Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет57/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77

119 
 
Мәтінмен 
жұмыс 
істеу: 
ақпаратты 
түрлендіру 
және 
интерпретациялау 
–  бет  нөмірлеуін,  тізімдерді,  сілтемелерді,  мазмұнын  пайдаланатын 
мәтінді  құрылымдау;  мәтіндік  кестелерде,  суреттерде  қолдануға;  дұрыс  жазу 
ережесін тексеру; 
–  мәтінді  ақпаратты  ұсынудың  жаңа  формаларын  қолданып  түрлендіру: 
формулаларды,  графиктерді,  диаграммаларды,  кестелерді  (динамикалық, 
электронды, соның ішінде практикалық жұмыста ) деректерді  қолдану; 
–  мәтінді  түсіндіру: басқа  түрдегі  мәтінді  ақпаратты  салыстыру  және 
қарсы қойып салыстыру; 
– ұсынылған тезистерді қолдау үшін мәтіндік дәлелдерді табу. 
– мәтіннің мазмұнына үндесу; мәтіннің мазмұнын нысанын бағалайды; 
–  қолданыстағы  білім  өмір  тәжірибесі  негізінде  алынған  ақпараттың  
жетістіктері  мен  ақпараттың  кемшіліктерін  анықтау  және  осы  кемшіліктерді 
толтыру жолдарын табу. 
Аталған  жұмыс  стратегиялары  эпикалық  туындылардың  мазмұндық 
құрылымын  мәтіндік  бөліктер  арқылы  меңгертуге  негіз  болады  және 
оқушылардың шығарма таңдай алу құзыреттіліктерін және сөйлеу дағдыларын  
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Мектепте  орта  буындағы  сыныптарда  жүргізілген  тіл  дамыту 
сабақтарында сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты бірқатар ауызша 
жүргізілетін  жұмыс  түрлерін  (мазмұндау,  толық  мазмұндау,  қысқаша 
мазмұндау,  мәтін  жаттау,  мәнерлеп  оқу,  т.б.)  меңгергендіктен,  жоғарғы 
сыныптарда  бұл  жұмыс  әрі  қарай  дамытылады,  күрделендіріледі.  Олардың 
шығарманы жүйелі қабылдауын қалыптастыру үшін шәкірттердің өзіндік ойын 
әдеби  қаһарманның  көзқарасы,  іс-әрекеті  төңірегіне  топтастыра  отырып, 
іріктей,  мінездей,  баға  беру  сипатында  әңгімелеу  шеберлігін  дамытуға  негізгі 
көңіл  бөлінеді.  Оқырман-шәкірттердің  таңдап  алынған  тақырып  төңірегінде 
жүйелі  әңгімелей  білу  дағдысын  қалыптастыру,  олардың  оқығанды  іріктей 
алуына,  жинақтай  білуіне  үйретеді.  Мәселен,  11  сыныпта  Мұхтар  Әуезовтің 
«Абай  жолы»  романын  оқыту  барысында  жекелеген  оқушыларға  «Абайдың 
шәкірттік  шағы»,  «Әке  мен  бала»  (Абай  мен  Құнанбай  арақатынасы), 
«Абайдың  ақындық  ортасы»  деген  секілді  тақырыптарды  ұсына  отырып, 
ауызша  мазмұндатуға,  өз  ойы,  өзіндік  көзқарасы  негізінде  ой  қорыта  білуге 
дағдыландырамыз.  Әрі  бұл  осы  бағыттағы  тақырыптарға  шығарма  жазуға 
алдын-ала  дайындық  болып  есептеледі.  Осы  тапсырманы  орындауда  
оқушыларға  «Құнанбай  (2015)  толық  метражды  көркем  фильмін  көріп 
көрермен  және  оқырман  ретінде  эпикалық    шығарманы    қабылдаудағы  өз 
пікірін  дәйектеп  беру  тапсырылады.  Көркем  фильм  хәкім  Абайдың  әкесі 
Құнанбай Өскенбай ұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Ел билеу ісі 
мен  ағайын  арасын  жарастыру,  руаралық  татулықты  сақтап  тұру  секілді  қиын 
да  жауапты  қызметте  Құнанбай  қажы    қашанда  әділдікке  жүгініп  отырған. 
Елінің жанашыр перзенті болып жаратылған ол бұқараның алдындағы парызы 
мен  қарызын  терең  ұғына  білген  жан.  Құнанбайдың  көрегендігі, 


120 
 
данышпандығы,  әділдігі,  дәстүрді  құрметтейтіндігі  фильмде  анық  көрсетіледі. 
Ал  біздің  әдебиет  оқулықтарымызда  Құнанбай  бейнесін  жаңа  қырынан    ашу 
соңғы жылдары ғана оқыту әдістемесінде қолданылып жүр.   
Әдебиет  сабақтарында  замана  шындығын  қазіргі  қоғамдық  сұраныс 
тұрғысынан  оқытудың  қазіргі    әдістемелік  мүмкіндіктері  өте  жоғары.  Кез 
келген  эпикалық    шығарманың  өнер  туындысы  екендігі  хақ,  сондықтан 
оқушының      оқырмандық    қабілетін  шыңдай  түсу  үшін  пәнаралық  байланыс, 
тақырыптық  интеграция  тұрғысынан  Құнанбайға  мінездеме  беру,  оны  жаңа 
қырынан танытуды оқушы бағамдай алуы тиіс. Сонда ғана көркем шығарманы 
қабылдау,  оған  деген  қызығушылық  оқушы  тарапынан  жүзеге  асады.  Орта 
мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдылары да олардың тілдік дамуының 
қай  дәрежеде  екендігін  айқындауға  қызмет  еткенімен,  оқушы-оқырманның 
әдеби  білімінің,  тілдік  мәдениетінің  қалыптасу  дәрежесінің  бірден-бір 
көрсеткіші ретінде жазба жұмыстары есепке алынады. Өйткені, ауызекі сөйлеу 
үстінде  оқушының  уақыты  шектеулі  болғандықтан,  ол  өзіндік  ойын  өз 
қалпында  жеткізе  алмай  жатады.  Ал,  жазбаша  жұмыстар  үстінде  айтар  ойды 
ойлануға,  қажетті  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  таңдап-талғап  қолдануына 
мүмкіндігі болады.  
Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінде  оқушы  шығармасының  сапалық 
көрсеткіші ретінде олардан жазба жұмысы алынатыны, бұл осы орайдағы жас 
шәкірттердің  өз  шама-шарқын  кеңірек,  дәлірек  танытуына  мүмкіндік 
алатындығын  күнделікті  тәжірибе  көрсетіп  жүр.  «Жазба  жұмыстар,  –  дейді 
көрнекті  әдіскер  ғалым  В.В.Голубков,  –  тілді  оқытудың  шикізаты 
болғандықтан,  ауызша  сөйлеуден  гөрі  дидактикалық  артықшылыққа  ие. 
Шығарма жазу немесе жазбаша мазмұндау үдерісінде жазып отырған адамда өз 
ойын  мазмұндау,  сәтсіз  тіркестерді  түзету,  артығын  алып  тастау,  жетпегенін 
толықтыру,  нақты  айқындық  пен  дәлдікке  жету  мүмкіндігі  болады.  Мұнда 
мұғалім  мазмұнды  сөзді,  ой  мен  тілді  жетілдіру  бағытында  табанды  түрде 
жұмыс  істей  алады.  Жазба  жұмыстарды  осындай  артықшылықтарына  орай 
біздің  мектептерімізде  бұрын  да,  қазір  де  мектеп  оқушысының  тілдік 
мәдениетінің  негізгі  өлшеуіші,    сонымен  бірге,  білімділігінің  де  көрсеткіші 
ретінде санайды» [66,459б].  
Қазақ  әдебиетін  оқытуда  қолданылып  жүрген  технологиялар:  Қазақ 
әдебиетін  оқытуда  проблемалық  оқыту  технологиясы  оқушының  әртүрлі 
мәселелер  төңірегінде  өзіндік  көзқарасын  қалыптастыруды  көздейді. 
Проблемалап  оқыту  ғылыми  танымды  кеңейтеді,  оған  жетудің  жолын, 
нәтижесін  көрсете  отырып,  оқушының  ізденімпаздығын,  белсенділігін, 
өзбетімен  жұмыс  істеу  қабілетін,  шығармашылық  ойлауын  қалыптастырады. 
Проблемалық оқытуда әдеби білімдерін жетілдіру үшін іздену ұстанымы басым 
болады. «Проблема» (problema) сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда «қиындық», 
«кедергі»  деген  ұғымды  білдіреді.  Демек,  проблема  зарттеуге  бағытталған, 
проблемалық жағдаятқа сәйкес туындайтын мәселе.  
Әдеби  көркем  шығармада  көтерілген  проблемалық  жағдаяттарды 
талдауда  оқушылар    әртүрлі  болжамдар  жасайды,  оларды  шешу  жолдарын 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау