Свод правил республики казахстан



жүктеу 1,19 Mb.
Pdf просмотр
бет13/41
Дата18.01.2020
өлшемі1,19 Mb.
#27045
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41

ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
24 
емес аудан нормасы қабылданады. 
25 оқушыны орналастырған жағдайда сыныптық үй-жайдың алаңы   Е қосымшасына   
сәйкес кемі 62,5 м
2
 болып алынады. 
4.4.6.2 Оқушыларды  тамақтандыруды  ұйымдастырған  кезде  8  оқушы  сыныптары 
бойынша - екі рет отырғызуды өткізу қабілеті бар жалпы асхана қарастырылады.  
4.4.6.3 Ауылдық  жерлерде  (500 бастап  1000  дейін  тұрғындары  бар)  біріккен  
МДТБҰ  мекемелері  мен  мектептер  қарастырылады,  мұндай  ғимараттардың 
сыйымдылығы  -  МДТБҰ  үшін  25  және  40  орын,  мектептер  үшін  (10 + 15 + 40  орын) 
немесе  МДТБҰ  үшін  35  орын  және  мектеп  үшін  60  орын  (15 + 20 + 60  орын)  болып 
қабылданады.  
4.4.6.4 Жиһаздар  мен  жабдықтарды  орналастырғанда  грифель  тақтасының  шолуы  
ҚР ЕЖ 3.02-111 сәйкес көру бұрышы 45° болып қабылданады. 
4.4.6.5 Дәретхана төрт жастан асқан балалардың топтық ұяшықтарына арналған қол 
жуатын жер ортақ болған кезде, қыздар мен ұлдар үшін бөлек жобаланады.  
 
4.5 Ғимараттың  конструктивтік  шешімі  мен  құрылыс  конструкцияларын 
есептеу әдістері 
 
4.5.1 Мектепке  дейінгі  білім  беру,  оның  ішінде  сейсмикалық  аудандардағы 
нысандарды  жобалаған  және  салған  кезде  көтергіш  конструкциялар  есебін  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  қолданылатын  нормативтік  құжаттар  ережесін  ескере 
отырып жүргізу керек.  
4.5.2 МДТБҰ  ғимараттарын  жобалау  және  көтергіш  конструкцияларды  есептеген 
кезде мыналар ескеріледі:  
а) талап етілетін ғимараттың механикалық қауіпсіздігі; 
б) пайдалануға жарамдылығы; 
в) ұзақ мерзімділігі. 
4.5.3 Көтергіш қабілеттілігі немесе пайдалану жарамдылығы қорының талап етілетін 
деңгейі келесі шаралар арқылы жүзеге асуы мүмкін:  
а) алдын  алу  ескерту  немесе  қорғаныс  іс-шаралары  (мысалы,  соққыдан  қорғау 
құрылғысы,  өрт  қауіпсіздігі  бойынша  активті  немесе  пассивті  іс-шаралар,  қабатқа  жабынды 
жағу, катодтық қорғануды қолдану сияқты тот басудан қорғайтын шаралар және т. б.); 
б) есептеу кезіндегі тиісті іс-шаралар: 
- әсер етудің мәндеріне тән сандық мәндер;  
- есептеу кезінде қауіпсіздіктің жеке коэффициенттерін қолдану; 
в) сапа менеджментіне қатысты іс-шаралар; 
г) көтергіш  конструкцияларды  жобалау,  есептеу  және  салу  кезінде  болатын 
қателіктерді азайту, сонымен қатар ірі қателіктерді болдырмау шаралары; 
д) көтергіш    конструкцияларды  жобалау  кезінде  қолданылатын  қосымша  шаралар 
кезінде мыналарды ескеру керек:  
- негізге алынатын талаптарды; 
- конструкцияның қаттылығын (зақымданудың дәлдік шегін); 
- пайдалануға сәйкес мерзімін белгілей отырып ұзақ мерзімділігін; 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
25 
- топырақты алдын ала зерттеудің түрі мен көлемін және қоршаған ортадан болуы 
ықтимал әсерін зерттеуді;  
- қолданылатын есептеу әдістерінің нақтылығын; 
- конструктивтік атқаруды; 
е) жұмыс өндірісіне қажет нормаларға сәйкес жоспарланған құрылыспен қамтамасыз ету;  
ж) жобалау  құжатының  талаптарына  сәйкес  бақылау  және  техникалық  қызмет 
көрсету. 
4.5.4 Тексеру,  техникалық  қызмет  көрсету,  жөндеу  мен  ауыстыру  үшін  ғимараттың 
қондырғыларына,  арматурасына  және  инженерлік  жүйелер  аспаптарына  және  олардың 
қосылыстарына қолжетімділік мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.  
 
4.6 Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау 
 
4.6.1 Сумен қамту және кәріз жүйесі 
 
4.6.1.1 МДТБҰ-дағы  сумен  қамту  мен  кәріз  жүйесін  ҚР  ЕЖ  4.01-101  сәйкес 
қарастыру керек.  
4.6.1.2 
МДТБҰ 
бөлмелерінің 
санитарлық-техникалық 
қондырғыларын  
Н қосымшасына сәйкес қабылдау керек.   
4.6.1.3 МДТБҰ-да  балаларға  арналған  санитарлық  аспаптарды  еденнен  мынадан 
аспайтын биіктікте орнату қарастырылады: мектепке дейінгі сәбилерге және кіші жастағы 
балаларға  арналған  қолжуғыштар  -  0,4  м;  мектепке  дейінгі  орта  және  ересек  жастағы 
балаларға  арналған  қолжуғыштар  -  0,5  м;  тұғырдағы  ванна  -  0,6  м;  сәби  шақтағы  және 
бірінші  кіші  топтағы  балаларға  арналған  терең  душ  тұғырығы  (душ  торының  тұғыр 
түбінен  орналасу  биіктігі  1,5  м  болған  жағдайда)  -  0,3  м,  мектепке  дейінгі  жастағы 
балаларға  арналған  ұсақ  душ  тұғырығы  (душ  торының  тұғыр  түбінен  орналасу  
биіктігі 1,5 м болған жағдайда) - 0,3 м. 
4.6.1.4 Ыстық  суды,  жылуды  жазғы  профилактикалық  өшіру  кезінде  көрсетілген 
құрылғылар  электр  қуатының  құрылғыларына  қосылатын  бойлерлермен  қамтамасыз  етілу 
керек.   
4.6.1.5 Жылыту 
мезгілінде  бірінші  қабатта  орналасқан  жайларда  (топтық 
ұйымдардың  ойын  аймағына  кіретін  басқа  да  бөлмелерде),  сонымен  қатар,  жататын 
бөлмелерде,  егер  биіктігі  0,15  метрге  дейін  болатын  кілемше  төсектер  немесе  жеңіл 
төсектерді пайдалану қарастырылса, еден бетінің температурасы 23 °С кем болмауы тиіс.  
 
4.6.2 Жылыту және желдету 
 
4.6.2.1 
МДТБҰ  ғимараттарын  қолданыстағы  нормативтік  құжаттар  мен  
ҚР  ЕЖ  4.02-101  сәйкес  жайды  табиғи  немесе  жасанды  желдеткішпен  жабдықтау 
ұсынылады. 
4.6.2.2 Жылытуды 
жобалауға  арналған  есептік  температура  мен  МДТБҰ 
бөлмелеріндегі ауа алмасуының жиілігі П қосымшасында көрсетілген.  
4.6.2.3 Балалар киімін кептіруге арналған бір шкафтан шығатын ауа көлемін кемінде 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
26 
10 м
3
/сағ деп есептеу керек.  
4.6.2.4 Жылыту маусымында ауа температурасы мынадай аралықта қарастырылады:  
а) жатын  және  оқу  бөлмелерінде,  кабинеттерде,  мәдени-бұқаралық  және  демалыс 
шараларға 
арналған 
бөлмелерде, 
қызметтік-шаруашылық, 
кір 
жуатын  
бөлмелерде 18 °C бастап 22 °C дейін; 
б) асханада,  буфетте,  үтіктеу,  кептіру,  киім-кешек  сақтайтын  бөлмелер  мен 
қоймаларда кемінде 16 °C; 
в) физиотерапиялық бөлмеде 28 °C артық емес; 
г) медициналық  жайларда,  топтық,  киім  ілетін  бөлмелерде,  жатын  бөлмелерде, 
дәретханаларда - 20 °C бастап 22 °C дейін; 
д) рекреацияларда, вестибюльде, гардеробта, асүйде, киім мен аяқ киімдерді кептіру 
жайларында - 15 °C бастап 17 °C дейін; 
е) душ қабылдау бөлмелерінде 25 °C кем емес; 
ж) дәрігерлер бөлмесінде 21 °C бастап 23 °C дейін. 
Барлық  жайлардағы  ауаның  қолайлы  салыстырмалы  ылғалдығы  40  %  бастап  55  % 
дейін болса, ас бөлме мен кір жуатын бөлмелерде 70 % дейін. 
4.6.2.5 МДТБҰ  барлық  бөлмелері  жақсы  желдетілуі  керек,  сырттағы  ауаның  бір 
адамға шаққандағы 15 л/с кем емес болуы керек.  
4.6.2.6 Сыртқы  қабырғаларында  терезе  ойықтарынсыз  жобаланатын  топтық 
ұяшықтардың  дәретханаларында  сорғыш  каналда  ауа  алмасуын  дүркін-дүркін  күшейту 
үшін бір-бірден осьтік көлемі шағын желдеткіштен орналастыру керек. 
4.6.2.7   1-ші  қабаттарда  орналасқан  МДТБҰ-ның  ойын  бөлмелерінде  едендердің 
жылы болуы қарастырылады.  
4.6.2.8 МДТБҰ-да  балалардың  күйіп  қалмауы  және  жарақаттанбауы  үшін,  жылыту 
құралдары алмалы-салмалы ағаш тормен қоршалады.   
4.6.2.9 МДТБҰ-да  ыстық  сумен  қамтамасыз  ету  жүйесіне  сырт  киімді  кептіру 
шкафтарында орналасқан жылыту құрылғыларын қосады.  
4.6.2.10 Жылумен  қамтамасыз  етудің  орталықтандырылған  көзі  болмаған  жағдайда, 
дербес қазандық арқылы және газбен жылытуды қолдануға рұқсат беріледі.  
4.6.2.11 Ауылды  елді-мекендерде  орын  саны  300-ден  аспайтын  шағын  жиынтықты 
ауылдық  ұйымдардың  бір  қабатты  ғимараттарын  пешпен  жылытуға  жол  беріледі.  Жеке 
есігі бар оқшауланған бөлмеден пеш жағылады.  
 
4.6.3 Электрмен жабдықтау, электрлік жарықтандыру және әлсіз тоқты  
құрылғылар 
 
4.6.3.1 МДТБҰ 
ғимараттарын  электрмен  жабдықтауды  ҚР  ЕЖ  4.04-106 
сәйкес орындау керек.  
4.6.3.2 МДТБҰ-да  балалардың  болатын  негізгі  бөлмелерінде  (топ  бөлмесі,  киім 
ауыстыратын  бөлме,  "отбасы  бұрышы",  шағын  топтар  бойынша  ойын  мен  сабаққа 
арналған бөлме, музыкалық және гимнастикалық  бөлме, арена-зал, балалар үйірмесі мен 
секцияларына арналған бөлме) штепсельді  розеткаларды еден деңгейінен 1,8 м биіктікте 
орналастыру қарастырылуы тиіс.  


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау