Негізгі анықтамалар мен ұғымдар
Құбыр желісі, құбыр тасымалы – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай-ақ осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы.
Құбыр металл, керамика, асбест-цемент, кірпіш, темір-бетон, ағаш, әйнек, каучук, пластикалық массадан, т.б. материалдардан жасалады
Желдету камерасы: Тарту және соруға қажетті желдету қондырғыларын орналастыруға арналған арнайы үй-жай.
Суағар: Суды жинау және шығаруды қамтамасыз ететін құбырлар мен науалардың дренаж жүйесі.
Бітеу-реттеу арматурасы: Құбырдағы жұмыстық су ағынын толық жабуға және (немесе) реттеуге және қажетті саңылаусыздықты қамтамасыз ететін техникалық процесс талаптарына тәуелді ретте оны ортаға жіберуге арналған құрылғы.
ЕСКЕРТПЕ Бітеу-реттеу аппаратурасы ретінде жылжытқыштарды, крандарды, бітеу клапандарын, бұру бекітпелерін қолдануға болады.
Жеке сынақтар: Жұмыс режимінде бір-біріне тәуелсіз ретте жеке жүйелер мен жабдықтардың жұмысын тексеру сынақтары.
Басты мердігер (негізгі мердігер): Таптысыр берушімен жасалған мердігерлік шарты (немесе келісімшарты) негізінде бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес және негізделген мерзімде құрылыстың жүзеге асуына, құрылыс нысаны немесе құрылыс кешені бойынша орындалатын құрылыс және монтаждау жұмыстарының жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге жауапты құрылыстағы инвестициялық процестің негізгі қатысушыларының бірі.
Іске қосу-жөндеу жұмыстары: Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін, жүйені қолдануға дайындау және қолдануға беру кезеңінде орындалатын, негізінен, жеке сынақтар мен кешенді байқаудан тұратын жұмыстар.
Жұмыстық қысым: Ортаның гидростатикалық қысымын есепке алғанда, жүйенің қалыпты жұмыс істеу режимі кезінде туындайтын ең үлкен артық қысым.
Сүзгі (кір тазалағыш): Желдету жүйелеріндегі суды жылу жүйелеріндегі, ыстық сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелеріндегі ірі және орташа өлшенген бөліктерден тазалау құрылғысы.
Анодтық терең жерге қосу: 10 метрден астам тереңдігімен ұңғымада орнатылған анодтық жерге қосу.
Анодтық ҧзындық жерге қосу: 5 метрден астам ұзындығымен анодтық жерге қосу.
Қорғау аймағының ҧзындығы: Электр химикалық қорғау қондырғысынан қорғау мүмкіндіктер қамтамасыз етілген құбыр ұзақтығы.
Қорғау мҥмкіндігі: Табиғи шамасынан гөрі теріс мәндерден астам саласына тот шамасын жылжытуына қарай металлды еріту жылдамдығына негізделген және қорғаудың белгілі дәрежесі жеткізілетін металл шамасы.
ұзындығы мен уақыты бойынша қорғалу: Құбырлардың шекті шамалар мәндері (абсолюттік шамасы бойынша) ең аздан кем емес және ең көбінен астам болмағандай, барлық құбыр ұзындылғында уақыт бойынша үзіліссіз катодтық құбырлар поляризациясы.
Катодтық шығару: Құбырдың металлды қабырғасына дәнекерленген және жер бетіне шығарылған кабел.
Катодтық өзгерткіш: Желінің ауыспалы кернеуін қорғалатын құрылысты поляризациялауға қызмет ететін реттелетін тұрақты кернеуге өзгертуге арналған электрикалық агрегат.
Поляризациялық шама: Ом құрамдасы жоқ шама (жерде және оқшаулауда кернеуі түсу).
Трасса бойымен өту: Магистралдық құбыр жолын салған және пайдалаған кезеңінде оның трассасы бойымен жүктерді және қызметкерлерді тасымалдауға арналған магистралдық құбыр жолының объектісі.
Топырақ қҧнарлығын қалпына келтіру: Бүлінген топырақтың өнімділігін қайта қалпына келтіруге және халық шаруашылық құндылығына, сондай-ақ қоршаған ортаның шарттарын жақсартуға бағыттылған жұмыстар кешендері.
Достарыңызбен бөлісу: |