Ағылшыннан бейресми аударма
1
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІ
Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы, Елші Аурелия Бушез ханымның
VII Астана экономикалық форумы шеңберіндегі "Smart Green" Бизнес форумында
сөйлеген сөзі
Астана, 21 мамыр 2014ж.
Бүгін мен Сіздермен болғаныма өте қуаныштымын.
Бәрінен бұрын, Форум мен Жасыл академияның ұйымдастырушыларына осы "Smart Green"
Бизнес форумына шақырғаны және ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіруге рұқсат
етіңіздер. Бақыт, Сізге шақырғаныңыз үшін рақмет.
ЕО экономикасындағы ШОБ маңыздылығы
Лайықты жұмыс – бұл байлыққа және жоғары тұрмыс деңгейіне жетудің ең жақсы тәсілі екені
жалпыға мәлім. Көптеген елдерде жеке сектор жұмыс орындарының айтарлықтай үлесін береді.
Шынымен, ЕО-дағы барлық еуропалық компаниялардың 99% астамы ШОБ субъектілері болып
табылады және мұнда біз қызметкерлерінің саны 250-ден аз компаниялар туралы айтамыз.
Жеке сектордағы әр үш жұмыс орнының екеуін ШОБ ұсынады, ол компаниялар мен ЕО
құратын жалпы қосымша құнның жартысынан көбіне үлес қосады. Бұдан басқа, ШОБ
еуропалық экономиканың негізгі тірегі болып табылады, себебі инновациялар, ғылыми
зерттеулер мен даму саласындағы өзінің негізгі рөлінен басқа, байлық пен экономиканың
өсуіне негізгі жауапкершілікті өзі көтереді.
ШОБ және инновациялар жөніндегі ЕО-тың соңғы бастамалары
ЕО-да, әсіресе Еуропадағы ауыр дағдарыс уақытында ШОБ және жеке сектордың
маңыздылығын мойындайды.
Осы тұрғыда, өткен аптада 2014 жылы 13 мамырда Еуропалық Комиссия «Дамушы елдерде
инклюзивті және тұрақты өсуге жетуде жеке сектордың рөлін күшейту» атауымен жаңа
Коммюнике қабылдады.
Қысқаша айтқанда, бұл Коммюнике ШОБ нормативтік реттеу шарттарын жақсарту үшін,
бизнесті дамытуға көмектесу және қаржыға, әсіресе жұмыс орындарын құратын микро-, шағын
және орта кәсіпорындар қол жеткізуді жеңілдету үшін нақты іс-қимылдар ұсынады. Сондай-ақ,
Коммюнике тұрақты энергетика мен тұрақты ауыл шаруашылығы салаларында ШОБ дамытуға
болашақ салалардың барын растайды.
Ағылшыннан бейресми аударма
2
Сонымен қатар, ЕО мен оның мүше-мемлекеттері НИОКР-ға едәуір инвестициялар салуда.
Осыған байланысты, өткен жылы ғылыми зерттеулер мен инновациялар бойынша ең ірі ЕО
бағдарламасы басталды, оның шеңберінде 2014-2020 жж. кезеңінде қаржыландыруға 80 млрд.
еуро мөлшерінде сома бөлінді. Ғылыми зерттеулер мен инновацияларға қатысты «Көкжиек
2020» атауымен бұл бастама 18 басым бағытты айқындайды, олардың ең бастысы қоршаған
орта, жаңғыртылатын энергия көздері мен болашақ энергиясы болып табылады.
Жақсы мысал ретінде мен Эко-инновациялар жөніндегі бастамаға сіздің назарларыңызды
аударайын деп едім, оның шеңберінде 2008-2013 жж. кезеңінде 200 млн. еуро бөлінді. Осы
шамалы сомамен көптеген ШОБ субъектілерінің қатысуының арқасында су ресурстарына,
пәрнек газдарының қалдықтары мен шығаруларына қаражатты едәуір үнемдеуге қол жеткіздік.
Бұл бастаманың әр жобасы 9 қосымша жұмыс орнын құрғанын атап өткім келеді. Эко-
инновациялар жөніндегі бастаманың шеңберінде әр еуро бойынша пайданы көбейту
коэффициенті кірісте 10 еуро құрады.
Эко-инновациялар бойынша мұндай іс-қимылдар «Көкжиек 2020» жаңа бағдарламасы
шеңберінде жалғасатын болады. Менің ойымша, Қазақстан сияқты амбициялы ел үшін жасыл
экономикада жұмыс орындарын құру үшін не істеуді ойлау үшін көптеген жақсы практикалық
мысалдар мен азық бар.
Қазақстандағы ШОБ
Сіздер білетіндей, қазіргі уақытта Біздің елімізде шағын және орта бизнесте 2,4 млн адам
жұмыс істейді. Шағын және орта бизнесті дамыту индустриалық және әлеуметтік жаңғырту
үшін негізгі аспап болып есептеледі. ІЖӨ-дағы ШОБ үлесін ағымдағы 20%-дан 2050 қарай 50%
дейін арттыру үшін амбициялы мақсаттар қойылған, бұл еңбек өнімділігінің 5 есе өсуін
(ағымдағы 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін) және ІЖӨ энергия сыйымдылығын 50%
қысқартуды талап етеді. Осымен бірге Қазақстан 2050 жылы жасыл экономикаға толық көшу
үшін кешенді күн тәртібін әзірлеуде.
ЕО Қазақстанда
Жоғарыда айтылғандар, атап айтқанда күшті саяси басшылықты және донор ұйымдарының күш
салуын қоса алғанда, барлық күштерді үйлестіруді талап етеді. Осыған байланысты, соңғы 20
жыл ішінде Еуропалық Одақ Қазақстанға қызметтің кең спектрі бойынша едәуір гранттық
қаржыландыру ұсынды, бұнымен нормативтік-құқықтық реформаларды, жеке сектордың
дамуын, өңірлік дамуды, сот және мемлекеттік қызмет реформаларын, әлеуеттің өсуін және
тұрақты энергетика, су ресурстарын басқару, қоршаған ортаны және орман шаруашылығын
басқару салаларында хабардарлық деңгейін басқаруды қолдады.
ЕО Орталық Азияның Өңірлік экологиялық орталығын (CAREC) ерекше қолдайды, ол алдыңғы
қатарлы халықаралық және өңірлік практикамен алмасу үшін тұғыр ұсынады және «жасыл»
кәсіпорындардың дамуына көмектесетінін айта кеткен жөн.
Гранттық көмек көрсетумен қатар, ЕО халықаралық қаржы институттарынан инвестициялар
тарту жұмысын қолдайды. Еуропалық инвестициялық банк 2013 жылы өз қызметін ШОБ
субъектілеріне және орташа нарықтық капиталданумен компанияларға 370 млн еуро жалпы
сомаға үш займды мақұлдаудан бастады, олар жергілікті банк арқылы бөлінеді. Бұл займдар
негізінен, жаңғыртылатын энергия, энергия тиімділігі, ауыл шаруашылығы, климаттың
өзгеруіне бейімделу, су ресурстары мен қалдықтарды басқару салалары сияқты шағын және
орта масштабты «жасыл» жобаларға бағытталған.
Ағылшыннан бейресми аударма
3
Және соңғы, бірақ маңызды, ЕО қазіргі уақытта Қоршаған орта және су ресурстарын қорғау
министрлігімен тығыз ынтымақтастықта және ОЭСР, БҰҰ ЕЭК және БҰҰДБ-мен әріптестікте
Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуін қолдау жөнінде жаңа бағдарлама дайындап
жатқанын мен растаймын. Бұл бағдарлама орталық сияқты, сондай-ақ облыстық деңгейде
«Жасыл экономика» тұжырымдамасын іске асыруды қолдайтыны көзделуде.
Қорытынды
Сөзімнің соңында мен ШОБ-тың еңбекпен қамтуды және инклюзивті қоғам құруға үлесін
қамтамасыз ету үшін маңыздылығы туралы айта кеткім келеді. Сондай-ақ, инновациялар да
маңызды және жасыл экономика қазақстандық ШОБ мүддесінде технологиялар трансферті
үшін бірқатар мүмкіндіктер береді.
Сондықтан мен бүгінгі семинармен құттықтаймын және Сіздерге табысты пікірталас тілеймін.
Назарларыңызға рақмет.