ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
22
қарастыру керек.
4.4.5.10 Арнайы түзету білім беру ұйымдарында оқу бөлмелерінің ауданы бір
қатысушыға шаққандағы есептік көрсеткіш бойынша алынады:
а) ақыл-есі кем және психикалық дамуы тежелген балалар үшін - 2,2 м
2
кем емес;
б) полиомиелит және церебральдік сал зардабы бар балалар үшін - 3,5 м
2
кем емес;
в) қалған балалар үшін - 3,0 м
2
кем емес.
4.4.5.11 Көру қызметінің бұзушылығы бар (қыли көзді және амблиопиялы) балаларға
арналған топтық ұяшықтарда ұзындығы 6 м кем емес плеопто-ортоптика бөлмесін
қарастыру керек және оны солтүстікке қарай (екі жаққа 22,5° дейін ауытқитын) бағдарлау
керек немесе күннен қорғау құрылғысын қолдану керек. Бұл бөлмеде арнайы құрылғыда
көзге түзеу жасалып, көзді емдеу жүзеге асырылады.
4.4.5.12 Плеопто-ортоптика бөлмеге ұзындығы 6 м кем емес қызметтік аймақ
аппараттармен жұмыс барысында немесе көздің көруін тексеру барысында бала ұзына
бойымен қимылдайтын сызықтық аралық ретінде керек; бұл аймақтың ені 1,5 м кем емес.
4.4.5.13 Плеопто-ортоптика бөлмесі ретінде ауданы 6 м
2
кем емес қабырғасы қою
жасылмен боялған қараңғы орын (үлкен рефлекссіз офтальмоскоппен жұмыс жасау үшін)
бөлу керек.
4.4.5.14 Плеопто-ортоптикалық бөлме және топтық ұяшыққа қызмет көрсетілетін
бөлмелер бір қабатта және бір-біріне жақын орналастырылуы тиіс, балаларға ем-шарадан
кейін демалыс талап етіледі, яғни алғашқы 5 минуттан кейін олар нашар көреді.
4.4.5.15 Плеопто-ортоптикалық бөлме қыли және амблиопиясы бар мектепке дейінгі
жастағы балаларға арналған екі топтық ұяшықтарына біреу қарастырылады.
4.4.5.16 Соқыр және нашар көретін балалар үшін топтық ұяшықтар құрамына бір
мезгілде екі-үш баламен сабақ өткізуге арналған тифлопедагог бөлмесі кіреді.
4.4.5.17 Ақыл-ойының бұзушылығы бар жоғары қозғыштықпен ерекшеленетін
балаларға арналған топтарда «үстелдер аймағы» толықтай жүйкелік-психикалық қызмет
мүмкіндігінше толықтай қалпына келіп, мектепке оқуға даярлау үшін бір орынды
үстелдермен жабдықталады, оның ішінде балаларда қарапайым метаматикалық түсінік
қалыптасу үшін, сөйлеу қабілеті, сурет салу, қабылдау, ойлау дағдысы даму үшін түзету-
тәрбиелеу сабақтарын жүргізу үшін жабдықталады.
4.4.5.18 Егер топтық ұяшықтың құрамында сынып қарастырылса, онда сабақтар
сондай бір орынды үстелдермен жабдықталған сыныптарда жүргізіледі.
4.4.5.19 Тірек-қимыл аппараты бұзылған (полиомиелит пен сал ауруының
салдарынан) балалардың топтық ұяшықтарында (сыныптарында) сөйлеу, назар аудару,
есте сақтау, есту қабілеттерін, кеңістікті-уақыттық түсініктерін дамыту бойынша сабақтар
жүргізіледі.
4.4.5.20 Топтық бөлмелердегі (сыныптардағы) «үстелдер аймағы» оқушылар
үстелдерімен және құралдарға арналған шкафпен жабдықталады. Балалар қозғалу үшін
«үстелдер аймағының» периметр бойымен тіреуіш тұтқамен жабдықталған еркін жолдар
қарастыру керек. Үстелдерді орналастыру кезінде, үстелдер қатары мен қабырға немесе
өзге жабдық арасында моторикасы бұзылған балалардың өздігінен қозғалу мүмкіндігін
сақтай отырып, әрбір балаға жетуге болатындай еркін жол жасау керек.
4.4.5.21 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық ұяшықтардағым қоршау
ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
23
беттері мен жабдығы ашық түстердің күңгірт бояулармен боялуы тиіс, шағылысу
коэффициенті мыналардан төмен болмауы керек: төбе - 70 %, қабырға - 50 % бастап 60 %
дейін, еден 25 % бастап 30 % дейін, үстелдер - 45 %.
4.4.5.22 Көру қызметінің бұзушылығы бар балаларға арналған топтық ұяшықтардағы
топтық пен жататын бөлмелер арасындағы, топтық бөлме мен дәретхана арасындағы
қабырға аралықтарда шыныланған есіктер, ойықтар қарастырған жөн.
4.4.5.23 Көру қызметінің бұзушылығы бар балаларға арналған топтық ұяшықтарда
мынаны ұстаған жөн:
а) топтық (ойын) пен жатын (ұйықтау) бөлмелер арасына, бөлек жағдайларда бұл
бөлмелер арасына және әрине - буфет пен дәретхана (жуынатын аймақ) арасына
жылжымалы есіктерді, сонымен қатар, бекітілген ашық күйдегі жармалары бар есіктерді
қарастырылу керек. Балалар қимылына кедергі болмау үшін есік тесіктерін толтыруды
мүлдем қарастырмауға болады;
б) шығыңқы жерлер мен сыртқы бұрыштар болмау керек немесе оларды дөңгелектеу
(радиусы 0,05 бастап 0,1 м дейін) керек;
в) есіктердің, басқыштардың шеттерін, жиһаздар мен жабдықтарды қабырға бояуына
қарама-қарсы бояуды ҚР ЕЖ 3.06-101 бойынша қарастыру керек.
4.4.5.24 Едендерді қабырға бояуларына қарама-қарсы түспен бояу ұсынылады,
әйтпесе, еден мен қабырғалар арасындағы ернеуліктер анық бөлініп тұруын қамтамасыз
ету керек.
4.4.5.25 Соқыр және нашар көретін балаларға арналған нысандардағы оқыту
бөлмелері (сыныптар, бөлмелер, зертханалар, шеберханалар), сонымен қатар, оқу залдары
қыздырылатын шамдары бар жасанды жарықтандырудың жиынтықталған жүйесімен
жабдықтайды. Жалпы және жергілікті жарықтан жарықтандырудың жиынтық деңгейі
көру патологиясы түріне байланысты мынаны құрайды:
а) жоғары
деңгейде
асқынған
алыстан
көрмеушілігі
мен
жақыннан
көрмеушілігі 1000 лк жоғары деңгейдегі қатысушылар үшін; көруі 1000 лк бастап 1500 лк
дейін көз торлары мен көру тамырларының зақымдалған (көз қарлығуысыз) балалар үшін;
б) көз қарлығуымен ауыратын қатысушылар үшін - 500 лк артық емес;
в) жалпы жарық жүйесінен жасанды жарықтандыру деңгейі 400 лк аспауы керек;
г) әрбір жұмыс орнын қуаты 40 ватт қызатын шамдары бар жергілікті жарық
шырақтарымен жабдықтайды. Шырақтарда үстел үстіне қатты бекітілетін және иілу бұрышы
мен жарық көзі деңгейін ауыстыруға мүмкіндік беретін иілгіш тіреуіші болу керек.
4.4.5.26 Түзету үлгісіндегі бала бақшаларда негізгі өту жолдарының (дәліздер мен
басқыш торлары) едендері мен баспалдақ басқыштарында 5 лк апаттық жарықтандыру
қарастырылуы тиіс.
4.4.6 Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сыныптарын балабақша
ғимараттарына орналастыру
4.4.6.1 Сынып
ретінде
пайдаланылатын
алаңы
кемінде
50 м
2
бөлмелерде 20-дан аспайтын қатысушылар орналастырылады.
20-дан артық қатысушыларды орналастыру барысында 1 қатысушыға 2,5 м
2
кем
Достарыңызбен бөлісу: |