«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
ТАҚЫРЫПТЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Болашаққа бастар жол»
Күні: 09.11.2015 ж.
Дайындаған оқытушы:
Раева Р.С.
2015-2016 оқу жылы
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралды және талқыланды
Протокол № _____ «____» __________ 2015 ж.
Циклдық комиссия төрайымы ________________ Л.А.Мукушева
«Болашаққа бастар жол» топ сағаты
Өткізілуі:
Күні: 09.11.2015 жыл
Мақсаты:
Студенттердің үлкен өмірге нық қадаммен аттауына ат салысу, психикалық тұрғыда өмек көрсету, жол сілтеу.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
ІV. Қорытынды сөз
Топ сағатының өту барысы:
КІРІСПЕ
Ең қиын мамандық - адам боп қалу
Хосе Хулиан Марти
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Дегенмен, Массагет.кз сайты ең алдымен жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес береді.
Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.
1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»
Біліктілігі: 1304043 – Техник бағдарламашы, оқыту тілі: мемлекеттік, орыс.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» дайындығының бағыты адам қызметінің әр түрлі саласында ақпаратты қолдану мен түрлендіру, сақтау мен жинақтау, ізденуге байланысты ақпараттық технологиялар сұрақтарымен айналысады. Ақпараттық технологияларды меңгеру қазіргі уақыт нормасы. Аталған бағыт аясында кәсіптік бағдарламашыларды, қолданбалы бағдарламалық қамтамысыз ету мен жүйелік әзірлеушілерді дайындау іске асады. Мамандық түлектерін дайындаудың сұранысы өте жоғары - көп жылдан бері бұл сұраныс күн тәртібінен түспеді. Түлектер жетекші ИТ-компанияларда жұмыс істейді.
Қызмет түрлері:
Деректер базасына қызмет көрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу;
Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;
Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) » мамандығының түлектері ІТ мамандығы ретінде жұмыс жасай алады:
банктарда, банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу мен қызмет көрсету;
өндірісті басқару мен жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін құрай отырып, тұтастай сала мен жекелеген мекемелерді басқару;
ақпараттық анықтамалық жүйелер мен көпшілік қызмет көрсету жүйелеріне кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет көрсету мен әзірлеу;
компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын диагностикалау мен жөндеу бойынша сервис орталығы.
1 тапсырма- Қанатты сөздер. Әр студент өз ойын айту керек.
Адам мақсатына арамдықпен жете алмайды.
К.Маркс
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге
Абай
Біле бер қанша білсең- - тағы тіле
Жетерсің мақсатыңа біле-біле
Ж.Баласағұн
2 тапсырмада « Мамандықты қалай таңдадың/ Как вы выбрали профессию?»-деген тақырыпта оз ойын айту. Әр бала қысқаша өз ойын білдіреді. (2-3 мин)
РЕЗЮМЕНІ ҚАЛАЙ ҚҰРАСТЫРУ КЕРЕК?
15—20 секунд — бірінші іріктеуде сіздің резюмеңізге бұдан көп уақыт жұмсамайды. Осы уақытта қызметкерлер бойынша менеджер сізді «келешекті ізденушілер» санатына немесе «мүлдем келіспейтін» контингентке белгілейді. Контигент қатарына түспеу үшін, резюмені дұрыс үлгі бойынша жазыңыз.
Резюме жеңіл және құрамы бойынша нақты болуы керек. А4 бетінен көп емес. Қалғанын әңгімелесуде айтасыз. Шрифт — Times New Roman, өлшемі — 12—14 пункт. Ирек (курсив) немесе астын сызудан гөрі, қоюмен белгілегеніңіз дұрысырақ. Резюме қысқаша абзацтарға бөлінеді. Ешқандай рамка және экзотикалық белгілерді қолданбаңыз.
Әдетте резюме 6 бөлімнен тұрады: «Ізденушінің жеке мәліметтері», «Болашақ жұмысқа ұсыныстар», «Жұмыс тәжірибесі», «Кәсіби әдеттер», «Білім», «Қосымша ақпарат». Оларға не жазу керектігін төменде қарастырамыз.
1. Ізденушінің жеке мәліметтері
Аты-жөні. Байланысу мәліметтері (мекен-жайы, телефон, электронды пошта). Туылған күні.
Астаналық милициядан қорыққан басқа қалалардан келген ізденушілер қай мекен-жайда тіркелгенін, ал қай мекен-жай бойынша тұратынын толық баяндайды. Бұл жұмыс берушіні тек алаңдатады. Бұл нақтылықтарды одан да әңгімелесуде айтқан жөн болады.
Көрсетілген телефон номірі бойынша өзіңіз жауап бергеніңіз дұрыс. Егер сіз үшін таныс-туыстарыңыз жауап берсе, оны жарнамалаудың қажеті жоқ. Олар: «Иван Иванович қазір үіде жоқ, оған не айтайын?» - деп жауап берсін.
Егер жасты өзіңіздің артықшылдығыңыз деп есептесеңіз, туылған күнінізді көрсетіңіз. Әйтпесе оны көрсетпеген дұрыс.
Дұрыс емес
|
Дұрыс
|
Мұнда және мысалдарда шынайы резюмеден алынған цитаталар.
ПЕТРОВА Светлана Ивановна
Тұрақты тіркелу мекен-жайы: Самара қ., Киров көш., 2үй, 8 пәтер.
Уақытша тіркелу мекен-жайы: Мәскеу қ., Тополиная аллея, 12/2 үй, 90 пәтер.
Нақты тұрып жатқан жерім: Мәскеу қ., Сормовский даңғ., 45 үй. (жатақхана).
Байланысу телефоны: ХХХ-ХХ -ХХ (Полина Евгеньевнаны сұраңыз немесе Светлана Ивановна үшін хабарландыру қалдырыңыз).
Туылған күні: 18 тамыз 1952 жылы, бірақ өзімді 35-жасар адам сезінемін!
|
Бұл және төмендегі үлгілі мысалдар. Ең бастысы есіңізде болсын: сіз— Петр Алексеевич Романов емессіз.
РОМАНОВ Петр Алексеевич
Туылған күні: 24.07.1980.
E-mail : peter.romanov@mail.ru.
Телефон: 8 ХХХ ХХХ-ХХ -ХХ (моб.), ХХХ-ХХ -ХХ (үй).
Мәскеу қ., Зеленая көш. 1үй, 11 пәтер.
|
2. Болашақ жұмысқа ұсыныстар
Бірден бірнеше қызметтер көрсетпеңіз. Әрқайсысы үшін жеке резюме жасаңыз. Қызмет атауы бос орын туралы жарнама сияқты болғаны дұрыс.
Дұрыс емес
|
Дұрыс
|
Қызмет: ұсыныңыз!
Іздеп жатырмын: кез келген жоғары төленетін жұмыс.
Мамандандыру: әкімші, тинейджерлер өміріндегі заманауи бағыттарға шолу, аудармашы, сарашы, ДК пайдаланушы, қиын емес жұмыстарды орындау, дыбыс файлдардың мағынасын ашу
|
Болашақ жұмысқа ұсыныстар:
Қызмет: маркетинг бөлімінің бастығы.
Жұмыс кестесі: толық жұмыс күні.
Еңбекақы: 40 000 рубль.
|
3. Жұмыс тәжірибесі
Қойылған мақсатқа сәйкес келетін ғана жұмыс тәжірибесін сипаттаңыз.
Соңғы 5 жұмыс орының керісінше хронологиялық тәртіппен тізбелеңіз, яғни соңғысынан бастап.
Әр абзацта келесіні көрсету керек: жұмыс кезеңі, компания немесе кәсіпорын атауы, қызмет саласы, сіз алған қызмет және сіздің міндеттеріңіз.
Дұрыс емес
|
Дұрыс
|
Жұмыс тәжірибесі:2 ай бағдарламаушы-монтажшы, 6 ай МОСЭНЕРГО темірші-механик қызметінде, 4 ай нарықта саудамен айналыстым.
Жұмыс тәжірибесі:
Көптеген баспалармен істедім...Мінезім сабырлы, кішкене ашкөзбін (шамамен). Жұмыс істегенді жақсы көремін. Жұмыс істегім келеді. Жұмыс істей аламын. Бухгалтерия, PR-акциялар, бастапқы құжаттарды ресімдеу туралы түсінігім бар (түсінемін), жалпы 5 жылда бірдемелерді үйрендім.
Қызмет міндеттері: «айтқан нәрсені орындау».
|
Жұмыс тәжірибесі:
Қыркүйек 2005 — қазіргі уақыт
«Последняя» компаниясы
Қызметі: маркетолог.
Қызмет міндеттері: жоспарлау, маркетингтік шараларды дайындау және өткізу, орындалуын бақылау; жарнама агенттіктерімен жұмыс.
Сәіур 2003 — тамыз 2005
«Предпоследняя компания» ЖАО
Қызметі: жарнама менеджері.
Қызмет міндеттері: компанияның жарнама шараларының жоспарын өткізуге қатысу; жарнама агенттіктерімен, баспаларымен жұмыс
|
4. Кәсіби әдеттер
«Жұмыс тәжірибесі» бөлімінде, «Міндеттерде» сіз сіз белгілі қызметте алынған әдеттеріңіз туралы жаздыңыз. Ал енді қорытыңды жасаңыз — жаңа жұмыс берушіні қызықтыратын барлық қабілеттіктеріңізді көрсетіңіз.
Осы бөлімде компьютерді, шетел тілдерін білу дәрежесін жазыңыз. Сонымен жұмыс үшін қажет басқа да білімдер мен қабілеттіктерді көрсетіңіз.
«Сабырлық», «байланысқа бейімділік» сияқты мағынасыз сөздерді қолданбағаныңыз дұрыс.
Дұрыс емес
|
Дұрыс
|
Кәсіби әдеттер:
Мен байланысқа бейімдімін, сабырлымын, шешім қабылдауда тәуелсізбім, кез келген қызмет саласына жеңіл бейімделемін, ұқыптымын, сауаттымын және жалпы жақсы адаммын.
|
Кәсіби әдеттер:
Маркетингтік зерттеулер өткізу. Ассортимент саясатын құрастыру, баға қалыптастыру.
Медиажоспарлау. Мердігерлермен жұмыс (РА, баспаханалар, суретшілер, копирайтерлер, дизайнерлер). Жарнама кампанияларын ұйымдастыру: ATL и BTL. Маркетинг бөлімін басынан құру тәжірибесі бар.
ДК білу: Word, Excel, PowerPoint, CorelDraw, PhotoShop.
Неміс тілі — еркін, ағылшын — сөйлесу.
|
5. Білім
Алдымен осы қызметке үміттенуге мүмкіндік беретін негізгі білімді айту керек. Оқу мекемесін, оқу жылдары мен берілген біліктілікті көрсетіңіз.
Бос орынмен байланысты болса, қосымша білімді (курстар, тренингтер, біліктілікті арттыру және т.б.) көрсетіңіз.
Дұрыс емес
|
Дұрыс
|
Білім:
1980 — 1990 орта мектеп 67, Торжок қ., Владимир облысы,
1990 — 1992 ПТУ 5, Вышний Волочка қ. — «иiретiн жабдықтың ұстасы» мамандығы берілген,
1995 — тігу және пішу курстары,
1997 — жүргізуші курстары,
1998 — шаштараз курстары,
2000 — хатшы курстары.
|
Білім:
1997—2002
М. В. Ломоносов ат. Мәскеу Мемлекеттік Университеті, психология факультеті, «Әлеуметтік психолог» мамандығы.
Сәуір — мамыр 2003
Германияда BMW компаниясының бас кеңсесінде, маркетингтік коммуникациялар бөлімінде іс-тәжірибе.
|
6. Қосымша мәліметтер
Бұл резюменің факультативті, міндетті емес бөлігі. Бірақ көптеген жағдайларда, ол пайдалы болады. Мұнда сіз айтқыңыз келген, бірақ үлгермегендігіңізді көрсетіңіз. Барлығын жазудың керек жоқ – осы қызметке сәйкес мәліметтерді ғана жазыңыз.
Айтайық, болашақ сауда өкілі жүргізуші куәлігі және жеке көлігі жайында айтуы мүмкін, ал логистика бойынша менеджер – шетел құжаты жөнінде.
Егер сіз іс-сапарларға дайын болсаңыз, оны да осы жерде жазыңыз.
Жеке қасиеттер мен хоббиді жазуға болады. Өмірлік позицияны немесе отбасы жағдайын баяндауға болады. Бірақ бұның жұмысқа қатысы болмаса – көрсетпеген жөн.
Сіз каскадер қызметіне үміттенеді дейік. Онда сіз бос уақытыңызда 50 метрлік қарағайдан секіргенді ұнататыңызды жазыңыз. Бірақ бұл хобби кітап дүкенінің кеңесшісі қызметіне резюмеде қисынсыз болады. Мұнда жексенбілік поэзия әуесқойлар клубы орынды болады.
Дұрыс емес
|
Дұрыс
|
Қосымша мәліметтер:
Жүйелімін. Үндемей жүре аламын. Хобби — футбол, жеңіл атлетика. Дәрiгерлермен ренжiтпегенмін. Әйелім, қызым, немерем, күйеу балам бар.
Шетел тілдері: украин тілі — түсінемін, оқимын, жазамын, бірақ сөйлемеймін.
Ағылшын тілі — сөйлей алмау деңгейінде.
ДК батыл пайдаланушы.
Интеллект бар, жұмсақпын, бірлескенмін.
Толық серпумен жұмыс iстеуге дайынмын, бiрақ интимды ұсынбаңыз.
Өмірлік ұстаным: "Спортсыз күн жоқ!"
|
Қосымша мәліметтер:
«В» санатындағы жүргізуші куәлігі, жүргізу өтілі 10 жыл, меншік Mazda көлігі бар.
Жиі іс-сапарларға дайынмын.
Бойдақпын.
|
4 негізгі ВТ тобы арнайы дайындаған «Болашаққа бастар жол» - атты колледж бітіргеннен кейінгі өз болашағын елестету видеоролигі интербелсенді тақтада қосылады. (10 мин)
Жұмысқа орналасытартын мемлекеттік бағдарламалар:
Университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасу бақыты өкінішке орай, барлық диплом алған мамандарға бұйырмаған. Жұмыс беруші көп жағдайда жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді алуға мүдделі. Бұл жағдайда кешегі түлек, бүгінгі маманға көмекке «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық қоры» бағдарламаларын іске асыратын мемлекет келеді.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы
Оқу орнын ақтағаннан кейін жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін мемлекет алтыайлық жастар тәжірибесін өтуді көздейді.
Диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (аудан) әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш мамандардың бірыңғай базасын қалыптастырады және жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағыт бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі.
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады.
Жастар тәжірибесіне бағытталған бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы төлемі 17,2 айлық есептік көрсеткіштерді (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмағае еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтерін шегерусіз) құрайды.
Егер жұмыс беруші тәжірибе кезінде сізді өз компаниясы үшін сай келеді деп таныса – ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы. Жас маман үшін бұл нұсқа неғұрлым қолданылымды, осыған қарамастан тәжірибеде өзіңді және өзіңнің кәсіби дағдыларыңды көрсету қажет екендігін естен шығармаңыз.
Бағдарлама алынған мамандық бойынша түлектердің бастапқы жұмыс тәжірибесін арнайы алуына арналған.
Бағдарламаға қатысу үшін түлекке мыналар қажет:
Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына жүгіну.
Жұмыссыз ретінде тіркелу (жасы 29-дан артық емес).
Құжаттарды беру:
жеке куәлік;
диплом;
үй кітапшасы немесе мекен-жай парағы ;
зейнетақы қорынан шарт;
Халық банкінен ағымдық дербес шот;
денсаулық жағдайы туралы анықтама ф.086.
Бұдан басқа «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында кәсіби білім беру орындарының базасы қалыптасады және «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.
«Дипломмен - ауылға»
ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:
білім беру;
денсаулық сақтау;
әлеуметтік қамтамасыз ету;
мәдениет және спорт;
ветеринария.
Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:
70 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
бюджетный кредит для приобретения и строительства жилья сроком на 15 лет, со ставкой вознаграждения в размере в размере 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру.
Бағдарламаға қатысу үшін:
сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.
Жобаға қатысуға арналған құжаттар тізімі:
нысан бойынша өтініш ;
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі ;
жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметпен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітапшасы) немесе мекенжай анықтамасы;
білім туралы дипломның көшірмесі;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сату-сатып алу туралы алдын-ала шарт;
жылжымалы мүлікті бағалау акті (бюджеттік несиені алу үшін);
тұрғын үйдің құрылысына ұсынылған жер учаскесін пайдалану құқығына акт.
Соңғы үш жылда «Дипломмен ауылға» жобасының аясында республиканың ауылдық елді мекендеріне 24 577 маман қатыстырылған.
«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы
ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды.
2009 - 2012 жж. аралығында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 8 000 астам жастар өтінім берген, олардың ішінде 308 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқыту модульдерінен, кәсіби құзыретті бағалаудан, әр түрлі ұйымдардан тағылымдамадан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ жетекші өкілдерімен кездесті.
2013 жылы жобаны іске асыру сондай-ақ жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызметті қосуды болжайды:
Мемлекеттік қызмет .
Бизнес-қауымдастық.
Қоғамдық саяси қызмет.
Іріктеу туры бірнеше кезеңдерде өтеді:
Жобаның ресми сайтында анкета толтыру, ресми өлшемдер бойынша анкетаны бағалау (жасы, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылар, зияткерлік әлеуетті бағалау, эмоционалдық интеллек, эссе және т.б. жазу). Бастапқы іріктеу нәтижесінде келесі кезеңге 300 конкурсант жіберілетін болады.
Логиканы тестілеу, мемлекеттік тілді білуі және жобаның қатысушысының псхологиялық суретін анықтау (тестілеуді өткізу орны және кестесі іріктеудің 2-кезеңіне өткен 300 конкурсанттың нәтижелерін жариялағаннан кейін анықталатын болады).
Біліктілікті бағалауға сұхбаттасу жобаның 32 үздік қатысушысын анықтайды (әр аймақтан 2 конкурсантбойынша). Сұхбат республика аймақтарында дирекция мүшелерімен, аймақтық үйлестірушілермен, «Болашақ» Қауымдастығынан сарапшылармен және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен жүргізілетін болады.
Бұдан әрі, конкурсқа қатысушылар жетекші отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен дәрістерді, семинарларды тренингтерді, мастер-класстарды, асессменттерді (кәсіби біліктілікті бағалау), сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтуді қамтитын оқыту модульдер өтеді.
Жобаның қорытындылары бойынша неғұрлым жоғары рейтинг жинаған 32 конкурсқа қатысушы сертификат алады және мемлекеттік қызметке, бизнес саласына және қоғамдық қызметке келіп түскенде барынша жоғары лауазыммен айналысу үшін резервте тұрған адамды жылжытуды қарастыруға ұсыну болып табылатын кадрлық резервке тіркелетін болады.
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (салалары бойынша) мамандықтарын даярлайтын университеттер (Семей қаласы бойынша):
Шәкәрім атындағы СМУ, оқу ақысы – 346 000 тг.;
Қазақстан инновациялық университеті, оқу ақысы – 185 000 тг.
Начало формы
Конец формы
ҚОРЫТЫНДЫ
Қай халық үшін де ұрпағының ілімі мен білімі, тәлімі мен тәрбиесі – ең алдымен оның ертеңгі ырысы мен елдік жолдың дұрыстығының кепілі. Өйткені кез келген жетістік пен жаңалықтың қасында даму мен даралықтың басында білім мен ғылым тұр. Содан болар – біз қашаннан «дүниенің кілті оқу білімде» деген ата сөзін ұстаған табиғатынан білуге үйреніп түюге құмар болған дара халықпыз!
Тәуелсіздіктің алғаш таңынан оның бүгінгі баянды бабына дейін талай жасампаз жоба, жаңа бастамалар қолға алынып, азды-көпті жетістіктерге жетіп отырмыз.
Шын мәнінде, жинақтаған тәжірибені жалғастырып қана қоймай, сондай-ақ заманауи білім беру қарымын айқындайтын дәстүрді ұстанып келе жатқан «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» әр қайсыңыздың жүрегіңізден лайықты орын алып отыр деп сенемін!
Алайда уақыт бір орында тұрмайтынын ескерсек, қазіргі дамыған экономика, бәрінен бұрын интеллектуалдық ресурстардың өрелі әлеуетіне арқа сүйейтініне көз жеткіземіз. Бәсекеге қабілеттілікте техникалық құралдарға емес, осынау технологияны жасап шығаратын адамға байланысты болады.
Сондықтан да біздің ұстаздар заманауи оқыту негізінде, ең алдымен, өзгенің ойын көз жұмбайлықпен бойға сіңірмей, өзіндік ойлау жүйесіне өріс ашатын баланың ақыл ой-қабілетін дамыту тұрғысында жұмыс жасады.
Біздің колледждегі дәстүрлі түрде қалыптасқан темірдей тәртіпке негізделген қаржы мен спорттың, компьютермен өнердің бір-бірінен ажырамай келіп ұштасуын бүгінгі алдарыңызда отырған жас маман иелерінен көруге болады деп сенемін!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру керектігі жөніндегі салиқалы тапсырмасын орындау үшін Роллан Мусин ағамыз салып берген құндылықтар жолымен арамызда отырған Тілеуғали Темірғалиұлы сынды ағамыздың көрсеткен айқынды бағыт – бағдары біздің колледж ұжымы әлі де талай жетістіктерге жетелейтініне кәміл сенімдімін.
Ендеше, бүгінгі бітіруші түлектерге колледжде алған тиянақты білімдері мен тәлім тәрбиелерінің арқасында отанымыздың білікті де білгір, елімізге, туып -өскен топыраққа деген, оқып-тоқып білім алған колледжге деген өшпес патриоттық сезімнің арқасында Қазақ еліне, Қазақстан Республикасына еңбектеріңнің сіңгенін қалаймын!
Үлкенді сыйла,
Басыңды иіп іні бол!
Кішіні сыйла,
Олардың тірі пірі бол!
Шалқадан жатқан,
Кеудесін қаққан ер болмай,
Атағы шыққан,
Қазақтың мықты бірі бол!
Баршаңызға мейлінше жақсылықтармен табыстар тілеймін!
Оқытушы Р.С. Раева
Достарыңызбен бөлісу: |