Мектептің әдістемелік тақырыбы:
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологиясын енгізу және бағдарлы оқытуды жүзеге асыру арқылы білім сапасын арттыру.
Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлік және ғылыми теориялық әдістемелік дайындықтарын жетілдіру, педагогтардың инновациялық іс-әрекетін дамытуға ынталандыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы:
«Информатика сабақтарында оқушылардың жеке жұмысын ұйымдастыру»
Шығармашылық жұмыс тақырыбы:
«Оқушының интернет-жобалар жасау ынтасын қалыптастыру және дамыту»
Авторлық жұмыс тақырыбы:
«ТурбоПаскаль программалау тілінен электронды құрал»
Мұғалімнің өзі білімін жетілдіру тақырыбы:
«Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың қабілетін дамыту»
Қолданатын технология: Деңгейлеп оқыту
Мақсаты: Оқушылардың деңгейі бойынша оқыту және әрі қарай жетілдіру, дамыту.
Міндеттері:
Оқушылардың деңгейіне қарап тапсырмаларды беру.
Тест тапсырмаларын, карточкаларды әр деңгейге дайындау
Кез – келген тапсырмаларды деңгейлеп беру.
Педагогикалық мақсаттар:
1. Білім беру:
Информатикадан оқушы білімін мемлекеттік білім стандарттары және одан жоғары дәрежеге жеткізу;
Жаңа ақапараттық технологиялар туралы түсінік қалыптастыру;
Ақпараттық технологиялар мен олардың құралдарын күнделікті қолдана білу.
2. Дамыту:
Оқушының ойлау қабілетін және іс-тәжірибесінен туындайтын, оқу, тану әрекетін дамыту.
Оқушының белсенділігін өз бетінше әрекет ісін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру және өздігінен жұмыс істеуге баулу.
Сыныптан тыс білім бере отырып, оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеру.
Теориялық білім мен біліктілікті жетілдіру және қолдану.
Тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі пайдалана отыра терең мазмұнды білім беру.
3. Тәрбие:
Оқушыларды Қазақстан заңдарын, мемлекетін, рәміздері мен Қазақ тілін, Қазақ халқы мен отандастарының мәдениеті және салт-дәстүрін құрметтейтін, жеке пікірі бар, ақиқаттың бұрмалануына төзбейтін, тұлға ретінде тәрбиелеу.
Жұмыс жүйесі
Кабинет
Информатика оқу бөлмесінде:
5-11 сынып оқушылары оқиды;
Оқушылар мен ұстаздар интернеттен қажетті ақпараттар алады.
5 «Ә» сыныбымен жұмыс жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |