121
қарастырады. Проблемалы оқыту нәтижесі әдебиетші мұғалімнің жағдаят
туғыза алу шеберлігіне байланысты. Оқушы әдебиеттен алған білімдерін
толықтыру мақсатында шығармашылық ізденіске түсіп, көркем мәтіндерді
талдауды, қорыту мен жинақтауды үйренеді. Мысалы, «Қамар сұлу»
романындағы әлеуметтік теңсіздіктерді қазіргі замандағы ұқсас жағдайлармен
салыстыра отырып дәлелдеу оқушыларды ойландыруға жетелейді. Демек,
проблемалық оқыту барысында жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік
жасалып, ең бастысы олардың көркем шығарма оқуға деген ынтасы артады.
Проблемалық оқытуда проблема, проблемалық сұрақтар, проблемалы
тапсырма, проблемалы жағдай деген ұғымдар қамтылады. Проблемалық
жағдаятты шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды,
интеллектуалдық танымы кеңейеді.
Оқытуда
проблемалық
технологияларды
қолдану
біріншіден,
білімдімәселе ретінде меңгертуге негізделеді. Мұнда мұғалім сабақты хабарлап
не баяндап түсіндірмейді, керісінше,проблемалық жағдаят арқылы түсіндіреді.
Мұнда оқушылардың тану белсенділігін арттыру, жұптық, топтық, ұжымдық
жұмыс арқылы оны шешу жолдары мақсат етіледі. Екіншіден, оқушыларды
іздену, зерттеу іс-әрекетіне ендіруді нысана тұтады. Бұл ретте мұғалім
оқушылар алдына проблема қояды, ол проблемаға балалардың назарын
аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап,басқа да өнімді тәсілдер
арқылы оны шешуге ықпал жасайды. Үшіншіден оқытуды зерттеу әдісі
арқылы ұйымдастыруды қажет етеді, яғни оқушылар проблеманы шешу үшін
өзіндік ізденіске түседі, болжам жасайды, мәселенің шешімін табуда дәлелдеу,
салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын қолданады.
Проблемалық оқытудың негізін қалаушы педагог-ғалым В.Г.Оконьнің
«Проблемалық оқытудың негізі» атты еңбегі жарық көрсе, 70-жылдары
М.И.Махмутовтың жетекшілігімен проблемалық оқыту технологиясы
қолданысқа енді. Көрнекті психологтар Л.С.Рубинштейн, Н.А.Менчинская,
А.М.Матюшкин т.б. «Адамның таным әрекеті ойлауынан туындайды. Ойлау –
проблемалы жағдайдан басталады», [95,98б] - дейді. Ал М.Н.Скаткин,
Т.Н.Ильина проблемалық оқыту технологиясына оқытудың жаңа жүйесі
ретінде қарастырды. Қазақ әдебиетін проблемалық оқыту да осы кезден бастау
алды. 1974 жылы жарық көрген ғалым әдіскер-мұғалім Қ.Тасболатовтың
«Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» атты
еңбегінде зерттеуші әдебиет сабағын проблемалап оқыту мәселесін
оқушыларды іздендіру жолдарын, проблемалық сұрақ түзу т.б. нақты мысалдар
арқылы жүзеге асыруға болатынын дәйектеген. Профессор Т.Ақшолақов:
«Білімді ойландырарлық, ізденерлік, алға жетектерлік сипатта берсең ғана, оқу-
тәрбие жұмысында жоғары нәтижеге жете аламыз. Проблема қоя отырып
баяндау соған жеткізер жол», - деп тұжырымдаған.
Проблемалап оқыту әр пәннің өзіндік ерекшелігіне де байланысты.
Гуманитарлық пәндерді оқытуда бұл технология ұтымды деп танылады.
Әдебиетті проблемалап оқыту оның өнер туындысы ретіндегі табиғатымен
ерекшеленеді. Олай болса, проблемалап оқыту барысында оқушының
122
дүниетанымдық қабілеті ізденімпаздық белсенділігі, өз бетімен жұмыс істей
алу құзыреттілігі, шығармашылық тұрғыдан ойлау әрекеті ұштала түседі.
Мұғалім білім мазмұнын түсіндіруде мәселенің, қайшылықтардың пайда
болу себептерін көрсетіп, оларды шешудің жолдарына бағыт-бағдар береді.
Мәселені шешуге, ойлауға, ізденіске түсуге бірнеше нұсқада салыстырып
отыруға жетелеп, жаңаны табуға ұмтылдырады. Оқушылар бұрын алған
білімінен, меңгерген тәсілдерінің арқасында проблемалық оқиғалардың
шешімін табудың жолдарын жан-жақты іздестіріп қарастырады.
Олар әңгіменің желісіне қарай сұрақтар қояды, қарама-қайшылықты жете
аңғарып, өздері дұрыс жоба, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми негізде
ізденістері іске қосылады. Олардың өнімді, шығармашылық, танымдық әрекеті
біртіндеп артады. Оқытушы проблемалық оқиғаға байланысты, ұжымдық,
топтық
талқылаулар
ұйымдастырады,
мәтінде
кездесетін
ой-пікір
қайшылықтарын дұрыс түсіндірулеріне жағдай жасап, оны шешудің жолдары
мен тәсілдерін меңгеруге ұмтылады. Ғалым В.Г.Маранцман: «проблемалы
талдаудың негізгі буыны проблемалық ситуация» десе, Т.Ақшолақов
проблемалық ситуацияны туғызуда оқулықта берілген кейбір сұрақ-
тапсырмалардың рөлі ерекше екенін айқындап, сұрыптап ұсынады. Сондай-ақ
сұрақ-тапсырмаларды орындауда, оқушылардың жұмыс істеу тәжірибелерін
дамытудың ұтымды жолдарын көрсетеді.
Проблемалы сұрақ-тапсырмаларды орындауда оқушылар ең алдымен
проблеманы таба білулері керек. Проблеманы көріп, таба білу оңай емес, ол
ұзақ уақытта әртүрлі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Сондықтан да проблема
көре білуді дамытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүргізілуі керек.
Проблеманы анықтауда оқушыларды зерттеу объектісіне деген көзқарастарын
өзгерте білу, әртүрлі позицияда, жағдайларда қараулары қажет. Проблеманы
көріп, тануда, оны анықтауда, оқушының ойын білдіруде жауап іздеуге,
шешімге келуге, ойлануға жетелейтін басты нәрсе – сұрақ болып табылады.
Сұрақты оқылып отырған мәтінге сәйкес дұрыс қоя білу өте маңызды.
Оқушыда әр проблемалы сұраққа жауап іздеуде зерттеушілік қабілеттері, дұрыс
және бұру болып келуін оқытушы толық ескеру керек. Шындыққа негізделмесе
де сұрақ қойылса да ол сұрақтың дұрыс еместігін оқушы бағдарлай алғаны жөн.
Оқушылардың өздері де проблемалы сұрақтар қоя білуге төселу керек. Сұрақ
қоя білу оқытушы үшін өте маңызды болып табылады. Сұрақ-таным оқу
үдерісінде талапты оятып, оқушы ойын жауап ізденуге бағыттайтын
проблеманы жеткізу формасы. Нақтылайтын сұрақтар, толықтыратын сұрақтар
жайында оқушы түсінігі болу қажет. Түсінікті анықтау әдісінің көмегімен
оқушының ойлау жүйесінің даму барысын анықтауға болады. Сұрақ қоя білу
білігін дамытуда әр түрлі жаттығулар орындату оң нәтижелер беруде.
Оқушыларға берілетін сұрақ-тапсырмалар проблемалы ситуацияның негізі
бөлігі. Мұнда оқытушы берілген мәтіндерге сай проблемалы ситуация
жасайтын жерлерін бөліп көрсету, олардың назарын аударады. Сұрақтардың
анық, түсінікті болуы, мәтіннің логикалық құрылымына, мазмұнында қандай
идея жатқанына мән беріп оқушының өзіндік ізденісін, білімдерін жүйелеуге
Достарыңызбен бөлісу: |