№47 (3072)
22 маусым 2018
zangazet@maiI.ru
2
Мерейтой
Еңбек дауы
ҚҰҚЫҚ
Мінсіз судья
Шара
Сот тақырыбы журналистердің бәрі
бірдей бара бермейтін қиын да күрделі
тақырып. Сот жұмысын жан-жақты
талдайтын сараптамалық мақалаларды
жазуға екінің бірінің білімі де, біліктілі-
гі де, сонымен қатар, батылдығы да
жете бермейді. «Заң газетінде» ұзақ
жылдан бері меншікті тілші қызметін
атқарып келе жатқан Қалкөз Жүсіп осы
күрделі, қиын тақырыпқа үнемі қалам
тартып, осы саланың білікті маманына
айналған қарымды журналистің бірі.
Бүгінгі күні қаламгер мерейлі алпыс
жас тың асқарына шығып отыр. Сот
тақырыбына жиі қалам тербеп, осы
салада біраз еңбек сіңірген қаламгерді
мерейлі жасымен құттықтап, еңбегіне
табыс, деніне саулық, ұзақ өмір тілей-
міз.
Сот саласында қызмет еткендіктен
құқықтық тақырыпты өндіріп жазатын
«Заң газетін» үнемі оқып тұрамын.
Сонда газет беттерінен журналист Қал-
көз Жүсіптің мақалаларын жиі көріп,
жазғандарын тұщына оқитын едім.
Өткен жылы қызмет бабымен Ақмола
облысына ауысып келгенде бұрын
сырттай біліп жүретін Қалкөз Жүсіппен
жақынырақ танысудың сәті түскен еді.
Содан бері қозғайтын, талдайтын тақы-
рыбымыз ортақ болған соң қаламгер-
мен жиі кездесіп, бірге жұмыс істейтін
болдық. Осы аз ғана уақыт ішінде мен
Қалекеңнің өз міндетіне адал, жұмысы-
на үлкен жауапкершілікпен қарайтын,
еңбекқор жан екенін байқап, тәнті бол-
дым. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кей-
інгі кезеңдерде сот саласында жүргізіл-
ген реформалар үшінші билікті жаңа
биікке көтерді. Ал, саладағы осындай
Қазіргі уақытта төрелік алаңында
«Сот саласын дамытудың жеті түйіні»
бойынша үлкен ізденістер жасалып,
жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үшінші
билікке қатысты айтылған кем-кетік-
терді жойып, құрылымды ілгерілетуге
бағытталған бұл тапсырмалардың не-
гізгі діні, басты тамыршысы – «Мінсіз
судья» жобасы екені талассыз. Себебі,
мінсіз судья – сот құрылымының қозға-
ушысы, жүрегі. Саланың өркендеуін де,
өміршеңдігін де судьялар қызметінсіз
елестету мүмкін емес. Оның ішінде
бүгінгі қоғам қажет етіп отырғандай
халықаралық талаптарға сай дамыған
сотты қалыптастыру үшін судьяларға
кемшіліктерден ада, мінсіз болу міндет.
Мінсіз судья туралы азаматтардың
түсінік, танымы әртүрлі. Бірі жүзінен
нұры төгіліп тұрған, сымбаты мен сөзі
келіскен қазыны мінсіз деп бағалап
жатса, тағы бір азаматтар үшін мінсіз
Марафон мәресіне жетті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша
департаменті Мемлекеттік қызметші күніне орай орталық саябақта
қайырымдылық марафонын өткізді.
Жарысқа түрлі салалардағы мемлекеттік және құқық қорғау қызметшілері
мен мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты. Марафонның
мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты
дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ақтөбе қалалық сотының мемлекеттік қызметкерлері де қайырымдылық
марафонына бір адамдай атсалысты. Жарыста Ақтөбе қалалық сотының кеңсе
бас маманы Әсем Молдагереева 2-орынды иеленді. Жеңімпаздарға диплом
мен медальдар, ал, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі
Ер мен әйелдің
құқығы тең
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандан-
дырылған ауданаралық сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында
дөңгелек үстел өтті. Шараға судьялар Д.Джумабеков, Л.Ильясова, сот
мамандары және Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты
А.Шериев қатысты.
Іс-шара барысында бас маман Р.Ратова «Гендерлік саясат – бұл қоғамдық
өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге
бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет екенін, гендер ұғымы қоғам-
дық өмірде тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін
қорғайтынын» айтып өтті.
Білімділер бақ сынады
Маңғыстау облыстық сотында «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел бо-
лудың кепілі» атты дөңгелек үстелдің қарарын іске асыру мақсатында
жас судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында «Білгір» тарихи-та-
нымдық зияткерлік конкурсы өтті.
Аталған конкурсты өткізудегі мақсат – ұлттық құндылықтарды жаңғырту,
ұлттық кодты және дәстүрлі мәдениетімізді сақтау, қазақтың билер сотының
дәстүріне сәйкес сот төрелігін әділ жүргізуге баулу, мемлекеттік тілді жетік
меңгеру және тіл мәдениетін арттыру.
Білім бәсекесіне 2 жас судья, 1 судьялыққа үміткер және 5 сот қызметкері
қатысты. Тарихи-танымдық зияткерлік конкурсына қатысушылар «Туған өл-
кем – тарихым», «Билердің сөзі – ақылдың көзі», «Рухани жаңғыру» кезең-
дері бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде үміткерлер 3 минуттан аспайтын
уақыт ішінде өзін, өзінің туған елі мен жерінің тарихын таныстырса, екінші
кезеңде атақты би-шешендердің, ақын, жыраулардың сөзін жалғастыру
сыналды. Ал, рухани жаңғыру кезеңіне қатысушылар Елбасының «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттер және еліміздің
белгілі тұлғалары, қасиетті жерлері туралы танымдық сұрақтарға жан-жақты
жауап берді.
«Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік сайысының қорытындысы бойынша
1-орынды Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық соты-
ның бас маманы Г.Қойланова қанжығасына байлап, республикалық кезеңге
жолдама алды. Ал, 2-орынды Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік
сотының бас маманы Қ.Айдарова иеленсе, 3-орынды Маңғыстау облыстық
сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ж.Досмуханбетов
жеңіп алды.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ
ЖАУЫНГЕРІ
оң өзгерістерді халыққа жеткізіп, жұрт-
шылықтың сотқа деген сенімін өсіруге
журналистердің, соның ішінде Қалкөз
Жүсіптің сіңіріп келе жатқан еңбегі зор.
Биыл оның еліміздегі заң саласын терең
талдап жазатын бірден бір басылым
– «Заң газетінде» қызмет етіп келе
жатқанына 15 жыл толып отыр екен.
Осы уақыт ішінде оның қаламынан сот
саласына қатысты көптеген мақалалар
мен сұхбаттар шығып, жарияланды.
2006 жылы Қалкөз Жүсіп Астанада,
кейін Көкшетауға ауысқан жылда-
рында сот саласы бойынша жазған
мақалаларын жинақтап «Жолы бол-
маған қарақшылар» атты кітабын да
шығарды. Ал, 2011 жылы «Үкім» деп
аталатын сот саласының қызметіне ар-
налған тағы бір жинағы жарық көрді.
Сонымен бірге, оның судьялардың
жұмысына арналған мақалалары мен
сұхбаттарынан құралған «Сот төрелігі»
атты электрондық кітабының көпшілік
көзайымына айналғанына куәгерміз.
2013 жылы Ақмола облысы соттары-
ның 90 жылдығына арнап жазылған
соттың құрылуы, даму тарихы, онда
қызмет еткен адамдар жайындағы
энциклопедиялық көлемді «Тәуелсіз
елдің – тәуелсіз сот билігі» деген кіта-
бын құрастырып, шығаруы да үлкен
еңбек. Оған қоса, сол жылдары облыс-
тық соттың қолдауымен қазақ және
орыс тілдеріндегі «Қылмыс пен жаза»
ақпараттық-сараптамалық порталын
ашып, біраз жылдар жүргізді. Кейінірек
«Алаш-ақпарат» деген порталын ашты,
ол осы күнге дейін жұмыс атқаруда.
Онда сот, прокуратура, қылмыспен
күрес тақырыптары жан-жақты қозғала-
ды. Сонымен қатар, Қалкөз Жүсіп өңір-
лік «Арқа ажары» басылымында ішкі
саясат, құқық және заң бөлімінің мең-
герушісі болып қызмет атқарып келеді.
Құқықтық журналистиканың сенімді
сарбазы атанған әріптесіміздің мерей-
тойлық 60 жасы құтты болсын! Қал-
көз Жүсіптің еліміздің сот жүйесіндегі
жаңалықтар мен өзгерістер, жүргізіліп
отырған реформаларды бұқара ха-
лыққа жеткізуде, судьялар мен сот
саласының жұмысын көрсетудегі еңбегі
ерен. Халық пен билік арасына дәнекер
бола білген қарымды журналистің жа-
зары таусылмасын!!
Досжан ӘМІРОВ,
Ақмола облыстық сотының
төрағасы
судья – істі әділ таразылап, шешімі
өзгермейтін жан. Енді бір тарап сот
отырысында екі тарапқа теңдей көңіл
бөліп, азаматтарға еркіндік берген,
ойындағысын еш шектеусіз айтуына
толық жағдай жасаған тұлғаны мін-
сіз десе, бір азаматтар сот отырысын
тәртіпке сай, артық эмоциясыз өткізген
жандарға басымдық беріп жатады.
Осындай пікірлерді таразылай келе
қарапайым халық көзімен қарап мінсіз
судьяның ортақ келбетін жасау қиын
емес. Яғни, көпшілік үшін істі әділ де
шүбәсіз қарайтын, білімі мен қабілеті
келіскен, парасаты пен адамгершілігі
сай, алдына келген жандарға түсіністік
пен құрмет көрсете алатын жандар
мінсіз судья деген атқа әбден лайық.
Халықтың оң бағасын алған судья-
лар шоғыры қалыптасқанда ғана сот
жүйесінің беделі биік, абыройы асқақ
болары күмәнсіз. Қазіргі кезде осы
мінсіз судьяларды дайындаудың бар-
лық мүмкіндіктері жан-жақты қарасты-
рылып отыр.
Жоғарғы Сот қолға алған жобаның
негізгі мақсаты мінсіз судьялар қата-
рын көбейту арқылы сот құрылымына
қатысты қалыптасқан сенім деңгейін
нығайту. Жобаны жүзеге асырғанда
халықаралық тәжірибе мен бүгінгі
қазақ қоғамының ұсыныс, пікірі на-
зарда ұсталмақ. Әрине, бұған дейін
де сот құрамының сапасын арттыру,
судьялықтан үміткерлерге қойылатын
талапты күшейту бойынша аз жұмыс
жасалған жоқ. Бірақ, қол жеткізген
жетістіктермен шектеліп, тоқталып
қалуға болмайтынын, үнемі ізденіс,
өзгерістің қажеттілігін өмірдің өзі алға
шығарып отыр. Осыған орай, енді
мінсіз судья қалыптастырудың басты
тетіктері анықталып, соған сай ең әуелі
судьялықтан үміткерлерге қойылар та-
лап бұрынғыдан да қатайды. Сонымен
бірге, іріктеуден өтіп, жұмысын судья
ретінде жалғастырған жандарға көр-
сетілетін қамқорлық, қолдау өсті. Жас
судьялар тағылым алар, үлгі тұтар аға
буынның өнегелі істерін насихаттау бір
сәт те ескерусіз қалмауы тиіс. Өзіндік
ойы, айтары бар, тәжірибесі мол жан-
дардың жас судьяларға тәлімгерлік
етуінің негізі жасалды. Тәлімгерлік мек-
тептен өткен қазылардың аға буынның
қамқорлығынан соң өзіне деген сенімі
нығайып, мамандығын мінсіз меңге-
ретіні тағы шындық.
«Ізденген жетер мұратқа» дейді қа-
зақ. Жоғарғы Соттың қолдауына ғана
арқа сүйеп тағайындалған, тәлімгерінің
кеңесін жүре тыңдаған жандардан да
мінсіз судья шыға қоймайды. Мінсіздік
– ізденістен, алға ұмтылудан, қиын-
дықтан қорықпайтын табандылықтан
тұрады. Қазір кәсіби судьялардың өзін
қосымша оқуға жіберіп, біліктілігін
арттыруына жағдай жасалған. Себебі,
бәріміздің де «Білгеніміз бір тоғыз,
білмегеніміз тоқсан тоғыз». Болдым,
толдым, бәрін білемін деген адамның
да адымы қысқа. Бүгінгідей төртінші
революциялық жаңғыру тұсында өмір
сүрген жандар тек тынбай ізденгенде,
көп білуге, үйренуге талаптанғанда
ғана арманына жетеді, мамандығының
мақтанышына айналады. Біздіңше,
мінсіз судьяның басты ұстанымы да осы
болуы керек.
Қазір төрелік академиясында ма-
мандарды сапалы дайындау, үміткер-
лерді іріктеу талаптарын қатайту мен
тәжірибеден өтуіне жағдай жасау тетік-
тері жасалуда. Сонымен бірге, судья-
лардың кәсіби біліктілігін көтеру мәсе-
лесі де күн тәртібінде тұр. Судьялардың
іс-әрекетіне қатысты жазылған азамат-
тардың арыз-шағымдары да соттарда
қандай кемшіліктердің кететініне нақты
сараптама жасауға мүмкіндік береді.
Сот пен судьялардың тәуелсіздігін
нығайтып, сыртқы ықпалдарды азай-
ту, заңдардағы қайшылықтарды жою,
қазылардың әдеп кодексін жетілдіру
де «Мінсіз судья» жобасының сәтті сіке
асуының кепілі болары даусыз.
ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА
Жиында сөз алған адвокат А.Шериев ел Президентінің Жарлығымен
бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық
және гендерлік саясат тұжырымдамасы» туралы айтып, құжатқа сәйкес, от-
басын қолдау, отбасы мүшелерінің рухани дамуына қажетті жағдайларды
жасау, ананы, әкені және баланы қорғау мемлекеттік отбасылық саясаттың
мақсаты болып табылатынына тоқталды. Ал, қоғам өмірінің барлық салала-
рында ерлер мен әйелдердің тепе-тең құқықтарға, міндеттер мен мүмкіндік-
терге қол жеткізуі, жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары
мен көріністерін еңсеруі мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты болып
табылатынын да сөз етті.
Отырыс соңында іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып
аясында өзекті мәселелер талқыланды.
Жамбыл облысы бойынша
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Азат ІЗБАСАРОВ,
Маңғыстау облысының
қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық сотының төрағасы
Келісімшарт толтырмай
қызметке кірісу қате
Құқықтық мемлекетте кез келген келіспеушіліктің заңдық
тұрғыдан шешілуі міндетті. Соның ішінде жұмыс беруші мен
жұмысшы арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты сақтап, еңбек
дауының алдын алу маңызды талаптар қатарында. Алайда, Еңбек
кодексі жаңартылып, жұмысшылар құқығын қорғаудың тетігі жан-
жақты жасалды дегенімізбен, еңбек даулары толықтай жойылып
кеткен жоқ. Және оған көбінесе жұмысшылардың өзі, азаматтардың
сенгіштігі, сауатсыздығы себеп болып жататыны жасырын емес.
Еңбек дауларын таразылағанда байқайтынымыз, азаматтар
жұмыстың жайлылығына, жалақының көлеміне, жұмыс бе-
рушінің жауаптылығына көңіл аудармайды. Олар үшін табан
тірейтін жұмыс орнының табылғаны маңызды. Бұл әсіресе
арнаулы білімі жоқ, белгілі бір мамандықты игермеген қарапай-
ым азаматтарға қатысты. Жұмысқа қабылданғанына қуанған
жандар көбінесе еңбек келісімшартын жасау керектігіне, тех-
никалық талаптардың барына назар аудармайды. Қарауындағы-
лардың шарасыздығын пайдаланған жұмыс берушілер келісім-
шартсыз еңбек еткен жандарды көңілі қалаған күні айлығын
азайтып, артық жұмысқа салып, демалыс күндері де еңбек
етуге мәжбүрлеп, айтқанына көнбегендерді жұмыстан шығарып
жатады. Ал, өзінің осындай дәрменсіз күйін сотта дәлелдей
алмайтындар қаншама? Не келісімшарты жоқ, не жұмыс істе-
геніне куәгерлік ететін адам таппағандардың пұшайман күйін
көрудің өзі қиын. Тіпті, күні кеше өзімен бірге жұмыс істеген
жандар жұмыс орнынан ажырап қалмас үшін жұмыс берушінің
айтқанына еріп «бұл адамды бірінші рет көріп тұрмын» десе
ше? Осындай жағдайлар жиі орын алмас үшін Еңбек кодексінің
талаптарын жұртшылыққа үнемі түсіндіріп отыруымыз керек.
Жалпы еңбек дауы ұжымдық және жеке деп екіге бөлінеді.
Соның ішінде жеке еңбек дауы – қызметкер мен жұмыс бе-
руші арасындағы еңбек туралы зандарды қолдану мәселелері
жөніндегі, жұмыс беруші мен қызметкер арасында реттелмеген
жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы
келіспеушіліктерден туындайды. Еңбек даулары орын алғанда
арызын жаза салып бірден сотқа келетін азаматтар баршылық.
Қазіргі таңда еңбек даулары екі сатыда қаралады. Алдымен дау
тараптардың келісімі бойынша келісім комиссиясының назарына
ұсынылады. Комиссия арызды үш күн ішінде қарап, қабылданған
шешімді арыз берушіге ұсынады. Егер шешіммен келіспесе
қызметкер үш айдың ішінде еңбек дауы бойынша сотқа арызда-
нуға құқылы. Тек осыдан кейін ғана сот еңбек дауын өндірісіне
қабылдап, істі заң талаптарына сай таразылайды.
Екі тараптың уәжін тыңдаған сот заң мен арды басшылыққа
ала отырып бір шешім шығарары анық. Бірақ, жұмысқа тұра
салып еңбек келісімшартын жасап, жұмыс тәртібін реттегенде
соттағы әурешілік те, уайым да, сандалыс та орын алмайтынын
ұмытпайық.
Г.ИМАНСЕРИКОВА,
Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының
судьясы