Соңы 3-бетте) №47 (3072) 22 маусым 2018


№47 (3072)  22 маусым 2018



жүктеу 4,43 Mb.
Pdf просмотр
бет8/8
Дата23.11.2018
өлшемі4,43 Mb.
#23945
1   2   3   4   5   6   7   8

№47 (3072) 

22 маусым 2018

zangazet@maiI.ru

8

Редакторлар кеңесінің 



төрағасы – президент

Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 

050012, Алматы қаласы, 

Х.Досмұхамедұлы көшесi 

(бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.

Қабылдау бөлмесi: 

292-43-43; 292-79-61 (факс); 

Астана қаласы, Абай көшесі, 78, 105-кеңсе

факс: 8 (7172) 52-02-11



E-mail: zanreklamaastana@mail.ru

«Заң газеті» аптасына 2 рет –  

сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.

Жеке таралым 5858 дана

Апталық таралым 11716 дана

Тапсырыс №92  Индекс 65921



Газет Қазақстан Республикасы бойынша 

таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан 

оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн 

редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi 

жауап ты.  Жарнама  берушi нiң  жiберген  қа телiгiне  байланысты  та-

лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм 

iшiнде қа былданады. 

Газеттi есепке қою туралы 



№16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-

да Қазақстан Респуб лика сының Ақпарат және  коммуникация министрлiгi 

берген. 


Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» 

ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, 

Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС 

баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 

(727) 51-78-31

Меншiк иесi: 

«ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ» 

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Бас редактор

Айнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың 

орынбасары

Сәкен ҚАЛДЫБАЕВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторы



Түймегүл ИБАШЕВА

Астана  

Айша Құрманғали

 

8 707 851 91 13.



Алматы  

Айтақын Бұлғақов

 

8 702 239 62 99.



Атырау  

Құралай Қуатова

 

8 701 678 9077.



Ақмола  

Қалкөз Жүсiп

 

8 701 300 14 74.



Оңтүс тiк   Шадияр 

Қазақстан   Мекен бай ұлы

 

8 775 733 56 65.



МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР: 

ӘЛЕУМЕТ


БАЛА БОС ЖҮРМЕУІ ТИІС

Қазақстанның білім беру саласын-

дағы көрсеткіштері Ресейден өзге көр-

шілес елдердің бәрінен жоғары. Оны 

БҰҰ Даму бағдарламасы дайындаған 

Әлем елдерінің білім беру индексінен 

де байқауға болады. 2016 жылы жа-

рияланған соңғы индексте 188 елдің 

арасында  Ресей – 34, Қазақстан – 39, 

Өзбекстан – 58, Әзірбайжан – 64, 

Қыр ғызстан – 65, Тәжікстан – 97, Қы-

тай – 108, Түркіменстан – 111 сатыдан 

көрінген болатын. Өкінішке қарай, Қа-

зақстан білім беру саласындағы мүм-

кіндігін тиімді пайдалана алмай отыр.

Ал, білім бизнесі ХХІ ғасырда даму 

қарқыны жағынан ғана емес, әлеуеті 

мен инвестициялық тартымдылығы 

жағынан да әлемде алдыңғы қатардан 

көрінуде. 1975 жылы шетелдік сту-

денттер саны әлемде 800 мың болса, 

2017 жылы ол 4,6 млн адамға жеткен. 

БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет 

жөніндегі ұйымының болжамына қа-

рағанда, 2020 жылға қарай бұл сан 7 

млн-ға дейін жетпек. Соңғы жылдары 

бұл нарықтың кәнігі ойыншылары 

саналатын АҚШ пен Еуропа елдерінің 

үлесі жыл сайын кеміп, онда жаңа 

мүшелер пайда болуда. 2017 жылы 

олардың қатарына қосылуға Қазақстан 

талап білдірді. Білім және ғылым мини-

стрі Ерлан Сағадиев 2050 жылға дейін 

елдегі шетелдік студенттердің санын 

50 мыңға жеткізіп, олардың үлесін 

2,7-ден 10 пайызға дейін арттыруға 

күш салатындарын мәлімдеді. Бұл үшін 

2017  жылдан бастап жыл сайын 10 

ағылшын тіліндегі білім беру бағдарла-

масын құрастыру қолға алынған. Жоға-

ры оқу орындарына (ЖОО) былтыр 

30-дан астам шетелдік топ-менеджер 

шақырылған. Сондай-ақ, 50 ЖОО-да 

қос дипломдық білім беру бағдарла-

масы бойынша оқытуда. Бұл бағыт 

бойынша олардың қатары жыл сайын 

5 жоғары оқу орнымен толығып, «Бо-

лашақ» халықаралық бағдарлама ор-

талығының ұйымдастыруымен форум, 

көрме және шетелдегі Қазақстанның 

білім күнін ұйымдастыру кеңінен қолға 

алынатын болады. Соның нәтижесінде 

2020 жылы ЖОО-дағы шетелдік сту-

денттердің, оның ішінде ақылы негізде 

білім алушылардың үлесі 5 пайызды 

құрамақ. 

Қазақстандық әріптестерінің бұл 

мәлімдемесін алыс-жақын шет ел-

дердің білім саласындағы құзырлы 

органдары өз басылымдарында ғана 

емес, ресми интернет ресурстарында 

да жариялады. Ал, Орталық Азиядағы 

Қазақстанның байырғы бәсекелесі са-

налатын Өзбекстан білім беру саласын-

дағы реформаларын жеделдете түсті. 

Бұл істің басында ел президенті Шавкат 

Мирзиëевтің тұруы кездейсоқтық емес. 

Мемлекет тізгінін қолына алғаннан 

кейін ол бірден жоғары білім беруді ре-

формалаудың ұзақ мерзімдік бағдар-

ламасына қол қойған болатын. Ол 

бойынша Өзбекстан 2021 жылға дейін 

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп» ке-

летін үш ай жазғы демалыс күндерінде 

мектеп жасындағы баланың бос уақы-

тын тиімді өткізу ата-ананың бас ауруы-

на айналып отыр. Атырау қаласының 

мектептерінде 51 мыңның үстінде бала 

бар. Олар үшін 43 мектепте мектеп 

жанынан тамақтандыратын лагерлер 

ашылған, ал, бұдан бөлек  54 мектепте-

гі сегіз мыңға жуық оқушыны тамақтан-

дыру қарастырылмаған. Бейіндік, 

тілдік, дебаттық, тағы басқа бағытта 

ашылған лагерлер де бар. Қаладағы 

№17 мектеп жанынан отыз балаға 

арнап биыл ашылған лагердің бастығы 

Жанаргүл Байтанованың айтуынша, 

баласын бергісі келетін ата-ана өте көп. 

Бірақ, алғашқы кезекте аз қамтылған, 

көп балалы отбасылар категорияла-

рына жататын балалар қабылданады. 

Мектеп жанындағы лагерлерді аралай 

жүріп, көзіміз жеткені: оларда мате-

риалдық жағынан тапшылық жоқ. 

Мұнайлы өңірде жұмыс істейтін ком-

паниялар әлеуметтік жобаларының 

аясында мектеп, балабақша, аурухана 

сынды нысандарға тұрақты көмек 

көрсетіп тұрады. Қиындық туғызып 

отырған мәселе баланың көптігінен 

орынның жетіспей тұрғаны.

Егер мектеп жанындағы лагерлер 

тек маусым айында ашық болса, қа-

лалық оқушылар орталығының үйір-

мелері жыл бойына жұмыс істейді. 

Мұнда он бағыт бойынша 34 үйірме 

ашылған. Орталық директоры Айзада 

Түсіпқалиеваның айтуынша, бір жыл-

дары жаздыгүні балаларға түскі ас 

беріп, ұйықтатып, таңнан кешке дейін 

ұстау тәжірибесі енгізілген. Қазіргі 

жағдайда ол мүмкін емес. Біріншіден, 

бұрын ғимарат алдында көлік қозға-

лысына тыйым салынған, қазір ондай 

шектеу жоқ, автокөлік ағылып жатыр. 

Екіншіден, келісім-шартқа отыру үшін 

тамақтандыру орындарының бағасы 

тиімсіз болып тұр, қымбат. Үшіншіден, 

келетін бала саны еселеп артқан, оның 

барлығын күні бойы қамтамасыз ету 

мүмкін емес. 

Ал, колледж, жоғары оқу орнының 

студенттері үшін жастар ресурстық 

орталығы «Жасыл ел» бағдарламасын 

ұсынып отыр. Ол бойынша шаһарды 

көгалдандыруға үлес қосқан жастар 

жалақы алып, жақындарына көмекте-

суге, оқу ақысын, басқа да шығында-

рын өз қалтасынан төлеуге мүмкіндік 

алады. 

Қалалық білім бөлімі биыл қалай 



болғанда да жазғы демалыс ұйымдас-

тыруда 51 мың баланың 98 пайызын 

қамтуды жоспарлап отыр. Сол мақсатта 

білім қорының есебінен және жергілікті 

компаниялардың демеушілігі арқылы 

бес жүз баланы «Тұлпар» лагеріне, 

екі жүздей баланы Железноводскідегі 

«Геолог Казахстана» лагеріне жіберу 

көзделген. Бұдан бөлек, бірнеше ба-

лаға Шымкент, Алматы, Көкшетау, 

Ақтөбе сынды қалалардың лагерлеріне 

жолдама берілмек. Бұлардың ішінен 

жаздың алғашқы айында оңтүстік аста-

надағы медициналық ахуалға байла-

нысты Алматы қаласындағы демалыс 

орындарына баратындар біршама 

сиреп қалды. Айта кетейік, тегін немесе 

жеңілдігі бар жолдамалар да алдымен 

әлеуметтік жағдайы төмен топтарға 

жататын отбасыларға тиесілі. Демек, 



Аймақ

студенттер санын 18 пайызға ұлғайту-

ды жоспарлап отыр. Ресми статистика 

бойынша, Өзбекстан халқының 38 

пайызын немесе 12 миллионын 10 мен 

30 жас аралығындағылар құрайды. 

Алайда, онда жастардың 0,5 па йызы 

ғана жоғары біліммен қамтамасыз етіл-

ген. Сондықтан, түрлі бағдарламалар 

арқылы немесе өз бетімен білім іздеп 

шетелге ағылушылар саны жүздеген 

мың адамды құрауда. Бұл туралы айт-

қан Өзбекстандағы Республикалық 

Қазақ мәдени орталығы басшысының 

білім және жастар мәселелері жөнін-

дегі орынбасары Клара Садырбаева 

«Соңғы 2 жылда Өзбекстанда «Қа-

зақстанның білім күндері» бір емес, 

бірнеше қалада ұйымдастырылып жүр-

генін жеткізді. Мәселен, былтыр 1300 

өзбекстандық қазақстанның жоғары 

оқу орындарының студенті атанған 

еді. Биыл мемлекет басшыларының 

арасындағы барыс-келіс жиілеп, ын-

тымақтастық қарым-қатынас қарқын 

ала бастаған соң талапкерлердің саны 

қазірдің өзінде 5 мыңға жетіп отыр. 

Күзге дейін ол 10 мыңға дейін жетіп 

қалуы мүмкін деген де болжам бар. 

Сол себепті бұл мәселе Өзбекстан-

ның білім беру саласындағы құзырлы 

мекемелерді қатты алаңдатып отыр. 

Соңғы кезде олар «Қазақстанның ди-

пломдары Өзбекстанда нострифика-

цияланбайды, сендер қаржыларыңды 

босқа шашқалы жатсыңдар» деген 

үгіт-насихат жүргізе бастады. Өкінішке 

қарай, Қазақстан Республикасының 

Өзбекстандағы Елшілігі мен Білім және 

ғылым министрлігі тарапынан ешқан-

дай белсенділік байқалмайды. Жасы-

ратыны жоқ, Қазақстанда жоғары білім 

алуға қызығушылық танытып отыр-

ғандар негізінен диаспора өкілдері. 

Олар оны өз болашағын Қазақстанмен 

байланыстырудың негізгі жолы ретінде 

қарастырып отыр.  Сондықтан, бұл 

жағдайға құзырлы органдар мемлекет 

басшыларының назарын аударып, оң 

шешімін табуына түрткі болуы тиіс деп 

ойлаймын», – дегенді айтады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 

мәліметіне қарағанда, елімізде білім 

алып жүрген 13 мыңға жуық шетелдік-

тің 3683-і Өзбекстан,  3290-ы Үндістан, 

1320-сы Түрікменстан, 1290-ы Қытай, 

1026-сы Қырғызстаннан екен. Сыртта 

жүргендердің саны бұдан 10 есе көп 

және олар негізінен Ресей, Қытай, АҚШ 

және Еуропа елдеріне шоғырланған. 

Яғни, олармен бірге елден қомақты 

көлемдегі қаржы да кетуде. Өйткені, 

олардың жылдық оқу ақысы, күнделікті 

ішіп-жемі мен өзге де шығындарын 

есептейтін болсаңыз, сыртқа кететін 

қаржының ары қарай еселене түсетінін 

аңғаруға болады. Мысалы, Канада-

лық экономикалық кеңесшілік «Roslyn 

Kunin and Associates» фирмасы 2008 

жылы Канадада білім алу үшін шетелдік 

студенттер 6,1 млрд АҚШ долларын 

жұмсағанын, бұл елдің ЖІӨ-нің 0,4 

пайызын құрайтынын анықтады. Бұдан 

бөлек шетелдік студенттер қосымша 

83 мың жұмыс орнының ашылуына 

түрткі болып, одан мемлекетке 273 

млн доллар кіріс кірген. Сонымен қа-

тар, шетелдік студенттер мен олардың 

отбасыларының саяхатынан тағы 267 

млн доллар табыс түскен. Австралия-

ның жеке сектордың білім және білім 

беру ұйымдары жөніндегі кеңесінің 

зерттеуіне қарағанда, дәл осы 2008 

жылы шетелдік студенттерден Австра-

лия тікелей 11,7 млрд доллар (ЖІӨ-ің 

1,2 пайызы) және қосымша 10,5 млрд 

доллар (ЖІӨ-нің 1 пайызына жуық) 

табыс тауып, елде 126 мың адамды 

жұмыс орнымен қамтамасыз етуге 

мүмкіндік алған.  

Егер көрші елдердің ресми статисти-

касына көз жүгіртсек, 2017—2018 оқу 

жылында Қырғызстанның жоғары оқу 

орындарын алыс-жақын 50 елдің 14 

мың студенті таңдаған. Олардың ара-

сында саны жағынан алғашқы 3 орын-

ды  Үндістан,  Қазақстан, Тәжікстан 

елдері иеленген. Өзбекстанның жоға-

ры оқу орындарын таңдағандар 709 

адам. Олар негізінен Түркіменстан 

(120), Ресей (56), Қазақстан (42) ел-

дерінің азаматтары. Яғни, Қазақстан 

шетелдік студенттердің саны жағынан 

қазір аймақта Өзбекстан, Тәжікстан  

елдерінен алда тұрғанмен, Қырғыз-

станнан артта келе жатыр. Бұдан бөлек, 

еліміздің Білім және ғылым министрі 

Ерлан Сағадиев былтыр мамыр айында 

Мәжілісте «Жоғары оқу орындарының 

академиялық және басқару дербестігін 

кеңейту бойынша» заң жобасын таны-

стырған кезде «Ресейде жоғары білімді 

адамдар саны бізден 18 миллионға 

артық. Ал, Қытайда 55 млн мектеп тү-

легі, 8 млн университет түлегі бар және 

олар осы көрсеткішті 3 есеге арттыр-

мақ. Қазіргі уақытта еңбекке қабілетті 

халықтың 50 пайызы жоғары білімді 

болуы тиіс. Бізде бұл көрсеткіш қазір 

34 пайыз деңгейінде», – деген еді. 

Егер жоғары білім берудің бұл қырын 

да қозғайтын болсақ, ондағы  қорда-

ланған мәселенің ауқымы мүлде үлкен 

және күрделі екенін аңғаруға болады. 

Осы арада ҚР Президенті Н.Назарба-

евтың 2005 жылғы Жолдауындағы 

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған 

елдің тығырыққа тірелері анық. Бола-

шақтың жоғары технологиялық және 

ғылыми қамтымды өндірістері үшін 

қадрлар қорын жасақтауымыз қажет. 

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі 

алысты барлап, кең ауқымда ойлай 

білетін осы заманғы басқарушыларсыз 

біз инновациялық экономика құра 

алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі 

техникалық және кәсіптік білім беруді 

дамытуға бағытталған тиісті шаралар 

қолдануымыз шарт. Қазақстандық 

жоғары оқу орындарының міндеті – 

әлемдік стандарттар деңгейінде білім 

беру. Ал, жетекші оқу орындарының 

дипломдары күллі әлемде танылуға 

тиіс. Олар мұны істеуге міндетті» деген 

тапсырмасы еріксіз еске түседі. Себебі, 

бүгінде білім беру тек қоғамдық, мә-

дени, әлеуметтік және экономикалық 

қана емес, саяси және стратегиялық 

маңызға да ие бола бастады. 

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

«Заң газеті»

ШЕТЕЛДІК ЖАСТАРДЫ ҚЫЗЫҚТЫРУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?

Білім

бәріне бірдей қолжетімді емес. 

Екі ортада үйде бос жатқан немесе 

әке-шешесіне көмектесіп, қолқанаты 

болып жүрген балалар көп. Жақында 

Атырауда «Бала еңбегін қанаумен 

күрес» шарасы өтіп, тексеру кезінде екі 

көлік жуу бекетінде, бір донер жасай-

тын дүңгіршекте жұмыс істеп жатқан 

жасөспірім анықталды. Атырауда жыл 

басынан бері кәмелетке толмағандар-

ды жұмысқа тарту бойынша жиырма 

бестен аса әкімшілік іс қозғалып, тоғыз 

мекеме басшысы жауапкершілікке 

тартылған. Оларға 80 айлық есептік 

көрсеткіш көлемінде айыппұл салы-

ныпты.

Құралай ҚУАТОВА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ



Маман пікірі

Рахман АЛШАНОВ, 

ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті:

 – Қазақстан қазір білім беру деңгейі жағынан аймақта көшбасшы. Бір 

емес бірнеше университетіміз әлемнің үздік оқу орындарының қатарына 

еніп отыр. Заманауи озық құралдармен, жаңа технологиямен жабдықта-

луы жағынан да Қазақстан бүгінде дүниежүзінің кез келген оқу орнымен 

тайталаса алады. Сондықтан, 2020 жылға дейін еліміздегі шетелдік сту-

денттер санын 50 мыңға жеткізуге бізде барлық мүмкіндік бар. Жақында 

Үндістанға барып келдік. Олар медицина, металлургия салалары бо­

йынша мамандар дайындауда қазіргі таңда елімізде білім алып жатқан 

3 мың сутденттің санын 10 мыңға дейін ұлғайтуға дайын. Сол сияқты 

шетелдегі студенттер саны жағынан әлемде алдыңғы орында тұрған 

Қытай да бірқатар мамандықтар бойынша студенттерін Қазақстанда 

оқытуға қызығып отыр.    

Жалпы, білім беруде әлемдік нарықтағы қазіргі жағдайға көз жүгіртсек, 

оған әсер етіп отырған бірнеше факторды байқауға болады. Мәселен, 

Ресейде мектеп бітірушілер 20 пайызға, ал жоғары оқу орындарына 

түсетін абитуриенттер 40 пайызға дейін азайған. Соған байланысты 

Ресей Президенті басқа елдерге 16 мыңдай грант бөліп отыр. Бітірген 

соң оларға жұмыс та ұсынуда. Сол сияқты Еуропаның көптеген елдерін-

де абитуриенттер аз, конкурс төмен. Сондықтан, олар өзге елдерге 

жүздеп, мыңдап гранттар беруде. Қазір біздің балаларға бәрі таласуда. 

Қазақстанның білім сапасы көп жерлерде жоғары. Оны дүниежүзінің ең 

озық оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандықтардың санынан 

да байқауға болады.

жүктеу 4,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау