Шымкент ќаласыныѕ Јкімдігі


сурет. Кәсіпкерлік саласының дамуы



бет5/13
Дата17.11.2017
өлшемі2 Mb.
#1041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2.2.8 сурет. Кәсіпкерлік саласының дамуы

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


2014 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2013 жылмен салыстырғанда 20,1 пайызға өсіп, шығарылған өнім көлемі 96% өсті. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер тарапынан бизнесті қолдауға 31,9 млрд.теңге көлемінде несиелер бөлінді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қабылдануымен, өңірімізде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында құрылған «Максимум» АИО-ң жүйелі жұмыс жасауымен бизнестің белсенділігі артуда.





2.2.9 сурет. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобалар саны
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 2011 жылы құны 12,7 млрд.теңгені құрайтын 36 жоба мақұлданса, 2012 жылы құны 48,2 млрд.теңгені құрайтын 97 жоба мақұлданды, 2013 жылы 52,9 млрд.теңгеге 118 жоба, ал 2014 жылы 26,7 млн.теңгені құрайтын 122 жоба мақұлданды. Бұл жобаларды іске асыру есебінен 2 387 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

«Максимум» АИО-мен 2011 жылы пайыздық мөлшері жеңілдетілген 26 жобаға 655,7 млн.теңге несиелер бөлініп, 107 жаңа жұмыс орындары ашылса, 2012 жылы 39 жобаға 1 093,0 млн.теңге көлемінде несиелер бөлініп, 111 жаңа 2013 жылым 30 жобаға 835,2 млн.теңге, 2014 жылы 39 жобаға 1 890,3 млн.теңге несие бөлініп, нәтижесінде 200 ден астам жаңа жұмыс орындары ашылған.



Қазақстандық мазмұн үлесін жоғарлату бойынша жұмыс жалғасты. 2012 жылы қала бойынша 11,5 млрд. теңгені құрайтын тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алды, оның 96% қазақстандық мазмұн үлесін құраса, 2013 жылы жалпы 21,9 млрд.теңгенің 95,3 пайызы, 2014 жылы 38,5 млрд.теңгенің 99 пайызы қазақстандық мазмұнды құрады.
Негізгі мәселелер:

  • Несие алуға мүліктік кепілдемелердің жеткіліксіздігі;

  • Ұсынылатын коммуналдық қызметтердің тарифтердің жоғарылығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесінің жоқтығы;

  • Өнім өткізу нарығының тұрақсыздығы.



2.2.2. Әлеуметтік сала

Демографиялық жағдай
Шымкент қаласының халық саны 2014 жылы 858,1 мың адамды құрады. 2000 жылдан 2014 жылға дейін қаланың тұрғындар саны 375,2 мың адамға ұлғайды. Тұрғындар санының өсуіне халықтың тұрақты табиғи өсімі мен ішкі облыстық оң көшіп-қонуы ықпал етті. 2014 жылы халықтың табиғи өсімі 17 191 адамға, көші-қон айырмасы оңды болып келушілер саны 10 333 адамға өскен.



2.2.10 сурет. Шымкент қаласының 2000-2014 жылдардағы адам саны,

мың адам

Мәлімет көзі: 2000-2014 жж. – ОҚО Статистика департаменті


Білім беру

Қалада 9 жоғарғы оқу орындары бар. Оның ішінде: 3-уі мемлекеттік, 6 жекеменшік (барлығы 61 032 студент білім алуда). Сонымен қатар, 40 арнайы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер бар. Оның ішінде: 14 мемлекеттік, 26 жекеменшік (барлығы 40 956 студент бар).

Жалпы орта білім беру саласында 147 908 оқушысы бар 140 мектеп жұмыс жасайды (оның ішінде 126 мектеп қалалық, 7 мектеп облыстық, 7 жеке меншік). Қалалық 126 мектептің - 106 типтік, 20 бейімделген ғимараттарда орналасқан.

2010 жылы жаңадан 7 мектеп (7750 орын) пайдалануға берілді, 2011 жаңа «Асар» ш.а. 1200 орындық №89 мектеп, 2012 жылы 3 мектеп (2100 орын), 2013 жылы 2 мектеп (1200 орындық), 2014 жылы 2100 орындық 2 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2013 жылы 4 мектептерге (№6,42,54,48) қосымша құрылыс аяқталып, пайдалануға берілсе, 2014 жылы 4 мектептің қосымша құрылысы (саз мектебі, көркем сурет мектебі, №№15,58 мектептер) және апатты жағдайдағы №1 мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 295 мектепке дейінгі мекемелер бар (80 мемлекеттік, 45 шағын орталық, 170 жеке меншік). Қалада мектепке дейінгі жастағы (0-7 жас) балалар саны 169 мың баланы құрайды. Оның ішінде 3-6 жастағы бала 82,2 мыңнан астам. 2013 жылмен салыстырғанда 3-6 жастағы бала саны 30 мыңға дейін артып отыр.

Мектепке дейінгі мекемелерде 46,4 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, ал 45,0 мың бала (3-6 жас) «Балапан» бағдарламасы аясында қамтылып отыр. Бүгінгі таңда қамту деңгейі 77,1% құрап отыр. Оның ішінде мемлекеттік балабақшаларда 26 483 бала, жекеменшік балабақшаларда 18 537 бала.

Балабақша желісін ұлғайту үшін 2012 жылы «Қазығұрт» шағын ауданында 320 орындық, «Асар» шағын ауданында 280 орындық балабақшалар, 2013 жылы балабақша ғимараттарын қайтару арқылы «Тұрлан» шағынауданындағы 110 орындық және «Күншығыс» шағын ауданында 250 орындық балабақша, 2014 жылы 780 орындық 3 балабақша пайдалануға берілді (Құрманбеков көшесіндегі 140 орындық, «Самал» ш/а 320 орындық, «Тұлпар» ш/а 320 орындық).

Білім саласындағы мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қала мектептері интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген, 2014 жылы 387 интерактивті тақта, 159 лингафон кабинеті, 47 биология, 63 физика, 57 химия кабинеттері жабдықталды. Сонымен қатар, 2013 жылы 17 мектептердің аулаларында спорт алаңшалары орнатылды.

2014 жылы білім қорына бағытталған қаржы көлемі 2013 жылдан 55 пайызға ұлғайтылып, 351,6 млн.теңгені құрады. Қаралған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен 8 383 оқушы ыстық тамақпен, 3 848 бала мектепке қажет киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, 4 415 бала жазғы лагерьлерде демалды. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1 285 үйірме жұмыс жасап, оның аясында 43,5 мың бала қамтылса, 415 спорттық секцияларда 33,9 бала қамтылды.

Балабақша кезегіне қою тәртібі «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, кезектің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында балалардың тізімі мемлекеттік органдардың Веб-сайттарына орналастырылған.


Негізгі мәселелер:

  • шет аймақтардағы елді мекендерде білім нысандарының тапшылығы;

  • 10 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда білім алуда;

  • апатты жағдайдағы 3 мектепті қайта құру қажет;

  • балабақша тапшылығы.


Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында 55 мемлекеттік мекемелер бар. Оның ішінде:

  • 5 943 койкелі 27 аурухана;

  • 17 амбулаторлық емхана;

  • 2 санаторий;

  • 1 балалар үйі;

  • 1 патоталого-аннатомдық бюро;

  • 1 салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (ЦЗОЖ);

  • 1 қан құю орталығы;

  • 1 медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру орталығы;

  • 1 арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы;

  • 1 жедел жәрдем беру орталығы;

  • 1 медициналық колледж;

  • Денсаулық сақтау басқармасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау