三 – (san)три
Китайская иероглифическая письменность - исключительное явление среди современных письменностей. Это - единственная иероглифическая письменность мира, которая была изобретена за полтора тысячелетия до н. э. и продолжает существовать в наши дни. Иероглифические письменности, которые были изобретены практически во всех очагах древних цивилизаций - на Ближнем Востоке, в Южной Азии, Китае, Центральной Америке, исчезли, оставив после себя немногие памятники. И только китайская иероглифическая письменность на протяжении всей своей истории смогла приспособиться к меняющимся условиям развития китайской цивилизации и оставаться сложным, но приемлемым для Китая средством письма.
Рассматривая происхождение китайской письменности, следует различать легенду и действительность. Столь значительное культурное достижение всегда соотносится в народном сознании с деятельностью важного культурного героя. Китайская традиционная история письма начинается с эпохи первых мифических императоров Фу Си и Шэнь Нуна, когда для записи сообщений использовались шнуры с узелками и триграммы, состоящие из комбинации целых и прерванных линий. Таким образом, Фу Си и Шэнь Нун были не столько изобретателями письменности, сколько создателями процесса семиозиса - создания условных знаков для обозначения реальных предметов.
В глубокой древности, как об этом свидетельствуют исследования, китайцы использовали для записи событий зарубки на деревянных палочках - шуци. Впоследствии, в связи с развитием иероглифики в чжоускую эпоху, широкое распространение получили бамбуковые планки цзянь и деревянные пластинки бань. Согласно литературным источникам, в III в. до н.э. бамбуковые пластины, которые использовались для иероглифических записей начали заменяться шелковой тканью, оказавшейся более удобным материалом. В связи с этим изменился и сам инструмент написания знаков: вместо заостренной палочки стали применять волосяную кисть, которой суждено было сохраниться до наших дней. Изобретение кисти связано с именем Мэн Тяня, жившего в циньскую эпоху (246-207 гг. до н.э.). Бумага же, хотя она и была изобретена в Киате еще в I в. до н.э., в качестве основного материала для письма вытеснила бамбук и шелк лишь в IV в. н.э. Первые рукописные книги на бумаге имели форму свитков.
Из универсальности иероглифической письменности следует еще одно ее свойство: независимость знака от его чтения. Знак иероглифической письменности может иметь любое количество чтений в соответствии с числом языков, которые пользуются эти письмом. Так китайские иероглифы имеют не только китайское, но также и корейское, японское, вьетнамское чтения. Внутри Китая каждый иероглиф имеет как "национальное" чтение, так множество диалектичных. При этом во многих диалектах, особенно в южных, различаются два чтения одного и того же иероглифа: разговорное и литературное. Второе используется при чтении письменных текстов вслух и при произношении терминов науки и культуры.
Независимость от действительного произношения означаемой лингвистической единицы дает иероглифической письменности также и вневременные качества: при знании грамматики текст, написанный иероглифически письмом, может быть понят независимо от того, когда был написан, а его знаки могут быть прочитаны любым удобным способом. Так, например, тексты древних классических текстов сегодня могут быть прочитаны с национальным чтением иероглифов, с любым диалектным чтением, с японским, корейским, вьетнамским чтением совершенно независимо от того, как именно они читались в момент создания. Все эти свойства иероглифической письменности сыграли важную роль в необыкновенной устойчивости китайской традиционной культуры и в том, что китайская письменность сохраняется и в наше время.
Литературы:
Учебник китайского языка.2011г.Урумчи.
Новый практическии курс китайского языка.2009г.Пекин
Сайт «Google».
Мемлекеттік тіл – қоғамдық қажеттілік
Сағынай А. ҚазМемҚызПУ, 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Г.Ж.Сүлейменова
Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің бір нышаны – мемлекеттік тіл. Қоғам дамыған сайын қазақ тілінің өміршеңдігі мен қажеттілігін арттыру мәселесі күшейіп келеді. Әлемнің дамыған елдері технологиялық прогрестің нәтижесінде өз тілдерін халықаралық деңгейде сұранысқа ие тілдерге айналдырды. Өз мемлекетінде өзге тілдердің көлеңкесінде қалып қоймауы үшін қазақ тілі де жан – жақты дамуы тиіс.
Мемлекеттік тілді білмеген адам халқының өткені мен бүгінін білмейді. Өкінішке қарай, бұған Қазақстандағы орыс тілінде білім алған қазақ жастарына айрықша қатысты.
Осы мәселеде мемлекеттік саясат мықты болсын. Мемлекеттік тілді білмейтін, ой–пікірін айта алмайтындар, қанша жерден сауатты болса да, жауапты қызметтерге тартылмауы керек. Бұл әсіресе, қазақ жастарына қатысты. Мемлекеттік тілді білмеген адам Қазақстандағы өзге этностардың да қамын жейтін мемлекетшіл болады дегенге сенбеймін.
«Тілді сақтауды–ұлтты сақтау» деп білу керек. Кешегі Кеңес өкіметінің шекпенінен шыққан тәуелсіз елдер, шет мемлекеттердің баршасында мемлекет аты берілген ұлттың тілі салтанат құрып тұр. Қазақ тілін дамытамыз дейміз, алайда, менің лексиконымда «қазақ тілін дамытамыз» деген сөз жоқ. Қазақ тілі дамыған, өркендеген, өскен, сонау атам заманнан қолданылып, құдіреті көтерілген, шұрайлы тіл» деп айтқан «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман апамыз.
Қай мемлекетте болмасын тілдің жайы өте кінәмшіл мәселе. Әсіресе Қазақстандай көп ұлтты мемлекетте. Сондықтан да біздің ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тіл саясатын жүргізуде сарабдалдық танытып келеді. Елбасы Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін төрге оздыруды кезең – кезеңмен жүзеге асыра отырып, мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақтың тілінің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясының кеңейуін мақсат тұтып отыр. Соған орай тілдерді дамыту, соның ішінде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге біршама қызмет еткені де шындық десек, Елбасы «Қазақ бір–бірімен қазақша сөйлессін» деген сөзді де жанашырлықпен ұдайы айтып келеді.
Қазақ тілінің, яғни мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қазандағы № 1545 қаулысымен «Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы» құрылды. Бұл орталық бүгінгі таңда оқу әдістемелік, насихат іс-шараларын жүзеге асырып келе жатқан әдістемелік әрі ұйымдастырушылық әлеуеті үлкен республика көлеміндегі бірден-бір құрылым болып табылады. Бұған қоса еліміздегі тіл саясаты он жыл бойы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде әр түрлі іс-шаралар жүргізді. Бұл тәуелсіз еліміздің белгілі бір тілдік ортасын қалыптастырып, мемлекеттік тілдің тұғырын бекітуге арналған бағдарлама болды.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасында мақсаттар мен міндеттер нақты қойылып, ол міндеттерді іске асыру жан–жақты кеңінен қаралған. Алайда осы мақсаттарға жетудің механизмін жан–жақты талқылап, әлі де жетілдіру қажет. Оның негізгісі- мемлекеттік тілді қолданысқа енгізуде «міндеттеу» деген сөзді ең басты талап және тілді енгізудің негізгі құралы ретінде қолдану. Осы кезде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» деген сөзі ойыма оралады. Иә, әрқайсымыз осы мемлекеттің азаматы атанып отырғандықтан мемлекетіміздің мемлекеттік тілін дамытуға үлес қосуымыз қажет.
Қазақстан – 128 тілден тұратын бай лаборатория. Егер тіл атаулыны сөйлесушісінің санына қарай бір сапқа тізер болсақ, көш басында қазақ тілі де соңында екі адам ғана сөйлейтін эн тілі орналасқан болар еді.
Қазақстандағы халық тілдерін сөйлеушінің саны мен атқарып келе жатқан қоғамдық қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) қоғамдық қызметінің ауқымы кең тілдер 2) қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер 3) қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер.
Алғашқы топқа қазақ, орыс тілдері жатады. Өзге тілдердің ішіндегі қоғамдық қызметі көлемдіректері – ұйғыр, дүнген, корей, өзбек, тәжік, украин тілдері.
Қазақстанда 6534616 қазақ тұрады. Қазақ тілді табиғи орта кейбір қалаларда әлсіздеу, бірақ республиканың кез келген түкпірінде кездеседі.
Сондай-ақ республикада 6227549 орыс тұрады. Орыс тілді табиғи орта Атырау, Маңғыстау, Торғай, Орал, Жезқазған, Шымкент, Қызылорда, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының аудандарында әлсіз, бірақ басқа облыс, қалаларда оның ықпалы зор.
Екінші топқа бұрын одақтас, Автономиялы Республика құрған халықтар мен шоғыр орналасқан шағын, азшылық ұлт өкілдері тілдерін жинақтауға болар еді. Олар, мысалы: азербайжан, қырғыз, татар, башқұрт, чечен, ингуш, түрік, курт, грек тілдері.
Үшінші топқа жататындар – сөйлеушісі санаулы болып келетін, жазуы жоқ, жанұя ішінде, өз ұлысы өкілдері арасында, ауыз әдебиетінде ғана, соның өзінде шектеулі қолданылатын тілдер.
Жалпы алғанда, Қазақстанда орыстан өзге халықтың 84 проценті өз тілін ана тілім деп есептейді. Әр тіл сөйлеушісіне қымбат. Бірақ әр тілдің әлеуметтік-коммуникативтік жүйеде алатын орны өзінше. Ал, мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің айнасы. Тілімізді ары қарай дамыту үшін түрлі іс– шараларды күшейтуіміз қажет. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 қаулысында «Қазақстан Республикасында тіл туралы» Заңның 23-бабына сәйкес, мемлекеттік істің барлық салаларында мемлекеттік тілдің белсенді қолданылуы үшін басым жағдай жасау қажеттігін ескере отырып, мемлекеттік органдарында іс қағаздарын кезең-кезеңімен қазақ тіліне көшуге байланысты іс шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырсын, 1998 жылдың 1 қазанына дейін жоғарғы ұйымдармен қызметтік хат-хабар, ақпарат алмасуды, статистикалық және қаржылық есептер жасасуды, сондай-ақ есептің басқа да түрлерін мемлекеттік тілде қосымша қаржысыз қамтамасыз ете алатын мүмкіншіліктері бар облыстар мен аудандарды анықтасын және оларда мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қолайлы жағдай туғызсын, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының орталық аппараттарында ішкі мүмкіншіліктер есебінен мемлекеттік тілді іс қағаздарына енгізу жөнінде құрылымдық бөлімшелер құруды толық шешсін. Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің штат кестелеріне қазақ тілінде іс жүргізушілердің лауазымдарын енгізсін» - деп атап көрсеткен. Осы баптарда көрсетілген тілдер туралы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту өте маңызды болып табылады, ол үшін республика бойынша барлық мемлекеттік органдардағы құжат айналымын прокуратура арнайы бақылауына алып, тіл заңнамасын орындауға міндеттеу керек. Бұған қоса мемлекеттік тіліміздің дөңгелегін алға жүргізбей отырғандар (басқа тілді қазақ тіліне тікелей аудару болып отыр) аударма ісімен айналысатындар. Яғни, басқа тілден қазақ тіліне тікелей аудару. Аудармашылар, судың да сурауы бар демекші, мекеме, ұйымдағы мемлекеттік тілдің қолданысына толық жауап беруі тиіс. Осы орайда айтпағым, ағылшын тілінен енген «Менеджер» (басқарушы), «менеджмент» (басқару, ұйымдастыру) мағынасын білдіреді. Немесе ағылшынша «Инвестор» - «салымшы», ал инвестиция (лат.) -қандай да бір іске капитал жұмсау ғой, бұларды газеттер неге өз тілімізде насихаттамайды? «Коррупция» да (біреуді параға жығу яғни пара алу) баламасыз осылай жазылып жүр. Ал мерзімді басылымдардың кайсысын алмасаңыз, қаптап жүрген- «Аукцион» - «Сауда-саттық» деген (лат.) таза баламасы тұрғанда, не үшін аукционға әуестенеміз, әлде айтуға әсерлі ме, немесе жазуға жеңіл ме?! Мұндай мысалдар толып жатыр. Латынша: «Актив» - пәрменді, «Пассив» - енжар, «Аттестация» - пікірлесу, «Аудитор» - тексеруші, «Девитор» - борышкер, «Депозит» - кепілақша, «Акция» - бағалы қағаз, «Сертификат» - куәлік, тағы басқа осы секілді сөздер баспасөзде болсын, телехабарда болсын, аудармасыз, сол қалпында аталып жүр. Сондықтан, Қазақстан Республикасының барша азаматтарын топтастырып, олардың басын біріктіретін аса маңызды факторлардың бірі болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір жанашыр азаматының борышы болуға тиіс.
Тіл дегеніміз – ұлттық болмыс пен психология аясындағы ең сезімтал, ең нәзік сала. Айтайын дегенім, мемлекеттік қызметке келетіндер, мемлекеттік тілден, яғни қазақ тілінен емтихан тапсырса дұрыс болар еді. Мұндай ұсынысты мен ғана емес, жүректері «Елім» деп соққан зиялы қауым, қазақ жастарыда қолдайды.
Ана тіліміздің абыройы асқақтап, беделі арта түссін демекпін!
Пайдаланылған әдебиеттер:
Дүйсембекова Л. Қазақ ресми-іс қағаздары. Алматы,2007
Сатбекова А.А. Мемлекеттік тілді жобалау әдісі мен оқыту әдістемесі.
Алматы,2007
Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту тұжырымдамасы.
Астана, 2004.
Хасанов Б. Ана тілі – ата мұра. Алматы,2002
«Мемлекеттік тілді дамыту жолдары» республикалық ғылыми конференция.-Алматы, 2000.
Резюме
В данной статье рассматривается использование государственного языка.
Атаулы сөйлемдердің семантикалық ерекшеліктері
С.Самархан, ҚазМемҚызПУ
Қазақ тіл білімі кафедрасының ізденушісі
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Т.Н. Ермекова
Тілтанымдағы сөйлемді зерттеуде таза формалдық сипатқа айрықша мән беретін бағыттың орнына соңғы кездегі үрдіс алған сөйлемді мағынаға негіздей зерттейтін семантикалық құрылымға назар аударылып келеді. Аталған мәселе бірқатар түркітанушылар назарын өзіне аударып, нақты нәтижеге қол жеткізгендіктен, түркітанудағы жетекші идеялар ретінде қолданылып жүр.
|Кез келген ғылыми ілім саласында болмыста бар, зерттелген нысана, құбылыс, обьективті болмыстағы құбылыстар жүйесі мен адамзаттың ұжымдық санасында геносеологиялық әрекеттерінің әр кезеңінде қалыптасқан ұғым мен ол жүйедегі құбылыстар туралы түсінік арасында анағұрлым алшақтық болады. Ғылым неғұрлым алға жылжып дамыған сайын ол алшақтық қысқара түсуі тиіс. Обьективті әлем туралы адамзат білімі салыстырмалы болғандықтан, қалыптасқан ғылыми ұғымдар жүйесі және үнемі жеткілікті дәрежеде жетілмеген, құбылыстар жүйесі әрыңғай түрде болады.
Әр ғылымның даму барысында, оның кезеңдерінің ауысуына нысана туралы ұғым, түсінік жүйесі тереңдетіледі, жаңаланады, қайта қарастырылады, сонымен қатар, өзгеріске баяндау және қорыту әдістерінің жүйесі де ұшырайды, өзгеріссіз қалатын тек олардың міндеттері – сана құралы, қаруы болу ғана. Адамдар арасындағы қатынас құралы ретіндегі сөйлеу әрекеті туралы түсінікті ғалым Б. Қалиұлы былайшы таратады: «Сөйлеу әрекеті сөйлеу, есту, ұғыну сияқты үш бөлімнен тұрады. Сөйлеушінің айтқандары – артикуляциялық жиынтық, ал тыңдаушының еститіндері - акустика, сөйлеушінің айтқандары – артикуляциялық жиынтық, ал тыңдаушының еститіндері – акустикалық жиынтық болады. Сөйлеуші мен тыңдаушы бірін-бірі түсіну үшін тағы (үшінші) бір жиынтық керек. Ол - сөйлеу әрекетінің ұғымдық (мағыналық) жағы. Бұл үш жиынтық берік бірлікте болу керек. Яғни бас деген сөзді айтушы да, тыңдаушы да бір мағынада түсіну керек Айтылған мен естігеннің арасында ондай бірлік болмаса ұғыну, ұғынысу деген де болмайды. Ондай бірлікті – мағына (сементика) деп атайды. Семантитка тілдік бірліктердің қай-қайсысына да тән» [1, 60 б].
Сөйлем семантикасы – бұл, ең алдымен, тілдік құрылымның және ол беретін тілден тыс мазмұнның байланысу мәселесі. Оған қоса коммуникациялық қатынастың тек сөйлеумен шектелмейтінін де ескергеніміз жөн. Бұл жөнінде ғалым Б. Момынованың: «Зерттеушілер жасаған тағы бір түйін бойынша, вербалды немесе тілдік құралдар арқылы нақты ақпарат берілсе, бейвербалды құралдар диалогқа қатысып отырған екі жақтың (тараптардың) эмоциясы мен сезімін жеткізудің таптырмас құралы көрінеді. Тіпті кейбір жағдайларда, күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, ым мен ишарттың қатысы арқылы ойыңды жеткізу оңайға түседі, кейде тиімді болып шығады», - деген тұжырымы синтаксистер тарапынан да арнайы зерттеуді күтіп тұрған мәселе екендігін мойындауымыз керек. [1, 9 б]. Тілден тыс жағдайдағы сөйлемнің семантикалық құрылымы мәселесінде қиындықтар өте көп. Бұл тілден тыс категориялардың жалпылығына, бөліну деңгейіне, құрылымына және олардың еркін интерпретацияға түсуге мүмкіндік беруіне байланысты болады. Жағдаят пен оның бөлінуін біздің санамызда, яғни тілдік санамызда қалыптасқан көрініс түрінде ғана елестете аламыз. Сөйлемнің синтаксистік құрылымы оның компоненттерін толықтай морфологиялық формуламен беруге келмейтіндіктен, синтаксистегі форма да морфологиялық көрсеткішке сай келмейді, қазіргі кезде бұл тезиске қарама-қарсы пікірлер жоқ. Синтаксистегі семантикалық талдаудың рөлі туралы сұрақ талқылануда, сарапқа салынуда, ал синтаксистік формалануда семантикалық маркерлер кең қолданыс тапқан. Алайда синтаксистік үлгілердің барабарлылығы мен сәйкес келмеу мәселесін кездестіргенннен кейін сол бір үлгіні беруші сөйлем компоненттерінің морфологиялық сәйкестігі жеткілікті болар ма екен деген сауал туындайды. Мысалы, төмендегі үлгілермен келтірілген сөйлем құрылымдарын тепе-тең деп санауға бола ма?
Кітап сөмкеде; 2. Күш бірлікте; 3. Ауа ластануда; 4. Анасы ойлануда.
Аталған сөйлемдерді ортақ морфологиялық көрсеткіштеріне қарап, бір формуламен беруге болмайды, өйткені олар түрлі хабарлау мазмұнды болып келеді: 1 – заттың орны; 2 – абстрактылы ұғымның мазмұны; 3 – зат белгісі; 4 – тұлғаның жай-қүйі.
Мынадай жағдайда сызбаның полисемиялық немесе ононимиялық идеясы ұсынылуы қажет. Алайда полисемияны лексикада белгілегенде, мысалы, бас немесе кілт сөзіндегі ононимияны белгілегенде, оны белгілі материалдық бірлікте, яғни сөзде айқындайды.
Сөйлем типінің семантикасы немесе сөйлемнің семантикалық құрылымы ұғымдарына келетін болсақ, олар мазмұны бойынша анағұрлым ортақ және олардың мазмұндық абстракция деңгейі барынша нақты. Материалды суреттеуде олар кейде орындарын ауыстырады. Егер де біріншісі басқа факторлар арасында «лексикалық толығу ережелерімен» құрылса, екіншісі – сөздердің «лексикалық мағынасымен» құрылады, екеуі де лексикалық мағынаға тәуелді болып табылады. Бірақ сөздердің (нақты сөздердің) лексикалық мағыналары берілген сөйлемнің нақты мазмұнын беруге қатысады.
Сөйлем мағыналарын төмендегідей сипаттарымен анықтауға болады:
1) Сөйлемнің грамматикалық мазмұнын тек хабардың белгілі бір мезгілге сәйкестігін көрсетуден ғана емес, сонымен бірге предикаттық белгінің бір шаққа (не шақ, модальділік, жаққа) қатынасынан көре аламыз. Тіпті шаққа қатысы жоқ деп есептелетін етістіксіз, есім баяндауышты сөйлемдердің де белгілі бір дәрежеде шаққа қатысы болатындығы айтылып жүр.
2) Сөйлем құрамындағы сөздердің қай сөз табына жатуы негізінде де сөйлем мазмұны анықтала түседі. Бірақ бұл жерде де шарттылық болатынын естен шығармаған жөн. Тіпті бір ғана формуламен берілген сөйлемдердің өзінде семантикалық айырмашылықтар болады. Немесе, керісінше, құрылымдық үлгісі сөз таптарының қатысы тұрғысынан басқаша болғанымен, мағынасы жағынан сәйкес келуі де мүмкін. Мұндайда мазмұн мен форманың сәйкестігі мәселесіндегі қайшылыққа тап боламыз. Аталған жайтты төмендегі мысалдардан аңғаруға болады. Мысалдарды салыстырып көрсек:
1. Алтай, Күршім – не заманнан қалың найман мекені (Ж. Аймауытов).
2. Алтай, Күршімді не заманнан қалың найман мекен еткен.
3. Жақсылыққа – жақсылық, жамандыққа – жамандық (Мақал).
4. Жақсылыққа – жақсылық жасау керек, жамандыққа – жамандық жасау керек. Бірі есім баяндауышты (1, 3-сөйлемдер), екіншісі етістік баяндауышты (2, 4-сөқйлемдер) болып талданатын болғанымен, бұл сөйлемдерде мағыналық сәйкестік бар екендігін жоққа шығара алмаймыз.
Жай сөйлемнің грамматикалық мағынасын нақтылау басқа синтаксистік бірліктерді анықтаумен салыстырғанда жақсырақ қарастырылған. Сөз тіркесі үшін бұл байланыс кезіндегі сөздер арасындағы арақатынас, құрмалас сөйлемдер үшін бұл – салаласа немесе сабақтаса байланысу амалдары арқылы берілген құрамалас сөйлемнің ішіндегі арақатынас.
Алайда мәселе бірыңғай ұғымдардың анықтамаларын бірдейлестіру мүмкіндігінде емес, сөйлем құрылымындағы семантикалық – грамматикалық және грамматикалық белгілерді бөлу ұстанымдарында. Предикативтілік белгі мен оның субьектісі категориялары – сөйлемді ұйымдастырудың семантикалық категориялары ғана емес, сонымен қатар құрылымдық, грамматикалық категориялар болып танылады. [2, 151-157 б. б].
Мысалы: 1. Мемлекеттік емтихан деген атаулы сөйлем біріншіден, сынақ тапсыру, екіншіден екі сөзде зат есімнен жасалған. Сынақтың кез келген түрі емес мемлекеттік екендігі көрніп тұр. 2. Сынақ кітапшасы бұл атаулы сөйлемде кітапшаның түрі, бағыныңқы сөз зат есім ілік септік жалғауының жасырынып келуі арқылы (сынақтың кітапшасы) жасалған. 3. Күзгі кеш, қысқы дала, таулы қырат деген атаулы сөйлемдерде 1-де кештің қай мезгілге қатысты екенін білдіріп, зат есімнен жасалған сөйлем сын есімнің сұрағына жауап беріп тұр. 2-де, 3-де тура сондай атаулы сөйлем болып тұр. 4. 321 аудитория деген атаулы сөйлем аудиторияның нөмерін білдіріп тұр. Сан есім мен зат есімнің тіркесінен жасалған атаулы сөйлем. Қорыта келе, атаулы сөйлемнің семантикалық ерекшеліктері ерекше екендігі. Сонымен қатар, әлі де толықтай зерттеуді қажет ететіндігін көруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Момынова Б., Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Арыс, 2003 ж.
Ермекова Т.Н. Құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 2008 ж.
Резюме
В статье рассматривается семантические особенности назывных предложений.
МАМАНДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ КӘСІБИ ЛЕКСИКА
О.Сидикметов,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
механика-математика факультетінің 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Б.Рысбай
Қазіргі тәуелсіздік кезеңі мен жаһандану дәуіріндегі өзекті мәселенің бірі – қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік және ұлтты бірегейлендіру қызметін күшейту. Соның барысындағы оның негізгі сипаты тілдің рухани-әлеуметтік жаңғыртуларға сай жаңа деңгейге көтеріліп, қалыптасушы ұлттық таным мен ой-өрістің мәнін мемлекеттік мүддеге ұластырып, қоғамның түрлі саласында кәсіби тілдік тұлғаның қызмет ету дәрежесін көтеруі және бағдарлауымен тығыз байланысты. Қоғам жан-жақты және жаңа сапада дамыған сайын онымен сабақтас тілдің де сол дәрежеде дамуы – мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес тілдің қоғамдағы толыққанды қызметінің кепілі. Олай болса, ұлттың этномәдени болмысын сақтаған мемлекеттік тілдің осы бағыттағы даму деңгейі бұзылмауы тиіс. Бұл – қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтың қазақ тілінің мәні мен қызметін анықтаған ғылыми тұжырымдарынан бастау алған зерделі ой.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады», – деп айтылған. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленді», – деп көрсетілген. Мұндай мақсатқа жету үшін, алдымен, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқу құралдарын заман талабына сай жетілдіру қызметін жүзеге асыруды қажет етеді.
Осымен байланысты мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қазақ тілінің қоғамдық қызметін жан-жақты жетілдіру үшін ұлттық тілдегі терминдік жүйені қалыптастырудың қоғам алдындағы маңызы ерекше екенін қазіргі қоғамдық-әлеуметтік өмір тынысы көрсетіп отыр. Мәртебесіне сай тіл қолданысының жаңа да кешенді деңгейінің сипаты мен тілдің бойындағы рухани-әлеуметтік әлеуетіне байланысты бұл өзекті мәселе А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми-зерттеушілік назарынан тыс қалған жоқ. Керісінше, тіл білімінің функционалдық парадигмасы контексінде терминология мәселесінің жан-жақты қарастырылуы бұл саладағы көптеген міндеттерді жаңаша шешуді көздейді. Соның бірі – мемлекеттік тілдің жан-жақты қоғамдық қызметіне жан беретін ұлттық терминологиялық жүйе қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде терминдену үдерісіне ерекше мән беру, ол үдерісті оған ықпал етуші ұлттық сананың жаңғыруымен сабақтас тану. Осыған орай термин табиғатын түсіндіруде оның қалыптасуын, дамуын жалпы тілдік жүйе мен сол тілде сөйлеуші ұлт танымына сәйкес қараудың көп мәселелердің шешіміне тиімді әсері айқындалуда.
Нақты айтқанда, ұлттық терминжасамның бастау көзінде белгіленген «әрбір тілдің өз байлығын сарқа пайдалану» қағидасының қазіргі таңда да жаңа сапада жаңғырып іске асуы жалпыхалықтық лексикамен тығыз байланыстырылып, төл тілдік балама табу үрдісі қазақ терминологиясын қалыптастырудың жаңаша көзқарасын сипаттап, ұлттық терминология қалыптастырудың ғылыми қағидасы ретінде анықталды (Ә.Қайдар, Б.Қалиев еңбектерінде, т.б.). Осыған орай қоғамдық-әлеуметтік қызметінің кеңеюі мен мемлекеттік мүддеге сай ұлттық лексиканың мүмкіндіктерін толығынан іске қосудың негізгі тетігі ретінде терминдену үдерісі ғылыми негіздерінің арнайы зерттелуінің мәні ерекше.
Қазақ терминологиялық жүйесі дамуының қазіргі кезеңінде күрделі сипаттамалы терминдер қатары молая түсуде. Осымен байланысты арнаулы лексикадан құралатын терминологиялық аталым мен жалпы лексикалық аталым үдерістерін саралап, бастапқы уәждемелерін анықтау мәселесінің де, қазіргі қоғамдағы ғылыми коммуникациямен үндес зерттелуі де, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасында жүргізіліп жатқан ізденістердің көкейкесті мәнін көрсетеді.
Қоғам дамуының қазіргі жағдайында ұлттық төл мәдениет – рухани қалыптасудың негізгі көзі екені анықталған жайт. Сол сияқты рухани мәдениеттен таралуға тиіс ғылым тілін «қазақыландыру» бағытының да негізгі бастау көзі осы болмақ керек. Осыған орай қазақ ғылыми тілінің басым пайызын құрайтын халықаралық стандарттағы терминдердің қазақша баламаларын жасауға бетбұрысты, терминдерді «қазақыландыру» үрдісін – «солақай» немесе «пуристік бағыт», «әлемдік өркениеттен алшақтау», «ұлттық жырақтық» деп сипаттау – біржақты түсінік. Қазіргі заманда кез келген өркениетті мемлекетте ұлттық терминологиялық жүйенің қалыптасуы – қоғам мен тіл арасындағы байланыстан, ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдденің тоғысуынан, танымдық негіздерімен сабақтасуына мән беруден туындайтын, ғаламдасуға бір бөлшек боп енетін жаңаша дамудың заңды үрдісі. Нақты айтқанда, ол ғылыми түсініктерді белгілейтін тілдік құралдардың атауларын қалыптастыруда ұлттық ұғымды арқау етіп, қазақ терминдерінің төл тілдік баламаларын жасаудың, ғылым тілін қазақша «сөйлету» әрекетінің барысындағы үрдістің жаңаша даму деңгейін көрсетеді. Мысалы, қазіргі қазақ тіл біліміндегі тіркесімділік (валентность), уәж (мотив), уәжділік (мотивированность), тілдік тұлға (языковая личность), тілдік жағдаят (языковая ситуация), үстірт құрылым (поверхностная структура), т.б. терминдер – соның нақты айғағы.
Бірақ көп жағдайда терминдердің құрылымдық табиғилығын сақтап, төл тілдік сөздің нақты, жіктелген ішкі мазмұны тірек етілгенімен, сөздің негізгі, жалпы мазмұны, семантикалық құрылымы, ұғымдық көлемі терминдік дефиницияға толық сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан терминжасамдық үдеріс барысында аталымдар жарыспалылығының, емлелік ала-құлалықтардың, тіл нормасынан ауытқушылықтың, тілді пайдаланушылар тарапынан ұсыныстардың, сыни пікірлердің айтылып жатуы – заңды құбылыс. Мысалы, қазір жарыса қолданылып жүрген отбасы, жанұя, үйелмен сөздерінің «семья» атауына қатысты баламалық қолданысына қатысты пікірлерді қараңыз. Мұның себебін кей бір академиктер «термин жасау мәселесінің құрылымдық-тілдік және ұғымдық-семантикалық екі жағы болатындығының ескерілмеуінен» деп санайды. Яғни ғылыми терминдер заттың атын емес, ұғымның атын білдіреді. Осы тектес терминдерді қабылдауда әртүрлі «көру бұрышының» пайда болуын да, жоғарыда көрсетілгендей, бүгінгі күні біртекті сөз мағынасы дефинициясының әртүрлі сипатталуымен түсіндіруге болады. Дәл қазіргі қоғамдық-әлеуметтік ахуал мен тілдік жағдаят контексінде терминденген сөзді индивидтің жетістігі ретінде қабылдаудың қажеттілігі психолингвистикалық тұрғыдан адамның тілін сөйлеу тетіктерінің қызметі мен әрекеті тұрғысынан сипаттайды. Басқаша айтқанда, қабылданатың терминді түсіну барысында адам өзінің жадындағы таныс сөздерді іздестіріп, оны жаңа терминмен байланыстыруы үшін қандай тәсілдерге сүйенетінін анықтайды. Себебі адамның күнделікті өмірінің барысында қалыптасқан ой-саналық (ментальді) құрылымы индивидтің жан дүниесінде пайда болған жаңа әлемді (дүниені танудың тілдік әлеміне сай), социумды айқындайды. Психолингвистикалық әдісті білімге қол жеткізу мүмкіндіктері деп қана емес, білім алу, түсіндіру тәсілдерін де қамтитын талдау үлгісі ретінде бағалауға болады. Мұндай тәсілді қолдану барысында тіл мен оны тұтынушы қатынасына сай туындайтын тілдік процестер және оның нәтижесіндегі индивидтің тілдік санасында «қандай жаңа мағына қалыптасады, оның сөйлеу қызметіне байланысы қандай?» деген мәселелерге мән беріледі. Сондықтан да сол мағынаны анықтайтын, яғни индивид қолданатын лексикалық мағынаны таза вербалды тілдік құралдардың орнын толтыруға көңіл бөлінеді. Мұндай мағынаның орнын толтыру адамның сөйлеу әрекетінің, коммуникативтік қызметінің жетістігі ретінде қажет. Осымен байланысты тілдің ішкі құрылымындағы когнитивтік (танымдық) процестер немесе тілдік санадағы қайта өңдеу әрекеті (терминдену) арқылы тіл шығармашылығында жаңа мағынаны қалыптастыру іске асады, ұлттық санадағы танымдық сабақтастықтың жемісі үзілмейді. Мысалы, тұсаукесер, құрықтау, билік, т.б.
Адамның жан дүниесінің мазмұны вербалды сипатта жинақталған білім, ассоциация, түрлі әсерлер, т.б. қорынан құралып, тіл тұтынушы танымындағы жалғастырушы, тұтастырушы арқау ретінде оның тілдік санасында бейнеленеді. Мысалы, көсем сөзінің бұрынан түсініктілігі – «алда жүруші», «бастаушы» деген ассоциация екі сыңардан құралатын етістік тұлғасын атайтын лингвистикалық көсемше терминінің қалыптасуына негіз болады: бара жатыр, алып келді, т.б.
Көріп отырғанымыздай, тілдік тәжірибеде көбінесе төл тілдік сөздің ішкі мазмұнын тірек ету үшін интернационалдық терминдердің сыртқы құрылымы, дефинициясы қазақшаланады да, терминнің семантикасына балама іздестіріледі.
Жоғарыда көрсетілген терминжасам мен терминдену үдерісінің теориялық мәселесімен сабақтас практикалық мәселелердің бірі – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен қолдану жолында өзекті қоғамдық-әлеуметтік мүддеге айналып отырған, бүгінгі таңда тілді тұтынушы талаптарын қанағаттандыратын нақты салаларға, атап айтқанда, мемлекеттік тілдің мамандыққа сәйкес меңгерілуін зерттеу.
Әртүрлі нақты салаларда қазақ тілін қолданудың оны қажетті деңгейде кәсіптік бағдарлы біліммен ұштастыруға бағытталған коммуникативті-функционалдық қағида ұғымдарын тірек қылатыны белгілі. Осымен байланысты, мысалы, мұнай-газ мамандығы саласында қазақ тілін қолдану арқылы арнаулы сала тілін қалыптастыруды мақсат еткен зерттеу жұмыстарының нәтижесі кәсіби-әлеуметтік қолданысқа сай аса тиімді болып отыр. Себебі болашақ мамандар еңбек етуге тиіс мұнай-газ саласында қазақ тілін тұтыну – қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының тек экономикалық мәнін ғана емес, сонымен бірге халықаралық қатынас жүйесіндегі саяси, мәдени-әлеуметтік мәнін сипаттайтын кешенді де күрделі мәселе. Сондықтан салалық терминология негізінде мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген, оны кәсіби ортасына байланысты жан-жақты қолдануды жақсы игерген ұлттық мамандардың тілдік тұлғасын қалыптастыру ісі өзінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына сай тілді дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалармен сабақтасады. Тәуелсіз ҚР-дағы индустрияландыру бағытына сәйкес Қазақстан өнеркәсібінің болашағы – білікті кәсіби жас мамандардың қолында. Сондықтан оларға мемлекеттік тілді мамандыққа сәйкес меңгерту – бүгінгі өмір талабы. Осымен байланысты зерттеулерде қазақ тіліндегі кәсіби лексиканы қалыптастыруды іске асырудың ұтымды жолдары анықталғанын мынадай нәтижелерінен көруге болады:
Кәсіби лексиканың мамандыққа қатысты атқаратын қызметіне сай үш түрін көрсету (кәсіби-бағдарлық, кәсіби-тақырыптық, кәсіби-шығармашылық). Оның негізіне мамандыққа байланысты күнделікті өндірістік іс-әрекетте қолданылатын, тұтынылатын тілдік қолданыстар, сәйкес мәтіндерден, оқулықтардан, салалық сөздіктерден жинақталған тілдік деректер пайдаланылады;
Тілді зерттеу барысы да, тілді оқытып, үйрету барысында да бұрын тілдік жүйенің жазбаша формасы негізінде жүргізілсе, соңғы кезде прагмалинвгистика, когнитивтік және коммуникативтік линвгистика бағытына сәйкес тілдің сөйлеу кезіндегі тілдік көрінісіне, яғни нақты сөйлеу әрекеті ауызша мәтінге ерекше мән беру.
Қазақ тілін мамандыққа сәйкес ұлттық терминология негізінде меңгертудің тәрбиелік мәніне, атап айтқанда, оларды арқау етіп құрылған мәтіндердің психологиялық, ұлттық танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Оны дұрыс та дәл таңдалған тиісті газет мәтіндерінің тілді меңгерту үшін оқу-әдістемелік құралдарында, оқыту процесінде қолданылуынан көруге болады. Осыған орай жүргізілетін талдау жұмыстарының ғылыми әдістемелік негізі танымдық уәжбен сабақтастырылып тұжырымдалады. Сайып келгенде, осы тектес зерттеулер нәтижесі болашақ маман иесінің ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастырып, олардың ана тіліне, ұлт мәдениетіне, кәсіби мамандығына деген құлшынысын арттыруға қызмет етеді.
Орыс тілді бөлім студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер жеткілікті.
Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны жайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш- жігер жұмсауымыз керек». Бұл қазақ тілін қоғамдағы бірліктің күші ретінде таныту қажеттігімен қатар, оны өзге ұлт өкілдері меңгеру керектігін көрсетеді. Қазақ тілін мамандыққа қатысты оқыту мәселесіне байланысты экономика мамандығы бойынша кәсіби лексиканы дамыту мәселесі арнайы қарастырылмады. Осы мәселе түбегейлі зерттеуді қажет ететіндігі – тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді. Қазіргі қоғам талабына сай мемлекет басқару саласында, қаржы, экономика, менеджмент, есеп және аудит, сақтандыру ісі, сауда, жарнама, биржа, кеден тәртіптемесі, салық, банк, т.б. экономика салаларында қазақ тілі кеңінен сұранысқа ие болуда. Бұл бүгінгі студент – ертеңгі маманның алдында жаңа міндет – кәсіби лексиканы меңгеруді қажет етері айдан анық аксиома екені белгілі. Осындай талаптарды іске асыру барысында жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту ісінде жаңа міндеттер туындайды. Бұл мәселені кәсіби қазақ тілінде дұрыс сөйлей білетін, жоғары білімді экономика саласындағы мамандарды даярлау және олардың сөздік қорын кәсіби лексикамен дамытумен байланыстыруға болады. Өйткені, қазіргі кезде экономика саласындағы қызметкер қазақ тілінде сауатты сөйлеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының Заңдарын (кеден ісі және салық, банк ісі, т.б. туралы), жарлықтарын, үкімдерін қазақ тілінде дұрыс түсіне білуі қажет. Осындай дағдыларды қалыптастыруда студенттердің сөздік қорын, кәсіби лексикасын дамыту ісі жақсы нәтиже берері сөзсіз. Бұл қазақ тілін мамандыққа сай оқытуды жақсартуды қажет етеді. Студенттердің кәсіби лексикасын дамыту, біріншіден, студенттердің кәсіби тілде сөйлеу сауаттылығын дамытады, екіншіден, болашақ экономистерге ойын дұрыс жеткізуге көмектеседі.
Біздің мақсатымыз: жоғары оқу орындары студенттерінің өз мамандығы бойынша кәсіби лексикасын дамытудың әдістемесін жасау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылуы тиіс:
- кәсіби лексиканы дамыту әдістемесінің зерттелуіне шолу жасау;
- жоғары оқу орындарында студенттердің өз мамандығы бойынша кәсіби лексикасын дамытудың лингвистикалық және психологиялық-педагогикалық негіздерін айқындау;
- жоғары оқу орындарында студенттердің өз мамандығы бойынша кәсіби лексикасын дамытуға негіз болатын сөздік-минимумды көрсету;
- жоғары оқу орындарында студенттердің өз мамандығы бойынша кәсіби лексикасын дамытудың әдіс-тәсілдерін белгілеу;
- студенттердің сөздік қорын өздерінің мамандығы бойынша дамыту әдістемесінің ұтымдылығын дәлелдеу үшін эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін айқындау.
Жоғары оқу орындарында студенттердің сөздік қорын өздерінің мамандығына байланысты дамыту - болашақ мамандарды кәсіби қазақ тілінде сауатты сөйлей білуге үйретеді. Студент-мамандардің ой-өрісін кеңейтіп, олардың сөздік қорларын өзінің мамандығына байланысты қазақи терминдермен байытады. Бұл дегені:
1. Әр түрлі салаларда оқитын студенттердің сөздік қорын мамандыққа сай дамыту әдістемесі олардың кәсіби тұрғыдан өз ойын жеткізуге, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырып, жазу сауаттылығын арттырады.
2. Болашақ мамандар өз саласы бойынша терминдердің мағынасын түсіну арқылы сөздік қорын кәсіби лексикамен дамытады.
3. Студенттер өз ойларын қазақша еркін жеткізуді іскерлік сабақтар барысында үйренеді. Қарым қатынас жасау барысында өзіндік көзқарасын дәлелдеуге тырысады, кәсіби этиканы сақтауға машығады.
4. Іскерлік ойындар берілген қарым-қатынас жағдаяттарында өз пікірін қазақша білдіруге, дұрыс шешім қабылдауға үйретеді; терминдерді кәсіби қарым-қатынас барысында белсенді қолдануға мүмкіндік берді.
БАҚ- тағы қателіктердің сыры неде?
Қ.Р Сүттібаева , 2 курс студенті.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Б.Н. Нұржанова
Қазіргі қоғамда көптеген газет, радио, журнал, оқулық, интернет, теледидарда сөздерді дұрыс қолданбау, дұрыс айтпау сияқты мәселелер көптеп кездеседі. Тілдің дамуына байланысты тілдік нормалар да үнемі дамып, өзгеріп отырады. Лингвоэкология аясында нормаларды қарастырған Н.Уәли: «сөз мәдениеті» ұғымы тілдік норма, этикалық норма, коммуникативті норма деп аталатын норманың үш типін қамтиды. Тілдік нормалар: орфоэпиялық норма, орфографиялық норма, лексика – фразеологиялық норма, грамматикалық (сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) нормалар», - деп жіктейді. Жалпы стильдік сипаты өзгеріп, мүлдем басқа мағынада да қолданылып жүрген сөздер де аз емес. Мысалға, Х.Нұрмұқановтың қауысу, қабысу сөзінің өзгеруін талдағанын алайық: «Мәкен екеуінің қайта қауысып күле жайнап отырғаныңды өз көзіммен көріп кету ыстық тілегім еді (М.Ә.). Ғ.Мұстафин шығармаларының 1-томынан (261-бет) қабысқан құшақты, Ж.Молдағалиевтің таңдамалы өлеңдерінің бірінен «Тірі Абай қауысқандай» (1,34 ) оқимыз. В.В.Радлов сөздігінде бұл сөзге «Қауш (қабыш) - қосу, біріктіру. Қазан диалектісі.«Шағатай кітаби тілі» деген түсіндірме беріліп, «Қауыштырар бір алла»(1, 54 -55 ) деген мысал келтірген. Бұл сөз туралы проффессор М.Балақаевтың «Лениншіл жас» газетінің 5 қыркүйек (1964) күнгі санында «қауышқан» деген сөз бірнеше рет жазылыпты: «Тоғысқан тілек, қауышқан жүрек», «жылы жүз, қауышқан құшақтар», «бір-бірімен қауышып жатқан үйеңкі бұтақтарының сыбдыры». «Қауышқан» сөзінің қазақшасы – айқасқан, қабысқан. Солардың бірін қолданбай, қазақ тілінде жоқ, татар тілінде бар, «қауыш» сөзін бір қазақтың аузынан естіп едім, жаңалық болсын деп әдеби тілге тықпыштаған газет қызметкерлері жазғандарын күлкіге айналдырып отырған жоқ па? Қабысқанды - «қауышқан» деп, сауысқанды - сауышқан деп отырса, оған күлмеске бола ма? Сол қауышу бүгінгі көркем әдебиетіміз бен газет- журналдарымыз беттерінде еркін қолданылып жүр». Айнымалы синтагматикаға түскен соң, қауышқан жүрек, қауышқан құшақтар, қауышып жатқан үйеңкі бұтақтарының сыбдыры болып тұр,ал негізінен қабысқан болуы тиіс екені М.Балақаевтың сөзінен көрініп тұр емес пе? Р.Сыздық: «лексикалық норманы сөз еткенде, әңгіме жеке сөздердің қолданысқа түскендігі, дұрыс-бұрыстығы, оңды не сәтсіздігі туралы болмақ. Бұл қиын шаруа, өйткені сөздердің барлығы бір қалыпқа түсіп, бір үлгімен жұмсалмайды», - деп ескертеді. Әлбетте, барлық сөздер біріңғай ережеге сай әрі сәйкес қолданылады деп айта алмаймыз, әрине тіпті біздің күнделікті қолданылып жүрген сөздеріміздің өзі дұрыс айтылады немесе дұрыс қолданылады деудің өзі жаңсақ пікір. Себебі, біз сөздерді дұрыс емес қолдану арқылы тіліміздің орфографиялық нормасын бұзамыз әрі сол сөздерді дұрыс қолданбау арқылы сөзге өзге, басқа мағына үстейміз. «Хабар» арнасындағы қазан айындағы кешкі жаңалықтарды жүргізушілердің қателесіп айтқан ақпаратын естіп қалғаным бар еді. Яғни, ол ақпарат мынадай еді: «Төрт өлікті өлімнен құтқарып қалдық» деген қате ақпараты адамға өте жағымсыз әрі тұрпайы естіледі, әрі ессіз құлаққа ес кіргізіп,есті құлақты ойландырары сөзсіз. Күнделікті өмірде осындай қолданыстағы айтылып, қолданылып жүрген ақпараттар саны жағынан көбейіп, жиі кездеседі.Меніңше, осындай қателіктердің сыры орфография ережесіне сай негізделеді. Міржақып Дулатовтың кезінде «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деуі американ генералы Шаликашвилидің «СИ-ЭН-ЭН» американ әскері жеңіп жатыр деп айтпайынша, американ әскері жеңіске қол жеткізе алмайды» деп қорытынды жасауы кездейсоқ емес. Расында, БАҚ-тың қоғамға тигізер әсері зор.БАҚ қоғамда болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат, қоғамдық пікірді берумен қатар оны қалыптастыруға барынша үлес қосады. Осы заманның адамы өзін ақпараттан тыс қоя алмайды және ол БАҚ-тың төмендегідей мәдени-әлеуметтік міндеттер атқаруымен тікелей байланысты. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |