Стратегиялық мақсат: Холдинг активтері қоржынының өтелімділігін арттыру



жүктеу 1,75 Mb.
Pdf просмотр
бет5/15
Дата25.12.2019
өлшемі1,75 Mb.
#24922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 

11 


 

осындай  тәсілдеме  ресурстарды  тиімді  шығыстауды  қамтамасыз  етіп, 

қызметтен барынша пайдалы нәтиже әкеледі.  

Өндірісті  жаңғыртудың  басты  мақсаты  болып  шығасыларды  төмендету 

және  пайданы  ұлғайту  табылады.  Бірақ  одан  басқа  өте  маңызды  міндет  – 

заманауи  нарықта  компанияның  бәсекеге  қабілеттілігін  сақтау  міндеті 

туындайды.  

Холдинг  кәсіпорындарында  «Индустрия  4.0»  технологияларын  енгізу 

өндірісті  елеулі  арзандатып,  оның  тиімділігін  арттыруға  көмектеседі.  Бұл 

Холдинг  кәсіпорындарына  жаппай  өндірістің  өзіндік  құны  бойынша 

дербестендірілген  өнімді  шығаруға  мүмкіндік  береді.  Артқан  икемділік 

шығындарды  қысқартуға  және  нарықтарға  шығу  үшін  бөгеттерді  төмендетуге 

мүмкіндік беріп, инновациялар мен инвестициялар үшін қосымша мүмкіндіктер 

ашады.  Мысалы,  ұзақ  мерзімді  перспективада  Заттардың  өнеркәсіптік 

интернетін  енгізген  кезде,  мына  факторларды  басшылыққа  алу  қажет  (ең 

таралғаннан азырақ таралғанға қарай тәртіппен):  

›  операциондық тиімділікті арттыру;  

›  өнімділікті арттыру;  

›  бизнес үшін жаңа мүмкіндіктердің пайда болуы;  

›  тұрып қалуды қысқарту және т.б.

5

 

Болашақта  өндіріске  өзіне  өз  бетінше  қызмет  көрсетуге,  аналитиканы 



жүргізуге  және  технологиялық  процесті  Холдингтің  әртүрлі  міндеттеріне 

бейімдеуге  (цифрлық  өндіріс)  қабілетті  кибермеханикалық  жүйелер  мен 

конгнитивті  технологияларды  енгізу  өндірістік  процестерді  модельдеуге, 

технологияларды  оңтайландыруға,  өнімді  жаңартуды  жедел  іске  қосуға  және 

жеке тапсырыстар бойынша жаппай өндірісті жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, 

бұл, өз кезегінде, өнімнің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.  

«Индустрия 4.0»  элементтерін  енгізу  үшін іс-шаралардың мына  кешеңін 

жүргізу қажет:  

›  Автоматтандырылған  өндірістік  желілерді  енгізу  және  оларды 

Холдингтің  бірыңғай  бұлтты  серверінде  деректерді  жинақтаумен  бірыңғай 

ақпараттық желіге біріктіру.  

›  Автоматтандырылған өндірістік желілерден тыс) алынатын деректерді 

Холдингтің бірыңғай бұлтты ортасына одан әрі біріктірумен барлық телімдерде 

өндірістік процестерді сенсорлық бақылауды енгізу;  

›  Аддитивті өндірісті (көп шамалы баспа) енгізу;  

›  Өндірістік процестерге біріктірумен қажетті ERP-жүйені енгізу;  

›  Ақпараттық  жүйелердің  қызмет  етуін  қамтамасыз  етуге  қажетті 

мамандардың  сыни  көпшілігін  Холдинг  кәсіпорындарында  шоғырлау  үшін 

кадрлық саясатты әзірлеу.  

Холдинг  кәсіпорындары  өз  қызметін  жүзеге  асыратын  машина  жасау 

өндірісінің  бағыттары  инновациялық  технологияларды,  «Ақылды  өндіріс» 

                                                           



5

 источник: https://www.itweek.ru/iot/article/detail.php?ID=189041 


 

12 


 

элементтерін енгізу мүмкіндіктері, импортты алмастыру үшін жоғары әлеуетке 

ие  бәсекеге  қабілетті  және  инновациялық  өнімді  шығару  және  сыртқы 

нарықтарда алға жылжыту тұрғысынан жоғары перспективалы болып табылады 

(анықтама  ретінде:  ҚР  Статистика  комитетінің  мәліметтері  бойынша  соңғы  5 

жылда  Қазақстан  өндірісі  Холдингтің  өндірістік  қуаттарына  сәйкес  келетін 

машина  жасау  өнімін  жылына  орташа  алғанда  шамамен  3,8  трлн.теңге 

сомасына импорттаған).  

Өндірістің инновациялық технологияларын енгізу және аталған бағыттар 

шегінде  ҒЗТКЖ  инвестициялау  Холдинг  үшін  жаңа,  бұрын  қолжетімді  емес 

тауашаларды ашып, бәсекелестері арасында жайғасымын бекітеді. 

 

Күтілетін нәтижелер 

Инновациялық  өндіріс  технологияларын  енгізу  және  осы  салалардағы 

зерттеулер  мен  әзірлемелерге  инвестициялар  Холдинг  үшін  бәсекелестер 

арасында  бұрынғыдан  жетпейтін  жетістіктер  мен  позицияларды  нығайтуға 

мүмкіндік береді. 

›  2020  жылына  қарай  Холдингтің  құрылымында  көп  салалы 

инновациялық орталық (ҒЗТКЖ) құру; 

›  2021 жылына қарай Инновациялық даму бағдарламасын әзірлеу; 

›  2027  жылына  қарай  Холдингтің  жалпы  табысынан  инновацияны 

дамытуға жұмсалатын шығындардың үлесі 5%. 

 

 

5.5.  Стратегиялық бағыт 5: Тұрақты даму 



Бүгінгі  күні  бүкіл  әлемде  тұрақты  даму  тұжырымдамасына  басты  назар 

аударылуда. Компаниялар өз қызметтерінде тұрақты даму қағидасына сүйенеді, 

әлеуметтік және экологиялық бағыттағы жобаларды белсенді жүзеге асырады. 

Тұрақты  даму  –  Холдингтің  үзақмерзімді  құндылықтарын  құруға 

арналған  Даму  стратегиясының  ажырамас  бөлігі.  Тұрақты  дамудың 

стратегиялық  бағыты  Компанияның  экономикалық,  әлеуметтік  және 

экологиялық аспектілерінің ұзақмерзімді жоспарлауға бірігуін топшылайды. 

Тұрақты  дамуға  қол  жеткізу  үшін  Холдингке  келесі  МАҚСАТТАР 

қойылады: 

1.  Ұжымдық мәдениетті жақсарту; 

2. Қызметкерлердің қанағаттанушылығын арттыру; 

3. Қауіпсіздік пен еңбектің қорғалу деңгейін арттыру. 

 

 

5.5.1. Стратегиялық мақсат: Ұжымдық мәдениетті арттыру 



Ұжымдық  мәдениет  тұрақты  дамудың  негізі  болып  табылады. 

Ұзақмерзімді  қндылықтарды  қалыптастыру  ұжымдық  ортадан  шығуы  тиіс. 

Тұрақты  даму,  ашықтық,  есептілік,  әдеп  қылықтары,  заңға  бағынушылық, 

азаматтардың  құқығын  сақтау,  жемқорлыққа  төзбеушілік,  мүдделер 




 

13 


 

қақтығысын болдырмау қағидаттары Холдингтің ұжымдық мәдениетінің негізі 

болуы  тиіс.  Холдингтің  тиімді  тобын  құру  сенім,  әділеттілік  пен  тең 

мүмкіндіктер берілуі қағидаларына сүйенуі тиіс. 



 

Міндет: Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын жасау және оны 

жүзеге асыру 

Табысты  әлемдік  тәжірибеге  негізделген,  жемқорлықтың  алдын  алу  іс-

шараларын өткізу ұсынылады. 

 

Кесте 5.5.2.1. Шетелдердің жемқорлыққа қарсы табысты шаралары 



Іс-шара 

Сипаттамасы 

Бағыты 

Халықаралық тәжірибе 

Мүдделер 

қақтығысын 

ескерту 


 

 

Соңғы үш жыл 



ішінде 

компаниямен 

жұмыс істеген 

қызметкердің 

коммерциялық 

салада лауазым 

атқаруына шектеу 

енгізу 


Мүдделерді 

лоббилендіру 

БҰҰ жемқорлыққа қарсы 

конвенциясында бұрынғы лауазымды 

тұлғалардың зейнетке шыққаннан кейін 

олар  қызмет атқарған саласында белгілі 

бір мерзімге дейін оларға шектеу қою 

жолымен мүдделер қақтығысының 

туындауын ескерту қарастырылған.  

Ашық сатып 

алулар мен 

көпшілік 

қаржасын 

басқару 


Тендерлік өтінім 

беру және оған 

дайындалу үшін 

әлеуетті 

қатысушыларға 

керекті уақыт беру 

мақсатында сатып 

алу жөнінде 

ақпаратты 

жариялау. Бұрын 

енгізілген 

ережелерді дұрыс 

ұстануды тексеруді 

енгізу. 


Сатып алудың 

ашықтығы 

БҰҰ конвенциясына сәйкес, тендерлік 

өтінім беру және оған дайындалу үшін 

әлеуетті қатысушыларға керекті уақыт 

беру мақсатында сатып алу жөнінде 

ақпаратты жариялау;  ережелерді дұрыс 

ұстануды тексеру мақсатында шешім 

қабылдауда бұрын енгізілген ережелер 

ұстанады. 

 

Сатып алу 



үрдісін 

бақылаудың 

күшейтілген 

жүйесі 


500 млн. теңгеден 

асатын сатып алу 

үрдісіне мемлекет 

тарапынан бақылау 

енгізу, бұл жерде 

бақылау органы 

сатып алудың әр 

кезеңіне әсер ете 

алады. 2 млрд. 

теңгеден асатын 

жобалар үшін 

бақылау органына 

ашық және мерзімді 

есептілік 

қарастырылған. 

Сатып алудың 

ашықтығы 

Нидерландыда қорғаныс саласындағы 

сатып алу үрдістерін бақылауды 

парламент жүзеге асырады. 25 миллион 

евродан асатын соманы құрайтын 

барлық сатып алу шешімдері Парламент 

арқылы өтуі керек. Парламент барлық 

сатып алу кезеңіне әсер ете алады. 100 

миллион евроны құрайтын ірі жобалар 

үшін парламентке айқын және жиі есеп 

тапсыруды қарастыратын арнайы жұмыс 

ойлап табылған. 

Өткізілетін 

жобалардың 

Құны мен 

шығындары 

Жобаларды 

жүзеге асыру 

Ашықтық шарасы ретінде Канада Кеңесі 

«Tracker Project PPP» аталатын МЖӘ 




жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау