Кітапханадағы кітап оқуды ынталандырудағы көпшілік шаралар



жүктеу 41,8 Kb.
Дата20.01.2018
өлшемі41,8 Kb.
#7679
түріСеминар

Кітапханадағы кітап оқуды ынталандырудағы көпшілік шаралар

(«Массовые программы библиотеки по продвижению чтения»)

30 мамыр күні Глубокое аудандық кітапханасында «Кітапхананың кітап оқуды ынталандырудағы көпшілік шаралары»тақырыбы бойынша семинар болды. Семинарды А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана мен Глубокое орталықтанған аудандық кітапханасы бірігіп өткізді.

Бағдарламада семинардың міндет мен мақсаты белгіленді. Онда кітап және оқырмандардың кітап оқуын құмартуды ынталандыру, кітапхананың белсенділік рөлін көрсете білу. Білім көтеруде, оның ішінде әсіресе балалар мен жастарды кітап оқуға тартуға ықпал ету. Кітап қорлары мен электронды коллекцияларын көпшілікке паш ету. Оқырман белсенділігі және оның мәдени қолданысын арттыра түсіру сияқты мақсаттар қойылған.

Семинарға жалпы 20 кітапханашы қатысты. Облыстық кітапхананың мамандары «Оқырман Қазақстан» бағдарламысымен таныстыртып, қызықты шараларды дайындау мен өткізу тәжірибелерін ортаға салды. Кітап оқуды қызықтырудағы инновациялық іс-тәжірибелерді кітапхананың оқу залының меңгерушісі Абенова Бахтина Қалмақбайқызы мен осы залдың бас кітапханашысы Абдеева Яна Борисовна жан-жақты айтып берді. Әсерлі әңгіме мен көрнекті безендірілген өткен шаралардың слайд беттерді жария етіліп көрсетілді. Өз істеріне бей-жай қарай аламайтын, жаңашылдыққа құштар, шығармашылықпен жұмыс істейтін әріптестер қызыға тыңдап, қажет кезде жазып, пікір таластыртып отырды. Мамандарға белгілі кітап көрмесі қандай дәстүрлі кітапханалық жұмыс десек те, оның өзі сан қилы. Кітап көрмесінің өзіне қаншалықты назар аударуға болатынын, оған қазіргіше инновациялық түрде қалай өткізуге болатынын көрсетіп, айтып берді. Кітапханада өтіп жатқан кездесу, видеозал, дискуссиялық клуб, диалог-шолу, дауыстап оқу, ойын-саяхат, слайд-шоу, кітаби жиындар, медиа-таным,.халықаралық ресурстар орталығындағы СД-оқулар, экспресс-тренингтер, онлайн-тестілеу, веб-викториналар, флэш-моб жаңашылдықтың белгілері.жайында әңгімеленді.....

Кітапхана ішінде оқырмандардың мүдделестер клубы жұмыс істейді. Олар «Прекресток миров» фантастар және «В кругу друзей» клубтарының бар екенін, оның мүшелерінің барлығы кітапхананың көпшілік шараларының белсенді мүшелері -оқырмандары. Фантастар клубының қызметін 15 жылдай басқарып келе жатқан кітапхананың «ең үздік кітапханашысы» Яна Абдеева «Перекресток миров» клубының мүшелері, жиындары, бас қосулары туралы айтып берді.

Жақында 15 мамырда биылғы жылы Ресей елінің өзімізбен шекаралас жатқан Рубцовск қаласында ғылыми-конференция болды. Қалалық кітапхананың 85 жылдық мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылған кездесу «Кітап оқудағы инновацияны қолдану» деп аталған. Бұл жиынға қатысқан біздің мамандар жақын шетелдік кітапханашылардың жақсы істерін жадына тоқып келді. Сөйтіп, «жақсыны көрмеске!» дегендей өз көздерімен көріп, кітапханашылармен жүздесті. Семинарда ресейліктердің, оның ішінде Новокузнецк, Барнаул, Змеиногорск қалаларының және Алтай өлкесінің аудандық-ауылдық кітапханашы мамандарының қатысты. Кітап оқуды ынталандырудағы инновациялық жаңалықтар жөнінде комментарий жасап, олардың түрлері мен тәсілдері туралы ауыл кітапханашыларына айтып берді.

Ал біздің кітапхана мамандары Бахтина Қалмақбайқызы мен Яна Борисовна ресейліктердің назарына «Оқуда шек жоқ» деп аталатын көрнекті безендіріліген баяндама-слайд ұсынды. Әріптестерді республикалық «Бір ел – бір кітап» акцияның өту ауқымы, шаралардың сан қилы болуы, библиокеруен және флеш-моб тәсілдерімен таныстырған.

Кітапхананың болашағы, әрине жастармен байланысты. Мамыр айының 22-23 күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Кітапханашылар ассоциациясы жас кітапханашылардың алғашқы слетін өткізді. Слеттің мақсаты – Қазақстан кітапханаларындағы жас мамандарды орнықтыру, кітапханашы мамандығығының позитивті имиджін нығайту, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға ұсыну мақсатында келешегі бар деген мамандарды анықтау еді. Семинарда осы Слетке қатысушы облыстық кітапхананың Халықаралық ресурстар орталығының кітапханашысы Тлеубекова Назымгул сөз алып, жастар форумынан, Астананың тамаша көріністерін алған әсерлерін айтып берді. Кітапханашы мамандығы -жастар мамандығы. Біздің облыстан қатысқан жас кітапханашылар, олар – Құдайбергенова Нұргүл, Тілеубекова Назымгүл, Омарова Әсел, Фомина Любовь, Мақаева А.

Тлеубекова Назымгүл семинарда «Балалар секторында» кітап оқуды ынталандырудағы балалар арасында жүргізіліп жатқан көпшілік шаралары туралы айтты. Осындай қызықты инновациялық жұмыс түрлерін, ойынмен, сабақпен, театрландырылған көріністермен байланыстырылып өткізуге болатын туралы ұсыныс жасады. Мұндай қызмет түрлерін өз кітапханаларыңызда да өткізіліп жатқан болу керек, деді.

Семинар соңында «Кітап тақтан да қымбат» викторина-шоу өткізілді. Викторинада сұрақтар қойылып, оған кітапханашылар қызыға жауап берді. Бұл жерде кітапханашылардың білімпаздықтарын көрсете білді.

Глубокое орталықтанған аудандық кітапхана ұжымы ауыл кітапханаларының басын қосып, қазіргі кездегі проблемалық тақырыпты қозғады. Ауыл кітапханашыларына аудандық кітапхананың осындай басқосу қаншалықты пайдалы екенін шығармашылыпен жұмыс істейтін мамандар сезінеді. Орталықтанған аудандық кітапхана жүйесімен облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханашылар өз тараптарынан тәжірибе алмасуға арналып ұйымдастырылған семинар болды.

Облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханасының әдістеме орталығы облыс кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу семинарлары, онлайндық дискуссия сағаты ұйымдастырылуда. «Әдіскер сағаты» онлайндық дискуссиясын өткізу әдетке айналды. Онлайн дискуссия кітапханашыларды толғандырып жүрген проблемалық тақырыптарды ортаға салып талқылауға жағдай жасалған. Әрине, бүкіл облыс кітапханашылары Интернет желісімен қамтылмағандықтан тек он орталықтанған аудан кітапханаларымен «чатқа» шығу мүмкіндігі бар болып отыр. Болашақта тағы да Интернет желісіне қосылатын аудандар саны көбейе бермек.

Келесі басқосуға дейін сәттілік тілейміз!


Жасубиева Балжан Төлешқызы,

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың



әдістеме орталығының меңгерушісі
жүктеу 41,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау