ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
31
консервация мен тарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес жүзеге
асырылады.
4.9.2. Қоршаған ортаны қорғауды аз қалдықты технологияны қолдануды, қоршаған
ортаға кері әсер ету көзі болып табылатын өндіріс қалдықтарын өз уақытында
пайдалануды ескере отырып, сондай-ақ үздік қолжетімді технологияны ескере отырып,
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен тәсілдерін қолдануды қамтамасыз
ету керек.
4.9.3 МДТБҰ жер телімінің көлемін ластанудан қорғау үшін ағаш және бұтақ
көшеттерінің желден және шаңнан қорғау жолақтары қарастырылады.
5 ҒИМАРАТТЫҢ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ
5.1 Энергиялық ресурстарды қысқарту, жылу шығынын азайту
5.1.1 Ғимараттарда тиімділігі жоғары баламалы жүйелерді орнату мүмкінділігін
(техникалық, экологиялық және экономикалық) қарастыру ұсынылады:
а) жаңартылған энергия көздері негізінде энергиямен қамтамасыз етудің
орталықтандырылмаған жүйелері (мысалы, жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз
етуге арналған күн коллекторлары; аумақты жылыту және суыту үшін күн қуатын
пайдалану);
б) басқа құрал-жабдықтар мен құрылғылар (мысалы, когенерациялық құрылғылар,
жаңа тиімді құрылғылар, энергияның пайдалануды үйлесімдеуге арналған таймерлер, күту
кезіндегі шығындарды азайту, реактивті қуатты төмендетуге арналған конденсаторларды
орнату, шығыны төмен тансформаторлар);
в) жаңартылған көздерден энергияны, әсіресе, толықтай немесе жартылай алуға
негізделген аудандық және блоктық жылыту мен суыту;
г) жылылық сорғылары, үнемді қазандықтар, орталықтан жылыту немесе суыту
жүйелерін орнату, тиімді модернизациялау.
5.1.2 Егер олар техникалық, экономикалық және функционалдық жағынан сәйкес
болса, онда ең жоқ дегенде мынадай жүйелік талаптар қолданылуы керек:
а) жылыту жүйелері;
б) ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелері;
в) ауа температурасын реттеу жүйелері;
г) ірі желдеткіш жүйелері;
д) немесе осы жүйелердің бірігуі кезінде.
5.1.3 Суық ауа райында ғимаратқа күн сәулесін түсіріп және панель, қабырға, жабын,
балкондар және т. б. арқылы жылуды сақтай отырып, ғимаратта жылуды пайдалану
мөлшерін азайту үшін күн сәулесін пайдалану ұсынылады.
5.1.4 Күндізгі жарықты тиімді пайдалану жасанды жарық қолданысын біршама
азайта отырып, энергияны пайдалану мөлшерін төмендетеді. Ғимараттарда мыналарды
қамтамасыз ету ұсынылады:
а) жарық түсетін жақтар бойынша ғимаратты дұрыс бағыттау арқылы күндізгі
ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
32
жарыққа қол жеткізу;
б) күндізгі жарық түспейтін кеңістікті барынша азайту.
5.1.5 Көлеңке бастырмалар ғимаратты артық күн сәулесінен қорғауға пайдаланылуы
мүмкін. Көлеңке жаппалардың құрылымы, әдеттегідей, оңтүстік қасбеттерге арналып
жобаланады.
5.1.6 Энергия үнемдеуді қамтамасыз ету үшін ұсынылатын терезелер күндізгі жарық
пен табиғи желдету есебінен энергия тиімділігін арттыруы тиіс:
а) ғимараттың желдету мен суытуды қажет ететін бөлігіне жел өткізетін терезелер;
б) табиғи жолмен желдетілетін ғимараттарда еден ауданынан кемінде 5 %
саңылаудың (терезе немесе есік) эквивалентті ауданы болуы керек;
в) ыстық ауаны жоғарыдан шығара отырып, суық ауаны төменнен жұту арқылы ауа
айналымымен қамтамасыз ететін, жоғарыдан және төменнен ашылатын жармасы бар
терезелер.
5.1.7 Қуатты үнемдеуде шамды дұрыс таңдаудың үлкен мәні бар. Шамның
қуат тиімділігінің жақсы көрсеткіші ол – жарық қайтарымдылығы болып
саналады (люмен / ватт).
5.1.8 Ғимаратта жұмыс істейтін қызметкерлердің көпшілігі үшін ғимараттарда
температураны, ылғалды, ауа шығынын реттеп жеке реттеп тұру мүмкіндігін қарастыру
керек. Бөлмелердегі жылу-ылғал жайлылығын реттеу мүмкіндігі үшін төмендегілерді
қолдану керек:
а) жылыту құрылғыларындағы термостатикалық элементтер;
б) берілетін жылу-суық тасымалдағыш параметрлерін орталықтан реттеу;
в) сырттағы ауаның ішке берілуін орталықтан реттеу;
г) басқарылатын терезелерді пайдалану;
д) кондициалау жүйесін орталықтан реттеу;
е) жеке реттеу мүмкіндігімен жұмыс орнына ағымды ауаны жеке жіберу.
5.1.9 Ғимараттарды жобалау кезінде жобалауға берілген тапсырыспен бекітілген
және энергияны үнемдеудің аса жоғары әсеріне жетуге бағытталған талаптарды қолдануға
болады.
5.1.10 МДТБҰ аумағында күн сәулесі, жел, геотермальді, су, биомасса және
биогаздың аз мөлшері сияқты қуаттың баламалы түрлерін пайдалану ұсынылады.
5.1.11 Жылу сіңірудің төмен коэффициентін қамтамасыз ету үшін ғимараттың
қабырғалары мен шатырын бояғанда ашық түстерді пайдалану ұсынылады.
5.1.12 Ғимараттың инженерлік жүйелері орталықтан қамтамасыз етілу жағдайында
жылу қуатын, суық және ыстық суды, электр қуатын және газды есептеу құрылғыларымен
жабдықталуы тиіс.
5.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
5.2.1 Ағаштарды отырғызған кезде климаттық жағдайларды, топырақ түрін, жауын-
шашын мөлшерін, желдің бағытын, өсімдіктер күтімін, балалар мен қызметкерлердің
өміріне қауіпсіздігін ескеру қажет.
5.2.2 Жылу қуатын пайдалану мөлшерін азайту үшін мынадай шараларды қолдану
ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
33
ұсынылады:
а) жану үдерістерін автоматтандыру арқылы ауа мен жанармай қатынасын
оңтайландыру;
б) жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын суды агрессивтік газдан тазалау
үшін деаэрация технологиясын енгізу;
в) жаңа жылыту қазандықтарын іске қосу;
г) жанармайдың оттегілік жану технологиясын пайдалану;
д) түтінді газдардың жылу қуатын тиімді пайдалану;
е) құбырларды жөндеу;
ж) су жіберетін үдерістерді автоматтандыру үшін жиілік өзгерткіштерді орнату;
и) орталықтандырған жүйеге қарағанда энергияны көбірек беретін сумен қамтамасыз
етудің тәуелсіз көздерін пайдалану.
5.2.3 Электр қуатын пайдалану мөлшерін азайту үшін келесі шараларды қолдану
ұсынылады:
а) жылытылатын суды химиялық, мембраналық, электромагниттік немесе
комплексонатты тазалау;
б) «энергетикалық тор» әдісін енгізу. Электр қуатының көздерін орналастыруды
оңтайландыру тұтыну орнына тасымалдау барысында оны жоғалтуды азайту үшін құралы
болып табылады;
в) энергияның баламалы көздерін пайдалану.
5.2.4 Көгалдандыру жоспарын жобалаған кезде арнайы күтімді қажет етпейтін және
құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді таңдаған дұрыс.
5.2.5 Суды пайдалану мөлшерін төмендету үшін қажетті шаралар:
а) төгу
жүйесінде
тазартылған
немесе
алдын-ала
тазартылған
және
залалсыздандырылған жаңбыр суын пайдалану;
б) әрбір тұтынушы үшін ыстық су мен суық судың есептегіш құралдарын орнату;
в) суды шығындауға шек қоятын құрал орнату;
г) аэрацияны пайдалану, душ пен қолжуғыш шүмектеріне ағынның ылғалдатқыш
әсерін және суды пайдалану тиімділігін арттыратын сушашыратқыш орнату;
д) суаруды көп қажет етпейтін өсімдіктерді егу;
е) жер телімі аумағына жергілікті климатқа үйренген өсімдіктерді отырғызу және
оларды суаруға тазартылған немесе жауын суын пайдалану;
ж) пайдаланылған кәріз суын мейлінше қайта өңдеу, оларды тазалап, қайта
пайдалану.
5.2.6 Топырақ эрозиясын алдын алу және шаң-тозаңды әкету үшін мынадай
іс-шаралар жүргізу қажет:
а) аймаққа көпжылдық шөптерді уақытша немесе тұрақты түрде егу, жерді нығайту;
б) жердің бетін жабу, топырақ үйіндісі;
в) геоторкөздер құрылғысы, бағанды торкөздер құрылғысы;
г) өлшенген бөлшектерге торлар жасау;
д) құрылыс
аймағынан
шығатын
автокөліктердің
дөңгелектерін
жууды
ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |