ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
18
в) топтық және жатын бөлмелер арасында - топтарда ойыншықтар мен оқу-
құралдарына арналған шкафтарды алмастыратын шкаф қоршаулар, жататын бөлмелерде -
балалардың киімдері мен төсек орынға, өзгермелі немесе жайма төсектерге арналған
шкафтар;
г) киім ауыстыратын бөлмелерде - балалардың сырт киімдеріне арналған шкафтар
(жылытқышы немесе кептіруге арналған сорғыш желдеткіші бар), қызметкерлер киіміне
арналған шкафтар;
д) дәретханаларда - шаруашылық шкафтар мен сөрелер;
е) меңгеруші бөлмесі мен әдістемелік бөлмеде - кітаптар мен әдістемелік құралдарға
арналған шкафтар мен сөрелер;
ж) қоймаларда – сөрелер;
и) қызметкерлерге ортақ бөлмеде, тағам блогы мен кір жуу қызметкерлерінің
бөлмесінде - қызметкерлер киімдеріне арналған шкафтар.
Ескертпе - Өзгермелі төсектерді (оларды сақтауға арналған кіріктірме шкафтармен бірге
қолданылатын кіріктірме жайылмалы төсектер, итермелі төсектер немесе жайма төсектер), кіріктірме
жиһаздардың басқа түрлерін сәйкестік сертификаттары болған жағдайда ғана пайдаланылуға болады.
4.4.4.8 МДТБҰ дәретхана бөлмелерінде балалар сүлгілері мен жеке гигиенаға
арналған жеке ұяшықтар бар қабырға және аспалы ілгіштер, ясли топтарында жеке
таңбалары бар горшокқа арналған жеке ұялары бар қосымша шкафтар орнатылады.
4.4.4.9 Сәбилерге арналған бөлмеде биіктігі еден деңгейінен 0,5 м, ұзындығы 1,5 м
және диаметрі 2,5 бастап 3 см дейінгі тұтқалар қарастыру қажет.
4.4.4.10 Ойын және жататын бөлмелердің қабырғалары ашық түске боялуы тиіс.
Сондай-ақ ғимараттың барлық ауданының 25 % аспайтын аумаққа ерекше ашық түстерді
қолдануға болады. Көкжиектің оңтүстік бөлімдерінде қалыптасқан МДТБҰ бөлмелеріне
шағылысу коэффициенті 0,6 бастап 0,7 дейін өңдеу материалдары мен солғын суық түсті
бояулары пайдаланған жөн.
Музыка және гимнастика сабақтарына арналған бөлмелер қабырғаларының бетін
шағылысу коэффициенті 0,6 бастап 0,8 дейінгі ашық түстерге бояған жөн.
4.4.4.11 Буфет, дәретхана, кір жуу және үтіктеу бөлмелерінің қабырғаларын, тағам
блогы бөлмелерінде, салқындатылатын камераларды, көкөністер қоймасын, асхана
ыдыстары мен айналыстағы ыдыстарды жуатын бөлмелерді биіктіктігі 1,5 м кем емес етіп
керамикалық плиткамен қаптау керек.
Тағам блогы ас әзірлеу бөлігінің қаптау биіктігін кемінде 1,8 м етіп қолдану керек.
4.4.4.12 Үй-жайдың төбесін әрлеу үшін, әдеттегідей, су эмульсиясының бояуы
пайдаланылады.
Ылғалдылығы жоғары бөлмелердің төбесі (тағам блогының өндірістік цехтары, душ
қабылдайтын бөлмелер, кір жуатын бөлмелер, жуынатын бөлмелер, дәретханалар және
т. б.) майлы немесе эмаль бояумен боялады.
4.4.4.13 Жалпы үлгідегі МДТБҰ-ның бірінші қабатта орналасқан топтық (ойын)
бөлмелердің, музыкалық және денешынықтыру сабақтарына арналған залдардың
едендерін жылытылған және 22 °С дейін жылытылатындай етіп жасау керек. Негізгі
ҚР ЕЖ 3.02-110-2012*
19
бөлмелерде еденге арналған материалдар ретінде әдетте ағаш (тақтай едендер, паркет
едендер), сонымен қатар, ламинат немесе линолеум едендер, ылғалды тазалау мен
дезинфекциялауға болатын басқа да полимерлік материалдардан жасалған едендер
пайдаланылады.
Түзету үлгісіндегі МДТБҰ-ның бірінші қабатында орналасқан топтық, қабылдау,
киім ауыстыратын, жататын бөлмелерінде, музыкалық және денешынықтыру сабақтарына
арналған залдарда, түзету гимнастикаға арналған, емдік денешынықтыру сабақтарына
арналған залдарда, емдік сылау мен механотерапияның жеке сабақтарын өткізуге арналған
бөлмеде, сумен емдеу бөлмесінде және суасты сумен уқалау жуынатын бөлмесінде, қыс
мезгілінде еден бетін 22 °С дейін жылыту қарастырылу керек.
Дәретхана, тағам блогы, кір жуатын, үтіктеу бөлмелері мен қосалқы бөлмелердің
едендеріне керамикалық плитка төселеді.
4.4.4.14 Күюден және жарақат алудан сақтану үшін балалар жүретін бөлмелердегі
жылыту құрылғылары алмалы-салмалы ағаш қалқандармен немесе торлармен жабылуы
тиіс.
Балалар жүрмейтін бөлмелерде электр құылғыларынан басқа кез келген жылыту
құрылғылары орнатылу мүмкін.
Топтық бөлменің терезе астына радиаторларды орнатқан кезде құрылғының төменгі
жағынан еден деңгейіне дейінгі қашықтық 0,05 метрден кем болмауы тиіс.
4.4.4.15 Жуыну, кір жуу және ыдыс жуу бөлмелері едендерінің еңістігі су ағатын
ойықтарға қарай орнатылады.
4.4.4.16 МДТБҰ-ның әрбір қабатында тазалыққа арналған заттар сақталатын бөлме
(орын) қарастырылады.
4.4.4.17 МДТБҰ бөлмелерін табиғи және жасанды жарықтандыру қолданыстағы
нормативтік құжаттар ережелеріне және ҚР ЕЖ 2.04-104 сәйкес қарастырылады.
4.4.4.18 Нысандардың негізгі бөлмелері табиғи жолмен жарықтандырылуы тиіс.
ТЖК көлемі жобалау кезінде бөлме терезесінен неғұрлым алыс орналасқан нүктеге
есептелінеді және еден деңгейінде кемінде 1,5 %, нашар көретін және нашар еститін
балалар үшін - кемінде 2,5 %, сол жердегі мектепке дейінгі топтарда - кемінде 2 % деп
алынады. Жарық коэффициенті кемінде 1/5 болуы тиіс.
4.4.4.19 Негізгі
бөлмелердегі табиғи жарықтандырудың біркелкі болмауы
5:1 арақатынастан аспауы тиіс.
Топтық бөлмелерде терезе 50 %-дан кем емес ойықтары табиғи жолмен желдетуді
қамтамасыз ететін терезенің ашылатын жоғарғы бөлімдерімен (фрамуга) немесе
айналмалы құрылғысы бар терезе блоктармен жабдықталған болуы тиіс.
4.4.4.20 ҚР ЕЖ 2.04-104 бойынша түзету үлгісіндегі МДТБҰ ғимараттарындағы
топтық және сынып бөлмелеріндегі табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) терезесі
бар сыртқы қабырғадан 2/3 тереңдікте еден деңгейіне қарай 2 % кем емес; көру бұрышы -
45° кем емес (бірінші қатардың шетінде отырған баланың бормен жазатын алыстатылған
тақтаға бағытталған көру сәулесі мен осы бала көз деңгейінде жүргізілген тақта
жазықтығындағы көлденең сызық арасындағы көлденең бұрыш) болуы тиіс.
4.4.4.21 Сыныптағы тақтаның көлемі мен сырт пішіні әртүрлі болуы мүмкін:
жылжымалы, ашылмалы, биіктігі бойынша еңіске ауыспалы. Сынып тақталары бордың
Достарыңызбен бөлісу: |