Сабақ жоспары пән Информатика Мұғалім Ибраева Перизат Мектеп, сынып



жүктеу 69,04 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі69,04 Kb.
#17619
түріСабақ


 

САБАҚ ЖОСПАРЫ



 

 

Пән 

Информатика 

 

Мұғалім  

Ибраева Перизат 

Мектеп, сынып 

Ақмола облысы, Целиноград 

ауданы, Қосшы ауылы, 

Р.Қошқарбаев атындағы №1 

орта мектебі, 9-сынып 

Сабақ тақырыбы 

Ақылдың азығы – ой тазалығы  

 

Тәрбие сағатының 

мақсаты 

Оқушылардың  туған  жерге  деген  сүйіспеншілігін 

арттыру.  Табиғаттан  ғибрат  ала  отырып,  әр  оқушы 

ақыл,  қайрат,  жүректің  айтқанын  тыңдап,  көңіл-күй 

сызбасын сызуға қозғау салу. Пластилинмен жұмыс 

істеу  арқылы  адамгершілік-эстетикалық  қасиеттерді 

қалыптастыруға  мүмкіндік  беру.  Абай  мен  Шәкәрім 

дүниетанымынан  сусындап,  өз  ойын  достарының 

алдында еркін білдіруге жағдай жасау. 

Тәрбие сағатын өткізу 

формасы 

Талқылау,  психологиялық  тренинг,  жеке,  топтық, 

жұптық жұмыстар, шығармашылық жұмыс, көрме. 

Тәрбие сағатында 

қолданылатын көрнекі 

кұралдар 

Презентация,  Bilimland.kz  сайтының  ресурстары, 

қанатты  сөздер,  карточкалар,  пластилин,  жұмысқа 

жағымды  әуен,  А1,  А4  парақтар,  қара  түсті  жай 

қарындаштар, стикерлер, кітаптар. 

 

Сабақ барысы 

Қызығушылығын ояту.  

1. 

Көріністен мысал 



2. 

Өзіңді өзің тани біл 

3. 

Сергіту сәті “Шаттық шеңбер” Жаңбырдың жаууы ойыны 



Мағынаны тану. 

1. 


«Туған жердің табиғаты» видеосын көру 

2. 


Көңіл-күйлерін сызба түрінде ақ параққа сызу. 

3. 


Пластилинотерапия тренингі 

Жеке жұмыс. Жағымсыз ойдан құтылу. 

Жұппен жұмыс. Ой сабақтастығы. 

Ой түйін.  

Абай Құнанбайұлы «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек». Өлеңін тыңдау. 

Топқа бөлу. Полиглот ойыны 

Топпен жұмыс. Абай Құнанбайұлы бұл өлеңмен не айтқысы келді ? Талдау. 

Қорытынды 

Үй тапсырмасы. Эссе «Нұрлы ақылмен ойға түйгенім...» 

Рефлексия. 

Кітап көрмесі. 

 



 

Қызығушылығын ояту 

Кіріспе бөлім – мәселе қою. 

 

1. 



Көріністен мысал. Балалар мына көрініске назар аударайық. 

Дулат  пен  Әділдің  үйлері  көрші  тұрады.  Олар  бүгін  мектепке  ертерек  шығып, 

асығып  келеді.  Себебі,  бірінші  сабақ  физика  сабағы.  Күләш  Ахметрасулқызы 

оқушыларға  бақылау  жазатындарын  ескертіп,  бәрінің  түгел  ерте  келулерін 

тапсырған.  Кенет  алдарынан  қолында  ауыр  сөмкелері  бар  әже  кездесті,  әжеге 

көмектесу керек болды. Дулат болса “кеттік сабақтан кешігеміз, мұғалім ұрысады”,-

деп  болар  емес.  Әділ  досына  ере  түсті  де,  ойына  бір  нәрсе  түскендей  қайта 

жүгіріп,  әжеге  көмектесіп,  сөмкесін  алып  бара  жатты.  Бірақ  осы  кезде  мектепте 

сабақ  басталып,  өзге  балалар  бақылау  жазуға  кірісіп  кеткен  еді.  Сабаққа  кешігіп 

келген Әділ, мән-жайды түсіндірді. Мұғалім ешқандай жаза қолданбады. 

– Себебі неде, деп ойлайсыздар? 

Ойдың қайдан алғанын адам өзі сезбейді, 

Жанның айдап салғанын, сезбесе де іздейді. Шәкәрім 

Осы сұраққа жауап алынып, сабақтың тақырыбы хабарланады. 

Ақылдың азығы – ой тазалығы. 

 

Тілімізде  ақылды,  білімді,  парасатты  деген  түсініктер  бар.  Тегінде  адам  баласы 



адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген  нәрселермен  озбақ.  Әуелі  ақыл 

дегеніміз не және оның адам өміріндегі маңызы қандай деген  сұраққа жауап беру 

үшін ұлы ақын Абай мен Шәкәрім шығармаларына жүгінейік. 

Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі... (Абай).  

Яғни  ақыл  –  әр  адамның  негізі,  оның  адамгершілік  қасиеті.  Өлеңде  «мен»  сөзі 

ақыл мен жанның баламасы ретінде алынып отыр. 

 

2. 

«Өзіңді өзің тани біл» айдары. 

Мен кіммін? Мен туралы басқалар не деп ойлайды? 



Мен  9«Ә»  сынып  жетекшісімін,  мен  туралы  басқалар  мейірімді  деп  ойлайды. 

Мен__________________________ 

Мен __________________________  

Мен __________________________ 

 

Сендер өздеріңнің кім екендеріңді, сонымен қатар сендер туралы басқалар қалай 



ойлайтыны жайлы айттыңдар. 

 

3. 



Сергіту сәті “Шаттық шеңбер”. Жаңбырдың жаууы ойыны. 

Балалар үш қатар бірінен соң бірі тұрады. Қимыл-қозғалыспен бір-бірінің арқасына 

саусақтың ұшымен: 

1. 


Бұлттар жиналады; 

2. 


Жаңбыр тамшылайды; 

3. 


Жаңбыр қатты жауады; 

4. 


Жаңбыр сіркірейді; 

5. 


Жаңбыр саябырлайды; 

6. 


Күн ашылады; 

7. 


Бұлттар жайылады 2 рет қайталап көрсету. 

 

Мағынаны тану. 

Негізгі маңызды бөлім – мәселені шешу үшін материалдар. 

 

4. 



www.bilimland.kz ресурсы, Видеожинақ, Оқытушы фильмдер, География, 


 

Туған жердің табиғаты видеосын көру. 

 

Туған  жеріміз  ерекше,  біз  көлемі  бойынша  ең  үлкен  10  мемлекеттің  қатарына 



кіреміз.  Қазақстан  батыстан  шығысқа  қарай  3000  шақырым  және  солтүстіктен 

оңтүстікке қарай 1500 шақырымға созылып жатыр. Осындай көлеміне байланысты 

табиғаты  да  әртүрлі.  Отанымыздың  өңірі  климатымен,  ландшафтымен  және 

жануарлар әлемімен ерекшеленеді. 

«Жаралыстан ғибрат алсаң, болар едің ой құмар.» Шәкәрім 

Адам  айналасына,  жаратылысқа  қарап,  таң  қалып,  өнеге  алғаны  –  бұл  да  жанға 

азық. 

– Видеодан не түсіндіңіздер? 



– Өз пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. 

– Видео сендерге қандай ой салды? 

 

Адамның  көңіл  күйіде  табиғат  құбылыстары  сияқты  бірде  көтеріңкі,  бірде 



жабырқау,  бірде  бірқалыпты  болады.  Әр  затқа  кереғар  құбылыс  бар.  Таза  ойға 

қарсы ой бар. Ол – лас ой. Шындығында, кез келген адамның жүрегіне сәт сайын 

жаман ойлар келіп жатады. Осы жөнінде: 

Ойдың қайдан алғанын адам өзі сезбейді,  

Жанның айдап салғанын сезбесе де іздейді – дейді, Шәкірім Құдайбердіұлы. 

«Жаман ойды көрсең, жау көргендей қуала» депті даналар. Енді көңіл күйлеріңізді 

қағаз бетіне түсірейік. 

 

5. 



Көңіл-күйлерін сызба түрінде ақ параққа сызу. 

Уақыт  бойынша  адамның  көңіл  күйіне  мысал.  (Басқа  қалаға  оқушыларды  пәндік 

олимпиадаға апарған жетекшінің көңіл күйі.) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Оқушыларға қос ақ парақ, пластилин (6 түсті «Классика» Луч) таратылады.  

Өздерінің 1 жұмадағы немесе 1 күнгі істеген ісін ой елегінен өткізіп, көңіл-күйлерін 

сызба түрінде ақ параққа көрсетеді.  

 

6. 

Пластилинотерапия тренингі. 

Пластилинотерапия  –  бұл  жеке  басымен  жұмсақ  және  терең  жұмыс  жасайтын 

өзіндік әдіс. Бұл тренинг арқылы өзін ығыр қылған жағымсыз эмоциядан құтылып, 

тыныштық және байсалдылық қалпына келу. 



Аудиодан Секен Тұрысбековтың «Ақжүніс» күйі   ойнап тұрады. 

Вокзалға 

жету 

Бір оқушы 



қалып қойды 

Ата-анасы 

жеткізді 

Қалай 


жетеміз? 

Жақсы 


қарсы алды 

Театр 


Олимпиада 

қорытындысына алаңдау 

Оқушылар жақсы 

жетістік көрсетті 

Демалу 

Ад

ам



ны

ң к


өң

іл

 к



үй

і 

Уақыт 




 

 

a

) Жеке жұмыс. Жағымсыз ойдан құтылу. 

Сызбадағы  ең  көңіл-күйін  түсірген  жағдайды  есіне  түсіріп,  әр  түрлі  пластилин 

бөліктерін  қолына  алып,  көзді  жұмып  мыжып  жұмсарту  арқылы  ойды  соған 

жібереді. Көзін ашып жақсы оймен параққа пластилинмен сурет бейнелеу. 

 

b) 


Жұппен жұмыс. Ой сабақтастығы 

Бейнеленген суретті жұбына беріп (суреттерін бір-бірімен ауыстырады), жұбының 

ойын тауып, пластилинмен оны әрі қарай гүлдендіре түседі. 

Шыққан суретті жұппен талдап, ортақ шешімге келгеннен кейін біреуі қорғауы тиіс. 

Мысал (ата-аналар жиналысында пластилиннен бейнеленген сурет). 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бәйтерек  —  ол  өмір,  ата-аналар  қолдап,  бағыт  беріп  отырса  бала  әдемі  өсіп, 

жетістікке жетіп, жақсы жемісін береді.  

Үй  —  үй  ішіндегі  бала-шаға,  егер  үй-іші  жылы  қайырымды  болса,  бала  да 

мейірімді, өзіне сенімді болып өседі. Әрбір отбасында татулық, махаббат болса 

деп  жүректі  салдық.  Қазақтың  домбырасын  —  келесі  аптада  балам  байқауға 

барады, жеңіспен оралсын деп ырымдадық.  

Қызымның  мінезі  гүлдей  ашылсын  деп,  гүл  қойдық.  Ел  іргесі  аман,  аспанымыз 

ашық болсын деп, аспанды бейнеледік. 

 

 

Ой түйін. 

Қорытынды бөлім – мәселені шешу және оның өмірлік маңыздылығын анықтау 



7. 

www.bilimland.kz  ресурсы,  Қазақ  әдебиеті  аудиохрестоматиясы,  9 

сынып,  Поэзия,  Абай  Құнанбайұлы  «Әуелде  бір  суық  мұз  –  ақыл  зерек» 

өлеңін тыңдау. 

 

 

8. 



Топқа бөлу. Полиглот ойыны. 

Сынып оқушыларын 6 топқа осы өлең үзінділерін құрастырту арқылы бөлу.  

1-

қатарға: 1-топ, 2-топты. 



2-

қатарға: 3-топ, 4-топты.  

3-

қатарға: 5-топ, 6-топты отырғызу. 



1-

қатарға АҚЫЛ, 2-қатарға ЖҮРЕК, 3-қатарға ҚАЙРАТ деп атау беру. 




 

Атау  бойынша  қай  қатарға  қандай  сурет  сәйкес  келетінін  сұрау  арқылы  қазақша, 



орысша, ағылшынша айтқызу. 

 

 



9. 

Топпен жұмыс (Абай Құнанбайұлы бұл өлеңмен не айтқысы келді?) Өлеңді 

екі жолдан талдату. 

Әр топтан бір оқушыдан 6 спикерді тақтаға шығару. 

 

1-

топ.  

Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек, 

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. 

/Ақыл  –  ол  әрқашан  суық  және  есепке  бағытталған.  Ал  жүректен  жылылық 

келеді.  Жүрек  ақылмен  байланысқанда  оған  келетін  ой  шексіздікке  ұмтылады. 

Адам  ақыл,  білім,  ой-саналардың  есебінен  небір  ғажайып  заттарды  ойлап 

тауып,  өмірі  мен  тіршілігіне  пайдаланып  жүр.  Сергектік.  «Суық  ширатады, 

ыстық жасытады./ 

 

2-

топ.  

Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, 

Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. 

/Қайратты  адам  сөзге  тоқтайтын,  бір  қалыпты,  өте  шыдамды,  батыл, 

парасатты  болу  керек.  Мінезі  салмақты,  табанды,  сөзі  мен  ісі  бір  жерден 

шығатын, қайсар мінезді жан./ 

 

3-

топ.  

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

Сонда толық боласың елден бөлек. 

/Адам  бойында  осы  үш  қасиет  бірдей  болса,  сонда  толыққанды,  адамгершілігі 

мол, құзіретті тұлға қалыптасады./ 

4-

топ.  

Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 

Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. 

 

/Жарымес  адамды  жақсы  адам  деп  айтпаймыз.  Олардың  бойында  жоғарыдағы 



үш  қасиет  толық  болмаса,  онда  болашағы  бұлыңғыр,  көкірегі  соқыр  жарымжан 

адам болады./ 

5-

топ.  


 

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 



Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 

/

Абай  атамыз  айтқандай  ой  кеселдері:  уайымсыз,  салғырттық,  ойыншы-



күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді бұл 

төрт  нәрсе  –  күллі  ақыл  мен  ғылымды  тоздыратұғын  нәрселер.  Ақыл  мен 

ғылымды тоздыратын ой кеселдерінен аулақ болу үшін жүрек қайнап, өзімен-өзі 

күресіп әлек./ 

6-

топ.  

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек. 

/Адам  бойынан  осы  үш  қасиет  те  бар  болса,  ыстық  қайрат  —  саламатты 

жігер,  намыс,  қысқасы  спортпен  айналысса,  жылы  жүрек  —  қайырымдылық, 

қамқорлық  акцияларына  қатысса,  нұрлы  ақыл  –  ізгілікке  жұмсалса,  онда  толық 

адам болып, алған ілім-білімінен халыққа пайдасы тиеді./ 

10. 

Қорытынды. 

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған 

адамгершілікті  ұлықтайтын  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптарда  мол.  Адам  өзіне 

терең мән беру арқылы, ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып өмірдегі айқын 

мақсатына жетеді. 

Вообрази  себе,  что  цель  жизни  —  твое  счастье,  —  и  жизнь  жестокая 

бессмыслица.  Признай  то,  что  говорит  тебе  и  мудрость  людская,  и  твой 

разум, и твое сердце: что жизнь есть служение тому, кто послал тебя в мир, и 

жизнь становится постоянной радостью. «Круг чтения» Лев Толстой 

«Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,  

Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың. 

Жанымен сүйді әділет ардың жолын, 

Сондықтан ол иесі терең ойдың» — деп, айтқан Шәкәрім Құдайбердіұлының 

Өмірден мақсат – хақиқат,  

Соны ізденіп алмақ...  

деген өлең жолдарымен тәрбие сағатын тамамдаймыз. 

 

Үй тапсырмасы. Эссе «Нұрлы ақылмен ойға түйгенім...» 

 

Рефлексия. 

Оқушыдан кері байланыс алу. 

 

ҚАЙРАТ 



ЖҮРЕК 

АҚЫЛ 


Мен күштімін... 

Мен сезіндім ... 

Мен түсіндім ... 

 

 



Мен әлсізбін ... 

Мен сезінбедім ... 

Мен түсінбедім ... 

 

 



 


 

Кітап көрмесі. 

1. 

Абай Құнанбайұлы «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» І том, Алматы 



«Жазушы» баспасы, 1995. 

2. 


Абай Құнанбайұлы «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» ІІ том, Алматы 

«Жазушы» баспасы, 1995. 

3. 

«Өлеңдер мен поэмалар» Құдайбердіұлы Шәкәрім «Жалын» Алматы, 1988. 



4. 

«Үш анық» Шәкәрім Құдайбердіұлы, Алматы «Қазақстан», 1991. 

5. 

«Об истине, жизни и поведении» Лев Толстой «Москва» Эксмо, 2007. 



6. 

Қазақстан  Республикасының  ПАРЛАМЕНТІ  фотоальбомы  «Парламент  РК», 

2009 Авторлық топтың жетекшісі Нұртілеуов М. 

7. International popular scientific historical magazine «Mangi EL», #(18) 07-08 2016. 

8. 

Менің денем неден құрылған? Роберт Уинстон «Алматыкітап» баспасы, 2012. 



9. 

«ЛОГОТЕРАПИЯ  немесе  өмірге  құштарлық»  С.Керімбай,  Ә.Нәби,  М.Төлеген, 

С.Тайғарин, Алматы «Орхон» Баспа үйі, 2016. 

10. 


«Салт-дәстүр  сөйлейді»  С.Керімбай,  Б.Бопайұлы,  М.Төлеген,  Ә.Нәби, 

А.Тасболат, Алматы «Орхон» Баспа үйі, 2014. 



 

 

 



Document Outline

  • САБАҚ ЖОСПАРЫ

жүктеу 69,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау