Стратегиялық мақсат: Холдинг активтері қоржынының өтелімділігін арттыру



жүктеу 1,75 Mb.
Pdf просмотр
бет7/15
Дата25.12.2019
өлшемі1,75 Mb.
#24922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

 

16 


 

шаралар  жұмыстағы  кедергілерден  құтылуға  көмектеседі  және  қызметкерлер 

арасындағы сенім сезімін арттырады. 

Жемқорлықты  ескерту  және  гендерлік  тепе-теңдікті  қамтамасыз  ету 

шараларын  іске  асыру  экономикалық  жетістікке  жету  жолында  Холдингтің 

ішінде жағымды жағдай туындатады. 

Ұжымдық мәдениетті арттырудың қорытынды нәтижесі болып табылады: 

-  Ынталандыру  мен  қызметкерлердің  Холдингке  деген  сенімін  арттыру 

(сауалнама нәтижесі); 

-  2020 жылға қарай шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесі. 

 

 

5.5.2. Стратегиялық 



мақсат: 

Қызметкерлердің 

қанағаттанушылығын арттыру 

Адамдар кез келген компанияның өзекті ресурсы және стратегияны сәтті 

жүзеге  асырудың  шешуші  факторы  болып  табылады.  Қызметкерлерді 

ынталандыру  және  олардың  еңбек  жағдайымен  қанағаттануы  компанияның 

басты  жылжымалы  күші  саналатын  тиімді  топ  құрайды.  Қызметкерлер  үшін 

жағымды  жағдай  жасау  және  олардың тұрақтылығы  тиімді  топ  құруға,  білікті 

мамандарды табуға және кадрдың «ағынын» болдырмауға көмектеседі.   

Негізгі міндеттер 

›  Ынталандырудың жаңа жүйесін енгізу; 

›  Әлеуметтік пакетті жақсарту; 

›  Келесі  факторларды  қосатын  HR  стратегиясын  жасау  және  жүзеге 

асыру: 

-  екіқабатты мансап сатысы қағидатын енгізу



-  қызметкерлердің дамуының жеке жоспары;  

-  көтермелеу жүйесі. 

Мақсатқа жету механизмі «Ұйымдастырушылық даму» және «Өндірістік 

әлеуетті  дамыту  мен  операциялық  тиімділікті  арттыру»  Стратегиялық 

бағыттарында ашылып жазылған.  

 

Күтілетін нәтижелер 

›  HR бойынша стратегияны бекіту

›  Кадрдың ағынын азайту (кемінде 10%); 

›  Қызметкерлердің  ынталандыруын  арттыру  (сауланама  нәтижесі 

бойынша). 

 

 

 

5.5.3.  Стратегиялық  мақсат:  Қауіпсіздік  пен  еңбектің  қорғалу 



деңгейін арттыру 


 

17 


 

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындарында зақым алу мен өлім 

деңгейі  шектен  аспайды,  алайда  көптеген  өндірістік  қуаттар  ескірді,  бұл  өз 

кезегінде  жазатайым  оқиғалардың  орнау  мүмкіндігін  арттырады.  Тәуекел 

жүзеге  асу  кезінде,  өндірісте  жазатайым  оқиғалардың  орнауы  мен  зардаптың 

деңгейін  азайту  мақсатында  өндірісітк  қауіпсіздікті  басқарудың  жаңа  үлгісін 

енгізу керек. 

Негізгі міндеттер:  

›  Өндірістік  қауіпсіздің  бойынша  іс-шаралар  жоспарын  құру  және  оны 

жүзеге асыру; 

›  Қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу. 

Қауіпсіздікті басқарудың жаңа үлгісі: 

›  Жаңа  үлгі  әлеуетті  тәуекелдің  жүзеге  асу  мүмкіндігін  азайту 

мақсатында сақтанушы шараларға негізделеді

›  Тәуекел  жүзеге  асу  жағдайында  зардап  пен  шығын  көлемін  азайту 

шаралары қарастырылуы тиіс; 

›  Тәуекелдер тәуекел матрицасына (Сурет 5.5.5.1). сәйкес топталуы тиіс

›  Назар  орын  алуы  мүмкін  және  үлкен  зардап  әкелетін  тәуекелдерге 

аударылуы тиіс. 

 

Сурет 5.5.5.1. Тәуекел матрицасы



7

  

 



 

                                                           

7

 Презентация Hazard/Risk Identification, S. Veerasingam, Vice-President Malaysian Society for Occupational Safety 



and Health 


 

18 


 

 

Сурет 5.5.5.2. Тәуекел матрицасы



 8

  

 



 

Күтілетін нәтижелер 

Қауіпсіздікті  басқарудың  жаңа  үлгісін  енгізу  нәтижесінде  тәуекелдер 

жүзеге  асуы  кезінде  жазатайым  оқиғалар  орын  алуының  ықтималдылығы  мен 

зардап көлемінің азаюы күтіледі. Еңбек жағдайының қауіпсіздігінің артуы мен 

қызметкерлердің  жұмыс  жасауы  үшін  жағымды  жағдайлар  жасалуы  күтіледі. 

Өндірістік қауіпсіздікті арттыру іс-шараларының жоспары бекітіледі.  

Мақсатқа жету келесі ПӘК-пен өлшенуі мүмкін: 

›  Кәсіпорындарда зардап шегу мен өлімге ұшырау деңгейінің азаюы. 

 

 

5.6.  Стратегиялық бағыт 6: Қаржылық тұрақтылық 



Қаржылық  тұрақтылық  –  қаржыландыр  көздерінен  жеке  капиталдың 

жеткілікті  үлесі  қаматамасыз  ететін,  компанияның  қаржылық  жағдайының 

тұрақтылығы,  Қаржылық  тқрақтылық  деп  шығыннан  табыстың  асуын, 

өндірістің  үздіксіз  үдерісі  мен  өнім  өткізу,  ақша  қаражаттарын  тиімді 

қолдануды  атайды.  Маңызды  рөлді  ROIC  көрсеткіштері,  қарыз  жүктемесінің 

коэффициенті,  пайызды  жабу  коэффиценті,  МТАС  атқарады.  Олар 

компанияның  қаржылық  жағдайын  бақылауға,  даму  бағыттарын  анықтауға, 

бастапқы міндеттерді анықтауға көмектеседі. 

Холдингтің  қаржылық  тұрақтылығын  жақсарту  үшін  келесідей 

стратегиялық мақсаттар анықталды: 

1. Ұтымды қарыз жүктемесін қамтамасыз ету; 

2. Табыстылықты арттыру; 

3. Ақша қаражаттарының болуын қамтамасыз ету. 

 

 



                                                           

8

 Ibid 




 

19 


 

5.6.1. Стратегиялық мақсат: Ұтымды қарыз жүктемесін қамтамасыз 

ету 

2017  жылдың  31  желтоқсан  күніне  компанияның  қарыз  жүктемесінің 

коэффициенті (Қарыз/EBITDA) 8-ден 1-ге тең. Басқаша айтқанда, компанияның 

қарыз  берушілер  алдындағы  қарызын  жабуға  жеткілікті  ақшалай  табысты 

түрлендіруге жағдайы жетпейді. Бұл, өз кезегінде, компанияның банкрот болу 

ықтималдылығын арттырады. 

Компанияның  мақсатты  көрсеткіштеріне  дейін  қарыз  жүктемесі 

коэффициентін азайту үшін жинақталған қарыз мәселесін шешу керек. 

 

Міндет:  Қарызды  қайта  қаржыландыру  және/немесе  қайта 

құрылымдау 

2015  жылы  ұлттық  валютаның  девальвацияға  ұшырауы  нәтижесінде 

жинақталған 27 млрд теңге қарызды қайта қаржыландыру жұмысын ағымдағы 

жағдайда  тек  ҚР  Үкіметі  атынан  мемлекет  ғана  жасай  алады.  Оны 

компанияның жарғылық капиталына мемлекетті енгізу/арттыру арқылы немесе 

минималды  пайызға  қайтарма  негізде  бюджеттік  несие  ұсыну  арқылы  жүзеге 

асыруға болады. 

Компания  мен  оның  жалғыз  акционеріне  негізгі  қарыз  берушілермен 

келіссөз  жүргізе  отырып,  қарызды  қайта  құрылымдаудың  ұтымды  шешімін 

табу  керек.  Қайта  құрылымдауға  дайындық  кезінде  несие  мерзімін  ұзарту, 

пайызды  азайту,  төлемді  шегеру,  негізгі  қарыздың  азаюы  және  т.б.  мүмкін 

жолдары арқылы  қарыз жүктемесін жеңілдету қажет. 

 

Міндет: Бюджетті дұрыс жоспарлау және оны қатаң орындау 

Компания инвестицияларды жобалай басқаруға толығымен көшу арқылы 

дамудың  қысқамерзімді  жоспарларын  қайта  қарауы  тиіс.  5.6.1.1.  кестесінде 

көрсетілген  инвестициялық  жобаларды  қабылдау  және  бағалау  критерийлерін 

қатаң ұстануы тиіс. Негізгі нәтиже болып ресурстарды үнемдеу, жүзеге асыру 

мерзімінің  қысқаруы,  процедуралардың  жеңілдеуі,  ашықтық  табылады. 

Міндеттерді  дұрыс  орындаудың  қосымша  көрсеткіші  болып  пайызды  жабу 

коэффициенті  табылады.  Бүгінгі  күні  шоғырландырылған  қаржылық  есепке 

сәйкес,  аталған  көрсеткіш  -0,02  тең,  нормативті  көрсеткіш  кемінде  1,5  болуы 

тиіс.  


 

Кесте 5.6.1.1. Инвестициялық жобаларды бағалау критерийлері 

 



жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау