Болатов Арайбек
Тақырыбы: «Жүктіліктің диагностикасы». Ситуациялық есептер.
№ 1 есеп
Сәбиін емшекпен емізетін 20 жастағы әйел тексерілуге келген. Босанған соң етеккірі
болмаған. Бала 6 айлық.Айнамен қарағанда – жатыр мойыны мен қынап қабырғасы
көкшіл.
P.V.: жатыр мойны цилиндрлі, жабық, жатыр дұрыс орналасқан, көлемі 5-6 апталық
жүктіліктегідей, жұмсақ.
Диагноз: Диагнозды дәлелдеу үшін тағы қандай қосымша тексерулер әдісі керек?
Диагнозы:20 жастағы әйел жүкті.
Себебі:етекккірі жоғалған,жатыр мойны мен қынап қабырғасы көкшіл.
Жүктілікті растау үшін:
Жүкті әйелді тексеру анамнезді толық жинаудан басталады. Жалпы мәліметтерден бөлек, әйел организмінің етеккірлік (менструалдық), жыныстық, секреторлық және ұрпақ өрбіту (репродуктивтік)әрекеттерінің функционалдық ерекшеліктері анықталады.
Жүкті әйелді жалпы тексеруде өлшейміз:
- дене қызуы (температурасы);
- дене массасы;
- бойы;
- артериалды қысымы.
3. Одан әрі дене бітімі, тері жамылғылары, көзге көрінетін шырышты қабықтар, сүт
бездері, іш пошымы бағаланады.
Алғашқы тексеруде барлық екі қабат әйелдерден ақуыз бен глюкозаға зәр талдауы, қан тобы мен Rh фактор, қынап жұғындысын зерттеу, мерез бен АИТВжұқпасына серологиялық тексеру жүргізіледі.
Арнайы акушерлік тексеруге сыртқы және ішкі тексеру, қосымша әдістер жатады.
Пельвиметрияда дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын,жатырдың биіктік деңгейін және жамбас өлшемдерін өлшейді.
№ 2 есеп
Әйел 20 жаста, жүктілікпен тіркеуге алынған. Соңғы етеккірі 10-шы қанатар болған.
Босанатын уақытын белгіле.
Босану уақытын белгілеу үшін тағы қандай мәліметтер керек?
Босану уақыты: 17 қазан
№ 3 есеп
Жүктілікпен тіркеуге тұру үшін алғаш рет әйел қабылдауға келді. Объективті – жалпы
жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Пальпацияда арқылы жатыр түбі кіндік тұсына
орналасқаны анықталды.
Жатыр түбінің орналасуына байланысты мерзімін анықта.
Диагнозды дәлелдеу үшін сіздің іс әрекетіңіз?
Жатыр түбінің орналасуына босану мерзімі-24 апта
Диагнозды дәлеледеу іс-әрекеті:
Әйелді тегіс кушеткаға шалқасынан тізе буынында бүгіп жатқызып, ішін ашып, іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейміз;
Жатыр түбі биіктігін өлшеу үшін сантиметрлік лентаның басын қасағаның жоғарғы жиегіне орнатып, алақан қырымен жатыр түбін тауып өлшеу керек;
Леопольд-Левицкий тәсілі.
Әйелді кушеткаға шалқасынан жатқызып, акушер оң жағында бетпе-бет тұрады. Әйелдің тізе буынында аяғы бүгеміз;
Леопольд-Левицкийдің бірінші тәсілі - екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте жатыр түбінде нәрестенің жамбасы орналасады. Ол нәрестенің басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |