Свод правил республики казахстан



жүктеу 1,19 Mb.
Pdf просмотр
бет15/41
Дата18.01.2020
өлшемі1,19 Mb.
#27045
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41

ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
29 
4.7 Пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іс-шаралар 
 
4.7.1 Көгалдандыру аумағына жер телімдері элементтерінің арасындағы санитарлық 
бөлуді қамтамасыз ететін қорғану белдеулері жатады: 
а) топтық алаңдар арасы, топтық пен спорттық алаңдар арасы 3 м кем емес; 
б) топтық  пен  шаруашылық  алаңдар  арасы,  жалпы  дене  шынықтыру  мен 
шаруашылық алаңдыр арасы 6 м-ден кем емес; 
в) жер телімдері қоршаулары мен топтық немесе жалпы дене шынықтыру алаңдары 
арасы 2 м кем емес. 
4.7.2 Жалпы  дене  шынықтыру  алаңы  екі  командалық  ойындар  (бадминтон, 
пионербол,  балалар  теннисі)  үшін  тормен,  балаларға  арналған  баскетбол  қақпаларымен, 
тапсырыс  берушінің  (білім  беру  органдары)  қалауы  бойынша  басқа  жабдықтармен 
жабдықталады. 
 
Ескертпе - Екі командалық ойындар үшін алаңдар габариті шамамен 6 м × 9 м болып қабылданады. 
 
4.7.3 Ойын  алаңдары  шөп  жабындарымен  қамтамасыз  етілуі  керек.  Шөп 
жабынынынан басқа, ішінара (бірақ, алаңның жартысынан көп емес) құм себілген немесе 
түйіршік  тас  ұнтағымен  орнықтырылған  қатты  немесе  грунт  жабынын  қарастыру  рұқсат 
етіледі. Жаяужол плиткаларын қолдануға жол беріледі. 
Талдар МДТБҰ ғимараты қабырғсынан 10 м жақын емес, бұталар 1,5 м жақын емес 
отырғызылады. 
4.7.4 МДТБҰ жер телімі биіктігі 1,6 м кем емес қоршаумен қоршалған болуы керек. 
Қоршау  көлденең  бөліктермен  бөлінбеуі  керек,  сонымен  қатар,  тік  шыбықтардың  ұшы 
үшкір аяқталмауы керек. Қоршаудың тік элементтерінің арасы 0,1 м артық болмауы тиіс. 
 
Ескертпе - Өте төмен қоршауларды немесе бұта қоршамымен ауыстыруға білім беру мен мемлекеттік 
санитарлық қадағалау органының келісімі болған кезде жол беріледі. 
 
4.7.5 Жер  телімдеріне,  сонымен  қатар,  ойын  алаңдарына  және  ғимаратқа  кіре 
берістерге  сыртқы  жарықтандыру  қарастыру  қажет.  Сыртқы  шамдар  кемінде  1,6  м 
биіктікте бекітілуі керек. 
4.7.6 Жер телімін қоршау құрамына тік немесе көлбеу жарық түсіретін қоршауларды 
ұйымдастырғанда терезе ағаштары текшелеп бөлу барысында 0,4 м артық емес бөлімдерге 
немесе  үшбұрыштап  бөлу  барысында  0,3  м  ×  0,6  м  бөлінген  қызбайтын  терезе  әйнегін 
қолдануға жол беріледі. 
4.7.7 Бөлменің қандай да бір нүктесінен шығаберіске дейінгі аралық 45 м аспауы керек. 
4.7.8 Жататын бөлменің қандай да бір нүктесінен есікке дейінгі аралық 15 м аспауы керек. 
4.7.9 МДТБҰ-да қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін: 
а) периметрлік қоршаудың болуы және аймақты жарықтандыру; 
б) күзетті қамтамасыз ету; 
в) күзеттің  инженерлік-техникалық  құралдарының  (күзет-өрт  дабылдамасы  (КӨД), 
қауіп дабылдамасы, бейнеқарау мен бақылау жүйесі) болуы; 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
30 
г) рұқсат етілмеген бөтен тұлғалардың енуінен сенімді қорғануды қамтамасыз етуге 
мүмкіндік беретін материалдардан орындалған кіре беріс есіктерді орнату; 
д) мектепке  дейінгі  мекемелерді  лаңкестікке  қарсы  қорғау  бойынша  қолданылатын 
шараларға жауапты лауазымды тұлғаны анықтау. 
 
4.8 Аумақты мүмкіндігі шектеулі топтардың қолжетімділігін ескере отырып 
ұйымдастыру 
 
4.8.1  Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  білім  беру  ұйымдарын  ҚР  ЕЖ  3.06-101 
талаптарына сәйкес жобалау керек. 
4.8.2 Шығаберіс есіктерге пандустармен жабдықтайды. Пандустың ең жоғарғы еңісі 
6  мм,  рампаның  ең  төменгі  ені  1  м  кем  емес  болуы  керек,  оның  бетіне  сырғанамайтын 
материал төселуі тиіс. Сондай-ақ, рампалар биіктігі кемінде 0,3 м болатын кедергілермен 
жабдықталады.  
4.8.3 Көру  қызметінің  бұзушылығы  бар  балалардың  топтық  ұяшықтарында  топтық 
және  жатын  бөлме,  топтық  және  дәретхана  арасын  бөліп  тұратын  аралықтарға  әйнек 
есіктер, ойықтар қарастырған жөн.  
4.8.4 Мүмкіндігі  шектеулі  топтарды  қауіпсіздікпен  қамтамасыз  ету  мақсатында 
мынадай шаралар жүргізу ұсынылады: 
а) тікелей қауіпті нысандарды биіктігі 0,1 метрден кем болмайтындай етіп қоршау;  
б) кедергілердің  маңайына  кемінде  0,6  м  қашықтықта  сипап  сезілетін  (түйсіну) 
ескертулер орнату;  
в) аспалы белгілерді 2 метрден кем болмайтын биіктікке орнату;  
г) салбырап өсіп тұрған өсімдікті кемінде 2 метр болатындай қиып тастау. 
4.8.5 Ақыл-ойы  кем  балаларға  арналған  топтық  ұяшықтардағы  сыртқа  шығыңқы 
бұрыштары доғалдау болуы керек (радиусы кемінде 0,05 м). 
4.8.6  Тірек-қимыл  аппаратының  бұзушылығы  бар  балалар  (полиомиелит  пен 
церебральдік сал салдарынан) топтық ұяшықтарында (сыныптарында) «үстелдер аймағы» 
периметрі  бойымен  қозғалу  үшін  еден  дейгейінен  0,5  метрден  аспайтын  биіктікте 
бекітілген  тіреуіш  ұстағыштармен  жабдықталған  еркін  өтетін  жолдар  қарастырылуы 
керек.  Ұстағыштың  диаметрі  0,05  метрден  артық  емес,  ал  үстелдер  арасынан  өтетін 
жолдардың ені 0,75 метрден кем емес болуы қажет.  
4.8.7 Соқыр  және  көзі  нашар  көретін  балаларға  арналған  жер  телімдеріндегі 
серуендеу  жолдарының  ені  3  м  кем  емес  және  екі  жағында  екі  деңгейлі  қоршау  болуы 
керек: биіктігі 0,9 м жақтау және биіктігі 15 см сызық белгі. Қоршау балалардың жүруіне 
кедергі  келтіретін  барлық  заттарға  жасалады  (ағаштар,  бұталар,  бағандар).  
Қақпалар,  қабырғалар,  бағандар  және  басқа  да  кедергілер  ойын  алаңдарынан  
кемінде 2,5 м бастап 3,0 м дейінгі қашықтықта орналасуы тиіс.  
 
4.9 Қоршаған ортаны қорғау 
 
4.9.1 Қоршаған  ортаға  тікелей  немесе  жанама  кері  әсер  көрсететін  МДТБҰ 
орналастыру,  жобалау,  салу,  реконструкциялау,  пайдалануға  енгізу,  пайдалану, 


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау