Соңы 3-бетте) №47 (3072) 22 маусым 2018


№47 (3072)  22 маусым 2018



жүктеу 4,43 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата23.11.2018
өлшемі4,43 Mb.
#23945
1   2   3   4   5   6   7   8

№47 (3072) 

22 маусым 2018

zangazet@maiI.ru

4

ТАРАЗЫ


Пилоттық жоба

Сарап

«ҮЛГІЛІ СОТ»

 

 

АТАНУ — ҰЖЫМДЫҚ ІС

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов­

тың үшінші биліктегі жаңғыртуға қоғам­

ды тартып, көпшілік пікіріне құлақ асқаны, 

жұртшылықты ашық диалогқа шақырғаны 

баршамызға мәлім. «Кеңескен істе кемшілік 

болмайтынын» болжаған төрағаның ұсыны­

сына ой қосып, пікірін жолдаушылар қатары 

аз емес. Сот қоржынына түскен мыңнан астам 

ұсыныс­пікірдің негізінде қазір «Сот саласын 

дамытудың жеті түйіні» жасалып, сол бойын­

ша жүйелі жұмыс тар қолға алынып жатыр. 

Төрелік алаңындағы қызметке тікелей атса­

лысқан, ондағы түйткілдерді жақсы білетін 

заңгер, адвокат, прокурорлардың сөзі бүгінге 

дейін орын алған кемшіліктерді жойып, істі 

ілгерілетуге серпін берері даусыз. 

Көпшілік ұсынысынан туындаған «Мінсіз 

судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е­СОТ», 

«Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз 

татуласу орталығы» секілді жеті жоба да 

қазір қолданыста. Бұл жобалардың барлығы 

үшінші биліктің қоғамдағы беделін көтеріп, 

азаматтардың әділсотқа деген сенімін нығай­

ту мақсатын көздейді.  Іріктелген жеті жоба 

бір­бірімен сабақтас. Барлығының бастауы, 

негізі – мінсіз судья. Сондықтан, судьялықтан 

үміткерлерге қойылар талап күшейтіліп, сот 

сапының білікті, мамандығын жақсы көретін, 

кісілігі мықты, парасат­пайымы жоғары жан­

дармен толығуына жағдай жасалуда. Себебі, 

судья үшін заңгерлік мамандықты меңгеру 

жеткіліксіз. Судья заң мен арды басшылыққа 

алып жұмыс істейтіндіктен оның кескін­кел­

бетінің өзі әділеттіліктің, сенімділіктің, ар 

тазалығының айнасы болуы керек. Қазының 

әр сөзі күмән тудырмайтындай нық, елді ұй­

ытатындай мағыналы болуы шарт. Бүгінде 

оқып, тоқығаны бар, көргені көп азаматтар­

ды жылтыр сөзбен өзіңе қарата алмайсың. 

Қазының біліміне көз жеткізген, сөзіне көңілі 

толған, ісіне риза болған адамның ғана сотқа 

деген құрметі артады. Сондықтан, судья болу 

бір басқа да, соттың беделін көтеретіндей қа­

сиеттерді бойға сіңіріп, халықтың ілтипатына 

ие болу деген мүлде бөлек әңгіме. Мұндай 

ілтипатқа көп ізденген, оқыған, тәжірибесін 

шыңдаған мамандар ғана қол жеткізеді. Ха­

лықтың көңілінен шыққың келсе, халықтың 

талабына сай болуға тиіссің. Мінсіз судьяны 

қалыптастырудағы мақсат та осы. 

Ал, «Үлгілі сот» болуы үшін сотта ұсы­

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың сот 

саласын дамыту бойынша үндеу тастап, ортақ іске 

заңгерлер мен прокурорларды, адвокаттар мен доға­

рыстағы судьяларды, сот құрылымының ертеңіне 

бейжай қарамайтын азаматтарды жұмылдыруы осы 

күнге дейін аяқтан шалған бірталай кемшіліктің бетін 

ашуға көмектескен еді. Сотпен қоян­қолтық жұмыс 

істейтін мамандар олқылықтарды жоюға көмектесетін 

тетіктерді нақтылауда ой қосып, маңызды мәселеден 

шет қалған жоқ. Төраға өз үндеуіне үн қатқан белсен­

ділердің пікірлерін ескере отырып «Сот жүйесін дамы­

тудың жеті түйінін» дайындап, жұртшылыққа ұсынған 

болатын. Соның арқасында жеті түйінді тарқатуға 

ықпал ететін жеті негізгі бағытты айқындаған бұл жо­

балар сотты ілгерілетудің іргетасы іспеттес.

«Үлгілі сот» пилоттық жобасының түпкі мақсаты сот 

қызметін ұйымдастыру және материалдық­техника­

лық қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешіп, соттар­

ды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Төрелік­

ке деген  халық сенімін арттыруды көздейтін бұл жоба 

бойынша бүгінде атқарылып жатқан іс­шаралар аз 

емес. Бабаларымыз «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ 

ғаламда» дегенді тегін айтпаған. «Үлгілі сот» атанудың 

да кілті – ізденісте жатыр. 

«Үлгілі сот»  атану – ұжымның ынтымақты ісі мен 

бірлігінен бастау алады. «Жалғыздың үні шықпас, 

жаяудың шаңы шықпас» демекші, бір адамның ын­

Сот жүктемесі неге күн өткен сайын 

көбейіп бара жатыр? Мұның сот жұ­

мысына, азаматтарға, жалпы қоғамға 

әсері қандай? Бұл сұрақтар басына 

іс түскен тараптардан бұрын, істі қа­

райтын, сараптайтын, таразылайтын 

құзырлы орындарды көбірек толған­

дырады. 

Шынында да, соңғы кезде сотқа 

жүгінетіндер қатары көбеюде. Әсіресе, 

азаматтық істердің саны еселеп өсуде. 

Мұның себебін, әрине, азаматтар­

дың құқықтық сауатының артуымен 

түсіндіруге болар. Бірақ, жүктеменің 

көптігі бүгінгідей бейбіт заманда са­

уаттылықтың, құқықтық мәдениеттің 

көрсеткіші болмауы керек. Өйткені, 

өз құқығын білетін, өз мүддесін тап­

тауға жол бермейтін білімді азамат­

тар ұсақ­түйеу келіспеушілікті құзыр­

лы орындардың көмегінсіз, мәміле 

арқылы шешеді. Ендеше, айғай­шусыз, 

ақылмен, өзара келісімге келумен ше­

шуге болатын істерді сотқа жеткізудің 

қандай қажеттілігі бар? 

Мысалы, Алматы еліміздегі ірі мега­

полистің бірі болғандықтан, мұнда жол 

көлік апаттары жиі орын алады. Бұған 

көпшіліктің көзі де әбден үйренген. Со­

дан болар, қазір апаттан кейін бір­бірі­

не жұдырық жұмсап, жағасынан алып 

жатқандарды көрмейміз. Қара жол ор­

тақ болған соң, оның үстіне, көлік апа­

тынан ешкім сақтандырылмағандықтан 

жүргізушілер бір­біріне түсіністікпен 

қарап, залалды орнына қоюдың мүм­

кіндіктерін бірге қарастырып жатады. 

Келіспеушілік туындағанда жол көлік 

инспекторын шақырып, істі соттың 

талқылауына ұсынады. Әрине, егер 

барлық іс дәл осылай шешімін тапса, 

жол көлік апаттарына қатысты даулар 

азаматтық істердің санын көбейтпес 

еді. Бірақ, көлігіне төленген сақтанды­

ру ақысына, жөндеу сапасына көңілі 

толмайтындар, осы апаттан моральдық 

өтемақы өндіруді сұрайтындар аз емес. 

Мысалы, жақында арыз иесі жау­

апкерден автосалоннан алған көлігін 

орнына қойып беруді талап етіп шағым 

түсірді. Сақтандыру компаниясы төле­

ген сомаға қанағаттанбаған талапкер 

арнайы техникалық жөндеу орта­

лығына барып жөндеуді қажет ететін 

қосалқы бөлшектердің бағасын, жұмыс 

ақысын қағазқа түсіріп, сотқа ұсынған. 

Оған қарасақ, жөндеуге кететін ақ­

шаның өзіне жаңа көлік сатып алуға 

болады. Мұндай істерді таразылағанда 

ұсынған анықтамалардың дұрыстығы­

на, шынайылығына мән беріледі. Жөн­

деу бағасының бірнеше орталықтан 

алынғанына ден қойылады. Себебі, 

қазір «Қалауын тапса қар жанады» 

демекші, тапсырыс берушінің қала­

уымен қызмет көрсету бағасын өсіріп 

те, төмендетіп те беретін орталықтар 

аз емес. Ал, солай екен деп жауапкер­

ден жоғары сома өндіруді талап етсек, 

біздің әділ қазылығымыз қайда қала­

ды? Сондықтан, екі тараптың да көңілі­

нен шығатын шешім қабылдау үшін 

олар ұсынған құжаттардың барлығы 

терең зерттеуден, зерделеуден өтеді. 

Шындыққа сәйкестігіне мән беріледі.

Жалпы, жол көлік апаты секілді то­

Жиын 


Базына

ӨСПЕЙТІН ЕЛ ӨНБЕЙТІН ДАУДЫ ҚУАДЫ

сын жағдайды өзіне материалдық игілік 

келтіру үшін пайдаланғысы келетіндер 

бұрын да болған, қазір де бар. Біз қазір 

ата­бабамыздың құқықтық дәстүрін 

жаңғыртып, бітімгершілік қағидаларын 

жандандыруға күш салып жатырмыз. 

Азаматтарды бейбіт келісімге келтіруді 

көздейтін бітімгершіліктің тараптарға 

тигізер пайдасы зор. Әрі татуластыру 

тетіктерінің қолданысқа енгізілуі аза­

маттарды ақылға шақыруға, келісімге 

келтіруге жол ашты. Әсіресе, бір жолда 

жүрген жүргізушілер бүгін біреуден 

асырып қаржы өндіргенмен, ертең дәл 

осындай жағдайға өзінің де себепші 

болуы мүмкін екенін естен шығар­

мағаны абзал. Бітімгершілікті насихат­

таудағы біздің басты мақсатымыз сот 

жүктемесін азайту емес. Негізгі мін­

дет – азаматтарды кешірімді болуға, 

татулықты сақтауға шақыру. Өйткені, 

бітімге келмеген, өнбес дауды қуған 

елде ешқашан береке болмаған.



Э.АҚБАЕВ,

Алматы қаласы Медеу 

аудандық сотының судьясы

ЖАҢҒЫРТУ ЖАҢА 

БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШТЫ

Гафур ШАРОВ,

Маңғыстау облысының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған 

ауданаралық сотының судьясы

тасымен сот жұмысын жолға қою мүмкін емес. 

Сондықтан, мұндай жоғары атқа лайық болу 

үшін сот жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, 

азаматтардың жедел де сапалы қызмет алуына 

көңіл бөлу керек. Сот табалдырығын аттаған 

адам ондағы тазалыққа, ұсынылған ақпараттың 

ұғынықтылығына, қызмет көрсететін мамандар­

дың сыпайылығы мен сауаттылығына қарап сала 

жұмысына баға береді. Сотқа деген алғашқы 

пікірдің де осы сәтте қалыптасатыны белгілі. Енде­

ше, сотқа келген әрбір азаматтың көңіліндегідей 

қызмет көрсету баршамызға ортақ парыз. 

Қазір барлық соттарда күту залдары, сот 

отырыстарының залдары, хат­хабарларды қа­

былдау және беру жұмыстарының талапқа сай 

атқарылуына көңіл бөлінуде. Құқығы бұзылған, 

мүддесі тапталған, өз бостандығын қалпына кел­

тіре алмай шаршаған азаматтардың әділдік іздеп 

келетін орны – сот. Ал, сөйтіп қоғамнан қағажу 

көрген, қолдау күткен жан қарапайым құқықтық 

кеңес ала алмаса, мамандардың жүрдім­бардым 

тыңдағанын көрсе өмірден түңіледі, сотқа сенімі 

төмендейді. Осыған орай, келушілерге жылы 

қабақ танытып, жол көрсету, кеңес беру – сотқа 

келушілерді қабылдаған мамандардың негізгі 

міндетіне айналып отыр. 

Сонымен бірге, сот жұмысын жақсартуда 

бұқаралық ақпарат құралдарының да үлесі 

өлшеусіз. Сот отырыстарына қатысып, үшінші 

биліктің ішкі «кухнясына» араласатын тілшілердің 

талап­тілегі де ешқашан ескреусіз қалған емес. 

Процестен шынайы ақпарат таратуға кедергі 

келтірмес үшін қазір журналистердің отырысқа 

дыбыс жазатын құрылғыларды, есептегіш тех­

никаны, мобильдік құрылғыларды (интернет 

модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, 

планшеттер), ақпаратты машиналық тасымал­

дағыштарды (флеш­карталар, USB­дискілер 

т.с.с.), сондай­ақ, деректер беруді қамтамасыз 

ететін және интернет желісіне шығу мүмкіндігі 

бар басқа да техникалық құрылғыларды алып 

кіруіне рұқсат берілді. Мұның барлығы қоғамға 

жедел де шынайы ақпарат тарату, күмәнді азайту 

мақсатынан туғаны даусыз. 

Бір өкініштісі, бұқаралық ақпарат құралда­

рында кемшілікті көрсетуде белсенділік басым 

болғанымен, соттың үлгілі істерін, озық жұмыс­

тарын насихаттау жағы кемшін түсіп жатады. Біз 

жақсы істі, оң тәжірибені дәріптеуде сараңдық 

танытпауымыз керек. «Жақсыны көрмек үшін», 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» деген 

аталы сөздердің өзі қоғамда ізгілікті насихаттау­

дың пайдасы зор екенін дәлелдейді.  «Үлгілі сот» 

жобасы да осындай қолдауға зәру. Бұқаралық 

ақпарат құралдары әр соттың өнегелі істерін жа­

рыққа шығару арқылы «Үлгілі сот» қалыптастыру­

да жасалып жатқан маңызды қадамдар мен үздік 

нәтижелермен бөліссе қорытынды да көңілден 

шығар еді. Себебі, жақсылық бөліссең көбейеді 

емес пе?!

ҚАЗАҚТА «КӨП ІЗДЕНГЕН КӨМБЕНІҢ ҮСТІНЕН ШЫҒАДЫ» ДЕГЕН МАҒЫНАСЫ 

ТЕРЕҢ СӨЗ БАР. АҚЫЛЫ КЕМЕЛ ДАНА БАБАЛАРЫМЫЗ МҰНДАЙ ҒИБРАТТЫ СӨЗДІ 

ҰРПАҒЫН ЕҢБЕКҚОР, ТАЛАПТЫ ЕТІП ТӘРБИЕЛЕУ ҮШІН АЙТҚАН БОЛАР. ҚАЛАЙ 

ДЕСЕК ТЕ, ІЗДЕНБЕГЕН ОРТАДА ІЛГЕРІЛЕУДІҢ БОЛМАЙТЫНЫ ДӘЛЕЛДЕУДІ ҚАЖЕТ 

ЕТПЕЙДІ. БІЗДІҢ СОТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІҢ, ОЗЫҚ 

НӘТИЖЕЛЕРІМІЗДІҢ АРТЫНДА ҰЖЫМДЫҚ ІЗДЕНІСТІҢ ЖАТҚАНЫ ШЫНДЫҚ. 

СОЛ ІЗДЕНІС ҚАЗІРГІ ЖАҢҒЫРУ, ЖАҢАРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ДА БАСТАУЫНА 

АЙНАЛЫП ОТЫР.

Б.СЕРІКҰЛЫ,

Алматы қаласы Алмалы аудандық 

сотының кеңсе меңгерушісі

нылған қызмет те, жұмыс істеген мамандар да 

тараптардың талабына сәйкес болуы қажет. 

Сот табалдырығын аттаған адам далаға кел­

гендей болып өз сауалына жауап ала алмаса, 

әділетке қолы жетпек түгілі, талап­арызының 

өзін табыстау қиындық келтірсе үшінші билік­

ке деген сенімі азаяды. Осы мақсатта қазір 

барлық соттарда азаматтар үшін қолайлы 

күту залдары жасалып, мамандардан көпшілік 

сауалына сыпайы, түсінікті жауап беру талап 

етілуде. «Театрдың киім ілгіштен басталаты­

ны» сияқты, сот жұмысы да кеңсе жұмысынан 

бастау алады. Әрі сотқа деген көзқарастың 

алғашқы іргетасы да осы кеңсе мамандары­

ның, сот приставтарының ілипатына, қызметі­

не қарап түзілетінін ұмытпағанымыз жөн.

Жалпы алғанда, сот жүйесінде қолға 

алынған аталмыш жеті жобаның негізгі мақ­

саты – соттар жұмысын тиімді ұйымдастыру. 

Қай жерде кезек көп, қай жерде сот процес­

тері уақытында басталмайды, ақпараттар 

аз, қай сотың судьяларына, мамандарына 

шағым айтушылар жиі кездеседі сол жерде 

жұмысты ширатуға баса назар аударылуда. 

Бүгінде жеті жоба бойынша енгізілетін барлық 

жаңалықтар сынақтан өткізілуде. Оның жақсы 

нәтижесі де көп күттірмейтініне сенеміз.



«Заң Clinic» жобасы 

жұмысын бастады

Жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары 

Нұрсәуле Сайлауованың төрағалығымен пробация 

органдарында тіркелген бұрынғы сотталғандарды 

әлеу меттендіру және жұмысқа орналастыру мәселелері 

жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік 

бағдарламалар басқармасының мәліметінше, ағымдағы 

жылы бас бостандығынан айыру орындарынан 57 адам 

елге оралған. Сынақ орындарында 185 адам тіркелген. 

Осылайша, жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарына 

242 адам тіркеліп отыр.

«Тізім бойынша 142 адамға әртүрлі әлеуметтік 

көмек көрсетілген, соның ішінде 29 адам жұмысқа 

орналасып, 15 адам квота бойынша жұмыс жасады, 

қоғамдық жұмыстарға 8 адам тартылды, ал, қайта 

даяр лаудан өткені 19. Сонымен бірге жеті адам әлеу­

меттік қолдаудан бас тартып, біреуі денсаулығына 

байланысты жұмысқа бара алмады», – деп мәлімдеді 

жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­

ламалар басқармасы бастығының орынбасары Ұлық­

бек Тналиев.

Айта кету керек, әлеуметтік көмек көрсетілмеген 

100 адамға ең жақын жұмыспен қамту орталықтарына 

келу және тіркелу қажет екендігі туралы хабар берілді. 

Олар көмек алуға міндетті. Психологтар мен менед­

жерлер, адвокаттар олармен сөйлесуі керек,– деген 

Нұрсәуле Сайлауова жауапты органдарға тапсырма 

берді. 

Сондай­ақ, ҮЕҰ және азаматтық институттар сот­



талғандарды табу және қалпына келтіруге көмектеседі. 

Осылайша, ішкі саясат бөлімі сотталған азаматтардың 

қайталап қылмыс жасамауы үшін бірлескен жұмыс 

жоспарын әзірледі. Атап айтқанда, алдағы уақытта сот­

талғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында үкіметтік 

емес ұйымдардың қатысуымен кездесу өткізу жоспар­

ланып отыр. 

Қазіргі уақытта Ішкі саясат басқармасының Аза­

маттық орталығында Атырау облысының тұрғында­

рына арналған құқықтық кеңес беру, әр тұрғынның 

кез келген жағдайда өзінің құқықтары мен міндеттерін 

білуіне мүмкіндік жасау, заңға қайшы әрекеттерді 

жасаудың алдын­алуға үйрету, өзіндік әлеуметтік 

мәртебесін анықтауға, қоғамнан өз орнын табуына 

ықпал ету, мәселелердің заң шеңберіндегі шешімін 

табуына жәрдемдесу мақсатында «Заң Clinic» жобасы 

іске асырылуда.

Жанат АЗАТОВА,  

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ




жүктеу 4,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау