2.2.15 сурет. Көлік саласы
Шымкент қаласында 139 бағдаршам нысандары жұмыс істеуде, оның ішінде, 84 бағдаршам автоматты басқару жүйесіне қосылған.
Бүгінгі таңда 52 бағдаршамда 112 кері санау таблолары, 19 ақпараттық жол белгілері, 8 белсенді жол белгілері және 390 айыру бағаналары, 12 жаяу жүргіншілер өткелінде жарық модульдар орнатылған.
Қала бойынша 8 жер асты жаяу жүргіншілер өткелі тіркелген, сонымен қатар, 2012 жылы Темірлан тас жолы бойында «Бекжан» автовокзалы жанынан жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталап, пайдалануга берілді.
2013 жылы 23 көше қиылысында ескі бағдаршамдар ауыстырылды және 88 көше қиылысында 166 кері санау таблолары, 15 жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарық модульдер орнатылды және 13 жерге ұзындығы 111 метр жасанды кедергілер орнатылды.
2014 жылы 14 ескі бағдаршамды ауыстыру, 2 орынға бағдаршам нысанын, 120 метр жасанды кедергілер, 39 жаяу жүргіншілер өткелдеріне және оңжақ өткелдерге 140 белсенді жол белгілер, 28 жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарық модульдер, 7 көшеге (Момышұлы, Айбергенов, Рысқұлов, Түркістан, Жібек жолы, Қабанбай батыр, Төлеби көшелеріне) 5,8 шақырым темір қоршаулар, 18 бағдаршам нысанына 48 дана кері санау таблолары, 5 орынға ақпараттық жол белгілері орнатылды.
Қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту және бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында өткен жылы 992 көлік құралына автоматты бақылау жүйесі орнатылып, орталық серверге қосылды.
Негізгі мәселелер:
ішкі қалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерінің жоқтығы;
қолданыстағы автобустардың басым бөлігі тозған және қоршаған ортаға зиянды әсері жоғары;
қалалық бағыттардың рентабельділігі төмен болуына байланысты инвестициялық тартымдылығы төмен;
қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы төмен;
қаланың шет аймақтарына қатынайтын бағыттардың шығындылығы;
54 бағдаршам нысаны автоматтандырылған жүйеге қосылмаған және пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан.
Байланыс және почта қызметі
Шымкент қаласының телекоммуникация қызметі саласында бірқатар мемлекеттік және жеке кәсіпорындар жұмыс жасайды. Оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ ірі компаниялардың бірі болып табылады. 2012 жылы абоненттер саны 146 643 құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға артты. Цифрлендіру деңгейі қалада 100 пайызды құрайды. Интернет абоненттерінің саны 10000 адамға шаққанда 2011 жылғы 463-тен 2012 жылы 514 бірлікке дейін өсті. Ал, бұл көрсеткіш республика бойынша 950 бірлікті құраған.
Сонымен қатар, қалада 1 орталық операциялық учаскесі, 25 қалалық пошта байланыс торабы, 6 поштаны өңдеу және жеткізу учаскесі, облыс әкімі аппаратының ішінде 1 пошта байланыс торабы және 1 жылжымалы байланыс бөлімшесі бар.
Бұдан басқа, ірі мекемелердің, яғни халыққа қызмет көрсету орталығы, салық департаментінің қалаға тиісті аудандары, ішкі істер басқармаларында коммуналдық және бюджеттік төлемдерді қабылдайтын 13 касса жұмыс жасайды.
Қала халқына пошта байланыс торабы бойынша 50-ден астам қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде:
Жазба-хат хабарларды қабылдап, мекен жайына жібереді;
Сәлемдемелер, ұсақ пакеттер, бандерольдарды қабылдау;
Арнайы байланыс қызметтерін жеткізу;
Жедел жөнелтімдерді АВИО-мен жеткізу;
Мерзімді басылым баспасөздеріне жазылым және үйлеріне жеткізу.
