Шымкент ќаласыныѕ Јкімдігі


сурет.Қаланың өңдеу өнеркәсібінің құрылымы, пайызбен (2014ж.)



бет2/13
Дата17.11.2017
өлшемі2 Mb.
#1041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2.2.1 сурет.Қаланың өңдеу өнеркәсібінің құрылымы, пайызбен (2014ж.)

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті;


Еңбектің аумақтық бөлінісінде қала - ауылшаруашылық өнімдері өндірісі мен қайта өңдеу, мұнай және мұнай өнімдері өндірісі, тоқыма өнімдеріне, құрылыс, металлургия саласында маманданған.

Өңірдің нақты экономикалық секторының бәсекелестігін арттыру дамытудың бірінші басымдылықтары қатарында тұрып, өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізуге, халықаралық стандарттарға өтуге, жаңа технологияларды ендіруге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды көздейді.

Өңірдің бәсекелестік тұрақтылығына жету жолында өңір салалық құрылымының үйлесімділігінің, бір шектің өнімі өзінен анағұрлым жоғары шектің шикізаты ретінде шығатын технологиялық тізбектерді құрудың маңызы аз емес. Осылайша вертикаль-интеграциялық үлгіде құрылған кәсіпорындар белгілі салалардың бәсекелестік табысына қажетті болымды массаны құрайды да, өндіріс құрылымының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Жалпы өнеркәсіптік потенциалында өте тиімді дамып отырған тамақ өнеркәсібіне назар аударылған. Сонымен қатар, құрылыс индустриясы дамуда, тоқыма және тігін өнеркәсібінің жаңа мекемелерінің құрылысына және іске қосылғандарының модернизациясына инвестициялар белсенді тартылуда.

Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында келесілерді атауға болады: «Петро Казахстан Ойл Продакс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Меланж» АҚ, «Ютекс» АҚ, «SOUTS TEXTILINE KZ» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «Шымкентсыра» ЖШС, «Алдын дән» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС және «Шымкент-құс» ЖШС.

Қалада өнеркәсіптің дамуына келесі факторлар оңды әсер етуде.

1) Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Осы бағдарлама шеңберінде 102,3 млрд.теңгеге 77 жоба іске асырылып, 7 431 жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде: 2010 жылы 5 жоба, 2011 жылы 10 жоба, 2012 жылы 15 жоба, 2013 жылы – 21 жоба, 2014 жылы – 26 жоба.

2) индустриялық аймақта кәсіпорындардың жұмыс жасауына жағдайлар жасалған. 2010 жылдан бастап индустриялық аймақ құрылған (337 га). Осы аймақта құны 46,0 млрд.теңгені құрайтын 71 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобаларда 6,0 мың жаңа жұмыс орын ашу көзделген. 2011-2014 жылдары, құны 18,1 млрд.теңгені құрайтын 38 кәсіпорын іске қосылып, 2801 жаңа жұмыс орындары ашылған (оның ішінде: ҮИИД бағдарламасы – 21 жоба, жеке инвестициялар есебінен - 17 жоба).

3) өнеркәсіп кәсіпорындарында меншікті қаражаттар есебінен инвестициялық белсенділіктің артуы. Өнеркәсіп саласындағы инвестициялар 2011 жылғы 12,0 млрд.теңгеден 2014 жылы 34,8 млрд.теңгеге дейін ұлғайған.

Өнеркәсіп қуаттарын жыл сайын ұлғайту арқылы өнім көлемінің тұрақты өсімі байқалды.



2009-2014 жылдар ішінде өнім көлемі (қолданыстағы бағамен) 24,4% ұлғайды. Шымкент қаласындағы өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайындық өсімі орташа 5,5% құрайды.



2.2.2 сурет. Өнеркәсіп өнім көлемінің индексі, пайызбен

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


Негізгі мәселелер:

  • кәсіпорындардың негізгі қорды жаңарту үшін өзіндік қаражаттың жетіспеушілігі;

  • шикізат жетіспеушілігі және айналымдағы қаражатты толықтыру мүмкіндігінің жоқтығы;

  • ескірген технологиялар және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетінің төмендігі, оны сатудың қиындығы;

  • техникалық кәсіп мамандарының жетіспеушілігі;

  • кәсіпорындардың несие ресурстарына қол жетімдігі төмен;

  • өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік толық қуатын пайдаланбауы;

  • коммуналдық қызметтерге тарифтердің жоғары болуы.


Инвестициялық қызмет
2010-2014 жылдар ішінде қалаға 493,0 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған. Осы жылдары негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі орташа есеппен жыл сайн 30% өсті.

Шымкент қаласының негізгі капиталына инвестициялардың жалпы көлемінен маңызды үлесін кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың өзіндік капиталы қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялар (44,4% – 53,9%), сонымен қатар бюджеттік қаражаттар (35,1% – 46,7%) құрайды.



2010 жылғы инвестиция көлемі, млрд.теңге 2014 жылғы инвестиция көлемі, млрд.теңге



2.2.3 сурет. 2010-2014 жылдар аралығындағы инвестициялық қаржыландыру

көздерінің құрылымы, млн.теңге.

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


Бес жыл ішінде инвестициялар көлемінде кәсіпорындар есебінен инвестициялар көлемі 82 пайызға өссе, қаланың негізгі құралдарының жаңартылуы мен құрылыстар жүргізу арқылы жалпы бюджет қаражаттарының көлемі 2,2 есеге артты. Сонымен қатар, халық пен кәсіпорындарда қарыз қаражаттарын алуға мүмкіндіктер пайда болды.


Негізгі мәселелер:

  • облыс бойынша инвестициялардың жалпы көлемінен Шымкент қаласының негізгі капиталындағы инвестициялар үлесінің төмендеуі (2011-2012 жылдары 33%-дан 30%);

  • қаладағы материалдық-техникалық қордың тозуы 30% асты.


Инновациялық қызмет
2011 жылы қалада 24 инновациялық – белсенді кәсіпорындар тіркелсе, 2012 жылы 55 кәсіпорынға, 2013 жылы 87 кәсіпорынға, 2014 жылы 96 кәсіпорынға дейін өсті. Сонымен қатар, иновацияларды әзірлеу бойынша басқа кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс атқарған 53 кәсіпорындар тіркелген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау