Свод правил республики казахстан



жүктеу 1,19 Mb.
Pdf просмотр
бет2/41
Дата18.01.2020
өлшемі1,19 Mb.
#27045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
IV 
Е қосымшасы (міндетті) Топтық ұяшықтардың негізгі бөлмелерінің аудандары ............... 43 
Ж қосымшасы (ақпараттық) Топтық ұяшықтардың қосымша бөлмелерінің  
аудандары .................................................................................................................................... 44 
К қосымшасы  (міндетті) Ілеспе және қызметтік-тұрмыстық бөлмелердің құрамы мен 
аудандары .................................................................................................................................... 45 
Л қосымшасы (ақпараттық) Түзеу үлгісіндегі балалар топтарының толымдылығы ........... 47 
М қосымшасы(міндетті) Түзеу үлгісіндегі мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру 
ұйымдарының топтық ұяшықтарының құрамы мен аудандары (тiрек-қимыл аппаратының 
бұзушылығы бар балаларға арналған МДТБҰ-нан басқа) ..................................................... 48 
Н қосымшасы (міндетті) Жалпы үлгідегі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу 
ұйымдарына арналған санитарлық-техникалық жабдықтар саны ......................................... 49 
П қосымшасы (міндетті) Ауаның есептік температурасы және алмасу жиілігі ................... 51 
Р қосымшасы (ақпараттық) Мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдары 
бөлмелеріндегі жасанды жарықтандыру .................................................................................. 52 
 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 

КІРІСПЕ 
 
Осы құжат сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-
техникалық  құжаттарды  жетілдіруді  іске  асыру  мақсатында  нормалаудың  параметрлік 
әдісіне  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  құрылыс  саласындағы  нормативтік  базаны 
реформалау шегінде әзірленді. 
Осы  ережелер  жинағы  мектепке  дейінгі  білім  беру  нысандарының  ғимараттарына 
қолданылатын  «Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс  материалдары  мен 
бұйымдарының  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің 
дәлелдемелік базасына кіретін нормативтік құжаттардың бірі болып табылады. 
Осы  ережелер  жинағы  ҚР  ҚН    «Мектепке  дейінгі  білім  беру  объектілері»  жұмыс 
сипаттамаларының  талаптарына  қолайлы  шешімдер  мен  параметрлерді  белгілейді  және 
олардың талаптарын орындаудың бірден-бір тәсілі болып табылмайды. 
Қолайлы  шешімдер  әдісі  ғимаратты  пайдалану  деңгейін  (негізгі  мақсаты  немесе 
функциясын),  ғимаратты  пайдаланушылар  үшін  қауіпті  тәуекелдік  факторларды  және 
қауіптілік  сипатын  (ішкі  немесе  сыртқы),  пайдаланушылар  санын  (келушілер, 
қызметкерлер),  адамдардың,  оның  ішінде  халықтың  әлсіз  топтары  бөлігінің  (сәбилер, 
кішкентай балалар, ақыл-есі дұрыс емес немесе басқа да кемшіліктері бар адамдар) жұмыс 
істеу ұзақтығын және т. б. жағдайлар мөлшерін ескере отырып қабылданады. 
 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
VI 
БЕЛГІ ҮШІН 
 
 
 
 
 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
СП РК 3.02-110-2012* 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ  
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІ  
 
ДОШКОЛЬНЫЕ ОБЪЕКТЫ ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Енгізілген күні – 2015-07-01 
 
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ  
 
1.1 Осы ережелер жинағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының 
ғимаратын  орналастыруға,  жер  теліміне,  көлемдік-жоспарлық  шешіміне,  инженерлік 
қондырғыларға қолайлы шешімдерді белгілейді. 
1.2 Осы  ережелер  жинағы  меншік  түріне  қарамастан,  Қазақстан  Республикасының 
аумағында жобаланатын, салынатын, реконструкцияланатын  мектепке дейінгі оқыту мен 
тәрбиелеу ұйымдарына таратылады.  
1.3 Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  білім  беру  ұйымдарының  тұрпаты  мен  түрі 
жобалау  тапсырмасы бойынша анықталады.  
 
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Осы  ережелер  жинағын  қолдану  үшін  мынадай  сілтемелік  нормативтік  құжаттар 
қажет:  
ҚР ЕЖ 2.04-104-2012 Табиғи және жасанды жарықтандыру. 
ҚР  ЕЖ  3.01-101-2013  Қала  құрылысы.  Қалалық  және  ауылдық  елді  мекендерді 
жоспарлау және құрылысын салу. 
ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 Жалпы білім беру мекемелері. 
ҚР  ЕЖ  3.06-101-2012  Ғимараттар  мен  имараттарды  халықтың  қимылы  шектеулі 
топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау. 
ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі. 
ҚР ЕЖ 4.02-101-2012 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу. 
ҚР  ЕЖ  4.04-106-2013  Тұрғын  және  қоғамдык  ғимараттарды  электрмен  жабдықтау. 
Жобалау ережелері. 
 
Ескертпе  -  Осы  құрылыс  нормаларын  пайдаланған  кезде  ағымдағы  жылғы  жағдай  бойынша 
жасалатын  «Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  саласындағы  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
қолданылатын  нормативтік  құқықтық  және  нормативтік-техникалық  актілер  тізбесі»,  «Қазақстан 
Республикасының  стандарттау  бойынша  нормативтік  құжаттар  көрсеткіштері»  және  «Қазақстан 
Республикасының  стандарттау  бойынша  мемлекетаралық  нормативтік  құжаттар  көрсеткіші»  ақпараттық 
тізімдемесі   және   ай  сайын   шығатын   тиісті   ақпараттық   бюллетень- журнал  бойынша  тексерген  жөн. 
 
Ресми басылым 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 

 
Егер  сілтеме  құжат  ауыстырылса  (өзгерсе),  онда  осы  нормативті  пайдаланған  кезде  бойынша 
тексерген  жөн.  Егер  сілтеме  құжат  ауыстырылса  (өзгерсе),  онда  осы  нормативті  пайдаланған  кезде 
ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, 
онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады. 
 
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 
 
Осы  ережелер  жинағында  осы  нысандарға  арналған  нормативтік  документерде  
келтірілген  терминдер  және  анықтамалар,  сондай-ақ  тиісті  анықтамалары  бар  мынадай 
терминдер қолданылады: 
3.1 Апаттық  шығу:  Эвакуациялық  жолдарға,  тікелей  сыртқа  немесе  қауіпсіз 
аймаққа апаратын шығу жолы (есік, люк). 
3.2 Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  кешені:  Тұрғын  ауданға,  кварталға  немесе  оның  
бөлігіне  қызмет  көрсететін  жеке  тұрған  немесе  ғимараттардың  жанына  құрылған 
(кіріктірме-жапсарлас) ғимараттардың және «Баланы дамыту орталығы» негізінде біріккен 
және  басқа  мектепке  дейінгі  мекемелердегі  балалар  топтарына  балалар  ертеңгіліктеріне, 
қойылымдарына арналған кешен (зал-алаң) қосымша мүмкіндіктерін ұсынатын әкімшілік, 
әдістемелік  және  функционалдық  үйлестіруді  жүзеге  асыратын  мектепке  дейінгі 
мекемелер жүйесі (6 - 12 мекеме). 
3.3 Лоджия:  Кірікірме  немесе  жапсарла,  сыртқа  қарай  ашық  кеңістік,  үш  жағынан 
қабырғамен қоршалған (бұрышта орналасса - екі жағынан қабырғамен) сыртқы қабырғаға 
жалғасқан  бөлмені  табиғи  жарықтандыру  талаптарымен  шектелген  тереңдігі  бар  бөлме. 
Шыныланған болуы мүмкін. 
3.4 Шағын 
МДТБҰ:  Тәрбиеленушілердi  дамытуда  (зияткерлiк,  көркем-
эстетикалық,  дене  және  т.  б.)  бiр  немесе  бiрнеше  бағыттарды  басым  жүзеге  асыратын 
балабақша: 
а) санитарлық-гигиеналық  және  емдеу-сауықтыру  шараларын  басым  жүзеге 
асыратын қарау және сауықтыру балабақшасы; 
б) құрама  үлгiдегі  балабақша  (балалар  топтарының  жоғарыда  аталған  қызмет 
бағыттарын  қоса  атқаратын  негізде.
 
Мекеме  құрамына  сонымен  қатар  дамуы  жағынан 
жеңіл  кемістігі  бар  балалар  үшін  түзету  үлгісіндегі  балалар  топтары  да  қарастырылуы 
мүмкін).  
3.5 Мансардтық терезе: Шатырдың көлбеу жазықтығында орналасқан терезе.  
3.6 Серуендеу  топтары:  Әдеттегідей,  көп  пәтерлі  тұрғын  үйдің  бірінші  қабатында 
орналасқан үйлерінде ұйықтайтын және тамақ ішетін 1-2 топ балаларға арналған мектепке 
дейінгі білім беру нысаны. Басты қызметі - таза ауада серуендеу. 
3.7 Оқыту-тәрбиелеу  кешені:  Тәрбиеленушілерді  дамытудың  бір  немесе  бірнеше 
бағытын басымдықпен жүзеге асыратын балабақша. 
3.8 Жертөле  қабаты:  Жердің  жоспарланған  белгісінен  төмен  биіктігі  бөлме 
биіктігінің жартысынан артық бөлме еденінің белгісі бар қабат. 
3.9 Техникалық  қабат:  Инженерлік  жабдықты  және  төсеу  коммуникацияларды 
орналастыруға арналған қабат. Ол ғимараттың төменгі (техникалық еден асты қоймасы), 
жоғарғы (техникалық шатыр) немесе ортаңғы бөлігінде орналастырылуы мүмкін. 


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау