Свод правил республики казахстан



жүктеу 1,19 Mb.
Pdf просмотр
бет11/41
Дата18.01.2020
өлшемі1,19 Mb.
#27045
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41

ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
20 
ұнтақтарын  немесе  сүрткішті  ұстап  тұратыны  бар  қою  жасыл  немесе  қою  қоңыр  түсті 
болуы қарастырылады. 
4.4.4.22 Есту  қабілеті  бұзылған  балаларға  арналған  үстелдер  мен  парталар  педагог 
үстелінің  айналасына  жартылай  шеңбер  бойымен  қойылып,  есту  құралын  орнату  үшін 
тұрақты бекітіледі. Сабақ барысында оқушылармен жеке сабақ өткізу үшін әрбір қатарда 
үстелдер мен парталардың арасын кеңейтуге болады.  
4.4.4.23 Зағип  балаларды  оқытуға  арналған  бөлмелерін  көлемі  мен  арнайы 
құрылғылары  сабақ  оқу  үшін  Брайль  жүйесі  бойынша  оқулықтарды  пайдалануға  және 
оларды сақтауға мүмкіндік беретін көлденең тақтасы бар үстелдермен жабдықтайды.  
4.4.4.24 МДТБҰ-да  сабаққа  арналған  жиһаздарды  орналастыру  кезінде  мынадай 
талаптар қойылады: 
а) үстелдер  жарық  түсіретін  қабырғаға  қарай,  жарық  сол  жақтан  түсетіндей  етіп 
қойылады; 
б) 4  орынды  үстелдер  кемінде  -  2  қатарға,  2  орынды  үстелдер  кемінде  -  3  қатарға 
қойылады. Үстелдер қатарының ара қашықтығы кемінде - 0,5 метр; ал үстелдердің бірінші 
қатары  мен  жарық  түсіретін  қабырға  арасы  -  1  метр,  бірінші  үстелдер  мен  тақтаның  
арасы - 2,4 бастап 2,7 м дейін болады; 
в) қабырға тақтасының төменгі шетінің биіктігі кемінде 0,7 бастап 0,8 м дейін болуы 
керек. 
4.4.4.25 Шудың ең жоғарғы жол берілетін деңгейі: 
а) ойын алаңдары үшін - үздіксіз 70 дБ, қысқа мерзімді - 80 дБ; 
б) сыртқы  қабырға  тұсында  орналасқан  жататын  бөлмелер  үшін  -  үздіксіз  60  дБ, 
қысқа мерзімді - 65 дБ; 
в) сыртқы  қабырға  тұсында  орналаспаған  жататын  бөлмелер  үшін  -  үздіксіз  65  дБ, 
қысқа мерзімді - 70 дБ.  
4.4.4.26  Нысандар  бөлмелеріндегі  балалар тұрақты келетін бөлмелерде штепсельдік 
розеткалар мен сөндіргіштер еденнен 1,8 метрден аспайтын биіктікте орнатылады.  
4.4.4.27 Топтардағы  терезе  алды  тақтайларын  еден  деңгейінен  0,3  метр  биіктікте 
орналастыруға жол беріледі.  
 
4.4.5 Мектепке дейінгі түзету үлгісіндегі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарын 
жобалау 
 
4.4.5.1 Егер түзеу бөлмесі топтық ұяшық құрамында емес қарастырылса, онда түзеу 
бөлмесі  жанына  4 бастап   6  дейінгі  орынға  балалар  сырт  киімдерін  шешетін  киім 
ауыстыратын орын қарастыру қажет.  
4.4.5.2 Медициналық,  ем-шара  және  физиотерапиялық  бөлмелер,  түзету  қызметінің 
нақты бір түріне арналған бөлмелерді 2 немесе одан да көп топтық ұяшықтарға ортақ етіп 
жобалауға жол беріледі. 
4.4.5.3 Түзету бөлмесі білім беру органдарының келісімі бойынша 2 немесе одан көп 
топтық ұяшықтарға арналып қарастырылуы мүмкін. 
4.4.5.4 Түзету  қызметінің  бірқатар  бағыты  үшін  жалпы  үлгідегі  МДТБҰ-ның 
әмбебап  топтық  ұяшықтары  пайдаланылуы  мүмкін.  Сыйымдылығы  12  балаға  дейін 


ҚР ЕЖ 3.02-110-2012* 
 
21 
әмбебап  топтық  ұяшықтарында  тек  3  жастан  асқан  балалар  үшін,  сонымен  қатар,  жиі 
ауыратын,  туберкулезбен  ауыратын  балалар,  Л  және  М  қосымшаларында  көрсетілмеген 
өзге ауытқулары бар балалар үшін ұйымдастырылатын фонетикалық және фонематикалық 
сөйлеу қызметі бұзылған балалар тобы орналасуы мүмкін.  
4.4.5.5 Дамуында  кемістігі  бар  балаларға  арналған  түзету  бағытындағы  топтық 
ұяшықтар  әмбебап  ретінде  жобалануы  мүмкін.  Бұндай  топтық  ұяшық  құрамына  
ауданы  24  м
2
  кем  емес  мамандандырылған  сабақтарға  арналған  бөлме  кіруі  тиіс.  Бұл 
бөлме  балалардағы  кемістіктердің  түріне  байланысты  төмендегідей  пайдаланылуы 
мүмкін: 
а) полиомиелит  пен  церебральдік  сал  салдарынан  есту  қабілеті,  ой-өрісі  бұзылған 
балаларға арналған сабақ жүргізу сыныбы;  
б) зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған тифлопедагог кабинеті;  
в) қыли көзді және амблиопиялы балаларға арналған плеопто - ортоптика бөлмесі;  
г) тіл кемістігі бар балаларға арналған логопед кабинеті. 
4.4.5.6 Түзету  типіндегі  топтық  ұяшықтарды  учаскедегі  түзету  бөлмесімен  және 
топтық алаңмен ыңғайлы байланыста, бір деңгейде, шағын жобалаған жөн.  
Егер  түзету  бөлмесі  топтық  ұяшықтар  құрамында  қарастырылмаса,  түзету 
бөлмесінің жанынан балалардың киім ілетін бөлмесін қарастыру керек.  
4.4.5.7 Арнайы  түзету  білім  беру  ұйымдарында  саласына  байланысты  мынадай 
қосымша бөлмелер қарастырылады:  
а) естімейтін, нашар еститін және өте ауыр тіл кемістігі бар балалар үшін - бетпе-бет 
жұмыс жасауға арналған есту бөлмесі  және естуін дамыту мен дыбыс шығаруды үйрету 
бойынша мұғалімнің баламен жеке жұмыс жасауға арналған бөлме; қабырғасы айна және 
хореографиялық қондырғылары бар музыкалық-ырғақтық сабақтарға арналған бөлме;  
б) ақыл-есі кем балалар үшін - логопед бөлмесі; 
в) зағип  және  көзі  нашар  көретін  балалар  үшін  -  логопед  және  лингафон  бөлмесі, 
машинамен  теру,  электрлік  техника,  желімдеу  және  кедір-бұдырлы  сурет  бөлмелері, 
музыкамен жеке айналысуға арналған бөлме;  
г) дем  алу  бөлмелері  -  бір  қатысушыға  шаққанда  1  м
2
  кем  емес  оқу  және  тұрғын 
секцияларындағы қонақ бөлмелері; 
д) барлық ұйымдарда ауданы кемінде 162 м
2
 спорт зал және медицналық блоктарда 
емдік денешынықтыру бөлмелері немесе залдары; 
е) соқыр  және  нашар  көретін  балалар  үшін  спорт  залдары  екі  аймаққа  бөлінеді: 
снарядты  (шағын  аймақ)  және  негізгі  (үлкен  аймақ).  Шағын  аймақтағы  еден  негізгі 
аймақтағы еденнен 6 бастап 7 см дейін биік болуы керек.  
4.4.5.8 Балалардың жұмыс аптасы ішінде тәулік бойы немесе одан да ұзағырақ уақыт 
топтық  ұяшық  құрамында  болатын  дамуында  кемшіліктері  бар  балаларға  арналған 
мектепке дейінгі ұйымда буфетпен бірге кешенде асхана бөлмесін (ауданы 16 м
2
 кем емес) 
қарастыру керек.  
4.4.5.9 Есту  қабілеті  бұзылған  (нашар  еститін)  балаларға  арналған  топтық 
ұяшықтарда сыныпта сабақ үшін сол жағынан түсетін негізгі табиғи жарықпен қоса, артқы 
жағында мұғалімнің қимыл мен мимикасы балаларға жақсы көріну  үшін отырғандардың 
артынан  (еден  деңгейінен  1,5  м  кем  емес  биіктікте)  қосымша  жоғарыдан  жарықтандыру 


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау