі мен езара байланысын реттеуші механйзмдердің, орнықты деңгейін айтады. Бүньщ мәні ортаның жаңаша жағдай-ларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердін, қайта құруына келіп тіреледі. Сонымен бірге ортаның езгерген жағдайларында адамның ұзак емір сүруі, жүмысқа қабілетінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделістің көрнекті белгілері болып саналады.
Физиологиялық бейімделіс жағдайын талдағыштар жүйесін тітіркендіудің табалдырық күшіне және қарқынына икемделу қасиетінің езгеруінен байқауға болады. Ол туральі өткен тарау-ларда толық айтылған.
Қүрылымдық бейімделістің негізін клеткалық бейімделіс тү-зеді. Клеткалық бейімделіс деп қоршаған (^рта жағдайларына, аман қалу және қайта жақсару үшін клетканың икемделуін айта-ды. Ол организмдік бейімделістің бастапқы кезеңі болып санала-ды. Қлеткалық бейімделісті шамамен гено- және фенотипті деп екіге жіктейді. Генотипті (тектіүр) бейімделіс шыдамды, .'берік клеткаларды іріктеу нәтижесінде пайда болады. Ал фенотипті {белгітүр) бейімделіс залалды түрткілерге қарсы қорғаныш әсер-ленісі ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мер-.зіміне байланысты болады. Сондықтан -бейімделістін, ұзақтығы және клетканың төзімділігі өзгеріп отырады.
Организмнін, фенотипті бейімделісін дара бейімделіс деп те атайды. Ол ортаньщ белгілі түрткілеріне бұрын болмаған тұрак-тылықты және алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша шешу үмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұнда ен, әуелі осы нақтылы түрткіге жауапты әрекеттік жүйелер, одан кейін жалпы әрекеттік жүйелер жұмылдырылады, соңынан жалпы бей-арнамалы стреске қарсы жүйелер іске қосылады. Дара бейімделіс түрлік икемделудің қүрамына кіріп, оньщ дамуына ә'сер етеді. Бұл популяциялық бейімделіс. Популяциялық-түрлік бейімделіс түқымқуалаушылық арқылы жеке организмдерге беріледі.
Жалпы бейімделіс организмнің екі түрлі әсерленісіне байла-нысты болады. Біріншісінде, әсер етуші түрткілерді түйсіну үшін физиологиялық әсерленіс белсендіріледі, ал екінші түрінде оньщ әсерімен кездесуден организм қашқақтайды. Өйткені организмніқ әрекеттік күйіне, жағдайына байланысты бейімделетін түрткілер жағымсыз немесе жағымды әсерленістер тудыруы ықтимал. Сон-дықтан көбінесе бейімделістін, мәнін толық ұғыну, оньщ пайда бо-латын жардайларын айқындауды талап етеді.
Адамдарға төтенше түрткілер әсер еткенде екі түрлі әсерленіс байқалады. Біреуі барабар эсерленіс болса, екіншісі — абыржу зсерленісі. Барабар әсерленіс организмнін, арнайы жауаптары арқылы төтенше түрткілердін. әсерін әлсіретіп немесе жойып, оньщ кажетті іс-әрекетін сақтауға бағытталады.
Бейімделістің кездері. Бейімделіс әсер^енісі нақтылы физио-логиялық механизмдермен байланысты бірнеше кезден тұрады. Бейімделістің бастапқы, кезі тітіркендіргіштер әсер еткен алғаш-қы сәттен басталады. Мүнда әртүрлі бағытталған қүрама әсерле-ніс байқалады. Бірінші қүрама әсерленіс бағдарлау рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс пайда болғанда, осыған дейінгі іс-әре-кетті тежейді. Жалпы тежеуші әсерленіс күшті тітіркендіргіштің бәріне жауап ретінде туады.
Екінші құрама әсерленіс — қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда жүйкелік нәрлендіру (трофикалық) ықпалдары белсенді-ріледі және ағзалардың қызметі күшейеді. Бұл әсерленістерді симпатоадреналин жүйесімен бірге орталық жүйке жүйесі атқа-рады. Алайда бейімделістід бастапқы кезінде, олар өзара үйлесім-сіз болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл Ісезге организмнін эмоция-лық өзгерістері де қатысады.
Бейімделістің келесі сатысы — өтпелі кез. Мұнда орталық жүй-ке жүйесінің ҚОЗРЫШТЫҒЫ төмендейді, гормондардың белсенділігі азаяды, алғашқы әсерленіске қатысқан жүйелердің ықпалы тыйы-лады. Ол кезде организмнің икемделу механизмдері тканьдерде тереңдей түседі.
Бейімделістің тиянақты кезі — организмнің және оның құра-мына енетін ағзалардың, жүйелердің жаңа жағдайларға мұқият икемделу сәтін көрсетеді. Олардьвд қызметі үйлесімді келеді. Ор-ганизмнің бейарнамалы тезімділігі көтеріледі және әркелкі ар-найы бейімделістің механизмдері дамиды. Бұл кез физиология-лық құбылыстарды үнемді атқарады және энергия шығындар.ын азайтады.
Бейімделістің бұл кезін ұдайы тұрақты, өзгермейтін жағдай деп қарауға болмайды. Организмде оның ауытқулары, тербеліс-тері жиі болуы ықтимал. Өйткені оған әралуан қосымша жанама түркілер әсер еткенде, ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта қалыптасуына байланысты туатын гомеостаздың жаңа дең-гейін үнемі сақтауға тиіс. Сондықтан бүкіл физиологиялык әре-кеттер зор күш салу арқылы жүзеге асырылады. Ол организмнің энергия шығынын ұлғайтады, иммуналық және гормондық қосал-қы қорын азайтып, ақыры бейімделістің бұзылуына — дизадапта-цияға әкеліп соғады.
Дизадаптация кезі организмнің әрекеттік қоры сарқылуы нә-тижесінен немесе нейрогормондық және зат алмасуының өзара байланысы бұзылғандықтан пайда болады. Бұл жағдайда бейім-делістің бастапқы кезі сияқты іс-әрекеттің тұрақты көрсеткіште-рінің ауытқулары пайда болады. Олар үйреншікті тітіркендіргіш-тер шамадан тыс немеее кездейсоқ түрткілер кеп уақыт әсер ет-
кенде туады.
Организм бейімделіс тудырған әсерлерден құтылған жардай-да, соның салдарынан пайда болған құрылымдық және әрекеттік ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда онын, жойылған икемделу әсерленістрі сол бейімдеуші түрткілер тағы да әсер етсе, қайтадан калыптасуы мүмкін. Мүны қайта бейімделіс (реадапта-ция) деп атайды.
Бейімделіс механизмдері. Адам экологиясының негізгі мақса-ты организмнің бейімделіс әсерленісін қамтамасыз ететін физио-логиялық механизмін тексеріп, икемделу әрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты міндеті адамның денсаулығын сақтау, оңы жақсарту және аурудың алдын алуда ете тиімді жүйелер
жасау.
Организмнің икемделу әсерленісі негізін жүйкелік және гумо-ральдық механизмдер құрайды. Денеге күшті, өте күшті, орасан және төтенше тітіркендіргіштер оқыс әсер еткенде, оларды қа-былдап, өңдейтін негізгі жүйке құрылымдарында шамадан тыс зорлану жағдайы пайда болады.
Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзе-ге асыратын бейімделістін, жалпы физиологиялық механизмдері әрекеттік жүйелер аркылы атқарылады. Ол қозғағыш және жағ-дайлық тітіркендіргішті бағалаудан басталып, шешім қабылдау мен болашақ нәтижені алдын ала болжауды қалыптастырады. Содан кейін іс-қимыл нәтижесін салыстырғыш (акцептор) аппа-рат іске қосылады. Әрекеттік жүйе лимбия, торлы қүрылым және ми кыртысының белгілі аймақтарын қамтиды.
Бейімделіс кезінде ақиқатты бейнелеу негізі шартты рефлекс-тер арқылы жасалады. Ол әсіресе бейімделу жақтарының сақтық және ишаралық мәнін айқын бейнелейді.
Жоғарыда айтылғандай, әрбір бейімделіс, әсіресе тетенше жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктін, маңызды жү-йелерін реттеуші тетіктердің күш салуын талап етеді. Бұл бейім-делістің алғашқы сәттерінде өтеміс механизмнің белсендірілуі ар-
кылы жүзеге асырылады.
Жалпы өтеміс механизмдер ортаның төтенше түрткілерінен т^уатын алғашқы рефлекстік әсерленіс. Ол организмдегі әре-кеттік өзгерістерді жоюға немесе азайтуға бағытталады. Бұл те-тіктер биологиялық маңызы бойынша, организмнің қосалқы амалдарының негізгі бөлімі болып саналады. Олар өте жылжы-малы, организмнің апаттан шығу жағдайларын қамтамасыз ете-тін, жедел пайда болатын физиологиялық амалдар. Сондықтан бұл тиімді өтеміс тетіктер организм барабар емес жағдайларға тап болғанда, ұзақ уақыт гомеостазды қажетті деңгейде, яғни бейімделістін, тиянақты кезі шыққанша, ұстап тұрады.
2 Физиологиялық кибернетика
Физиологиялық кибернетика (меңгерім)—тіршіліктің қалып-ты әрекеттерінің өздігінен реттелу заңдылықтарын зерттейді. Ол бұл құбылыстарды меңгерілу теориясы негізінде тексереді. Мең-геруді жалпы алғанда, жүйені жөнге келтіру деп қарауға болады. ЯРНИ, оны осы ортада күші бар белгілі объективтік заңдылықтар-ға сәйкес келтіру.
Қибернетикалық жүйелерге басқарылатын жылжымалы жүй-елер 'мен меңгеру жүйелерінің жиынтығы жатады. Биологиялық жүйелердің меңгеру процестері екі түрлі: тікелей байланысты меқгеру (ДНҚ негізінде белок құрамысы), кері байланысты мең-геру. Ал меңгеру—ақпараттық процестермен тығыз байланысты. Бүкіл кибернетикалық жүйелер әсерінің негізгі мәні меңгеруші және меңгерілуші жүйелер арасындағы ақпарат алмасу болып саналады. Сонымен қатар бұл екі жүйеге де сыртқы ақпарат тү-седі (әсерлік, ауытқулық). Меңгеру жүйесі ұйғарымдар түзеді, ал меңгерілуші жүйе өз күйін езгертіп, оған кері қарай ақпарат жі-береді (кері байланыс). Осы келген мәліметтерге сәйкес жаңа ұйғарымдар туады. Сөйтіп кері байланыс нысыналы, тиімді мең-геру ісін жүзеге асады. Тірі организмде, әдетте, барлық құбылыстар кері байланыс арқылы атқарылады. Ол адамньщ ерікті іс-әрекетінде, рефлекстік әсерленістерінде организм тіршілік ететін жағдайлардың (жылу реттеу, су-тұз алмасуы, қан қысымы және т. с. с.) тұрақтылығын сақтауда өте маңызды орын алады.
Кері байланыс теріс және оң болып бөлінеді. Теріс кері бай-ланыс әрекеттік жүйедегі келіссіздікті жоюға бағытталған ұйға-рымдарды жеткізеді. Мәселен, дененің температурасы көтерілген-де, терідегі капиллярлар кеңейіп, жылу шығаруды ұлғайтады, ал кәдімгі термост — температура жоғарыласа, кыздыруды басып, жылу өндіруді азайтады. Бұл екі жағдайдағы кері байланыс әсері-нің нәтижесі бірдей — қалыпсыз температураның көтерілуі жой-ылады, алайда оны реттеу тәсілі мен механизмдері әртүрлі.
Оң кері байланыс жүйедегі келіссіздікті жоймайды, керісінше күшейтеді. Бұған мысал ретінде артериялық гипертензияны (қы-сым асу), қуықтың несеп шығар кезде жиырылуын келтіруге бо-лады.
Кері.байланыс қарапайым және күрделі жүйелердің өздігінен реттелу механизмінің негізі болып саналады. Тірі организм кері байланыс арқылы тіршілік жағдайларына бейімделеді. Сондыктан кері байланыс эволюішялық даму кезінде организмнің сыртқы ортамен өзара әрекетінің әмбебап амалы болып қалыптасты.
Организмнің икемделуі жылжымалы жүйелерге байланысты. Жылжымалы (динамикалық) жүйе деп өз күйін етпелі процестер арқылы өзгертетін жүйелерді атайды. Жүйе жағдайының дәйекті өзгерістерінің жиынтығы — өтпелі процесс. Жылжымалы жүйелер 3 режимде болады: 1) тепе-тендік режим —езгерістердің жоқты-ғымен сипатталады; 2) оқтын-оқтын режим-жүйе белгілі бір мер-зімде езінің күйін қайталап отырады; 3) өтпелі режим-жүйенін, басқа режимге көшуімен сипатталады. Осы режимдерді меңгеру ісі кері байланыс арқылы атқарылады. Ол автоматтық реттелу теориясының негізін қалайды. Жүйелерде реттеудің мақсатына, тәсіліне байланысты тиімді (оптимальдық) және тетенше (экстре-мальдық) меңгеру ұйымдастырылады.
Автоматтық меңгеру жүйесі мынадай: 1) өтеміс; 2) қадағалау (бағдарлы реттеу); 3) өздігінен - реттелу режимдерінде істейді. Бұл режймдер барлық жанды және жасанды кибернетикалық жүйелерде кездеседі. Автоматтық реттеу жүйецінің тұрақты және тұрақсыз көрсеткіштері болады. Тұрақсыздық реттелуші нәрсе-лерге ескерілмеген әсерлерден немесе реттеу режимін қате таңда-удан болуы мүмкін.
Автоматтық реттеудің тұрақтылығы гомеостаз ұғымымен ты-ғыз байланысты. Мұндай тұрақтылық тірі организмнің өз күйін сыртқы ортаның жағдайларымен теңестіруі, яғни бейімделісі ар-қылы сақталады.
Бейімделіс — жүйенің ездігінен реттелуінің бір нұсқасы. Өзді-гінен реттелу, өздігінен икемделу — тірі организмнін, ондағы элементтердің, популяцияның, биоценоздың түбегейлі қасиеті.
Өздігінен реттелуді тәсіліне сәйкес — ауытқулық, үйлеспеулік; мақсатына қарай — тиімді, төтенше; деңгейіне байланысты — жоғары, орташа, төмен; сапасы жөнінде — тұрақты, тұрақсыз деп
жіктейді.
Органинизмнің тіршіліктік әсерленістері бірнеше сатылы және әртекті реттелу жүйелері арқылы меңгеріледі. Н. М. Амосов рет-телуші жүйенің төрт түрін жіктейді. 1) Химиялық, бейарнамалы жүйе — зат алмасуы енімдері арқылы ағзалардын, өзара әрекетін қамтамасыз етеді. 2). Эндокриндік жүйе. Ол әртүрлі ағзаларды ерекше сөлініс заттары — гормондар арқылы белсендіреді. 3). Ве-гетативтік жүйке. Ол бір орталықтан бірнеше объектерді: ағза, ткань, физиологиялық жүйені бір мезгілде қамтып қашықтықтан, пәрменді меңгереді. 4) Орталық жүйке жүйесі. Ми бір жағынан организмнің ішкі ортасынын, тұрақтылығын (гомеостаз) реттейді, екіншіден, біртұтас организмді сыртқы ортамен теңестіреді.
Қалыпты жардайда организмнің тіршіліктік жүйелерінін, өза-ра байланысы әралуан әсерлерге барабар жауапты қамтамасыз етеді. Сондықтан әрбір тіршіліктік жүйе тұрақты (стационарлық) және етпелі жағдайда болады. Стационарлық жағдай белгілі бір мөлшердің айналасында байқалатын тербелісті көрсеткіштерден тұрады. Әрбір тіршіліктік көрсеткіш әртүрлі сипатталады. Мәсе-лен, физиология мен клиникада қан айналысы жүйесінің жағ-дайы пульстік орталық көрсеткішімен анықталады.
Өтпелі жағдайлар — тіршіліктік жүйенің жаңа тұрақты ре-жимге ауысқан сәті. Өтпелі процестердің жүзеге асуына барлық реттеуші жүйелер қатысады. Өтпелі процесс — организмнің сырт-қы әсерге беретін жауабы. Сонымен бірге тұрақты режим өзі бір-неше етпелі жағдайлардан тұрады. Сол сияқты етпелі режим ол да тұрақты кездерден құралады. Өтпелі процестер жеке тіршілік-тік жүйелерді үнемі теңдестіріп, организмді интегралдық жүйе ретінде женге салады. Әртүрлі физиологиялық жүйелердің жеке көрсеткіштерінің өзара математикалық тәуелділігі етпелі әрекет-тер деп аталады. Алайда бұл әрекеттер тұрақты және өтпелі ре-жимдерде әртүрлі болады.
Өздігінен реттеліс механизмдерін көптеген кибернетикалық әдістермен зерттейді. Олардың ішінде кеңінен тарағаны әртүрлі моделдер (сүлбі) жасау әдісі. Жүйенің реттелу сапасын тексеру үшін мөлшерленген ауытқулар шырару әдісі қолданылады. Меди-пина саласында олар әрекеттік сынамалар деп аталады.
Моделдеу эдісі күрделі нәрселердің, жүйелердің қызметін, әре-кеттік құбылыстарды зерттеуге пайдаланылады. Медицина сала-сында оның екі түрі: заттардың, құбылыстардьщ, әрекеттердің фи-зикалық ұқсастарьш (аналог) жасау және математикалық жүйе-леп (пішіндеп) баяндау.
Физиологиялық әрекеттерді моделдеу жинайтын ақпаратты тиянақтау (нығыздау), жүйе іс-әрекетінің кейбір жақтарын жете анықтау үшін жасалады. Сонымен бірге тіршіліктік әрекеттерді меңгерудің тиімді режимдерін ұсыну, олардың өзара әсерлерінің сандық керсеткіштерін табу үшін қолданылады. Моделдеуді тә-жірибе жүргізуге, клиникада, гигиеналық зерттеулерде пайдала-нады. Соның ішінде жасанды ағзалар істеу кеңінен таралып отыр.
Әрбір модель заттар мен құбылыстардың түп нұсқасының көп-теген жақтарын көрсете алмайды. Сондықтан модель мен объек-тінің ұқсастығының бірнеше белгілерін ажыратады. Олардың құ-рылымдық, заттық (субстрат), энергиялық, ақпараттық, жүйелік және интегралдық керсеткіштерінің үқсастықтары болуға тиіс.
Негізгі моделдеу аналогтық (ұқсастыру), механикалық, гидро-динамикалық, пневмотикалық, оптикалық, химиялық, электрлік, электрондық болып бірнеше түрге бөлінеді.
Модель жасау тәсілдері физикалық (динамокардиограф, бал-листокардиограф, электрлік (импеданс, ЭҚГ, ЭЭГ т. б.), матема-тикалық (алгоритмдер, статистика т. б.) электрондық (электрон-ды есептегіш машиналар) болып жіктеледі.
Осы тәсілдер арқылы қазір физиологиялық әрекеттердің көбі-сінің математикалық іс-жобалары жасалды. Олардың ішінде ве-гетативтік әрекеттердің қимыл-тірек, талдағыштар жүйесі, мидың жұмысы (нейрокибернетика) және т. б. ұқсастырылыстар (иден-тификация) бар. Мәселен, жүрек жұмысын реттейтін электрон-дық демеуші (стимулятор) колданғалы көп уакыт болды. Қан ай-налысы жүйесінің аймақтық және жүйелік (макро-, микроцирку-ляция), каротид синусы моделдері жасалды. Тыныс жүйесінің газалмастыру, желдетіліс әрекеттері, оны реттеуші тыныс орта-лықтарының моделдері құралды. Жасанды тыныс аппараты кли-никада кең-інен пайдаланылуда. Қаннық тасымал әрекеті, клетка гемостаты, плазмостат, иммуногемостаттар іске қосылды.
Бүгін нейрокибернетиканьвд қарқынды дамуына байланысты есептегіш машиналардың жаңа, өте күрделі түрлері даярланды. Бұл техникалық ғылымның саласы биониканы жедел дамытты. Би-оника тірі организм әрекеттеріне ұқсас — машиналар жасау мүм-кіндігін зерттейді. Бионика арқылы жүйке, сезім жүйесі, бейне-лерді тану, ультрадыбыс қабылдау проблемасы, сейсмикалық тер-
белістерді, штормды сезуді, жануарлар мен құстардың бағдарла-ныс (ориентация) әрекеттері, олардың өзара байланысын (ком-муникация) сипаттайтын техникалық қондырғылар мен құралдар іске қосылды.
Әдебиеттер:
/1/1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы” 465-496 беттер
6 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырыбы
|
Жасалатын жұмыстар
|
Апта
|
Әдебиеттер
|
1
|
Қозу физиологиясы
|
1 организмнщ физиологиялық функцияларын зерттеу тәсілдері
2. физиологиялық зерттеулер үшш қолданылатын аппаратуралар мен қүрал-жабдықтар
3. бақаны жансыздандыру тәсілдері
|
1
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 9- бет
|
2
|
Қозу физиологиясы
|
1. бүлшықет нервпрепаратындайындау
2. нерв пен бүлшықет тітіркенуш салыстыру (тура және жанама тітіркендіру)
3. тірі тканьдердегі биоэлектрлік қүбылыстар
4.рефлекторлық доғаны талдау
|
2
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 11-25 бет
|
3
|
Жоғарғы жүйке әрекеті.
|
1.рефлекс уақытының тітіркендірпштер күшіне тәуелділіп.
2.орталық нерв жүйесшдегі
қозудың таралуы (иррадиация)
3. жүлындық рефлекстердщ орталық тежелуі (сеченовтық тежелу)
|
3
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 34-40-43 бет
|
4
|
Ішкі секреция бездері
|
1. бақаның көз қарашығына
адреналиннің,ацетилхолин және атропиннщ әсері
2. бақаның пигменттік клеткаларына адреналин мен питуитриннщ әсері
3. адреналин мен ацетилхолиннщ жүрекке әсері
|
4
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 111-114 бет
|
5
|
Қан физиологиясы
|
1. адам мен жануарлардан қан алу техникасы және оған қойылатын ,негізгі талаптар
2. қан плазмасы мен түйіршіктері арасындары көлемдік қатынасты анықтау
3. қанның үю процесі және оны реттеу
4. қандағы эритроциттер санын анықтау
5. қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау. . қанның түсті көрсеткіштерш есептеп шырару
6. қандағы лейкоциттер санын анықтау
7. қан жүғындысын дайывдау және оны бояу
|
5
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 52-68 - бет
27.-28-29-30-31-32-33-34-35-36-37 жұмыстары
|
6
|
Қан айналу жүйесі
|
1. эритроциттердщ осмостық резистенттілігш анықтау
2 эритроциттердщ шөгу жылдамдығы
3. қан плазмасынан формалық элементтерді бөлу және фибрин жіпшелерш алу
4. қан топтарын анықтау
5. жүрек автоматизмі. лигатура қою арқылы өткізгіш жүйесше талдау жасау
6. бақаның түрлі оргавдарындағы қан айналуын бақылау
7. адамның қан қысымын өлшеу
8. жүрек қызметш гуморальды реттеу
|
6
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 68-82 - бет
38-42-43-44-45жұмыстары
|
7
|
Ас қорыту жүйесі
|
1. қарын сөлінің ферменттік
қасиеттерш зерттеу
2.қарын сөлінің қышқылдырын анықтау
3 өңештщ жиырылу қозралысын бақылау
4. өттің майға әсері
5. қарын сөлінщ сүт белогіне әсері
6. асқорыту мүшелерінщ қозғалыс функциясын зерттеу
|
7
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 93-98 бет
51-52-53-54-55-56-57- жұмыстар
|
8
|
Зат алмасу
|
1. негізгі зат алмасу мөлшерш кестемен есептеу
2.ер адамдардың негвгі зат алмасуын есептеуге арналран кесте
3.тамақ рационын кесте бойынша қүру
|
8
|
Әдебиеттер:
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 101-113 бет 59-61-62- жұмыстар
|
9
|
Тыныс алу
|
1. өкпенщ тіршілік сыйымдылығын анықтау. спирометрия
2. оттегін барынша көп пайдалану (обп) мөлшерін анықтау
3 жүктеме кезінде организмнің оттегін барынша көп пайдалану қабілетін анықтау тәсілімен танысу.
|
9
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ 84-93 бет 46-49- жұмыстар
|
10
|
Анализаторлар
|
1.көз өткірлігш анықтау
2. көру өрісш анықтау
3.көз торындағы соқыр таңбаны көру
4. терінщ сезімталдырын зерттеу
5. температура сезімін зерттеу
6. дәм сезімін анықтау
|
10
|
Ж. Н. Нургалиев. ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРАКТИКУМ
67-68-69-70-71-72-73 жұмыстарды орындау
116-120 беттер
|
11
|
Адамның физикалық жұмыс күш қабілетін анықтау
|
Дене сымбаты
Дененің пластикалық өлшемдері
|
11
|
Рохлов В.С. Практикум по анатомии и физиологии человека 42-43-45 жұмыстар 77-80 беттер
|
12
|
Судың ағзадағы биологиялық ролі
|
1. Адамның дене массасындағы су мөлшерін анықтау
2. Адамның м су алмасуы
|
12
|
1.В.И. Дубровскии 170 бет
2. В.И. Дубровскии 171 бет 17 таблица
2.Судың организм үшін биологиялық маңызы қандай
|
13
|
Адамның мақсатты іс-әрекеті
|
|
13
|
15-16-18-19-20 жұмыстар
Рохлов В.С. 37-43 бет
|
14
|
Өбу физиологиясы
|
Видиофильм қарау
|
14
|
Тело человека
|
15
|
Қорытынды тест
|
|
15
|
Қорытынды тест
|
|
|
БАРЛЫҚ САҒАТ САНЫ
|
|
|
7 Практикалық сабақтың методикалық нұсқаулары
1 қозу физиологиясы
1 организмн!ң физиологиялық функцияларын зерттеу тәсілдері
организмнің физиологиялық функцияларын зерттеуде эксперименттік жөне клиникалық физиология көптеген төсілдерді қолданады. классикалық төсілдермен қатар электрофизиологиялық тәсілдер кеңінен қолданыла бастады.
физиология экспериментті ғылым ретіңде дүниеге келді. расырлар бойы эксперимент нөтижесінде жинақталған материалдар қазіргі физиология ғылымының тууы мен дамуьшда аса зор маңызды роль атқарды. физиологияның дамуының бастапқы кезеңдерінде зертгеу жүмыстарының негізгі тәсілдері сырттай байқау арқылы жүргізілді. жаратылыстану мен техниканың сол кездегі мешеулігі бүдан басқа тәсілді қолдануға мүмкіндік бермеді. соған қарамастан қан айналысыньщ жалпы схемасы (у.гарвей); капиллярлар (г.м.малышги); рефлекторлық жүмыс приңциптері (р.декарт); материяның сақталу заңы (м.в.ломоносов); "жануарлар тоғы" (л.л.гальвани) туралы жаңалықтар "сырттай байқау" өдісімен ашылды.
қазіргі дөуірде физиологиялық эксперименттерде организмдегі кептеген функциялар мен езгерістерді тіркеу үшін аса күрделі приборларды қолданады. мүндай қадамдар организм функциясының динамикасы, олардың езара байланыстары, өзара өсерлері мен бейімделушілікке байланысты мінез-қүлықтың жиынтығы туралы толық мағлүматтар алуға мүмкіндік береді.
тітіркендіру әдісі. бүл өдісті қолдану арқылы түрлі органдардың функциональдық маңызын зерттеуге мүмкіндік туады. мысалы, химиялық, механикалық немесе электр тоғымен органдардьі тітіркендіре отырып олардың жауап реакцияларьш, нерв процестерінің пайда болуы мен таралуы туралы заңдылықтарды байқауға болады. лаборатория жағдайында электр тоғымен тітіркендіру кеңінен қолданылуда. бүл әдісті қолдану барысында нейро-физиология саласында ірі-ірі жаңалықтар мен заңдылықтар ашылды.
жеке бөліп алу әдісі /изоляция/. физиология ғылымьшың дамуының бастапқы этаптарында органдардың қызметін оларды денеден жекелеп беліп алу әдісі арқьшы зерттеді.
органдарды жартылай бөліп алу денервациялау арқылы жүргізіледі. ол үшін зерттелетін органдарды басқа органдар мен жүйелерден нерв арқылы байланысын бүзады да қан тамырларыьілы байланысы сақталады денервациялаудың негізгі төсілі - көзге көрінетін талшықтарының бәрін кесу. бірақ, нерв талшықтарыныңйбіреулері қан тамырларының бетінде жатса, екінші біреулеріолардың қабьфғаларын қүрайтын қабаттардың астында жөне органдардың фиброздық капсулаларының терең қабатында
орналасулары мүмкін. органдарды толық бөліп алу үшін қантамырларымен органдар капсулаларьш 5-10% фенол ерітіндісімен өндейді. бүл ерітінді белок компоненттерін, соның ішінде нерв элементтерін қайтымсыз денатурациялайды. бүл әдіс бүйрек, көкбауыр т.б органдарды жартылай бөліп алу өдістерінде кеңінен қолданады.
жеке органдардың организмнен тыс уақыт қызмет атқаруында оларға белгілі бір орта жағдайын туғызу қажет. ол үшін органдарды ылғалды камерада сақтайды немесе оларды қанмен, болмаса 37°с жылытылған қан алмастырғыш затпен перфузиялайды. перфузия өдісін дүрыс қолдану үшін органдарды қаннан тазарту қажет. қаннан тазартпаса үсақ тамырларда тромбоза пайда болуы мүмкін.
орталық нерв жүйесінің кейбір бөлімдерін бұзу, экстирпациялау және беліп алу әдістері. бүл өдістерді қолдану арқылы ортапық нерв жүйесінің осы белімдерінің функциональдық маңызы мен олардың езара әрекеттесулері туралы мағлүматгар алуға болады.
орталық нерв жүйесін бүзу түрлі өдістермен іске асырылады: механикалық (инемен, скальпельмен), термикалық (мүздату немесе тканьдерді термокоагуляциялау), электрлік (орталық нерв жүйесін жекелеген бәлімдерін электролитпен бүзу, электрод арқылы электр тоғын жіберу арқылы), рентген жөне лазерлік сәулелер мен ультрадыбыстар жіберу арқылы. аталған өдістердің барлығы хирургиялық жолмен немесе наркоз арқьшы жүргізілетін өткір (острый) төжірибе кезінде қолданылады. мүндай төжірибелер жануарларды қинаумен қатар қалыпты физиологиялық процестердің жүруін бүзып, жануарлардың өлуіне өкеп соғады. бүл жөнінде физиологияға и.п.павлов енгізген хирургиялық-созылмалы өдіс ерекше орын алады. бүл тесіл нөтижесінде операциядан жазылған жануарларға үзақ уақыт төжірибе жасау арқылы физиологиялық зерттеулер жүргізуге болады. егер и.п.павловқа дейінгі физиология бүтін организмді жеке бөлшектерге, органдар мен процестерге жіктейтін аналитикалық ғылым болып келсе, и.п.павлов организмді сыртқы ортамен байланысты қарайтын жаңа физиология жасады. бүл үшін и.п.павлов арнайы методикалық өдістер үсынды: алдын ала фистула қою, бездер жолын сыртқа шығару т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |