Т. А. Ботагариев 200 ж


Бүйректің секрециялық қызметі



жүктеу 1,9 Mb.
бет12/23
Дата14.11.2018
өлшемі1,9 Mb.
#20015
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

3 Бүйректің секрециялық қызметі

Бүйрек түтікшесінің эпителиі секрециялық қызмет те атқара-ды: түтікше қуысына шумақ эпителиінен етпеген, алғашқы не-септе болмаған коллоидты бояулар, пенициллин сияқты дәрілер соңғы несепте пайда болады.

Қазіргі ғылыми әдебиеттерде, бүйректің қызметіне тоқтаған-да секреция деген сөзге екі түрлі мән беріледі. Бірінші түсінік — секреция — қандағы заттардың бүйрек түтікшелеріне өзгер-меген күйде өтуі. Олар әртүрлі концентрациялық және электро-химиялық көрсеткіштеріне қарамастан белгілі бір «тасымалда-ушылардың» көмегімен етеді. Мұндай жағдайда олардың өту жылдамдығы артады. Екінші түсінік бойынша бүйрек түтікшеле-рініқ клеткалары органикалық қышқылдар мен негіздерді ғана секрециялап қоймайды, олар кейбір бейорганикалық заттарды синтездеп шығарады. Мәселен су және калий ионы интерстиция-дан түтікшелерге жай етеді (секрецияланады). Бүйректің шумақ-тық белімінен сүзілген калий ионы нефрондық проксимальдық бе-лімінде қайта сіңеді. Егерде организмде калий ионының мөлшері шамадан тыс көп болса, бүйрек түтікшелерінін, дистальдык. бөлімі мен несеп жинайтын түтіктерінің ішіне қарай өтеді (секрецияла-нады), сөйтіп соңғы несептің құрамымен сыртқа шығарылады. Бүйректе креатинин синтезделіп, фосфаттар қайта пайда бола бастайды.

Академик Л. П. Орбелидің лабораториясында алынған дерек-терге қарағанда бүйрек түтікшелері канда мочевина мөлшері көбейсе, осы мочевинаны сыртқа бөліп шығара алатыны, анық-талды. Бүйректе мұнымен қатар кейбір қанда жоқ заттар түзіле-ді. Мәселен, қанда бар гликол мен бензой қышқылынан түтік-шелер эпителиінде гиппур қышқылы түзіледі, ал аммоний тұзда-ры аммиактан синтезделеді. Бүйрек сілті-қышқыл тепе-теңдігін (гомеостазасын) бір қалыпта сақтайды. Сілті-қышқыл гомеоста-засы негізінен организмде жүретін өте күрделі секреторлық және синтездеу процестеріне байланысты. Несептің белсенді реакциясы (РН ортасы) адамда әр уақыт өзгеріп түрады. Ол адамның ішкен тамағының кұрамына, қасиетіне мөлшеріне, қызметіне, кимылына, ортаның температурасына т. б. жағдайларға байла-нысты. Кейде несептің реакциясы (рН) 4,5-ге дейін төмендеуі не-месе 0,8-ге дейін жоғарылауы мүмкін (басқаша айтқанда, несеп-тің рН реакциясы — қышқыл немесе сілтілі болады).,Бірақ кан-ның рН реакциясы әр уақыт салыстырмалы тұрақты 7,36—7,40 (сәл сілтілі) деңгейде болады. Өйткені бүйрек артық сілті және қышқыл заттарды несеппен бірге сыртқа шығарып тұрады. Бүйрек қанның (рН) реакциясын тұрақты сақтауға да қаты-. сады. Бұл жағдай бүйрек тутікшелерінід клеткасында жүретін ацидогенез және аммонигенез процестеріне өте тығыз байланыс-ты.



Ацидогенез — күрделі иондардың алмасу реакциясы арқылы карбоангидраза, фосфатаза және басқа ферменттердің қатысуы-мен, бүйрек түтікшелерінде бос су ионы, қышқылды және сілтілі фосфор қышқылының түздары пайда болып әрі шығарылатын процесс.

Аммониегенез — глутамин, глутаминаза ферменттер жүйесінің катысуымен түтікшелер клеткасында аммиактан (ІМНз) және аммоний тұзынан синтезделіп шығарылатын процесс. Бүл ете күрделі процесс, биохимия оқулықтарында жан-жақты әрі толық берілген.

Бүйрек функциясын зерттейтін әртүрлі әдістер, оның жұмы-сының сапасын, санын толық карастырады.

Қазіргі кезде нефрология әдістері көп әрі санқилы. Бұл әдіс-тер адамның бүйрек кызметін толық және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Тәжірибе жүзінде де, клиникада да әртүрлі геморенальдық индекстер арқылы бүйректің функциональдық жайы мен несеп түзілуін, механизмін зерттеуге болады. Бүйрек-тегі қан айналысының деңгейін, шумақтағы сүзілу шамасын, тү-тікшелердегі қайта сіңу және секреция дәрежесін, бүйректін концентрациялау, несеп жасау қызметін зерттеуге 'болады. Бүй-ректін, түрлі қызметін зерттеу. әдістерінің көбшің негізінде Маль-пиги шумақтарында еркін сүзілетін, ал түтікшелерде түрлі өзгерістерге ұшырамайтын және қаннан несепке секрецияланбай түгелімен несепке өтетін заттарды енгізу жатыр. Қан плазмасы-на енгізілген түрлі сүзілетін заттардан тазалану коэффициентін анықтайтын әдіс — клиренс тәсілі. Тазартылу коэффициентін немесе клиренс деп бүйректегі сүзілу процесі кёзінде белгілі бір уақыт ішінде қанға енгізілген заттан тазартылған плазма мөлше-рін айтады. Қлиренс әдісімен бүйректің сүзілу дәрежесін анық-тайды. Қанға инсулинмен және маннитол деген полисахаридтерді енгізеді, иттерде креатининді қолдануға болады.

Бүйректегі қанагыс шамасын анықтау үшін қанға параами-ногиппурлы қышқыл (ПАГ) немесе диодрастты енгізеді. Қайта сіңу шамасы қанға бір затты (глюкоза, мочевина) енгізу, ол заттың қандағы, несептегі концентрациясын анықтау және шы-ғарылатын несеп мөлшерін өлшеу жолымен анықталады. Түтік-шелердің секреторлық қызметі диодраст, фенолды қызыл, пара-аминогиппур қышқылының натрий тұзы т. б. қанға енгізу арқылы тексеріледі. Бұл әдістердің негізінде енгізілген заттардың қанда-ғы, несептегі мөлшерін елшеп, салыстыру жатыр.




    1. Бүйрек қызметінің реттелуі

Бүйректің организмдегі ең негізгі қызметі — шъгғару. Соны-мен қатар ішкі орта түрақтылығын, сілті-қышқыл теңдігін, осмос кысымын, тамырындағы қан көлемін, басқа да ішкі сүйықтық ор-таның көрсеткіштерін қамтамасыз ететін бір топ функциональдык жүйе жұмысын орындатуға қатысады. Бүйрекпен шығарылатын несеп күрамы, қасиеті және мөлшері, ондағы пайда болған әртүр-лі езгерістерге байланысты. Осыған сәйкес, ішкі және сыртқы ор-таның әртүрлі күрт өзгерістерінің әсерінен пайда болған инфор-мация орталық жүйке жүйесіне толып жатқан саны көп әртүрлі рецепторлардан мысалы, ноцицептивтік немесе ауру, қысым, хемо-, волюмо-, термо- тағы да басқа рецепторлардан 'барады. Осылардың көмегімен шығару мүшелерінің жүйкелік және гумо-ральдық реттелу механизмі іске қосылады. Реттелу механизмі жалпы диурезді (немесе тәуліктік несеп шығарылуды) өзгерту-мен қатар, зат алмасудың толып жатқан соңғы өнімдерін, тұз-дарды, дәрілерді, суды т. б. заттарды организмнен шығарады. Бүйрек вегетативтік жүйке жуйесінщ симпатикалық және па-расимпатикалық жүйкелерімен қамтамасыз етілген. Л. А. Орбели лабораториясының зерттеу қорытындыларынан

кезеген жүйкені тітіркендіргенде несеп кұрамындағы хлорлы нат-

рий азайғаны, ал осы жүйкені кескенде көбейгені байқалған.

Парасимпатикалық жүйкенің "мұндай әсері түтікшелердің кері

сіңуінің өзгеруінен пайда болады. Бүйректщ симпатиКалық жүйкесі кесілсе, несеппен хлорлы түздардың шығарылу мелшері көбейеді. Симпатикалық жүйкені тітіркендіргенде негізінен Мальпиги шумақтарының қан тамыр-320 ары тарылады да, бүйректе несеп жасалуы бір бағытта өзгер-мейді Артериола тарылғанда, осы әсерге байланысты несеп шы-ғарылу мөлшері едәуір азаяды. Ал егер де қанды алып кететін тамыр тарылса, сүзілу қысымы жоғарылап, несеп жасалу кебей-еді.

Диурездің рефлекстік езгеруі толып жатқан дене сыртында Іәне ішкі ағзаларда, соның ішінде несеп бөлетін мүшелерде ор-аласқан рецепторлардың тітіркенуінең болады. Несепағардың ^септе пайда болған таспен тығындалып қалуы, тек қана ты-ғындалған бүйректе несеп шығарылуын тоқтатып қоймайды, со-нымен бірге рефлекстік жолмен екінші бүйректе де несеп шыға-рыл\ын төмендетеді.

Несеп жасалу процесі вегетативтік жүйке арқылы орталық жүйке жүйесінін, белгілі бір бәлімдерімен реттеледі.

Тәжірибелер жүргізіп, мидьщ қыртыс қабаты бөлімдерін — мидың тертінші қарынша түбін, сопақша ми, көру төмпешігіне мишықты т. б. әртүрлі- әдістермен тітіркендіргенде несеп жасалу процесі өзгеретіні анықталған. Бүйрек қызметінің реттелуі ве-гетативті жүйке жүйесінің жоғары орталықтары (гипоталамус-тың) паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар және бас мидың қыртыс қабаты арқылы жүретіні дәлелденді. Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері түскен мәліметтерге байла-нысты, реттелу механизміне өте күрделі гормональдық тізбекті (гипофиз, бүйрекүсті'безі т. б. бездер) қосып 'бүйрек қызметін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде бүйрек өзінің шығару функ-циясын орьшдап гомеостазды қамтамасыз етеді.

Бүйректің жүйке гуморальдық реттелуінің маңызын, олардың езара байланысын 1937 жылы А. Шпуга жүргізген ете қызықты дәлелді тәжірибеден көруге болады. Ол бүйректі өзінің табиғи орнынан ауыстырып тері астына, мойын аймағына тігіп, оның та-мырларын сол жердегі кан тамырларымен жалғайды. Тәжірибе-ден бүйрек жүйкелері бұзылғанмен, жалғасқан қан тамырлары арқылы қан бүйрекке келе бастағаннан бастап несеп жасалу про-цесі жүре бастаған. Бірнеше күннен кейін осы бүйрек пен қалып-ты жағдайдағы бүйректің несеп жасау қызметінде аса көп езгеріс байқалмаған. Егер организмге су немесе ас тұзын кебірек енгіз-се, орнын ауыстырмаған бүйрек сияқты, ауыстырып тіккен бүйрек-те де жасалатын несеп құрамында су, тұз көбейеді. Жүйкесі кесілген бүйрек қызметі жүйке жүйесінің арқасында әртүрлі ті-тіркендіргіштерге өзгереді. Ауырсыну тітіркендіргіштері әсер ет-кенде, жүйкесі кесілген бүйрек кесілмеген сияқты 'несеп шығару-ды тоқтатады. Жүйкесі кесілген бүйректе тітіркендіргіштердің ау-ырсыну әсері гипоталамус арқылы, ал одан — гипофизге әсер етіп, антидиуретикалық гормон бөлінеді (АДГ).



    1. Несеп шығару

Несеп бүйректе көп немесе аз мөлшерде үадіксіз жасалады, бірақ оның организмнен шығарылуы белгілі бір уақыт арасында орындалады. Ересек адамдарда қалыпты жағдайда тәулігіне 2—3 рет, ал балаларда жас ерекшелігіне қарай жиі шығарыла-ды. Несеп шыраратын мүшелерге несепағар, қуық және несеп шығаратын түтік жатады.

Бүйректе жасалынған несеп жинағыш түтіктерден тостаған-шаларға етеді, тостағаншалар толып жиырылуынан, бүйрек тү-бегі арқылы несепағарға ауысады. Несепағардьщ толқынды жи-ырылуынан аз келемде несеп 2—3 мм/с жылдамдықпен қуыққа құйылады.

Қуық уақытша несеп жиналатын, іші 'қуыс, көлемді мүше. Несеп қуықта ешқандай өзгеріске үшырамайды, кері сіңбейді, қоюланбайды. Оның төменгі жағында несеп шыраратыд түтікте сақина тәрізді бірыңғай салалы ет талшықтарынан тұратын ішкі сфинктер бар. Ішкі сфинктерден сәл теменірек, кедденең жолақ-ты ет талшықтарынан түратын ерекше түрде жиырылатын сырт-қы (екінші) сфинктер бар. Бұл қуық кернеуінен артық несеп жиналранда, қатты жиырылып несеп аруына кедергі жасайды.

Несеп шырару уақытында сфинктер рефлекстік жолмен босаңсып, еттері жиырылып, қуық босатылады. Бірыңрай сала"-лы ет талқыштарынан жасалған ішкі қуыс мүшелері сияқты, не-сеп құйылып көлемі артқанмен қуык қабыррасыньщ кернеуі аса өзгермейді. Бірыңғай салалы ет талшықтарынан түратын еттердің бұл қасиетін пластикалық тонус (кернеу) деп атайды. Сондық-тан да қуыққа түскен несеп мөлшері, оның кернеуі артуына дәл-ме-дәл емес. Қуыққа несеп толған сайьш, оның алғашқы мезгілін-де қысым өзгермейді. Одан әрі, ересек адам қуығына 250—300 мл шамасында несеп жиналғанда, қуық қабырғасындағы еттердің кер-неуі артып, оның ішіндегі қысым 15—20 см су бағанасына дейін көтеріледі.

Мүндай жағдайда, куық қабырғасында орналасқан баро-ме-ханорецепторлардың тітіркенуінен рефлекстік жолмен арнайы механизм арқылы бір уақытта қуық еттері жиырыльш, ал несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды.

Несеп шығаратын мүшелердің эфференттік (орталықтан тебе-тін) нервтенуі негізінен вегетативтік, жартылай сомалык жүйке арқылы (мысалы, төменгі, сыртқы сфинктер уретрасы) орында-лады.

Симпатикалық жүйке несеп ағардың перистатикалық жиыры-луын күшейтіп, қуық қабырғасы еттерін босаңсытады және несеп шығаратын түтік сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Бұл жағ-дай қуықта несеп жиналуына мүмкіндік туғызады.

Парасимпатикалық жүйке әсерінен қуық еттері жиырылып, несеп шығаратын түтіктің сфинктер еттері босаңсиды, соның нәти-жесінде қуық несептен босатылады.

Несеп шығару жулынның бел-омыртқа және сегізкөз бөлімін-де орналасқан жүйке орталықтары арқылы реттеледі. Ондай жүй-ке орталықтары ми бағанында (Варолий көпірі, артқы гипотала-мус) және үлкен ми сыңарларының қыртыс қабатында орналаса-ды. Адам өз еркімен несеп шығаруды бастап немесе тоқтата алады, бұл несеп шығару ми қыртысымен реттелетіндігіне дәлел. Еріксіз түрде несеп шығару тек бебектерде ғана болады. Онтоге-незде жүйке құрылымдары жетілуіне байланысты шартсыз реф-лекстік реттелумен қатар, несеп шығарудың шартты рефлекстік реттелуі дамиды.

Бала 1,5—2 жасқа келгенде несеп шығарудың шартты реф-лекстік реттелуі күндіз ғана емес түнде де пайда болады. Кейде 12—13 жастағы балалардың 5%-інде түнде несеп устай алмауы байқалады — оны энурез деп атайды.
Дәріс №23

Тақырыбы: Жылудың реттелуі

Дәріс мазмұны:


  1. Дене те пературасы

  2. Дене температурасы бойынша топтары

Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы” 303-306 бет


Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изо-термия), яғни ішкі ортаның тұрақтылығы (гомеостазистің) көр-некі көрсеткіштерінің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қан-шама құбылмалы болса да төтеп береді. Ол 70—80° аязға да, 50—60° ыстыққа да көндіге алады. Бірақ сыртқы температура қаншама кұбылмалы болса да адам денесі температурасы өзгер-мейді, ұдайы — 36—37° шамасында сақталады.

Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жылу пайда болуы, оның сыртқа шығуы сияқты процестерге қатысатын бір-қатар ағзалар мен жүйелер жүйесі кызметінің жүйке — қан ар-кылы реттелуіне байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді, сондықтан да температурасы біркалыпты сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция).

ЖыЛу реттелуі дегеніміз сырттағы температура өзгерсе де де-ненің ішкі, өз температурасын қалыпты тұрақты күйінде сақта-луы. Бұл.арнайы функциялық жүйе арқылы іске асырылады.

Дене температурасын ұдайы бір деңгейде, тұрақты қалыпта сақталады, яғни денедегі жылу реттеледі (терморегуляция). жылу өндіріп онын, сыр-тқа шығуын реттейтін ағзалар мен ағза-лар жүйесі және оларды реттеуші механизмдер кіреді. Жылудың Дәл де нәзік жымдасып реттелуіне байлаңысты адам жер жүзін түгелдей, ЯРНИ тропикадан Лрктика мен Антарктикаға дейінгі аймақтарды тегіс игерген. Жылу реттелуі адам мен құстарда, өте жоғары дәрежеде дамыған. Жер бетіндегі жәндіктер, бауыры-мең жорғалаушылар т. б. түрлердің көпшілігінде дене темпера-тУрасы тұрақты емес, сырттағы температураның өзгеруіне қарай Құбылып отырады.


2 Дене температурасы бойынша топтары

Дене температурасының реттелуіне қарай гомойотермді (жы-лықанды) және пойкилотермді жануарлар болып 2 топқа бөліне-Д1-



Бірінші топқа жататын жануарлардың температурасы түрақ-ты: олардың орталық жүйке жүйесі жақсы дамыған, осыған орай, жылу реттеу механизмдері де өте жоғары дәрежеде. Ең жоғары ,сатыдағы гомойотермді организм — адам.

Екінші топтагы, яғни пойкилотермді (салқын қанды) жануарда дене .температурасы құбылмалы сырттағы температураға тәуелді. Мәселен, қыс пен жаз аралығында олардың температурасы 10°-тен 40—50°-қа дейін өзгереді. Олардың, әсіресе микроорганизмдердің тіршілік шегі ,өте кең. Мәселен, микроорганизмдер Камчаткадан да, яғни мұз-ды аймақтан да' (0°-тан 50° аязға дейін) табылған. Микробтар тіпті температурасы 170° ыстық бұлақ — гейзерлерде де кездесе-ді. Өзбекстан ғалымдары метеориттен де тірі микроорганизмдер тапқан. Қосмоста температура өте салқын абсоліоттік О-ге жа-қын, ал метеорит атмосфераға кірген сәтте өте ыстық (металдар балқиды).

Жаңа туған нәресте — гомойотермді: оның денесі тез қызып, тез суиды. Дегенмен, . го-мойотермді организмдердің температурасы күні бойы аз да болса өзгеріп отырады (тәулігіне 0,5—0,9°), кешкі 16—18 сағатта ең жоғары, таңғы 3—4 сағатта ең төменгі деңгейде болады. Ұйықтап жатқанда төмендеп, қара жұмыс істеген кезде 1—2° көтеріледі. Екіқабат және босанған әйелде дене.температурасы әдеттегіден сәл жоғарылау. Лектордың, артистің, емтихан тапсырып отырған студенттің температурасы да сәл жоғарырақ, эмоция салдарынан олардың қан айналысы аз мөлшерде күшейіп, қызуы көтеріледі.

Адам денесіндегі әртүрлі ағзалар мен олардың жеке бөлікте-рінің, температурасы зат алмасуының деңгейіне байланысты өзге-реді.

Бауырда 37,8—38°С, тері сыртында 29,5—33,9°С, тік шекте 37,2—37,5°, қолтықта 36,0—36,9°С.

Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндірг мен жылу шығару процестерінің тепе-теңдігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның негізі — белгілі физиологиялық жүйе механизмдерінің қызметі.



Жылу реттелуі физикалық және химиялық реттелу болып екі-ге бөлінеді.

1. Физикалық реттелу жылу шығару деңгейін өзгерту арқылы,



2. химиялық — жылу өндіру процесін күшейту не әлсі-рету арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгерту арқылы іске асы-рылады.

Жылу органикалық заттар тотыққан кезде пайда бола-ды. 1 г белок не көмірсу тотыққанда 4,1 ккал, 1 г май тотыққан-да 9,3 ккал жылу пайда болады.

Денедегі тканьдердің қай-қайсысында да тотығу процестері (диссимиляция, катаболизм) бір тоқтамастан ұдайы жүріп жа-тады. Бұл эктотермальдық (сыртқа жылу шығару) процестер.

Жылу барлық ағзаларда пайда болады:


  1. жолақ еттерде барлық жылудың 80—60%-і,

  2. бауыр мен ас қорыту ағзаларында 20—30%-і,

  3. бүйрек пен басқа ағзаларда, тканьдерде 10—20%-і өндіріледі.

Тіпті қозғалмайтын тыныш отырған адамда жылудың 2/3 дене еттерінде өндіріледі. Жолақ еттер тыныш отыр-ғанда да белгілі бір дәрежеде тонусынан айырылмайды. Олар жиырылған кезде жылу ендіру процесі күшейе түседі, тіпті азда

п дірілдеген сәтте жылу өндіру 50—60%, ал қара жүмыс істегенде 400—500% артады.
Сонымен тоңа бастаған кезде дене температурасын тұрақты (бір деңгейде) сақтауда химиялық реттелудің маңызы зор. Физи- . калық реттелу — жылу шығару процесін реттеу процесінің мәні, әсіресе айналадағы температура шектен тыс жоғары болған жағ-дайда, мәселен, күн ыстық күндері бөлме температурасы жоғары болса, арта түседі.

Дәріс №23

Тақырыбы: Жылудың реттелуі

Дәріс мазмұны:

  1. Жылудың реттеу механизмі

  2. Химиялық жылу реттелу

1 Жылудың реттеу механизмі

1) Жылу өткізгіштік, яғни денеге тиген заттарға, мәсе-лен, ауаға жылу беру; бұл — конвекциялық жол, бұған денеде пайда болатын барлық жылудың 15%-і кетеді. Адам үшін мұның мәні аз: ауа мен киім жылуды нашар өткізеді.

2) Жылуды сей-ілдіру (жылу шығарудың радиациялық жолы), яғни жылудың инфрақызыл сәулелерін қызған дененің бетімен жан-жаққа сейіл-діру. Бұл жолмен тіршілікке бірден-бір қолайлы (қажетті) тем-ператураға (18—20°) сәйкес белінетін жылудың 66%-і сыртқа шығады.

3) Тері мен өкпе арқылы жылу шығару. Бұл жолмен сыртқа жылудың (бу арқылы шығатын жасырын жылудьщ) 19%-і шығады. 1 мл суды буға айналдыру үшін, 0,53 ккал жылу жүмсалады. Тіпті негізгі зат алмасу кезінде тер арқылы денедең тәулігіне 700—850 мл су шығады. Ыстық цехта қара жұ-мыс істеген кезінде жылу шығарудың бұл жолы басқа жолдардан әлдеқайда басым болады да барлық жылудьщ 75%-і сыртқа шығады.

4) Барлық жылудын, 3,5—4% өкпеге келіп түскен ауаны, ас қорыту түтігіндегі тамақ пен суды жылы-туға жұмсалады. Жылудың 0,7 %-і несеп пен нәжіс'арқылы сырт-шығады.

Тері астындағы май (шел) денедегі жылудың шы-ғуына кедергі жасайды. Сондықтан шел неғұрлым қалың болса, жылу соғүрлым аз шығады, семіз малдың суыққа төзімді, бірақ ыстыққа шыдамсыз болатынь осыған байланысты. Шел майы-ның әсіресе суда тірщілік ететін сүтқоректілер үшін мәні бар. Эволюция (тарихи даму) барысында жылу реттелуі шыңдала түсті. Соның айғағы —қан тамырларының реакциясы: айналадағы' температура өзгеріп денеге әсер еткен сәтте, шелдегі (тері астын-дағы) қан тамырларының тонусы рефлекс арқылы өзгеріп, тамыр не кеңейіц не тарылып отырады. Ыстықтың әсерінен қан тамыры кеңеиіп жылу шығару продесі күшейеді, ішкі ағзалардағы ірі та-мырларымен аққан қан көп мөлшерде теріге келеді. Салқын әсерінен керісінше, тері тамьірлары тарылып сыртқа жылу шығару карқыны темендейді.

Мысықта, итте, кірпіде, тер бездері нашар дамыған (олар тек табанда орналасқан).

Сондықтан сонғы аталған жануарларда жылу тер арқылы реттелмеиді, денедеп су басқа жолмен, яғни сулану (өкпе) арқылы, сондаи-ақ тілдің кілегейлі қабығы арқылы реттеледі. Бұл — температуралық полипноэ. Иттің ыстық күндері аузын ашып, тілін салақтатуына байла-нысты әдетте .минутына 2 л, ал ыстық күні 50—70 л дымқыл ауа шығарады. Ыстық күндері қүстың өкпесі жиі желдетіледі.



Жылу реттеу механизмдері

Гомойотермді жануарларда дене температурасы аса күрделі нейрогуморальдык, механизмдер (жүйке-қан) арқылы реттеле-ді. Бұл механизмдер дененің компенсаторлық (есесін қайтару) реакциясын, яғни жылу өндіру (химиялық) және жылу шығару (фңзикалық) процестерін бағыттап, қажет болса, өзгертіп отыра-ды.і Жылу реттелу — дене температурасының тұрақтылығын сақтайтын функциялық жүйе, орталық жүйке жүйесімен тікелей жән'е кері жүйкелік байланыс арқылы езін-өзі реттейтін процесс.

Терідегі жылу рецепторлары (терморецепторлар) яғни суық сезімін қабылдайтын Краузе сауытшалары, жылу тітіркеністі қабылдайтын Руффини шашақтары және сезгіш жүйке ұштары сырттағы температураның өзгеруіне шапшаң жауап береді. Бұл-ар — өте сезімтал рецепторлар. Мәселен, терідегі жылу рецеп-торлары сырттағы температура 0,007°, ал суық сезгіш рецептор-лар 0,012° езгерсе болғаны, соны сезіп, денеде жауап реакция тудырады.

Осыған орай проф. О. П. Минут—Сорохтина мынадай болжам жасады: орталық жүйке жүйесіне тері рецепторларынан келіп түскен серпініс жылу реттелу юрталығын белгілі бір дәре-жеде (тонуста) ұстап тұрады. Ішкі ағзалар рецепторларының іш-інде жылу реттелу үшін ен, маңыздысы — қарын мен вена рецепторлары және тері веналарында орналас-қан рецепторлар . Орталық жүйке жү-йесінде орналасқан терморецепторлардың да маңызы зор. Олар гипоталамустың алдыңғы бөлімінде (преоптикалық аймағында), ми мен жұлында орналасқан, өздеріне ағып келген қандағы температура өзгерістерін тез сезеді. Сонымен зерттеу нәтижелерінен жылу реттеу орталығы — ги-поталамус екенін байқауға болады. Гипоталамустың алдыңғы ядроларын зақымдаса, тыныс жолы мен тері қан тамырларының реакциясы арқылы жылу шығару механизмдері бүзылады, осы-ған байланысты жануар температурасы көтеріліп, өліп қалады Мұндай жануардың денесі тез қызып (гипертермия) физикалық жылу шығару процесі бұзылады. Гипоталамустың алдьщгы ядро-ларын тітіркендірсе дене температурасы темендейді. Жылу шығару процесі гипоталамустьщ алдыңғы ядроларында орналасқан жүйке орталықтарының бақылауында болады.



  1. Химиялық жылу реттелу,

жылу шығарудың күшеюі, еттің ді-рілдеуі, жылу шығару орталығы болып есептелетін құрыльш-дар — гипоталамустың артқы және ортаңғы ядроларының бақы-лауында. Мидың осы белімі зақымданса жануардың температу-расы тым төмендеп кетеді де денеде жылу өндіру, еттің дірілдеуі секілді компенсаторлық реакция тумайды. Ал гипоталамустың артқы ядроларын тітіркендірсе, дене температурасы 2—3 градус

көтеріледі.

2. Ішкі секреция бездерінің ішінде жылу реттеу процесіне қалқан-ша без, жыныс және бүйрекүсті бездері, олардың гөрмоңдары, әсіресе троптық гормондар (АК.ТГ, соматотропин, тиреотронин т. б.), сондай-ақ басқа ішкі секреция бездерінің қызметін реттей-тін гипофиз гормондары үлкен роль атқарады.

Гигпофиз безін алып тастаса, көжек денесінде жылу реттелу процесі бұзылады да, ол пойкилотермді жануарға айналады. Қалқанша без гор-мондары (тироксин т. б.) жылу өндіру процесін күшейтеді.

Бүйрекүсті безінің ми қабатының гормоны адреналиннің қандағы мелшері артса ,да жылу ендіру процесі күшейеді (гипертермия), мәселен, қатты күйзелген (стреске ұшыраған) адам денесінде адреналин әсерінен гипертермия (жылудьщ шек-тен тыс көп өндірілуі) пайда болады. Бүйрекүсті бездерін сылып алып тастаса не осы бездің қызметі күрт нашарласа, адам (жануар) кенеттен тоңа бастайды.

Әдебиеттер:

1.Х.Н.Сәтпаева „Адам физиологиясы” 303-306 бет


Дәріс №24

Тақырыбы: Адамның мақсатты іс-әрекеті

Дәріс мазмұны:

1 Еңбек физиологиясы

2 Дене еңбегі


жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау