Реферат шымкент2020 Орындаған: Нәлтай. А қабылдағанДосжанова. Ж тобы: Тп18-2к1 І. Кіріспе



жүктеу 30,11 Kb.
Дата09.01.2022
өлшемі30,11 Kb.
#31825
түріРеферат
Жоғарғы жүйке жүйесі реферат



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Қазақстан Мемлекеттік университеті


Тақырыбы: Күрделі психикалық құбылыстардың физиологиясы.

РЕФЕРАТ

Шымкент2020

Орындаған:Нәлтай.А

ҚабылдағанДосжанова.Ж

Тобы:Тп18-2к1

І.Кіріспе.

1. Ұйқының жалпы сипаттамасы және маңызы

ІІ.Негізгі бөлім.
2. Ұйқының физиологиялық негізі
3. Ұйқының жас ерекшеліктері, ұзақтығы және гигенасы

ІІІ.Пайдаланған әдебиеттер.
Ұйқы адам организімнің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Сергек ояу адам сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста болып, оның әсерлеріне лайықты жауап береді. Ол сыртқы ортаның тітіркендігіштерінің түріне байланысты күшті әсерге күшті, ал әлсіз әсерге әлсіз жауап берсе, ұйқыдағы организімнің жауабы мүлде басқаша болады.
Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бұлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене тұлғасының бұлшық еттері босаыды. Тыныс жилігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқыдағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріп, талданып, талқыланады,қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметердің іздері нығайып, күейтеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай да болмасын организімге өте қажет.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігінде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді, денсаулығы бұзылады. Тіпті ұзақ мерзім ұйқысы қанбаса адамның психикасында өзгерістер пайда болып, психоз, неавоз ауруларының, шаршау, қалжырау белгілері орын алады.
Ұйқы- оршанизмнің тыныштық қалыпты, толық демалуы. Тірі жандардың бәрі ұйықтауы тиіс. Адам да, жануарлар да, тіпті өсімдіктер де ұйықтайды. Айталық, көктеген ағаштар қыста демалады, жапырақтар түсіп, зат алмасуы төмендеп, уақытша тынышталады. Адам тәуліктің 1/3 бөлігін ұйқыда өткізеді. Егер адам 70-80 жыл өмір сүрсе, оның 25-28 жылын ұйқыда өтеді. Ұйқысыз адам да, жануарлар да ұзақ өмір сүре алмайды.

Ұйқы — ағзаның тыныштық жайы, зат алмасуы төмендеп, толық демалуы. Тірі жандардың бәрі ұйықтайды. Адам да, жан-жануар да, тіпті өсімдіктер де ұйықтайды. Айталық, көптеген ағаштар қыста демалады, жапырақтарын тастап, зат алмасуы төмендеп, уақытша тынысталады. Құрт-құмырсқа, бақа-шаян, тіпті ұлу да қыс бойы ұйықтайды да, жазғытүрым оянып тірілгендей болады. Адам да тәуліктің 1/3 бөлігін ұйқыда өткізеді. Егер адам 70-80 жыл өмір сүрсе, оның 25-26 жылы ұйқыда өтеді. Ұйқысыз адам да, мал да ұзақ өмір сүре алмайды. Ұйқы әртүрлі болады. Көбінесе адам түнде ұйықтайды. Күндізгі ұйқы өте сергек және аз уақытта өтеді. Жәндіктер мен жануарлар маусымдық ұйқыда болады. Мұны гибернация дейді. Дәрінің әсерінен наркоздық ұйқы туады. Ал ауру адамда патологиялық ұйқы болады. Өте жоғары температуралық жағдайда ұйқының ерекше түрі эстивация байқалады. Ал өте төмен температурада, өте суық жерлерде жануарлар маусымдық ұйқыда болады. Тек қана соналардың канадалық бір түрінде маусымдық ұйқы болмайды, олар тіршілігін өзгертпейді. Себебі оның гемалимфасына глицерол деген тондырмайтын зат бар.

Адамның қалыптасқан ұйқысы 5 кезеңнен тұрады: қозудың тежелуі, парадокстық, ультра парадокстық және терең тежелу. Бұл кезеңдер бірінен соң бірі туса, ұйқы дұрыс өтеді. Ал олардың кезектік реттері ауысып кетсе, ұйқы шала болып, адам жақсы демалып, тынықпайды. Адамның ұйқысының жылдам және баяу түрлерін айыруға болады. Жылдам ұйқы кезінде электроэнцефалограммадан жоғары жиіліктегі төмен амплитудалы тербелістерді, ал баяу ұйқы кезінде оның жоғары амплитудалық баяу тербелістерін көруге болады. ЭЭГ-ның жоғары жиіліктегі төмен амплитудалы тербелістері адамның сергек кезіне тән жағдай. Ұйқыны зерттеуші ғалымдар жылдам ұйқыны - парадоксты, ал баяу ұйқыны ортодоксты ұйқы деп атаған.

И. П. Павлов пен оның шәкіртгерінің зерттеулері негізінде ұйқы  мен ішкі тежелудің табиғаты бір екені анықталды. Ояу жүргенде ішкі тежелу нерв клеткаларының жеке топтарында ғана байқалады. Ал үйықтағанда күллі ми қыртыстары мен қыртысасты құры-лымдарына тарайды. И. П. Павловтың айтуынша, ұйқы  -мидың жоғарғы бөлімдеріне жайылған қорғаныс тежелуі.

Қазіргі мәліметтер бойынша ми бағанасында ұйқы  мен сергектікке әсер етуші нерв клеткаларының шоғырланған топтары болады. Ұйқы ның пайда болуына таламус, гипоталамус пен торлы құрылымның маңызы бар екені анықталды. Таламус пен гипоталамуста арнайы ұйқы  орталықтары бар, ал торлы құрылымда сергектік орталық бар деп есептейді.

Ұйқыдағы организмнің ЭЭГ-сын зерттегенде әрбір 80-90 минөт сайын баяу ырғақтар ояу кездегіге үқсас жылдам ырғаққа ауысатынын бақылаған. Ондай кезде көз алмасы жылдам-жылдам қозғалып, пульс пен тыныс жиілігі артады. Бұл мезгілді ұйқы ның парадоксты кезеңі, яғни жылдам ұйқы  деп белгілеген. Бұл кезеңде


электр белсенділігі сергек кездегідей болғанымен организмнің сыртқы ортамен байланысы болмайды, оның сигналдарын қабылдау тежелген. Кезекті күнделікті ұйқы  кезіндегі ЭЭГ-ның белсенділік ырғақтары нейрохимиялық жүйенің белтілібір жұмыстарына байланысты деп есептеледі. Ұйқы дағы адам осы кезде түс көреді. Жылдам ұйқы  адам организміне аса қажетті. Егер үйықтағанда ол пайда Полмаса, бір түннің ішінде адамның жүйке жүйесінің козгыштығы күшейіп, күндіз ашуланшақ болады, ал Ұзақ мерзімге созылса, адам науқастанады. Жылдам ұйқы  кезінде іідам оянбайды.

Ұйқының баяу толқындары байқалатын кезендерін б а я у ұйқы  немесе ортодоксты ұйқы  деп атайды. Кезекті түндегі бір ұйқы  бірнеше циклдан түрады. Әр циклда жылдам және баяу ұйқы  кезендері бар. Таңға жақын оянар кезде жылдам ұйқы  байқалады, сондықтан оянған адамда түс көру сезімі туады. Түс көру сезімі түс көріп жатқанда оянса ғана пайда болады, оянбаса ондай сезім тумайды.

Кезекті күнделікті ұйқы  5 кезеңнен құралады: бір белсенді жылдам ұйқы  кезеңі жөне 4 баяу кезендер. Олардың биологиялық ырғақтары шамамен 1 сағат 30 минөт сайын қайталанып отырады.

Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы  мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай үйықтайды. Біртіндеп оның ұйқы сы азайып, сергек мерзімі үзарады. 1 жасқа жақындаған баланың ұйқы сының үзақтығы 14 сағат, 4 жаста - 12, 10 жаста - 10-11, ересек адамда 7-8 сағат.

Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: Бұл кезде күндізгі ұйқы  тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге ғана бөлінеді: ояу жүру немесе сергектік және үйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның организмі әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы  уақытын дұрыс сақтамаса, оның организмінде қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді.

Бала мезгілінде дұрыс үйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бүрын кемінде 2-3 сағат бүрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран не сұт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22° С


болғанда ұйқы сы дұрыс болады. Сондықтан бала үйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқай-шу келмейтіндей, пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс. Баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын жуындырып, денесіне шақ, қыспайтын, жүмсақ, мақта-матадан тігілген жатын киімін киіндіру қажет. Ұйықтардан 1-2 сағат бүрын баланың жүйке жүйесін қоздыратын ойындарды, әңгімелер айтуды немесе оқуды тоқтатып, оның қозуын басатын, тыныштандыратын әңгімені ақырын баяу біркелкі ырғақты дауыспен айтқан жөн.


Пайдаланған әдебиеттер.
1 Дүйсенбин.Қ, З. Алиакбарова. «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы» Алматы, 2003

2 Қ.С. Рымжанов, И.М. Төленбек. «Адам мен жануарлар физиологиясы». Алматы, 2000

3 А.Г.Хрипкова «Жас өспірім физиологиясы» 1978
жүктеу 30,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау