Смс(ҚХҚ)-хабарламаларындағы ықшамдалу



жүктеу 4,86 Mb.
бет9/23
Дата13.05.2018
өлшемі4,86 Mb.
#12193
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Бегманов Қ. Этнографпен әңгіме. Алматы, 2010

2. Бабалықұлы Ж. Қамшыгерлік. Алматы,1998

3. Қазақ тілінің сөздігі. Алматы,1999

4. Бес ғасыр жырлайды. Алматы,1989

5. Абай шығармалары. І-ІІ том. Алматы, 2005

6. Мақатаев М. Жүрек арызы.Алматы,2008

7. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз. – Алматы, 1995



Резюме

В данной статье рассматривается этнокультурное значение названий одежды в казахском языке.


Қазіргі қазақ тіліндегі метатеза құбылысы
С.Қырықбай, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. С.А.Оданова

Сөз ішінде дыбыстар орын ауыстырып қолданылады. Мұндай құбылысты метатеза дейді. Ол тарихи метатеза (өкпе-өпке, қақпан-қапқан), кірме сөздердегі метатеза (құтпан-құптан), диалект (жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін) метатеза (дария-дайра, қолбақ-қлоғап) деп бөлінеді. Метатеза сөздердің дамуында ерекше құбылыс саналады. Оны тану үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің деректері тіліміздің бүгінгі жай-күйімен салыстырылады, дыбыстардың орын алмасуы анықталады.

XXI ғасырда М.Қашқари «Диуани лұғат-ат түрік» атты зерттеуінде түркі тайпалары тілінде к мен ч; ғ мен д; ш мен н; ғ мен н; ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсеткен. Мысалы, қарлығаш-қарғылач, қоңсы-қошны, жаңбыр-йағмур. Түркі тілдеріндегі метатеза құбылысын В.В.Радлов еріндік п дыбысын айтудан гөрі тіл арты к, қ дыбыстарын айту жеңіл, сондықтан п-к, п-қ тіркесімдері к-п, қ-п түрінде дыбысталуға бейім келеді деген пікір айтқан. Бірақ бұл пікірін п мен к, қ дыбыстарының алмасуында артикуляциялық, акустикалық мүмкіндікке байланысты шек бар дегенді білдірмесе керек. Себебі әпке-әкпе, өрепкі-өрекпі сияқты варианттар тімізде қатар қолданыла береді. Метатеза құбылысы басқа дыбыстардың да алмасуы арқылы пайда болады, бірақ олардың себебі ашылып айтыла бермейді. Мысалы: дария-дайра, жарықшақ-жарғышақ, топырақ-торпақ т.б.

Түркітануда ашық буынның шоғырлануы сөздің айтылуын қиындататындықтан, олардың (ашық буындардың) санын азайтып, айту әрекеті болады дейтін пікір бар (Б.А.Серебренников). Осы жағдайды дария-дайра сияқты сөздердің айтылуымен түсіндірген жөн. Өйткені да-ры-ия, то-пы-рақ болып айтылып тұр.

Ал енді жарықшақ, есіт, сілік, сіңіл сөздерінде қатар тұрған ашық буын жоқ, бірақ бұл сөздер жарғышақ, есті, сілкі, сіңлі болып дыбысталатыны бар. Бұл құбылыстың жағдайы сәл басқашалау. Мұнда ашық буын саны кемімейді, бірақ сөз ортасындағы немесе сөз аяғындағы жабық буындар бас жаққа қарай жылжиды. Мысалы: жа-рық-шақ, жар-ғы-шақ, е-сіт – ес-ті, сі-лік – сіл-кі, сі-ңіл – сің-лі т.б. Бұл өзгерісті қалай түсіндіруге болады? Біздіңше, фонетистердің зерттеулерінде айтылып жүрген сөз мағынасы арқылы берілетін хабар салмағы қашанда сөз басына түседі дегенді ескере отырып, жабық буынға қарағанда, созылыңқы, босаң естілетін сөз басындағы ашық буынды жабық буынға айналдырып айту әрекетінен туған құбылыс деп есептейміз.

Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымындағы өзгерістерді, қайта құруларды зерттеу морфологиялық категориялардың жүйелік және құрылымдық даму процесі мен динамикасы жайында мол мәлімет алуға мүмкіндік береді. Тілдің дыбыстық жүйесінің дамуы тілдің бүтіндей құрылымымен және оның морфологиялық, лексикалық жүйесімен тығыз байланысты. Көп жағдайда фонетикалық процестер тілдің морфологиялық жүйесінің өзгеруіне ықпал етсе, керісінше, морфолоиялық процестер де тілдің фонетикалық жүйесінің функционалды қайта құрылуына әсер ете алады. Мұндай тілдің құрылымының басқа салаларымен өзара байланысынан туындайтын фонетикалық өзгерістер сөзден тыс бола алмайды. Дыбыстық өзгерістер бірте-бірте жекелеген сөздердің, соның ішінде қосымшалардың морфологиялық элементтерін өзгертсе, ол өз кезегінде сөздің жалпы морфологиялық құрылымының қайта құрылуына алып келеді. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі қақпа, қақпақ, қапсырма, қақпан, қабу, қап т.б. сырт қарағанда мағыналары ұқсамайтын тұлғалар болып көрінгенімен, бұлар - кезінде бір түбірден өрбіп, келе-келе белгілі себептермен дыбыстық құруларға ұшыраған тілдік нұсқалар.

«Мұның барлығы жекелеген морфологиялық элемент, қосымшалардың пайда болуы мен олардың әр түрлі реңктерге ие болуы немесе комбинаторлық-позициялық өзгерістерді олардың тілдің басқа құрылымдық салаларымен, ең алдымен фонетикалық құрылымымен байланысты екенін көрсетеді». Мысалы, дауысты дыбыстардың сапалық және сандық жағынан көмескіленуі немесе түсіп қалу процесі барлық түркі тілдеріне тән сипат. Бірақ олардың түркі тілдерінде бір мезгілде басталмағандығы түрлі нәтижелерге алып келгенін кезінде В.В.Радлов атап өткен-ді.

И.В.Кормушин «шамасы, дауысты дыбыстар үндестігі кезінде үлкен қарқынға ие болып, кейін бірте-бірте бәсеңдеген. Оның орнына көрсеткіштерді құрамындағы дауысты дыбыс түрлеріне қарай бөлу қалыптасқан. Сөзжасам қатарларында ежелгі морфологиялық үлгілер сақталып қалған. Неғұрлым грамматикаланған алломорф көрметкіштердің дербес морфемаларға жіктелуі пайда болған» дейді. Сондықтан да негізгі дыбыстық өзгерістердің себебі мен салдарын тілдің морфологиялық саласы мен байланыста тарихи тұрғыдан салыстыра зеттеу қазіргі күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып саналады.

Б.Сағындықұлы «жарғақ», «жаңғақ, толғақ, тоңғақ, қатқақ, сатқақ т.б. сөздерінің құрамындағы –ғақ, -қақ тұлғалары –уғ жұрнағының соңғы дыбысы ғ-ның өзінен кейінгі жұрнаққа ығысып кетуінен жасалған» дейді. Есімшенің –ған жұрнағы мен бұйрық райдың –ғын жұрнағына ғ осылайша ығысқан. Қыр+ғыш, бар+ғышта, мұз жар-ғыш сөздері құрамындағы –ғ –ыш тұлғасына ығысқан деп көрсетеді.

Сонда –уғ//-уқ тұлғасы тарихи даму барысында –ық, -ік, -қы, кі және –у қосымшалары қалыптасқан. Салыстыр: 1/ торуг-торық, сонуг-сынық 2/ кесік-кескі, қырық-қырғы, 3/ елік-елу, азығ-азу.

Көне түркі тілдерінің белгілі бір даму сатысында қосымшалар дүниесіндегі метазеза құбылысы фонетикалық актив құбылыстардың бірі болған. Мұны түркі тілдеріне ортақ жаңа көне тұлғалар манының молдығымен түсіндіруге болады. Олардың қатарына түркі тілдері мен диалектілер арасындағы фонетикалық параллельдерді де қосамыз. Өйткені олар алғашқы кезде тек фонетикалық тұрғыдан ғана емес семантикалық жағынан да бір негізден тараған болуы мүмкін.Ол солай да. Бұл ойымыздың дұрыстығын жоғарыда келтіріп кеткен көпмағыналы қосымшалардың қалыптасу тарихы мен даму деңгейлері дәлелдейді. Кейіннен көне түркі тілдерінде болған алуан түрлі өзгерістер нәтижесінде бірдей негізгі сөздер мен грамматикалық тұлғалардан өзге мағыналы сөздердің, қосымшалардың метатезалық варианттары дамып шыққан деуге болады. Салыстырайық: -ығ/ -ғы, -ық/ -қы, -ік/ -кі, -іг/ -гі, -гә, -уқ/ -қы, -үг/ -гі, -ут/ -та.

Осы жерде К.Құсайыновтың түбірлер құрамындағы метатезалық құбылысқа байланысты айтқан мына бір пікірі қосымшалардың дыбыстық алмасу заңдылықтарымен үндестік табады.

«Шамасы, түркі тілдерінде бір құрамды түбірлердің ролі басым болып тұрған кезеңде метатезалық варианттылық түбір жасаушы қызмет атқарған болуы керек. Кейін ол негізінен бейтарап еліктеуіш сөздердің лексикасына қатысты дыбыстық алмасу қызметі мен басқа да фонетикалық тәсілдер атқаруға көшкен» дейді К.Құсайынов.

Метатезалық құбылысқа Лингвистикалық әдебиеттерде комбинаторлық өзгерістің бір түрі «диссимиляция негізінде пайда болатын құбылыс» дегендей түсінік беріліп жүр. Бірақ мұқият көңіл аударсақ, комбинаторлық өзгерістер ретінде, оның ішінде диссимиляциялық өзгеріс ретінде де түсіндіруге көне қоймайтын ерекше құбылыс сияқты.

Негізінде, дыбыстардың не буындардың орын ауысуы арқылы пайда болатын бұл құбылыстың қазақ тіліндегі көрінісіне көз жүгіртсек, мынадай түрге бөлуге болады екен.

1.Көрші дауыссыз дыбыстардың орын ауысып колданылуы арқылы жасалады. Мысалы: өпке-өкпе, тепкі-текпі, түпкір-түкпір т.б.

2.Екінші, үшінші бітеу буындардың алғашқы және соңғы дауыссыз дыбыстары орын ауысып айтылу арқылы жасалады. Мысалы: айналқоста-айналсоқта, селқос-селсоқ, айлан-айнал т.б.

3. Көрші емес дауыссыздардың орын алмасуы арқылы жасалған метатезалық құбылыстар дарыйа-дайра, топырақ-торпақ, тебірен-тербе т.б. Бұл өзгерісте бір дауысты дыбыстың түсуіне байланысты бір буын кемиді.

4.Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың орын ауысуы арқылы есіт-есті, түрік-түркі (ерін), керік-кергі, сорық-сорғы т.б.

Әрине, метатезаның бұл төрт түріне қарап, оның морфонологияға қатысы туралы тұжырым жасау ерте. Өйткені метатезаның төрт түрі қалай жүзеге асты, не себеп болды?- деген сұрақтың жауабы біз үшін күңгірт. Сондықтан осы жасалу жолдарына нендей әсер, ықпал барын қарастыруымыз керек.

Біздің байқауымызша, метатезаның қазақ тілінде пайда болуына үнем принципінің қатысы бар сияқты. Үнем принципі, әсіресе, бірінші, екінші, үшінші пунктте әңгіме болған жасалу жолдарына тікелей қатысты деуге болады. Н.Уәлиев метатеза құбылысының себебі туралы А.А.Пальмбах пен Ф.Г.Исхаковтың «Тува тіліндегі және кейбір түркі тіліндегі метатеза құбылысы» деген еңбегінде В.В.Радловтың «Тілдің артқы бөлшектерінің түйісуінен кейін іле-шала ерінді түйістіру, еріннің түйісуінен кейін іле-шала тілдің артқы бөлшектерін түйістіруден жеңілдеу» деген пікіріне назар аударылғанын тілге тиек етеді де «секпіл, тепкі, әпке, түпкі сөздерінің секпіл, текпі, әкпе, түпкі түрінде айтылуын В.В.Радловтың осы пікіріне байланысты қарастыруға болады»,-дейді Н.Уәлиев. Ол ойын әрі қарай дамытып: «іргелес келген жағдайда жасалу орны ілгері дыбыстар жасалу орны кейінгі дыбыстардан соң айтылуға тырысуы біздің жорамалдауымызша тек к мен п ғана емес, өзге де дыбыстарға қатысты тәрізді. Мысалы: құптан-құтпан, бопса-боспа, күбжеңде-күжбеңде, шыпжалақта-шыжбалақта»- дейді.

Біз Н.Уәлиевтің бұл тұжырымына толық қосыла отырып, мұны сөйлеу барысында пайда болатын қиыннан оңайға қарай ұмтылу әрекеті деп есептейміз. Демек үнем принципіне жатқызуға болады деген сөз.

Қазақ тілінің орфоэпиясында (айтылуда) қапқан-қақпан, тепкі-текпі, түкпір-түпкір, арпалыс-алпарыс, т.б. қолданыстардың кездесуі метатеза құбылысының нәтижесі. Тарихи метатеза атаудың қалыптасу тарихын, этимологиясын айқындауға көмектеседі. Орфоэпиялық сөздіктерде лағынет-нағылет түрінде жарыса қолданылатын нұсқалар да метатеза жемісі. Метатеза сөздің айтылуын жеңілдетуден туындаған құбылыс ретінде де қарастырылады.

Қорыта айтқанда, метатезf жағдайының қай түрін алсақ та, фонетикалық ортаға тәуелсіз, сөйлеу үстінде қалыптасқан морфонологиядық құбылыстарға жатады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Тектіғұл Ж., Қазіргі қазақ тіліндегі аффикстердің этимологиясы, Алматы, 2002 ж.

2.Бейсенбаева К., Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 1995ж

3.Қадашева Қ., Тіл әлемі: Фонетика.

4.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Алматы, 1987ж

5.Омарбеков С., Жүнісов Н., Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. Алматы, 1985ж

6.Қайдарова Г., Қазіргі қазақ тілі (фонетика). Алматы, 2011ж

7.www.google.kz

Резюме

В статье расследуется вопрос о процессе метатезы - одного из морфологических процессов современного казахского языка.




Қытай тіліндегі баяндауыш пен ағылшын тіліндегі баяндауыштың ұқсастығы мен айырмашылығы

Құрманғали Роза, ҚазМемҚызПУ 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Сабырданқызы Гүлбақыт
Бұл мақалада Қытай тіліндегі баяндауыш пен ағылшын тіліндегі баяндауыштың ұқсастығы мен айырмашылығы мысалдармен нақты көрсетіледі.
什么是谓语

Қытай тіліндегі баяндауыш деген не? 谓语是陈述主语的. 通常谓语在主语之后,说明主语 ''是什么''. 例如:



1. || 具有多重意义的语言。

( 2 ). || 赞美白桦树。

( 3 ) . 今天 大家 || 高兴

Баяндауыш бастауышты баяндап келеді. Әдетте баяндауыш бастауыштың соңында келіп, бастауыштың не я қандай екендігін түсіндіреді. Мысалы:

Қытай тіліндегі баяндауыштың мағналық түрлері

根据主语和谓语的意义关系,谓语有三种类型

Бастауышпен баяндауыштың мағыналық қатынастарына қарай, баяндауыш үш түрге бөлінеді.

().叙述性谓语

Хабарлаушы баяндауыш



叙述性谓语对主语所表示的人或事物的动作行为进行叙述,由表示动作行为,发展,变化的动词充当,回答'' 做什么''的问题。例如:

Хабарлаушы баяндауыш субьектінің немесе заттардың қимыл- әрекеттерін білдіреді, қимыл- әрекетті, дамуды, өзгерісті білдіретін етістіктерден жасалып, не істеу? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы:

( 1). || 书。

( 2). || 了。

() ` 描写性谓语

Сипаттаушы баяндауыш



描写性谓语对主语表示的人或事物的性质,状态进行描写。一般由形容词充当,回答‘怎么样’的问题、例如:

Сипаттаушы баяндауыш бастауыштың сапасын, күй- жайын суреттейді. Әдетте сын есіммен жасалып , қандай? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы:

(1).上海的饭馆 || 比北京,吃饭很|| 方便

(2). || 又聪明又漂亮



(三) 说明性谓语

Түсіндірмелі баяндауыш



说明性谓语对主语表示的人或实物的情况进行说明或判断。一般由判断动词或不表示的动词充当,回答‘ 是什么’‘ 叫什么’‘ 有什么’等问题。例如:

Түсіндірмелі баяндауыш субьектінің немесе заттардың жағдайын түсіндіреді, оған тұжырым жасайды. Әдетте тұжырым етістігі не қимыл- әрекетті білдірмейтін етістіктерден жасалынып, немене? не деп аталынады? не сақталуда? не бар? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:

(1). || 很多中文书。

(2). 工作中还存在很多问题。



(四)充当谓语的词和短词

Қытай тілінде Баяндауыш болатын сөздер мен сөз тіркестер

1.动词、形容词都能充当谓语。例如:
Етістік пен сын есімдердің барлығы баяндауыш қызметін атқара алады. Мысалы:

(1). 老鼠 || 猫。

(2). || 相信他。

2. 名次充当谓语。名次或名词性短语充当谓语,只限于表示日期、价格、籍贯或描写人的外貌的名词性短词。例如:

Зат есімдер баяндауыш болады. Датаны, ауа райы, бағыты, туған жерді және адамның сыртқы тұлғасын суреттейтін зат есімді сөздерді, зат есімді сөз тіркестері ғана баяндауыш бола алады. Мысалы:

( 1). 今天 || 晴天

( 2). || 黑头发

( 3). 今天 || 近期六

3.联合短语充当谓语。

Салаласа байланысқан сөз тіркестері баяндауыш болады. Мысалы:

(1). 我们 || 讨论并且研究了

(2). || 又聪明又漂亮

4. 数量词短语充当谓语。例如:

Салала байланысқан сөз тіркестері баяндауыш болады.Мысалы:

(1).友谊 || 第一,比赛 || 第二

(2). 每人 || 一本

5. 主谓短语充当谓语。

Бастауыш- баяндауышты сөз тіркестері баяндауыш болады. Мысалы:

(1). || 思想进步

(2). 这本书 || 我不看

Бастауыш- баяндауышты сөз тіркестерінің баяндауыш қызметін атқаруы - Қытай тілінің грамматикасына тән ерекшеліктердің бірі болып табылады.

能愿动词谓语句。

Модал етістік баяндауыш бола алады. Мысалы:

(1). 会不会说 汉语。

(2). 会说哈萨克语。

Осыдан біз Қытай тілінде баяндауыштың сипатына байланысты, 4- түрге бөлінеді екенін байқаймыз : етістікті баяндауыш, сын есімді баяндауыш, зат есімді баяндауыш, бастауыш- баяндауышты баяндауыш.

(1). Етістікті баяндауышта сөйлемнің негізгі құрамы етістік болып табылады, оның тағы басқада түрлері бар, тек қана етістік, басқа құрам жоқ; пысықтауыш, толықтауышты.

(2) .Сын есімді баяндауышта сын есім негізі болады, тікелей баяндауышта бола алады.

(3). Зат есімді баяндауышта зат есім, мөлшер сан есім “ 的 ” әріппен бірлесіп келіп баяндауыш қызметін атқарады. Бұл сөйлем әдетте өте қысқа болады.

(4). Бастауыш- баяндауышты сөйлемде бастауыш баяндауыш қызметін атқара алады.

Ағылшын тіліндегі баяндауыш

A simple sentence can be divided into two parts: the subject and the predicate, the predicate is the verb and any complement of the verb. The predicate provides information about the subject, such as what the subject is doing or what the subject is like. For example:

Ағылшын тілінде сөйлем екі бөлімге бөлінеді, бастауыш және баяндауыш, баяндауыш етістікен және етістіктің қосымшасынан трады. Баяндауыш бастауыш туралы мәлімет дайындайды, бастауыш не істейді және неге ұқсайды. Мысалы:

David plays the piano.



  • Баяндауыш “ plays the piano ”.

The predicate must contain a verb, and the verb requires permits or precludes other sentence elements to complete the predicate. These elements are:

Баяндауыш бір етістіктен болу керек, және етістікті талап етеді. Сөйлемнің басқада элементтері баяндауышты аяқтайды, бұл элементтер:



  • Objects( direct, indirect, prepositional)

  • Толықтауыш ( тікелей жанама демеулік ).

  • Predicatives( predicate complements)

  • предикативті( баяндауышты толықтаушылар).

  • Adverbials ( either bligatory or adjuncts).

  • Үстеулік( міндетті немесе көмекшілер).

They returned yesterday. Олар кеше оралды. I She dances. Етістік + баяндауыш

Ағылшын тілінле етістік баяндауыш қызметін атқарады. Ол бастауышпен жақ, шақ, рай, жекеше, көпше түрде байланысады. Мысалы:



The Predicate ( баяндауыш )

She lives in Moscow. Ол москвада тұрады.

My sister was here in the morning. Менің апкем осында таңертен болды.

Nominal predicate ( Есімді баяндауыш )

Close the window , please. Терезені жабыңыз . Verbal Predicate ( Етістікті баяндауыш )

The box was heavy. Қорап ауыр.

He speaks French. Ол французша сөйлейді.

They returned yesterday. Олар кеше оралды. I She dances. Етістік + баяндауыш

Ben reads the book. Етістік + тікелей толықтауышты баяндаыуыш

Ben’ s mother, Felicity, give me a present. Етістік + тікелей толықтауыш + жанама толықтауышты баяндауыш

She listened to the radio. Етістік + тікелей баяндауыш

They eleced him in the park. Етістік + толықтауышты баяндауыш.

Simple predicate ( жай баяндауыш ).

Consists of only a verb, verb string, or compound verb: For example:



  • The glacier melted.

  • The glacier has been melting.


Compound predicate( күрделі баяндауыш )

Consists of two( or more ) such predicates connected: For example:



  • The glacier began to slip down the mountainside and eventually crushed some of the village’ s out lying buildings.

Adjective predicate ( сын есімді баяндауыш )

Follows a lingking verb and tell us something about the subject. For example:



  • Rmonita is beautiful.

  • His behavior has been outrageous .

Қытай тілінде ағылшын тіліндеде етістік, сын есім, зат есім т.б баяндуыш бола алатынын көрсетілген мысалдардан байқауға болады. Ал әр тілдің грамматикасың өзіндік ерекшелігіне байланысты айырмашылдықтарында болатынында байқаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазіргі Қытай тілінің грамматикасы. Алматы 2004.

  2. Қытай тілінің жаңа практикалық курсы. Пекин 2009.

  3. Ағылшын тілі Шың кітап. 2008.

4. Қазіргі Қытай тілі. Алматы 2010.

5.Сайт << google >>.


Қазақ тіліндегі сөз тіркесі

Маймыева Жансая, ҚазМемҚызПУ 2-курс студенті


Ғылыми жетекші: Қ. Балабекова

Кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, бірі бағыныңқы, бірі басыңқы болып сабақтаса байланысқан сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі дейді. Сөз тіркесі туралы ұғым ертеде-ақ қалыптасқан. Н.Н.Прокоповичтің көрсетуінше, синтаксис ертедегі грек грамматикаларында дыбыстардың, сөздердің байланысы деген ұғымда қолданылған.


Қазақ синтаксисінің сөз тіркесі саласының ғылыми зерттеуінің негізін қалаушы профессор М.Балақаев оны сөз таптарына да, сөйлем мүшелеріне де қатысты синтаксистік категория деп бағалап, ерекшеліктерін сөйлем құрамында қарастыруды, бірақ бөлек қарастыруды, сол тіркескен сөздердің әрі тіркестік, әрі сөйлем мүшелік қасиеттерін қатар салыстыруды ұсынған.

Сөз тіркесін тізбекті, түйдекті тіркес деп бөліп осы екі топты: тіркелу тәсілі бойынша - синтетикалық, аналитикалық жолдар, тіркесу типтері бойынша матасу, меңгеру, жанасу, қиысу, қабысу тіркесіп тұрған сөздердің бір-біріне ықпалы негізінде салаласты, сабақтасты тіркестер деп белгілеген. Бұл үш ерекшелікті тізбекті және түйдекті тіркестердің әрқайсысынан іздеуге бағыт-бағдар берген.

Кейбір авторлар есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанмен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді. Мысалы, Франция тюркологі Ж.Денидің ізімен профессор А.П.Поцелуевский былай дейді: сөз тіркесін жеке сөзге балап бір бүтін дейтін себебі - тіркескен сөздердің соңғылары септеледі де, бағыныңқылары, орыс тіліндегідей септелмейді. Бұл анықтама бойынша лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді.

А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін былай бөледі:


1. Детерминативті

2.салалас


3.сабақтас
4.сөйлем
Дегенмен автордың сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады.

Н.К.Дмитриевтің сөз тіркесі жайында жазған мақаласында да принципті мәселенің бірі ретінде қарастырылады да, сөйлем мен сөз тіркесін олардың білдіретін мағыналарына қарап айыру керек екенін уағыздайды. Сөз тіркесі мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына қарап та, әлгідей тұлғалық дәйекше қою арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға болатын орайы рас. Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан- жақты зерттеудің объектісі еткен кісінің бірі – Е.И.Убрятова. Е.И.Убрятова да сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан-жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған дұрыс қорытындыларымен қатар лексикаға дәне сөйлемнің синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар.
Сөз тіркесі бағыныңқы сөзі мен басыңқы сөзінің байланысу тәсіліне қарай екі түрлі ыңғайда құрылады.

1. Тіркеске енген сөздер біріне-бірі сатылана байланысады. Мысалы, біздің ескі мектебіміздің жайын өздерің білесіңдер.

2. Тіркеске енген сөздердің біреуі басыңқы жетекші сөз болып, өзгелері сол басыңқы сөзге ортақтаса байланысуы да мүмкін. Мысалы, олар қаладан кеше машинамен келді. Сөздер сөйлем құрамына ену үшін өзара мағыналық, синтаксистік байланысқа түсіп, өзара тіркесіп айтылады. Сөздердің тіркесуінен сөз тіркестері жасалады. Сөйтіп, сөздерден сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлем құралады. Сөз де, сөз тіркесі де сөйлем құраудың материалдары. Сөз тіркесі жайлы көптеген ғалымдар әртүрлі пікірлер білдірген.

Қорыта келгенде, сөз тіркесі кем дегенде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысуынан, яғни атаудан басқа септік және тәуелдік жалғаулары, септеулік шылаулар және орын тәртібі арқылы байланысынан тұрады. Демек, сөз тіркесін сөз байланысының белгілі түрлері мен тәсілдері арқылы жасалады.



жүктеу 4,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау