Соңы 3-бетте) №47 (3072) 22 маусым 2018


№47 (3072)  22 маусым 2018



жүктеу 4,43 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата23.11.2018
өлшемі4,43 Mb.
#23945
1   2   3   4   5   6   7   8

zangazet@maiI.ru

№47 (3072) 

22 маусым 2018

3

(Соңы. Басы 1-бетте)

ОЙТАЛҚЫ

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, саясаттанушы:

Нұра ТЫНЫСҚЫЗЫ, заңгер:

Сауалнаманы дайындаған Қ. ДҮЙСЕМБАЕВ

(Соңы. Басы 1-бетт

е)

Сондай-ақ, борышкерге борышы туралы ақпарат та дер кезінде берілуі 

тиіс. Көп жағдайда азаматтарымыз қарызы туралы мүлдем білмей жатады.  

Бұл, әрине, тап әуежайда, ұшу алаңында азаматтарымыздың жүйкесіне 

салмақ түсіретін жағдай. Сондықтан, жүйеге қатысты барлық кемшіліктерді 

жою керек. Болмашы айыппұл деген болмауы тиіс. Біреу үшін аз айыппұл 

5000 теңге көлемінде болса, енді біреу үшін 500 мың теңге болмашы сома 

саналады. Яғни, заң баршаға ортақ болуы қажет. 

Негізі әкімшілік жаза - айыппұлды өз басым қолдаймын. Көп жағдайда 

азаматтарымызға қатысты қылмыстық іс қозғап, жазаға тарта бергеннен 

Осындай әкелердің жауапкершілігін арттыратын тиімді жүйе енгізе алмай 

отыр ғанымызға қынжыламын. Мұндай жауапкершілігі төмен ер-азаматтар үшін 

заң да әлсіз, жаза да жеңіл болып тұр. Сондықтан, әлі де жаза, шектеу күшей-

тілуі қажет. Онсыз өтелмеген қарыз бен алимент, айыппұл көлемі арта бермек.  

Қазір айыппұлдарды, баж алымдарын, алименттерді, коммуналдық қы-

зметтерді немесе қарыздарды жүйе арқылы оп-оңай көруге болады. Осы 

жүйе барынша халыққа жарияланып отыруы тиіс. Әрбір азамат өз атында 

қанша қарызы барын біліп жүруі керек. Елiмiзден шетелге шығуға шектеу 

қойылған қазақстандықтар әуежайда айыппұлды онлайн-режимде сол мезетте төлей алады. Бұл да 

болса халыққа жасалып отырған тиімді жағдай.  

ҚОҒАМ

Бүгінгінің бас тақырыбы

Тұтынушы құқығы

Өйткені, Шымкент пен жаңадан құрылған 

Түркістан облысы өте ірі өнеркәсіп және білім 

беру нысандары шоғырланған аймақ. Мәселен, 

осы өңір арқылы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» 

халықаралық көлік дәлізі өтеді. Бұған қоса, бұл 

аймақтарға газ тарту мәселесі де шешіліп, өңірде 

ауыл шаруашылығы, шағын бизнес қарқынды 

даму үстінде. Ең бастысы Түркістан жастар үшін 

тың мүмкіндік. Бүгінде жаңа облыс орталығында 

90-жылдардың басында Елбасының бастама-

сымен ашылған Халықаралық қазақ-түрік универ-

ситеті халық шаруашылығының барлық саласы 

үшін мамандар әзірлеуде. Елбасы алдағы уақытта 

жаңа облыстағы ауылшаруашылығына, өнеркәсіпті 

өндіріске қарқын беру жөнінде Парламент пен 

Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Демек, бұл 

аймақтың келешегі бұдан да жарқын болары сөз-

сіз. Мұны осы аптада Елордада үш күн қатарынан 

өткен облыс күндері де барлық қырынан көрсетті.

Елорда құрметіне орай облыстың елді мекен-

деріндегі 26 көшеге «Астана» атауы берілген. 

Сонымен қатар, «Елордаға сыйлық» жобасы 

бойынша Түркістан облысы тарапынан Астана 

қаласына тарту ретінде Есіл өзені бойында жалпы 

құны шамамен 766,2 млн теңгені құрайтын ор-

талық саябақ пен Министрліктер үйі аралығына 

дейін 5,173 шақырым веложол салынып жатыр.

Астанада өткен Түркістан облысының  әр 

күні елордалықтар үшін рухты  аспандатқан ха-

лықтық өнердің нағыз салтанатына айналды. 

Әсіресе, бас қаладағы киелі шаңырақ Астана 

концерт залында болған «Болашаққа бағдар: 

Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы 

мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған 

кешенді көрме мұндағы қауымның ерекше на-

зарын аударып, зор ықыласына бөленді. Оған 

Түркістан облысының сурет және қолданбалы 

қолөнер шеберлері туындыларының, тарихи құн-

ды жәдігерлердің 500-ге жуық үлгісі қойылды. 

Олардың әрқайсысы Тұран елінің тарихы, тағды-

ры жайлы сыр шертеді. 

Түркістанның сурет мұражайының арасында 

танымал қазақстандық мүсінші әрі суретші Сем-

біғали Смағұловтың да дүниесі бар. Өз туындысы-

ның осындай халықтың ықыласына бөленгеніне 

қуанған белгілі суретшімен көрме барысында 

аз-кем тілдестік. Оның айтуынша, жалпы Түркістан 

көркем сурет өнеріне ерекше құрмет көрсетіп, 

әспеттейтін өңір. Соның бірден бір айғағы мұнда 

жиі өткізілетін суретшілердің симпозиумдары. 

Аймақтан шыққан талантты қылқалам шеберлері 

де аз емес. Осы көрмеге солардың бірқатары, 

атап айтқанда, Өтербай Шоранов, Сейсенхан Ма-

ханбетов, Оспан Айнабеков сынды суретшілердің 

өңірдің сұлу табиғатынан жазған пейзаждары да 

қойылыпты.

Бүгінде Түркістан өңірі еліміздің сыртында 

әлемге өзінің киноиндустриясымен де танымал 

екені белгілі. 15 жылдан бері осы нарықта жемісті 

еңбек етіп келе жатқан «Сақ» киностудиясы да 

бұл көрмеге біраз дүниесін әкеліпті. Ол жөнінде 

бізге облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту 

басқармасының «Оңтүстікфильм» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі директорының орынбаса-

ры Райхан Дәрменқызы жеткізген еді. «Көрмеге 

Оңтүстікте түсірілген көркем, анимациялық және 

деректі фильмдерді алып келдік. Бұл фильм-

дер 2017 жылы «Елбасымыздың «Болашаққа 

бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа-

ласы аясында  Оңтүстік Қазақстан облысының 

әкімі Жансейіт Түймебаевтың идеясы  бойынша 

Саясаттанушы Айдос Сарымның әлеуметтік 

желіде «Қарыз туралы. 236 мың азаматымыз 

пайызы сұмдық онлайн-несие алған. Жүз мыңға 

жуық азамат қарызын қайтара алмай, банктер-

ден қашып жүр. Миллионға жуық адам несие 

алып, күні банктермен өтіп жатыр. Қарап отыр-

сақ, нағыз Қарызстанға айналып бара жатыр-

мыз» – деп жазғаны бар еді. Сөзінің жаны бар. 

Олай дейтініміз, Қаржы министрлігінің дере-

гінше, 2018 жылғы қаңтардағы жағдай бойын-

ша Қазақстанда 1,2 миллион адамның мемле-

кет алдындағы салықтар бойынша қарызы 19,1 

миллиард теңгеге жеткен. Бұдан бес жыл бұрын 

бұл сома 1,7 миллиард теңге болатын. 

ҚР Әділет министрлігінің ақпаратына сай, 

400 мың қазақстандық борышкердің шетелге 

шығуына тыйым салынған. Заңгер Нұра Ты-

нысқызы несие төлемеген азаматтар, ақшалай, 

заттай, тіпті, тұрғын үй алған борышкерлер, 

автокөлік және тұрғын үй салықтарынан жал-

тарғандар, алимент төлемеген әкелер және 

қандай да бір қылмыстық іс қозғалған тұлғалар 

Қазақстан аумағынан шыға алмайтынын айта-

ды. «Еліміздің заңнамасына сәйкес, қарыздың 

сомасы белгілі бір теңгеден асса деген тұжырым 

жоқ. Бұл жерде борышкерге сот шешімі шыққан 

жағдайда ғана ол шетелге жіберілмейді», – 

дейді заңгер. Сондықтан, ел аумағынан шықпас 

бұрын Әділет министрлігінің ресми adilet.gov.

kz сайтынан борышкерлердің тізімінде аты-

жөңініз бар-жоғын бір тексеріп алған жөн. 

Ұшқалы тұрған азаматтар қарызы үшін елде 

қалып қойған жағдайлар жиі кездесіп тұрады. 

«Kondor-tour» туристік фирмасының басшысы 

Рақымжанова Әсемнің айтуынша, 3-4 жыл 

бұрын мұндай сәтсіз сапарлар көп болған. «Се-

бебі, көп азаматтар өзінің мемлекетке берешек 

екенін білмейді, біз де оны тексермейтінбіз. 

Турфирма күйіп кеткен авиабилеттері мен қонақ 

үй ақшасын қайтаруға міндетті емес. Қазір бізге 

келген әрбір азаматтың борышкерлер тізімінде 

бар-жоғын Әділет министрлігінің сайтынан ар-

найы тексереміз», – дейді ол. 

ҚАРЫЗЫҢЫЗ

 

БОЛСА, ҚАРҒА АДЫМ 

АТТАЙ АЛМАЙСЫЗ

еселеп қосылғанда ғана банк несие береді». 

Расымен, қазіргі кезде азаматтар тек қаржылай 

емес, тұрмыстық техникасы мен киім-кешегіне 

дейін несиеге алатын болған. Бұл несиеге деген 

тәуелділікті психологтар «кредитомания» деген 

аурудың түрі екендігін айтады. Оның соңы суи-

цидпен аяқталуы да ғажап емес. 

Елден шығуға тыйым салынғандардың қа-

тарында алимент төлеуден жалтарып жүрген 

азаматтар да бар. Қазақстанда 350 мыңнан 

астам бала заң бойынша төленуі тиіс алименттен 

қағылып отыр. Перзент алдындағы парызынан 

жалтарған әкелердің қарызы 2 млрд теңгеге 

жуықтаған. Бір ғана Астана қаласының өзінде 

7 мыңнан астам бала өздеріне тиесілі 400 млн 

теңге көлеміндегі алиментін ала алмай жүр. 

Сонымен қатар, жол ережесін бұзғандар да 

«қара тізімде». Бір ғана Алматы қаласында 2016 

жылы автоматты бақылау жүйесі 614 мың 880 

жол ережесін бұзу деректерін тіркеген. Ал, жүр-

гізушілердің мемлекетке қарызы – 10 миллиард 

914 миллион теңге.  Оның 4 миллиард 689 мил-

лион теңгесі өтелгенімен, қалған жүргізушілер 

мемлекетке берешегін мәжбүрлі түрде төлейтін 

болады. Көптеген жүргізушілер айыппұлды 30 

күнтізбелік күнде төлемейді. Сондықтан, оны сот 

арқылы өндіру процесі басталады да, ол шетел-

ге шығуға тыйым салынғандардың қатарынан 

табылады. Тіпті, коммуналдық төлемді төлемеу 

де осыған алып келеді. Осылайша, мемлекет 

берешегі бар тұрғындарының аяғын тұсаулап 

қойды. Әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қол-

данылатын бұл тәсіл борышкерлердің қарыз-

дарын дер кезінде өтеп отыруына  айтарлықтай 

ықпал етеді. 

ҚР Әділет министрлігінің ақпаратына сай, 

өндіріп алушымен екі жақты келісімге қол жет-

кізілген жағдайда немесе қарызды толық қай-

тарғанда ғана шетелге баруға рұқсат беріледі. 

Борышкерлер қарызынан құтылғаннан кейін 

аты-жөнін тізімнен алып тастаудың бірнеше 

жолы бар. Сот орындаушысы «Атқарушылық iс 

жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi 

Қазіргі таңда 5 миллион адамның банкке бе-

решегі бар. Демек, несие алу қазақстандықтар 

үшін оңай шаруаға айналып барады. Бүгінгі күні 

еліміздің 4/1 бөлігі банкке қарыз. 2018 жылғы 

1-қаңтардағы жағ дай бойынша қазақстан-

дықтарға банктер берген барлық 4 триллион 

259,1 миллиард теңгенің 414,5 мил лиар ды 

қайтарылмайтын кредит күйіне көшкен. «Қа-

рыздың салмағы ауыр, қайтарымы қиын» екен-

дігін жұрттың көбі ұмытқан секілді. Қазақстан-

дықтардың несиеге құмарлығын Білім және 

ғылым министрлігі экономика институтының 

доценті, экономист Нұрсәуле Бірімбетова былай 

түсіндіреді: «Тұрғындардың несие алуға деген 

құлшынысы жыл сайын артпаса, кеміп отырған 

жоқ. Оның себебі, несиеге алған затты тегін бер-

гендей көреді де, соңынан жалтарып жүреді. Ең 

бірінші кезекте тұрғындардың көбінде тұтынушы 

мәдениеті жоқ. Ол дегеніміз, адам өзінің кірісі 

мен шығысын есептей алмайды. Сол себепті 

азаматтардың экономикалық сауаттылығын 

көтеру керек. Банктің берген келісім-шартын 

ешкім оқымайды. Сосын еселеп қайтаруға 

мәжбүр. Екіншіден, қазір несие алушылардың 

көп болуы – біздің ел азаматтарының жалқау-

лығының көрінісі. Адам бірінші ақша табу керек, 

соған сай оны жұмсау керек. Ал, бізде керісінше, 

бірінші затты алады да, артынан төлеп жүреді. 

Тұтынушылар банктің еш уақытта өздеріне 

тиімсіз бағдарлама жасамайтынын есте сақтауы 

тиіс. Берген ақшасының үстіне сіздің қаржыңыз 

туралы» заңның 48-бабында көзделген негіздер 

бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу 

бойынша атқарушылық құжат талаптарының 

орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш 

жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді 

борышкерлердің бірыңғай тізімінен алып тастау 

үшін тиісті ақпарат жібереді. Содан кейін азамат-

тар елден тыс шығуға тыйым салу санкциялары 

тізімінен жойылады. Екінші жолы өзінің қарыз 

емес екендігін көрсете отырып, мемлекеттік кірі-

стер департаментіне арыз жазуға немесе egov.

kz порталы арқылы ашық түрде хат жолдау ға 

болады. 


Сот қаулыны санкциялағаннан кейін сізге 

оның көшірмесі беріледі. Сонымен қатар, Қа-

зақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі де 

бір көшірмесін алады. Сіз шетелге ұшар кезде 

дәл осы қызметтің қызметкерлері ортақ базада 

қарызыңыз төленді деген белгі шықпайынша, 

сізді шекарадан өткізбейді. Біздегі заңнамаға 

сәйкес, егер азаматтың қарызы 20 АЕК (1 АЕК 

= 2 405 теңге) болса, онда сот орындаушысы 

оның Қазақстаннан басқа мемлекетке шығуын 

шектей алады. Бірақ, іс тек сотқа өткен жағдай-

да ғана. Ал, несие, алимент, айыппұл, салық 

пен коммуналдық төлемдерді уақытында төлеп 

жүрсеңіз және қарыз болған күннің өзінде ісіңіз 

сотқа жетпесе, шетелге шығуыңызды ешкім 

шектей алмайды. 



Даяна ТОҚБЕРГЕН, 

«Заң газеті»

түсірілген болатын. «Күш атасы Қажымұқан», 

«Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау», «Ұлы жі-

бек жолындағы көне қалалар» және он сериядан 

тұратын «Көне жетігеннің сыры» туралы туын-

дылар еліміздің тарихы, дара тұлғалары жайлы 

танымдық мағлұматтар беріп, рухани көкжиекті 

кеңейтеді. Биылғы жылы тағы үш анимациялық 

фильм түсірілмек. Оның бірі Төле би туралы он се-

риядан тұратын көркем фильм. Аталмыш фильм-

дер Оңтүстік Қазақстанда жергілікті телеарналар 

арқылы көрсетілді. Алдағы уақытта республика-

лық телеарналар арқылы тұтас елдің назарына 

ұсынбақпыз», – деді ол.  

Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің жасаған 

бұйымдары, облыстың көркем жерлері бейнелен-

ген фотосуреттер, сондай-ақ, ақын-жазушылар-

дың кітаптары мен ұлттық киімдер, Астананың 

көрікті орындары бейнеленген кілемдер, «Қа-

зақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген аза-

маттар туралы мәліметтер де тарихи өңір жайлы 

елордалықтар мен Астананың қонақтарына кеңі-

нен мағлұмат берді. Жалпы, Астана мерейтойына  

тарту ретінде жасалған көрме 11 экспозициялық 

бөліктен құралған. 

Киелі өңірдің бір мақтанышы жезтаңдай 

әншілері, жыршылары мен термешілері және 

мың бұралған бишілері екені ежелден белгілі. 

Бұл аймақтан шыққан өнер тарландарының 

алды Еуропаны тамсандырып, сондағы ел-

дің ыстық ықыласына бөленіп жүр. Бүгінде, 

мәселен, ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева 

десе Батыстың кірпияз қауымы жайбарақат 

қала алмайтыны әмбеге аян. Сол секілді ҚР 

Еңбек сіңірген қайраткері, күміс көмей әнші Ал-

тынай Жорабаеваның есімі де талай елді шарлап 

жүр. Түркістанның Астанадағы күндерінің арқа-

сында мұндағы қауым осындай дара дарын-

дардың өнерімен қауышып, бір жасап қалды.   

Елорда төрінде «Асқақтай бер, Астана!» деген ат-

пен Түркістан  облысы өнерпаздарының Гала-кон-

церті де жоғары деңгейде өтті. 

Тұран елі өнерпаздарының өнерін тамашалау-

ға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен 

зиялы қауым және республикалық бұқаралық 

ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Концерт 

«Шарықтай бер, Астана!» театрландырылған-хо-

реографиясынан бастау алып, дәстүрлі әндер 

шеруі және классикалық әндер мен Ш.Қалдаяқов  

әндерінен орындалған попуррилер «Дала рухы» 

композициясымен жалғасын тапты. 

Концертке облыстан шыққан аталмыш өнер 

жұлдыздарымен қатар ҚР Мәдениет қайраткер-

лері Үрәлхан Сейілбекова, мен ҚР Еңбек сіңірген 

әртісі Сәбираш Әбдірайымова және Халықаралық 

байқаулардың лауреаттары Карина Нажмеддино-

ва,  Мөлдір Исаева, Жадыра Абдуллаева, Нұрқа-

нат Тапиев, Аян Төлеген, Нематилло Зкруллаев, 

Бекзат Тұрғынбек, Ақмарал Биназарова сынды 

сахна саңлақтары және «Тұмар» фольклорлық 

ансамблі, «Қазына», «Шамсинур», «Фараб» би 

топтары қатысып, жиналған жұртты тамаша өнер-

лерімен сусындатты.

Сахна саңлақтарының Астана төріндегі  халқы-

мыздың  ұлттық болмысы, халықтық құндылықта-

ры мен өнерінің өрісіне айналған «Этноауылдағы» 

концерті де жоғары деңгейде өтті. Бұл мереке 

жиналған қауымға шынайы өнердің ләззатын 

сезіндірді. Осылайша, «екі дүниенің есігі» атанған 

қасиетті Түркістан бар болғаны үш күн ішінде 

елордалықтарға асқақ рухтың, мықты тектіліктің 

тылсымын ашып, киесін ұқтырып  кетті. 



А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

«Заң газеті»

БЕРЕШЕГІ БАРЛАРҒА ҚОЙЫЛҒАН ШЕКТЕУ НӘТИЖЕ БЕРЕ МЕ?

гөрі, әкімшілік жазаға тартсақ бұл мемлекет бюджетіне де тиімді болар еді. Тек оларды кідіріссіз 

төлеттіру үшін қойған шектеулеріміз мықты, пәрменді болуы тиіс. 

ТҮРКІСТАН —

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ



жүктеу 4,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау