№47 (3072)
22 маусым 2018
zangazet@maiI.ru
6
Білген жөн
ТЕМІРҚАЗЫҚ
Оң қадам
Мінбер
ТІЛДІК ҚАҒИДАТТАРДЫ САҚТАУ
СОТ БЕДЕЛІН ӨСІРЕДІ
ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ХАЛЫҚ
МҮДДЕСІ ҮШІН ЖАСАЛУДА
Елбасымыздың «Қазақ тілінің мем
лекеттік қызметте де, өндірісте де,
ғылымда да, білім беруде де дәл орыс
тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу
қажет», – деген пікірі берік ұстанатын
қағидамыз болуға тиіс. Сот жүйесінде
де тіл туралы қағидаттарды сақтау бас
ты назардағы мәселе.
Осы ретте, біркелкі сот практикасын
қалыптастыру және сот ісін жүргізу тілі
туралы заңнаманы дұрыс қолдану мақ
сатында ҚР Жоғарғы Соты 2016 жылғы
22 желтоқсанда «Сот ісін жүргізу тілі
қағидатын қолданудың кейбір мәсе
лелері туралы» нормативтік қаулы қа
былдады. Аталмыш құжатты дайындау
барысында ҚР Жоғарғы Сотымен сот
төрелігін жүзеге асыру барысында сот
ісін жүргізу тілі туралы қағидатты қол
дану тәжірибесі қорытылған болатын.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес,
Жамбыл облысы соттарының өндірі
сі не 2017 жылы 2755 қылмыстық іс
түссе, оның 1561і қазақ тілінде түскен.
Осы уақыт ішінде 1610 қылмыстық іс
бо йынша 1835 адамға үкім шыққан
болса, соның ішінде 834 қылмыстық іс
бойынша 980 адамға үкім мемлекеттік
тілде шығарылған. Айта кетерлігі, жыл
санап мемлекеттік тілде қаралатын
істердің саны өсіп келеді.
Қылмыстық процесті жүргізетін
органдармен қылмыстық сот ісін жүр
гізу тілі жөніндегі заң талаптары қатаң
сақталады дегенімізбен, кейде бұл
тұста да олқылық кетіп жатады. ҚР ҚПК
30бабының 2бөлігіне сай, қылмыс
тық процесті жүргізетін орган істі басқа
тілде жүргізу қажет болған кезде сот
ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді
қаулы шығаруы тиіс. Мысалы, қылмыс
тық істі сотта қарау кезінде сотталушы
мен оның қорғаушысының арыздары
негізінде сот ісін жүргізу тілі соттың
қаулысы бойынша орыс немесе қазақ
тілдеріне ауыстырылады.
Сот талқылауы басталғанда іске
қатысушыларға ана тiлiне немесе өз
дері бiлетiн басқа тiлге байланысты
құқықтары түсіндіріледі. Яғни, қылмыс
тық істі басты сот талқылауында қарау
барысында іске қатысушы тараптар сот
ісі жүргізілетін тілді білмеген жағдайда,
Бұйрық арқылы іс жүргізу
бірінші саты сотында оңайла
тылған әрі қысқартылған тәртіпте
іс жүргізу болып саналады. Бұл
экономикалық тұрғыдан тиімді.
Себебі, мұнда мемлекеттік баж аз
мөлшерде төленеді.
Бұйрық арқылы іс жүргізудің
басты шарты – сотқа қойылған
талап тардың даусыз болуы. Сон
дық тан, тараптар талап қою
шы, жауапкер деп емес, өндіріп
алушы, борышкер деп аталады.
Бұйрық арқылы іс жүргізумен
ақша өндіріледі немесе жылжы
малы мүлік алып беріледі. Ал,
жылжымайтын мүлікке қатысты
сот бұйрығы шығарылмайды.
ҚР Азаматтық процестік ко
дексінің (одан әріАПК) 135ба
бында сот бұйрығының 18 талап
бойынша қабылданатыны көр
сетілген және бұл түпкілікті тізбе
болып табылады. Көрсетілген
талаптар даусыз болғандықтан,
оларға сот талқылауын жүргізбес
тен сот бұйрығы шығарылады.
Аталған кодекстің 139ба
бына сай, мәлімделген даусыз
талаптың мәні бойынша сот бұй
рығын судья арыз сотқа келіп
түскен күннен бастап үш жұмыс
күні ішінде шығарады.
Сот бұйрығы ол шығарылған
нан кейін келесі күннен кешік
тірілмей оның алынғанын тіркеу
ді қамтамасыз ететін байланыс
құралдары пайдаланыла отырып,
борышкерге тапсырылуы немесе
жіберілуі тиіс.
Құжаттарды жөнелтудің
өзіндік тәртібі бар
Шығыс хат-хабарларын және сот құжаттарын жөнелту
тәртібі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған Азаматтық про-
цестік кодексінің 11-тарауында белгіленген. Бұл заң нормасы
іске қатысатын адамдарға соттың хабарлаулары мен шақырула-
рын жөнелту туралы ережені қамтиды.
Айта кету керек, шығыс хат-хабарлары мен сот құжаттары
сот өндірісінде қаралып жатқан іске қатысты адамдардың
өзінің істегі мәртебесі жайлы және өзіне қатыстылығы бар сот
өндірісіндегі істің мән-жайы, істің қаралатын орны мен уақыты
туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде шығыс хат-хабарлары іске қатысатын адам-
дарға, сонымен қатар, куәларға, сарапшыларға, мамандар мен
аудармашыларға тапсырылғаны жөнінде хабарламасы бар
тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы, ха-
барлау мен шақырудың тіркелуі қамтамасыз етілетін басқа да
байланыс құралдары арқылы хабарлануы немесе шақырылуы
мүмкін.
Ақпараттық технологияны қолдану сот шығыс хат-хабарла-
рын жолдауды жеңілдетіп әрі жеделдетіп отырғаны айқын. Сот
шығыс хат-хабарларының шығыс кеңсесінен ГЭХ (гибридті
электронды хат), «Сот кабинеті», ЭҚАБЖ, «Төрелік» АЖ ар-
қылы тараптарға жолданатыны сөзіміздің дәлелі. Сондай-ақ,
олар қолма-қол да табысталады.
Мәселен, ГЭХ арқылы сот шешімі, бұйрық, ұйғарым және
апелляциялық (жеке) шағымдар, тағы басқалар жіберіледі.
ГЭХ арқылы 40 бетке дейін поштамен қабылданады, поштаға
электронды нұсқасы түсіп, ары қарай тараптарға жөнелтіледі.
«Сот кабинетінде» тараптар жүйенің қатысушысы болса, сот
актілері жолданады. ЭҚАБЖ арқылы мемлекеттік мекемелерге,
ал «Төрелік» АЖ арқылы сот арасындағы істер, хат-хабар-
ламалар, сот жолдамалары секілді және басқа да құжаттар
жіберіледі. Сот шығыс хат-хабарламалары қолма-қол да табыс-
талып, журналға тіркеледі. Әр хат-хабарламаның сәйкестік
журнал нөмірі бекітілген.
Құжатты жолдауға қабылдауды Басқаруды құжаттамалық
қамтамасыз ету жөніндегі (БҚҚ) құрылымдық бөлімше жүзеге
асырады. Оның қызметі – құжаттың дұрыс рәсімделгенін,
негізгі құжаттағы белгіленген қосымшалардың бар болуын
тексеріп, олар дұрыс рәсімделмеген жағдайда, оны орындау-
шыларға қайтарады.
Құжаттарды жөнелту алушының ұялы байланыс нөміріне,
пошталық немесе электронды мекенжайына жөнелтіледі. По-
шталық мекенжайына тапсырыс хат немесе жай хат нысанында
жөнелтілуі мүмкін.
М.КУСАИНОВА,
Алматы аудандық сотының бас маманы
АСТАНА ҚАЛАСЫ
Еліміздің 20102020 жылдарға арналған
құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыс
тық сот ісінің оңтайлы үлгісін жасау, нақты
айтқанда, қылмыстық процесті жеңілдету мен
тиімділігін арттыру, оның ішінде сотқа дейінгі
іс жүргізу тәртібін оңайлату көзделген. Се
бебі, қарапайым істер бойынша шешімдерді
жылдам реттеу, олардың түсінікті, анық та
тұжырымды болуын уақыттың өзі талап етуде.
Қазіргі таңда сотқұқықтық реформалар сәтті
жүзеге асуда деуге толық негіз бар. Мәселен,
Қылмыстық және Қылмыстықпроцестік ко
декстерге өзгертулер мен толықтырулар жа
салды. Қылмыстықпроцестік кодексті алсақ,
оған «Бұйрықтық іс жүргізу» институты енгізіл
ді. Ондағы өзгешеліктерге қысқаша тоқталар
болсақ, күдікті қылмыстық құқықбұзушылық
жасаудағы өз кінәсінің қолда бар дәлелде
мелеріне дау айтпаса, сондайақ, әрекеттері
мен әрекетсіздігінің саралануына, келтірілген
зиянның мөлшеріне келіссе және жасалған
қылмыстық құқықбұзушылықтың санкциясы
негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды
көздесе, күдікті істі дәлелдемелерді зертте
мей, өздерін істі сотта қарауға қатыстырмай,
бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау тура
лы өтінішхат мәлімдесе, жәбiрленушi бұған
келісім білдірсе, қылмыстық теріс қылықтар,
онша ауыр емес қылмыстар бойынша істер
бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралады.
Айта кетерлігі, кәмелетке толмаған немесе
дене, психикалық кемiстiгi салдарынан өзiнiң
қорғалу құқығын өзі жүзеге асыра алмайтын
адамға, әскери немесе құрметті атақтан, сы
ныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден
айыруға қатысты, кодексте көзделген тағы
да басқа жағдайларда бұйрықтық іс жүргізу
тәртібі қолданылмайды.
Сотқа бұйрықтық іс жүргізуді қолдану
туралы қаулымен бірге түскен істі судья үш
күн ішінде ұсынылған материалдар негізінде,
сот отырысынсыз жекедара қарайды. Теріс
қылық бойынша іс жүргізу бұйрықтық іс жүргі
зу тәртібінің енуімен жеңілдетілгенін тәжірибе
көрсетуде. Қылмыстықпроцестік заңнама
дағы осындай жаңашылдықтар өз кезегінде
өндіріс уақытын азайтып, сот ісі мен ісқағаз
дарды жүргізудегі созбалаңды жоюда. Қыл
мыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес
қылмыстарды бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен
қараудың басты ерекшелігіне жәбiрленушi,
азаматтық талапкер мен жауапкердің келісім
дерн жатқызуға болады.
Қылмыстықпроцестік кодекстің жаңа нор
малары қылмыстық құқықбұзушылық туралы
істердің тез арада шешімін табуына, соған
қоса, айыппұл салу туралы сот үкімінің тез
орындалуына ықпал етеді. Өйткені, бұйрық
бойынша іс жүргізу сотталушының ықтия
рымен жүзеге асады. Мұндай игілікті өзгеріс
тер сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының
жұмысын жеңілдетумен бірге, айқын қыл
мыстық істерді аз уақытта аяқтап, бұзылған
құқықтарды тез арада қалпына келтіреді.
Ал, құқық қорғау мен сот органдары бар
жігеркүші мен уақытын күрделі қылмыстық
істерге жұмсайды. Бұл ретте уақытпен қоса
мемлекет қаражаты үнемделеді. Заңдағы
кез келген жаңашылдық қарапайым халық
мүддесі үшін, яғни, олардың құқықтары мен
бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз
ету мақсатында жасалуда. Сондықтан, осын
дай оң істерді БАҚтар арқылы насихаттап,
халықтың құқықтық сауатының артуына әсер
ете білсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Серік МАХАМБЕТОВ,
Ырғыз аудандық сотының судьясы
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
міндетті түрде аудармашы қатысты
рылуы қажет. Басты сот талқылауында
төрағалық етуші судья аудармашыға
ҚР ҚПКнің 352бабына сәйкес, ҚПК
нің 81бабында көзделген аудар
машының құқықтары мен міндеттерін
түсіндіріп, аудармашы дұрыс аударма
жасамаған жағдайда оған қылмыстық
жауаптылық бар екені ескертiліп, бұл
туралы одан қолхат алынады. Бұдан
соң төрағалық етуші судья ҚПКнің
353бабына сәйкес, іске қатысушы
лардан аудармашыға қарсылық бар
жоғын анықтайды. Қарсылық түскен
жағдайда, төрағалық етуші судья қар
сылықты ҚПКнің 92бабы талабына
сәйкес шешеді.
ҚР Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6
желтоқсандағы «Қорғану құқығын рет
тейтін қылмыстық іс жүргізу заңнама
сын қолдану тәжірибесі туралы» №26
нормативтік қаулысының 9тармағына
сәйкес, сезіктінің, айыпталушының,
сотталушының қорғану құқығының
бұзылуын тек қорғаушыны бермеу ғана
емес, сондайақ, олардың процессу
алдық құқықтарын, атап айтқанда, ана
тілі немесе басқа білетін тілді пайдала
ну, түсініктеме беру, айғақтар ұсыну,
дәлелдеме келтіру, өтініш мәлімдеу,
дәлелдемелерді зерттеу және сот жа
рыссөзіне қатысу, соңғы сөз сөйлеу,
қылмыстық процесті жүргізетін орган
дардың ісәрекеттері мен шешімдеріне
шағымдану және т.б. құқықтарын шек
теуі де – қорғану құқығын бұзушылық
деп танылуы мүмкін екендігін ескерген
жөн.
Жоғарғы Соттың «Сот ісін жүргізу
тілі қағидатын қолданудың кейбір
мәсе лелері туралы» №13 нормативтік
қау лысының 9тармағына сай, егер
қор ғалуға құқығы бар куә, күдікті,
айып талушы, сотталушы, сотталған,
ақтал ған және өзіне қатысты әкімшілік
құқықбұзушылық туралы іс жүргізіліп
жат қан адам сот ісі жүргізілетін тілді
білмесе немесе жеткілікті түрде білме
се, онда сот процесіне қорғаушының
қатысуы міндетті. Сотталғанның ана
тілін, аудармашының қызметтерін пай
далану, қорғалу құқығының бұзылуы
қыл мыстықпроцестік заңды елеулі
түрде бұзу деп танылып, ол жөнінде сот
актілерінің күші жойылады.
Қылмыстық қудалау органдары сот
қа дейінгі тергептексеруді көбінесе өз
деріне қолайлы орыс тілінде жүргізетін
дігі сот практикасынан мәлім. Күдікті
немесе айыпталушы процессуалдық
тәртіпте тәуелді болғандықтан, аталған
органдардың ырқына көнуге мәжбүр
болып, тергеу органдарының қалаған
тілінде істі жүргізу туралы өтініш білдіру
жағдайлары да кездеседі. Қылмыстық
сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға
істің олар үшiн қажеттi, басқа тiлде жа
зылған материалдарын қылмыстық сот
iсiн жүргiзу тiлiне аудару тегiн қамтама
сыз етiледi.
Сотқа дейінгі тергептексеру ба
рысында кейбір қылмыстық істер бо
йынша жәбірленушілердің арыздары,
тергеу амалдарының хаттамалары, са
раптама қорытындылары орыс тілінде
дайындалғанына қарамастан, тергеу
шімен аудармашы қатыстыру мәселесі
шешілмейтінін, аталған құжаттардың
аудармасы жасалмайтынын да атап
өткен жөн. Сонымен қатар, кейбір қыл
мыстық істер бойынша тергептексеру
органы істі қазақ тілінде жүргізгенімен,
сараптама орыс тілінде жасалатын
жағдайлар да кездеседі. Сондықтан,
сот ісін жүргізу тілін заңға сәйкес дұрыс
қолданып, тіл өндірісін бұзуға жол
бер меу қажет. Бұзылған жағдайда, сот
тарапынан тергептексеру органына
жеке қаулы шығарып, нақты лауазым
ды тұлғаның жауапкершілігін шешу
қарастырылған.
Жоғарыда атап өткен №13 нор
мативтік қаулының 11тармағында
процес тік құжаттарды жасаған кезде
олардың мазмұны мен сот ісін жүргізу
тілінің лингвистикалық (тілдік) қағи
даларына қойылатын талаптарға на
зар аудару қажеттігі атап көрсетілген.
Сондықтан, сот ісін жүргізу тілі туралы
заңнаманы қолданудағы олқылықтар
ды болдыр мау және біркелкі сот
тәжіри бесін қалыптастыру республика
соттарының әрдайым назарында.
Рашид ДОСЫМКУЛОВ,
Жамбыл облыстық сотының
судьясы
БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ
ІС ЖҮРГІЗУ ТИІМДІ
Борышкер мәлімделген талап
қа қарсылығын сот бұйрығын
шығарған сотқа сот бұйрығы
ның көшірмелерін алған күннен
бастап немесе оның шығарылға
ны туралы оған белгілі болған
күннен бастап он жұмыс күні ішін
де жіберуге құқылы.
Борышкердің қарсылығы сот
бұйрығын беру туралы арызда
көрсетілген дау нысанының бар
екені туралы тиісті дәлелдеме
лермен расталуы тиіс. Электрон
дық құжат нысанында беріле
тін қарсылықтарға құжаттардың
электрондық көшірмелері қоса
беріледі.
Егер борышкерден белгілен
ген мерзімде мәлімделген тала
пқа қарсылық келіп түссе не егер
сот бұйрығында құқықтары мен
міндеттері қозғалған басқа да
адамнан шығарылған сот бұй
рығының заң талаптарына сәйкес
еместігі туралы арыз келіп түссе,
судья сот бұйрығының күшін жоя
ды.
Судья қарсылық немесе арыз
келіп түскен күннен бастап үш
жұмыс күнінен кешіктірмей сот
бұйрығының күшін жою тура
лы ұйғарым шығарады. Ұйға
рымда өндіріп алушы мәлімдеген
талаптың талап қою іс жүргізуі
тәртібімен берілуі мүмкін екені
түсіндіріледі. Сот бұйрығының
күшін жою туралы ұйғарымның
көшірмелері ол шығарылғаннан
кейін келесі күннен кешіктірмей
өндіріп алушыға және борышкер
ге жіберіледі. Сот бұйрығының
күшiн жою туралы соттың ұйға
рымы шағым жасауға және про
курордың өтінішхаты бойынша
қайта қарауға жатпайды.
Сот бұйрығының күшiн жою
дан бас тарту туралы соттың ұйға
рымына жеке шағым берілуі, про
курор өтінішхат келтіруі мүмкін.
Егер белгіленген мерзімде
сотқа борышкерден қарсы лық
келіп түспесе, судья соттың мөрі
мен куәландырылған сот бұй
рығын оны борышкердің тұрғы
лықты жеріндегі тиісті әділет
ор ганына орындауға ұсынуы үшін
өн діріп алушыға береді.
Светлана ЖУЫНТАЕВА,
Қызылорда облыстық
сотының судьясы