Сонымен қатар, қаржы қызмет түрлерін көрсетуде:
Салық салымы қызметінің барлық түрлері;
Зейнеткерлерге зейнетақы және жәрдемақы төлеу және үйлеріне жеткізу;
Аударым операциялары (Ресей, Беларусия, Украина, Өзбекістан, Қырғызстан);
Жедел аударым түрі (Вестерн-Юнион) 20-30 минут ішінде 170 мемлекетке жіберу;
Екінші деңгейдегі банктермен келісім-шартқа отырып, қызмет көрсету;
Барлық бюджеттік мекемелердегі қызметкерлердің айлық-жалақыларын келісім-шарт негізінде есеп шоттарына аудару;
2011 жылы пошта саласының табыс көрсеткіші 192,8 млн.теңге болса, 2012 жылы 245,6 млн.теңге немесе 52,8 млн.теңгеге ұлғайды.
Негізгі мәселелер:
Қала бойынша 10 000 адамға шаққанда интернет абоненттерінің саны орташа республиканың деңгейінен 46,0 пайызға төмен.
Инженерлік инфрақұрылым
Шымкент қаласының сумен қамтамасыз ету көздері Тассай - Ақсай мен Бадам - Сайрамдық жер асты сулары, сонымен бірге Қызыл-Ту бұлағының жер үсті сулары болып табылады.
Қалада 2 812,8 км су құбырлары бар. Оның ішінде «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС балансында 1812,0 км, Шымкент қаласы әкімдігінің балансында 1 009,8 км. Қала халқының 83% тәулік бойы, 16 шағынаудан кесте бойынша, 8 шағынаудан тасымалды немесе ұңғыма суларымен қамтылған.
Қаланың кәріз желісі өзіндік ағынды, қалада 6 негізгі коллектор бар. Кәріз желілерінің ұзындығы 468,9 км. құрайды. Тұрғындарды кәріз желілерімен қамту 58-60% құрайды.
Қаланың кәріздік тазарту құрылыстарының жобалық қуаты тәулігіне 197 мың.куб.м. құрайды. Осы құрылғыға шаруашылық-тұрмыстық суағарлары, өндірістік кәсіпорындардың суағарлары, жауын және кәріз суағарлары түседі. Құрылғы қалпына келтіру және өнімділігін арттыруды талап етеді, суағар суларын тазарту тиімділігі нашар.
Қаланың жылумен қамтамасыз етілуі «3-Энергоорталық» АҚ орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен - (54%), сондай-ақ, қала аумағы бойынша шашыранды орталықтандырылмаған жылумен қамту жүйелерімен қамтамасыз етіледі (60%). Қалада ірі жылу көздері аймақтарында орналасқан жылу желілері айтарлықтай дамыған. Алынатын электроэнергияның негізгі көздері: «3-Энергоорталық» АҚ (53,8%), «Жамбыл ГРЭС» АҚ (10,2%), «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (25,7%) және «Шардара ГЭС» АҚ (4%).
Қаланың электроэнергияға қажеттілігі жазғы уақытта 70-85 МВт, қыста – 80-135 МВт құрайды, қалада электроэнергия тапшылығы жоқ. Қалалық шағын станциялары 110 кВ – 12 дана, 35 кВ – 21 дана. Электр өткізгіш желілерінің ұзындығы 4 589,1 км. құрайды. Абоненттер саны 200,0 мыңнан астам.
Қала тұрғындарына табиғи газды «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ жеткізіп, таратады. Абоненттер саны – 142,6 мың адам. Газ тасымалдау желілерінің ұзындығы – 2 992,0 км, халықты газбен қамту деңгейі – 79,0% құрайды.
Негізгі мәселелер:
20-40 жылдан астам пайдаланып отырған су құбырлары желілерінің тозуы;
сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерінің қуаттылығы экономикалық өсу қарқынынан артта қалуы;
қаланың сыртқы энергетикалық (көздерден) ресурстардан энергиялық тәуелділігі;
қаланың жекелген шағынаудандарында су және газ құбырларының, электр желілерінің жоқтығы;
қаладағы кәріз желілерінің жекелеген бөлігі қанағаттандырылмайтын жағдайда;
суағар тазарту құрылғысына (канализация) қала шекарасының жанасуы;
орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету желілеріне қосылған абоненттердің жылуды пайдалану құралдарының нашар есептелуі;
«КазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ негізгі қорларды пайдалануы 40 жылдан астам уақыт өткен, осының салдарынан төтенше және төтенше жағдайға жақын қалыпта (70% астам);
монопилистер тарапынан жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына салымдары төмен деңгейде.
Энергия үнемдеу
Энергия тұтынуды төмендету және отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы Қазақстан Республикасы ЖІӨ-ң энергия сыйымдылығын төмендету және энергия тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында – ҚР Үкіметінің 29.08.2013 жылғы №904 Қаулысымен «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты міндеті 2013-2015 жылдар аралығында еліміздің ЖІӨ-ң энергия сыйымдылығын жыл сайын 10 пайызға, 2020 жылға қарай 2008 жылғы деңгейден 40 пайызға төмендету болып табылады. Осылайша, энергия үнемдеу мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жатқызылды. Қойылған мақсаттарға жету үшін ОҚО бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, Шымкент қаласында да жұмыстар атқарылуда. 2011 жылғы қалалық бюджеттен 29,7 млн.теңге бөлініп, қалалық әкімдікке қарасты 181 бюджеттік мекемелердегі 59 513 жарық шамдары энергия үнемдегіш лампаларға ауыстырылды. Сонымен қатар, қала көшелеріндегі және саябақтар мен гүлзарлардағы 19 081 түнгі жарықтандыру шамдарының 11 932-сі немесе 63,0 пайызы энегрияүнемдегіш лампаларға ауыстырылды.
Қалада электрэнергиясын тиімді пайдалану үшін әр адам басына шаққанда кВ/сағат, жеке және заңды тұлғаларға арналған дифференицалды тариф бекітілген.
Сонымен қатар, ішкі нарықта қол жетімді бағадағы энергия үнемдегіш лампаларына сұраныс ұлғайып келеді. Себебі электрэнергиясына тариф әр адам басына шаққанда диффериенциалды болуына байланысты және тұрғындар тарапына энергияүнемдегіш лампалардың тиімділігіне бірте бірте көз қарасы өзгеріп келеді. Халыққа энергия үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2011 жылдан бастап жыл сайын осы тақырыпта 50 де астам мақала жарияланды, арнайы бейнеролик жасалып, жергілікті «Қазақстан Шымкент», «Айғақ», «Отырар» телеарналарынан көрсетілді.
Жылу энергетика саласында «Энергоорталық-3» АҚ қазандықтары көгілдір отынмен жұмыс жасайды және альтернативті отын ретінде мазуты пайдаланады. Жылына 70,0 млн.м3 газды пайдаланады және ілеспелі түрде электр энергиясын өндіреді. Жылу құбырларындағы шығыныдылықты азайту мақсатында соңғы 5 жылда барлық 411,6 км құбырдың 30 пайызы немесе 119,4 км күрделі жөндеуден өтті.
Жеке сектордағы көмір және электр энергиясымен жылытылатын елді мекендерді көгілдір отынға қосу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Энергия үнемдеуші технологияларды енгізудің механизмдерінің бірі ҚР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарлама шеңберінде 2011-2014 жылдары 67 көп қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Оның ішінде энергоаудит жүргізіліп, энергия үнемдеу құрылғылары, термомодернизация элементтері (пластик терезе, еден, жертөле, үйлердің каркасын қымтау) пайдалана отырып жүргізілген.
Қазіргі таңда, еліміздегі энергия үнемдеу саясатының басты мақсаттарының бірі энергия қорларын тұтыну көлемін азайту арқылы баламалы энергия көздерін (күн, жел, су және т.б.) кеңінен пайдалану болып табылады. Осы мақсатта 2013 жылы қалада жаңартылған қуат көзімен қамтылған заманауи 140 орындық балабақша ашылды. Бұл балабақша қуаттылығы сағатына 80 Квт электр энергиясын өндіретін фотовольтциялық электр стансасы арқылы күннен қуат алатын коллекторлар жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, осындай жаңа технологияларды кеңінен қолдану және «жасыл экономика», трансферт технологияны ендіру бағыттарында жұмыс жасау үшін қалада «Шымкент инновация» ЖШС құрылған.
Негізгі мәселелер:
энергия үнемдеу саласында нормалау, стандарттау, сертификаттау және бақылау жүйесінің болмау;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында статистикалық есептіліктің болмауы;
Энергия үнемдеуді насихаттау мен көпшілікке тарату деңгейінің төмендігі;
өнеркәсіп салаларының технологиялық және техникалық арта қалуы және өндірістердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;
кәсіпорындарда негізгі қорларды жаңарту және жаңа технологиялар енгізуге қаржылай тапшылығы;
Тұрғын үй қорының ескіруі.
Қаланың абаттануы
Қалада 1804 көп қабатты үйлердің 852 ауласы бар. Оның 657-і көріктендірілген, қалған 195 аула көріктендіруді қажет етеді.
Қала бойынша 84 көшеде 6787 дана жарық шамдары пайдаланады. Сонымен қатар, 7 саябақ, 27 гүлзар, 33 ескерткіш бар. Қала аумағында ұзындығы 65,2 км 6 өзендер мен каналдар бар. Оның ішінде «Қошқар ата» өзенінің аяқ жағы, «Шымкент» және «Жаңа-шек» каналдарының жағалуына халық жақын орналасқан. Ауа-райының қолайсыз мезгілдерінде су алып кету қауіпін тудырады. Сонымен қатар, жауын-шашын күндері қаланың ирригациялық жүйелері су ағынының көлемін көтере алмайды. Бұл өз кезегінде жекелеген тұрғын үйлердің су алып кету қауіпін және халықтың жүріп тұруына қиындықтар туындатады.
Елді мекендердің санитарлығын қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламасымен 115 көше, 682 қоқыс тастау алаңдары жүйелі түрде тазартылып отырады. Алайда, жеке секторда контейнер алаңдары орнатылмаған. Осының салдарынан стихиялық күл қоқыстың жиналуы орын алады. Сонымен қатар, қала шекарасының ұлғаюына байланысты және қыс мезгілінде қаланы қардан тазалау жұмыстарына арнайы коммуналдық шаруашылық техникалары жетіспейді.
Негізгі мәселелер:
«Қошқар ата» өзенінің аяқ жағы, «Шымкент» және «Жаңа-шек» каналдарының арнасын бекітуді қажет етеді;
Қаланың ирригациялық жүйесінің ескіруі;
Жеке сектордың санитарлық тазалығы төмен деңгейде, қоқыс тастау алаңдары орнатылмаған;
Шет аймақтардағы көшелер жарықтандырылмаған;
Қаланың коммуналдық шаруашылығын қамтамасыз етуге арнайы техникалардың жетіспеушілігі;
Қала аумағындағы жасыл желектерді тұрақты суғару көздерінің жоқтығы.
2.2.4. Қоршаған ортаны қорғау
2012 жылғы статистикалық мәлімет бойынша Шымкент қаласында 382 ластайтын заттары бар мекемелер тіркелген. Оның ішінде 336 мекеме немесе 88 пайызы тазалау ғимаратымен жабдықталған. Атмосфераға кеңінен таралған ластайтын заттардың шығарылу көлемі 29 412,5 тоннаны құрап, көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға ұлғайған. Себебі - қатты ластайтын заттар 1 353,3 тоннаны құрап 32,9 пайызға кемісе, газ тәрізді және сұйық ластайтын заттар көлемі 28 059,2 тоннаны құрап, 3,5 пайызға өскен.
Қаланың қоршаған ортасына антропогендік жүктемеге мыналар әсер етуде:
атмосфераға мұнай өндіру және химиялық өндіріс, энергетика, түсті металлургия кәсіпорындарынан және автокөліктерден шыққан зиянды заттар. Зиянды заттардың көздері арасында 56,8% тұрақты көздерден, қалған 43,2% автокөліктерден және т.б.көздерден шыққан зиянды заттар. Қалада көлік санының ұдайы өсуіне байланысты жалпы зиянды заттардың құрамында көліктерден шыққан зиянды заттардың үлесі де өскен.
қатты тұрмыстық және өндірістік зиянды заттардың жиналуы. Қатты тұрмыстық және өндірістік заттардың көлемі жылына болжам мен 200,0 мың тоннаны құрайды, олар қаланың солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан қоқыс полигонында жыл сайын жиналады.
«Южполиметалл» зауытының аумағындағы топырақ жамылғысы ластанған. Денсаулық сақтау және Қоршаған ортаны қорғау Министрліктерінің қатысумен қазақстандық және американдық ғалымдармен бірлесе, қорғасынмен ластанған жерлердің балалардың денсаулығына тигізетін әсеріне зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде зерттеуден өткен 83 баланың барлығында қан құрамындағы қорғасынның үлесі шекті нормадан 6,5 есе асып кеткен. Бұл өз кезегінде балалардың жүйке жүйесіне және интеллектуалды дамуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, медициналық ақпарат орталығының мәліметіне сәйкес қаладағы ауру деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен тері ауруы бойынша 2 есе, тыныс алу органдарының ауруы 2 есе, несеп-жыныстық аурулары 1,5 есе асып түскен. Сонымен қатар, зауыттың аумағында 2,4 млн.тонна металлургиялық қалдықтар бар.
Соңғы жылдары қала аумағының кеңейуіне байланысты елді мекендер тұрмыстық-қалдықтарды тастайтын және канализациялық тазалау орындарына жақындап қалды. Бұл тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты 2011 жылдан бастап күл қоқыс тастау полигонын рекультивациялау жұмыстары жүргізілуде.
Жаңадан тұрмыстық қоқыс полигонын және қоқыс өңдейтін зауыт құрылысын жүргізу үшін қаланың оңтүстік-батыс бөлігінен 34,0 га жер бөлінді. Қазіргі таңда қоқыс өңдеу зауытының құрылысы жеке инвестор «Технологий-21» ЖШС есебінен жүргізілуде, ал полигонға қажетті инженерлік жүйелердің құрылыстарына 2011 жылы қалалық бюджеттің есебінен 22,0 млн.теңге, 2012 жылы облыстық бюджеттен 353,0 млн.теңге қаржы бөлінді.
Тұрғындардың демалуына және өзен арналарының су жуу қауіпінің алдын-алу мақсатында «Бадам» өзенінің маңына жағажай құру және «Қошқар-ата» өзенінің арнасын көріктендіру жұмыстары басталды. Бұл мақсатта 2012 жылы облыстық бюджеттен 40,0 млн.теңге қаралып, «Бадам» өзенінің көріктендіру жұмыстарын 2013 жылы аяқтау жоспарлануда.
2012 жылы «Жасыл Ел» көгалдандыру іс-шарасына сәйкес, 35 мың дана декоративті ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, алаңы 1000 га «Жасыл аймақ» аумағындағы отырғызылған ағаш көшеттері жүйелі күтіп ұсталынуда.
Негізгі мәселелер:
өндірістік кәсіпорындардың қаланың тұрғын аймағында санитарлық аймақтарды сақталуысыз жақын орналасуы, бұл қаланың экологиялық тұрақтылығына зиян тигізеді;
өнеркәсіп кәсіпорындарынан қалған зиянды қалдықтарды жою технологиясының жоқтығы;
қалада көлік саны ұдайы өсіп, қоршаға ортаға зиянды заттар көлемінің артуы;
жылжымалы көздерден шағытан (автокөліктер) зиянды заттардың статистикалық есептіліктің жоқтығы;
қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің жетілмеуі;
қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты құрылысының ұзақ мерзімге созылуы;
қоқыс жинау техникаларының жетіспеушілігінен, қала аумақтарында стихиялық күл-қоқыстың жиналуы;
«Южполиметалл» зауытының аумағындағы топырақ жамылғысының ластану және металлургиялық қалдықтың тазаланбауы.
2.2.5. Аумақтық (кеңістік) дамуы
Шымкент қаласының аумағы 40 080 га құрайды, бұл облыс аумағының үшінші бөлігін алады, соның ішінде тұрғылықты аумақ ауданы – 16 793,8 га, тұрғылықты аумақтан тыс – 5 762 га, қала шекарасы ішіндегі бос аумақтар ауданы 1 871,8 га, басқа аумақтар ауданы -15 369,4 га құрайды.
2015 жылға қарай Шымкент қаласының аумақтық тұрғыдан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және батыс бағыттарда дамыту арқылы қала аумағының ауданы 117,0 мың га құрайды деп жоспарлануда.
Шымкент қаласының аумақтық (кеңістік) бәсекелік артықшылығы ретінде - қолайлы жағрафиялық орналасуы, тұрғындар тығыздылығы, рекреационды, адам потенциалына бай қала ретінде сипаттауға болады.
Кеңістік бөліктері мен элементтері арасындағы экономикалық байланыстардың жиілігін анықтайтын қаланың көлік желілерінің жағдайы жолдардың төмен өтімділігі, әсіресе қаланың орталық бөлігінде проблемалық болып саналады.
Шымкент қаласының рекреациясы тарихи, мәдени–қызмет көрсету объектілерінің кең желісінде: негізін бақтар құрайтын аумағы 117 га қаланың жасыл аймағы, дендропарк (ауданы -120,52 га), зоопарк (ауданы – 54 га). Жасыл желектер аумағы 478,0 га құрайды, 1 адамға 7,6 шаршы метр.
Қаланың рекреациялы дамуын тежейтін факторларға - табиғат ескерткіштері мен қаланың және жақындағы аудандардың табиғи объектілерін толығымен пайдаланылмай жатқан туристік инфрақұрылым, сонымен қатар қаланың экологиялық жүйесінің айтарлықтай төмендеуі болып отыр.
Негізгі мәселелер:
Шет аймақтардағы елді мекендер жоспарлау жобасынсыз салынған, қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізеді;
қалақұрылысын дамыту үшін құрылыс алаңдарындағы жер телімдерін мемлекеттің мұқтаждығына алу процесстерінің ұзаққа созылуы;
құрылыс нысандарында «қызыл сызықтың» сақталмауы.
2.2.6. Шымкент агломерациясының дамуы
Соңғы 10 жылдың ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өсімін ескере келе, қала шекарасы 13,0 мың га-дан 40,0 мың га-ға дейін, одан кейін 2012 жылы 40,0 мың га-дан 2014 жылы 117,0 мың га дейін ұлғайтылды. Сәйкесінше, қалаға жақын орналасқан елді мекендер қала шекарасына еніп, демографиялық өсімге де әсер етуде. 2000-2012 жылдары халық санының өсімі жылына 3,5 пайызды құрады. 2012 жылы халық саны 661,2 мың адамды құрап, 2000 жылмен салыстырғанда 525 пайызға өскен (2000 жылы – 435,3 мың адам). Қазіргі қаланың даму жағдайындағы құбылысты әлемдік тәжірибе бойынша қалалық даму процессінен агломерациялық даму процессіне өту кезеңі ретінде бағалауға болады. Бұл, өз кезегінде қаланы аумақтық дамытудың, халықтың өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы орта қалыптастырумен қатар, агломерациялық процесстерді тиімді басқару үшін бас жоспарды қайта қарап, өзгерістер енгізуге мәжбүр етті. ҚР Үкіметінің 3.09.2012 жылы №1134 Қаулысымен бекітілген Бас жоспарда, Шымкент қаласын жақын маңдағы қалалар мен елді мекендерді қамтитын орталық ретінде дамыту көзделген. Сонымен қатар, қалаға жақын орналасқан Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарындағы 145,0 мыңға жуық халқы бар 40 елді мекен қала шекрасына қосылды.
ҚР «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес изохрон тәсілі бойыша (1,5 сағат ішінде көлікпен қол жетімділік) агломераця аймағының орталығы ретінде Шымкент қаласы, Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт аудандары, Арыс қаласы енгізілген.
Шымкент агломерациясы аумағындағы халық санының үлесі Республика халық санының 8,5 пайызын құрайды (1,4 млн.адам).
Шымкент агломерациясының ауқымын даму коэффициентінің (7,4) жоғары екенін ескере келе, республика бойынша агломерциялық дамудың 1-ші деңгейіне Астана, Алматы қалаларынан кейін Шымкент қаласы енгізілген.
Негізгі мәселелер:
қаланың орталығымен шет аймақтарындағы даму үрдісінде тепе-теңдіктің сақталмауы;
агломерация әсер ететін аймақтардың нақты шекарасының айқындалмауы;
қаланың инфрақұрылым жүйелеріне жүктеменің өсуі, шет аймақтардың инфрақұрылым жүйелеріне қосылмауы;
қаланың шет аймақтарында ретсіз құрылыс жайларының дамуы;
қалаішілік және магистралдық жолдардың көлік өткізу қабілетінің төмендігі;
санитарлық-экологиялық жағдайдың күрделенуі;
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғаруы болуы;
еркін экономикалық аймақ және индустриалық аймақтардың қала экономикасын дамытудағы ролі төмен деңгейде.
2.2.7. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, зардаптарын жеделдетіп жою.
Қаланың географиялық сипаттамасына қарай: күрт континентальды климаты, өсімдігі, гидрологиясы және жоғарғы сейсмикалығына, ыстық және құрғақ жазы, қатты желдер, қаланың аумағы мен халқы бірқатар табиғи жағдайларға бейімделген.
Болуы мүмкін жойқын жер сілкінісі, су басу мен тасқыны, желдер, елді мекендерді және автокөлік магистралдарын қар басып қалу адам өліміне, едәуір материалдық шығындарға, халықтың тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Технологиялық процессінде улы заттарды, жарылғыш және өрт қауіпі бар газдар мен сұйықтарды пайдаланатын өнеркәсіптік орындарының болуы және транспорттық магистральдағы апаттар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпін тұғызады, ал Бадам су қоймасының бөгеті бұзылған жағдайда ауқымды жерді су басуы ықтимал.
Шымкент қаласы аумағының қаупін бағалауы көрсеткендей, халық пен шаруашылық нысандарға ең қауіпті болып келетін – жер сілкінісі, Бадам су қоймасының бөгеті бұзылған жағдайдағы су басу және қатты әсер ететін улы заттардың тасталуы.
Су басумен тасқын қауіпі:
Шымкент қаласының аумағында 3 канал бар: «Шымкент» - 20,6 км, «Жаңа-Шек» - 11,8 км, «Жаңа-Бай» - 3,7 км және Бадам магистралды каналы. Сонымен қатар, ұзындығы 5,4 км Қара-су, Қошқар-ата – 9 км, Бадам өзендері ағып өтеді.
Қалада жер асты су деңгейлерін төмендету үшін тік дренажды 29 скважина жұмыс істейді.
Көктем кезінде мол жауын-шашынның және туларда мұз бен қардың еру нәтижесінде Шымкент қаласының аумағында тұрғын үйлердің ауласын су басуы ықтимал. Су тасқыны және су басу құбылыстары наурыздан бастап, мамыр айына дейін жалғасады.
Су тасқындары мен су басулары туындатуды ықтимал өзендер мен каналдар: Бадам, Қошқар ата, Қарасу өзендері және Шымкент, Жаңа-Шек, Жаңа-Бай, Бадам магистралдық каналдары.
Бадам өзенінің суы тасыған жағдайда 6,0 ш.км құрап, 4750 халқы бар Чапаевка поселкесі, «Химфарм» АҚ мен қорғасы зауытының аймағын су басу қауіпі бар.
Қар басу, қар көшкіні қауіпті аймақтар:
Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының бақылауы бойынша, қыс мезгілінде тәулік ауа температурасының күрт ауытқуларына байланысты көктайғақ болуы ықтимал, электр желілерінде ылғалды қардың жиналу құбылысы болып тұрады. Қардың көп жауы, қарлы борандар, қар басу құбылыстарына тән қала көшелері: Тәуке-хан даңғылы (М.Әуезов атындағы ОҚМУ), Ордабасы алаңы, Анаров көшесі, теміржол станциясының аймағы, 11 ш.а. «Алатау» дүкені аймағы, Желтоқсан көш., Рысқұлов көш., Байтұрсынов көш., Момышұлы даңғылы.
Өрт қаупі:
Тұрғын секторларда өрттер мен адам өліміне алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарына басты назар аударылып отырса да, өрттің басым көпшілігі тұрғын үйлерде орын алып отыр. 2012 жылы 196 өрт орын алып, 99,9 млн.теңгеге материалдық шығындарға ұшыратты. Өрттің негізгі себептері: жалынмен абайсыз болу, тұрмыстық электрқұралдарды және пештерді пайдалану кезінде өрт қаупсіздік ережелерін бұзу, өнеркәсіпте электр жабдықтарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу.
Қазіргі уақытта қала аумағында 5 өрт депосы орналасқан. Сайрам ауданы Сайрам ауылында орналасқан 2 арнайы өрт автокөлікке арналған 1 өрт сөндіру бөлімшесі Шымкент қаласының есебіне кіреді.
Жер сілкінісі қаупі:
Қала аумағы 7 баллға дейін жерсілкінісі болуы ықтимал жоғары сейсмикалық белсенділік аймақта орналасқан.
Жер сілкінісінің нәтижесінде құрылыстар түрлі дәрежеде қирауы мүмкін: 26072 ғимарат – қатты және орташа дәрежеде қирайды, 11554 ғимарат – жеңіл зақымдануы мүмкін.
Негізгі мәселелер:
қаладағы 30-дан 60%-ға дейін өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттары мен құрылыстардың сейсмотұрақтылығы талапқа сәйкес емес ;
каналдар мен өзен арналараның бей-берекет ағыны, санитарлық қорғау аймақтырының сақталмауы;
шағынаудандар мен елді мекендерде ағын су жүйелерінің (ирригация) жоқтығы;
елді-мекендерде электр желілерінің бейберкет құрылыс нормаларынсыз салынуы;
өрт сөндіру деполарының, автокөліктердің, арнайы техникалардың жетіспеушілігі.
2.2.6. Жергілікті мемлекеттік қызмет көрсету
Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылдың 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндетін қойды.
Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың жаңа санаты – «А» корпусы құрылды.
«А» корпусына бірінші кезекте жауапты хатшылар мен облыс әкімдерінің аппарат басшылары, комитет төрағалары, қалалар мен аудандар әкімдері кіреді. Бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады.
2012 жылы қала әкімдігіне қарасты 13 құрылымдық бөлімдерде, 3 қаладағы аудан әкім аппараттарында және қалалық мәслихат аппаратында 304 мемлекеттік қызметкерлер жұмыс жасаған.
Қазақстан Республикасының 13 маусымдағы мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және жергілікті өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі Заңдарын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы №608 және 2013 жылғы 29 сәуірдегі №411 «Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерті тарату туралы» қауылылары қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысына қосымша штаттық бірліктері беру қарастырылды. Оның ішінде Шымкент қаласына 4 құрылымдық бөлім қайта құрылып, қосымша 64 штат берілді.
2012 жылы қаланың жергілікті атқарушы жұмыс жасайды органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» және 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулыларына сәйкес атқарылды.
Достарыңызбен бөлісу: |