ҚазақстандағЫ Әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою



жүктеу 54,72 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі54,72 Kb.
#14263


International Scientific and Practical Conference “WORLD SCIENCE”  

ISSN 

2413-1032

 

 

№ 1(5), Vol.4, January 2016

 

19 

 

HISTORY 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ 

САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ НАУҚАНЫ ТУРАЛЫ  

(1926-1941 жж.) 

 

Икежанова Шолпан Укибаевна 

 

№2 дарынды балаларға арналған  

мамандандырылған мектептің  

тарих пәні мұғалімі 

Шымкент қаласы, Қазақстан. 

 

Кеңес  ӛкіметі  орнағаннан  кейінгі  қолға  алған  жұмыстардың  бірі  бұқара  халықтың 



арасындағы сауатсыздықты жою жұмысы болды. Ал бұл жұмысқа ұйымдасқан сипат беру және 

жан-жақты  жүргізу  мақсатында  1918  жылы  26-шы  маусымда  ӛкіметтің  ″РСФСР-де  халыққа 

білім беру ісін ұйымдастыру туралы ережесі″ қабылданды [5]. Ережеде халыққа білім берудің 

губерниялық,  уездік  және  болыстық  бӛлімдерін  құру  және  мектеп  құрылысына  еңбекші 

бұқараны  кеңірек  тарту  үшін  халыққа  білім  беру  Кеңестерін  ұйымдастыру  қарастырылады. 

Сауатсыздықты жою, яғни білім беру ісін жүзеге асыру социалистік қоғам орнатудың маңызды 

шарттарының бірі, - деп есептеді большевиктер.  

1919 ж. 26-ші желтоқсанда Кеңес ӛкіметінің ″РСФСР халықының  сауатсыздығын  жою 

туралы″  декреті  жарияланды.  Осыған  байланысты  8  бен  50  жас  аралығындағы  оқи  және  жаза 

алмайтын  республиканың  тұрғындарын  ӛз  ана  тілінде  оқу  міндеттелді.  Декрет  сауатсыз 

адамдардың  мектепке  келуіне  кедергі  жасауға  тырысқандарды  қатал  жазалауға  юстиция 

органдарына құқық берді.  

1920  жылы  шілдеде  сауатсыздықты  жоюға  қатысты  тӛтенше  комиссия  құрылды. 

Комиссия сауатсыздық жою пункттері, үйірме, қысқа мерзімді курстар арқылы бұқараны оқуға 

тартуға тырысты. Бірақ осы жұмыста комиссия біршама қиыншылықтарға кездесті. Ең бірінші 

кезекте  ол  арнайы  мектеп  орындарының  болмауы,  оқулықтардың  жоқтығы,  педагогикалық 

білімі  бар  мұғалімдердің  жетіспеушілігі  еді.  Сонымен  бірге  сауаттандыру  ісінде  қазақ 

халқының негізі бӛлігінің кӛшпелі және жарылай кӛшпелі және жарылай кӛшпелі ӛмір салтын 

ұстауы  да  кедергі  жасады.  Дәл  осы  кезеңдегі  елдегі  таптық  күрестің  ӛріс  алуы,  азамат 

соғысының  салдары  білім  беру  ісіне  кері  әсерін  тигізді.  1920-1921  жылдардағы  халық 

шаруашылығының  күйзелісі,  кӛптеген  аудандардағы  ашық  бұқара  халықтың  жағдайын 

нашарлатып  жіберді.  Елдің  үлкен-кішісі  ӛлместің  жағдайын  жасап  кӛрші  аудандарға  немесе 

қалаларға ағылды. Мемлекеттің де білім беру ісіне қаржы аударатындай шамасы болмады. Осы 

жылдардағы  ӛкіметтің  алдына  қойған  басты  мәселесі  –  халық  шаруашы-лығын,  ӛнеркәсіп 

орындарын  қалпына  келтіру,  жаңа  фабрика,  заводтарды  салу,  таптық  жаудың 

″сарқыншақтармен″ күресті жүргізу болды.  

1923 жылы тӛрағасы М.И. Калинин сайланған Бүкілодақтық ″Сауатсыздық жойылсын″ 

қоғам құрылды. Қоғамның ұялары бүкіл елде құрылды.  

1926-1927  жылдары  Халық  ағарту  комиссариаты  ең  бірінші  рет  қазақ  және  шығыстың 

аз ұлт қыздарын мектепке және жалпы алғанда әйелдерді білім беруге тарту, тәрбиелеу туралы 

мәселені  қойды.  1927  жылдың  19-қаңтарында  бұл  мәселе  бойынша  Коллегияның  қаулысы 

шықты.  Осы  қаулының  негізінде  жергілікті  жерлерге  –  қыздарды  жаппай  оқу  орындарына 

тарту, біршама әйелдердің мектептерін және басқа да мәдени-ағарту мекемелерін ашу жӛнінде 

кең  науқанды  жүргізу  туралы  нұсқау  берілді  [5,  62].  Осы  мақсатта  қазақ  қыздары  мен 

әйелдеріне  арнап  арнайы  мектептер  ашыла  бастады.  1926-1927  оқу  жылында  ауылдағы 

бастауыш  мектептерде  8-10%  қыздар  болса,1927-1928  оқу  жылында  ауылдағы  бастауыш 

мектептегі  қазақ  қыздарының  үлес  смалмағы  11,1%-ке  кӛтерілді  [1].  Бірақ  бұл  әлі  де  болса 

мардымсыз еді. Ауыл мектептеріне 1927-1928-ші оқу жылында қыз балалардың екіден бірі ғана 

қамтылды.  Оның  себебін  жоғарыда  айтап  кеттік,  сонымен  бірге  ауылдың  кӛпшілігі  ″қызға 

оқудың қажеті жоқ, бәрібір күйеуге шығады″ - деп қыздарын үйде ұстауға тырысты. Мысалы, 

кӛрсетілген оқу жылында қазақ қыздары 11 % қана үлес алса, бұл кӛрсеткіш орыс қыздарында 

– 33,7% болған [3,109].  




International Scientific and Practical Conference “WORLD SCIENCE”  

ISSN 

2413-1032

 

 

20 



№ 1(5), Vol.4, January 2016

 

 

Қызыл отаудың қызметінде кездескен келесі қиыншылық қазақ тіліндегі әдебиеттердің 



болмауы  еді.  Сондықтан  да  1927  жылдың  1-ші  сәуір  мен  1-ші  қазанының  аралығында  қазақ 

тілінде  С.Баранованың    ″Қызыл  отау″  Н.Құлжанованың  ″Ана  мен  бала″,  Н.Арықованың 

″Қосшы  және  қазақ  әйелі″,  С.Есованың  ″Ленин  және  әйелдерді  басыбайлылықтан  босату″, 

Тоғжановтың ″Партия және қазақ әйелі″ атты кітапшаларын баспадан шығару жӛнінде жоспар 

қабылданды.  

Қызыл  отаудың  жұмысы  тӛртке  бӛлінді.Олар:  әйелдердің  сауатын  ашу,  денсаулық-

тазалық  жұмыстарын  жүргізу,  заң  жағынан  кеңес  беріп  қорғау  және  жалпы  саяси-тәрбие 

жұмыстары.  Әсіресе  қызыл  отаулар  әйелдер  арасында  сауатсыздықты  жоюда  ең  негізгі  күш 

болды.  Әрбір  отаудың  жанынан  сауатсыздықты  жою  пункттері  ашылып,  ауылдың  ересек 

тұрғындары  тартылды.  Мысалы,  Орал  губерниясында  1926  жылдың  кӛктемінде  2  қызыл  отау 

Гурьев  және  Бӛкей  уездерінде  құрылады. Бӛкей  уезіндегі  отаудан  1926  жылдың  наурызы  мен 

қарашасы  аралығында  75  әйелдің  45-сі  сауа-тын  ашып  шығады  [1].  Ақтӛбе  губерниясындағы 

отаудан  9  айдың  ішінде  45  әйел  толық  сауатын  ашса,  52  қазақ  әйелі  шала  сауат  алды.  Осы 

отаудың жанында 100 жуық бар кітапхана жұмыс істейді [1]. Мұндай кӛрсеткіштерді басқа да 

аудандардан  кӛруге  болды.  Отаудағы  сауатсыздық-ты  жою  ісіне  тек  әйелдер  ғана  тартылып 

қоймай,  ер  кісілер  де  қатысты.  Бірақ  кӛпшілік  жағдайда  қалам,  қағаздың  жетіс-пеушілігінен 

және  сол  кез  үшін  мектеп  құралдарының  тапшылығынан  әйел,  ер  адамдар  оқуды  тастауға 

мәжбүр болды.  

Отаудың  жұмысын  насихаттау  және  әйелдер  мәселесін  жан-жақты  қарау  әйелдердің 

баспасӛз  органын  шығару  қажеттігі  туды.  Осыған  орай  1925  жылдың  мамыр  айынан  бастап 

″Теңдік″  газеті  шыға  бастады.  Ал  1926  жылдың  қаңтарынан  бастап  ″Әйел  теңдігі″  журналы 

ұйымдастырылды. Оның тұңғыш редакторы С.Есова болды.  

1927 

жылдың 


мамырында 

Ӛлкелік 


партия 

комитеті 

әйелдер 

бӛлімінің 

ұйымдастыруымен  болған  ӛлкелік  Кеңесте  ең  үздік  отаудың  меңгерушісі  Қадиша 

Нұрымованың  баяндамасы  тыңдалды.  Бұл  жиында  шығып  отау  мең-герушілері,  партия 

қызметкерлері  ӛзара  тәжіріби  алмасып,  ұсыныстар  енгізді.  Соның  ішінде  үлгілі  кӛшпелі  отау 

ұйымдастыру  туралы  ұсынысты  айтуға  болды.  Маусымның  орта  кезінде  үлгілі  отау 

Қызылордадан кӛшпелі аудандарға ӛзінің бірінші сапарын бастады [3]. 

1927  жылдың  желтоқсанында  БК(б)П-ң  тарихи  ХV  съезі  болып  ӛтті.  Съездің  алға 

қойған  міндеттерінің  арасында  әйелдерге  білім  беру  мәселелері  айрықша  орын  алды.  Бұл 

міндеттерді екі бағытта:біріншіден, ересек әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою, екіншіден, 

қыздарды мектепке түгел тарту арқылы шешу белгіленді [2]. Партияның нұсқауын басшылыққа 

ала отырып, 1928 ж. наурыз айындағы Қазақстан Орталық Комитеті  Президиумының мәжілісі 

әйелдердің  білім  алуына,  яғни  қазақ  қыздарына  интернаты  бар  мектеп  шеберханаларын 

ұйымдастыру  үшін  мемлекеттік  бюджеттен  қаржы  бӛлу  туралы  арнайы  мәселені  қарады.  Сол 

жылдың сәуір айында БК(б)П Қазақстан ӛлкелік комитетінің пленумы «Қазақстандағы мәдени 

құрылыстың  міндеттері  туралы»  мәселені  қарай  отырып,  әйелдерге  білім  берудің  маңызын 

ерекше  атап  кӛрсетіп,  кӛшпелі  және  жартылай  кӛшпелі  ауылдарда,  сондай-ақ    қышлақтарда 

қыздарға  арнап  бастауыш  мектептерін  ұйымдастыруды  ұсынды.  Қазақстанның  кӛшпелі  ӛмір 

салтын  ескере  отырып,  партия  қазақ  әйелдері  үшін  ауылдарда  арнайы  кӛшпелі  мектептерді 

ұйымдастырды. 

Әйелдердің арасындағы сауатсыздықты жою туралы мәселені қарамаған бірде-бір Советтер 

съезі,  бірде-бір  партия  конференциясы  болған  жоқ.  Кеңестердің  Бүкілодақтық  VП  съезі  (1929ж. 

сәуір)  «әйелдердің  әсіресе  қазақ  және  шығыстың  аз  ұлт  әйелдерінің  арасындағы  сауатсыздықты 

жоюды батыл күшейту. Жоғарғы үлгідегі бастауыш мектептерге қыздарды тартуды арттыру» деген 

қаулы  қабылдаса,  Бүкілодақтық  VП  партия  конференциясы  «колхозшы  әйелдердің  арасындағы 

сауатсыздықты жоюға ерекше назар аудару»қажеттігін [5] атап кӛрсетті. 

Кедейлер ұйымы ретінде «Қосшы» одағы да әйелдерге білім берумен айналысты. Қазақ 

әйеліне  еркіндік  беру  арқылы,  қоғамдық  жұмыстарға  тартуға  тырысты.  Артта  қалған 

ауылдарды ӛз қамқорлығына алып, байларды тәркілеу, ұжымдастыру сияқты процестерге қазақ 

әйелдерін  де  қатыстыруға  күш  салды.  Ӛз  қорынан  сауаттандыру  ісіне  қаржы  бӛліп,  отау, 

клубтарда «Лениннің ӛмір жолы»,  «социалистік қоғамдағы әйелдің ролі»,  «партия және қазақ 

әйелі» атты тақырыптарды әңгіме, баяндамалар ӛткізді. 

Әйелдер  клубы  мен  ӛкіл  әйелдер  жиналысы  да  сауаттылық  жолындағы  күресте  үлкен 

күшке  айналды.    Клубтарда  оқу  залдарында  жастарға  дауыстап  оқу  істерін  ұйымдастыра 

бастады.Кеңестік заңдарды таныстырды. Клубтардың жанында сауатсыздықты жою мектептері 

болды.  Сол  кезде  екі  губерния  бойынша  6  клуб  жұмыс  жасады.  Біреуі  Жаркент  қаласында) 




International Scientific and Practical Conference “WORLD SCIENCE”  

ISSN 

2413-1032

 

 

№ 1(5), Vol.4, January 2016

 

21 

 

Жетісу губерниясы), қалған бесеуі Сырдария губерниясының қалаларында орналасқан. Жұмыс 



саяси-ағартушылық сипаты болды. 12 сауатсыздықты жоятын мектеп ұйымдастырылған. Онда 

173  европалық  әйел,  107  қазақ  әйелі  оқыған  [5].  Бірақ  бұл  мектепті  бітіргендердің  кӛпшілігі 

толық  сауатын  ашпай,  тек  қана  әріппен  санауды    ғана  үйреніп  шықты.  Бұған  себеп,  ӛз 

жұмысына  мүдделі  мұғалімдердің  жоқтығы.  Кадрлардың  кӛпшілігі  кеше  ғана  ӛзі  осындай 

қысқа  мерзімді  мектептерді  бітірген,  ересек  адамдарға  сабақ  берудің  әдісін  білмейтін  жастар 

болды.  Оның  үстіне  жоғарыда  айтып  кеткендей  кӛпшілік  қазақ  мектептерінің  арнайы  үйі 

болмады.  Сырдария  губерниясындағы  мектеп  туралы  ӛз  кезегінде  «Советская  степь» 

(13.1.28ж.)  газеті  былай  деп  жазады:  «Әсіресе  қазақ  ауылындағы  мектептерге  қиын.  Сабақ 

микроскоптық  терезесі  бар  қараңғы  жер  кепеде  ӛтеді.  Жиырлысып  отыруға  тура  келді. 

Оқушылар еденде отырып сабақ оқиды»... Ал бұндай жерде оқыған бала тиісті білім алада деп 

ойлау ӛте қиын. 

Қазақстан атқару комитетінің қаулысымен 16-50 жас аралығындағы индустриялық және 

ауыл  шаруащылық  жұмысшыларымен  16-36  жас  аралығындағы  басқа  да  еңбекші  таптарын 

1932 жылдың 1-ші қазанына дейін хат танытып шығару жоспарланды.  

Ғасырлар  бойы  рухани  мәдениетіміздің  негізі  болып  келген  араб  графикасын  бір 

мезгілде  ӛзгерту  ата-бабаның  тарихынан  қол  үздіру  деген  сӛз  еді.  Алаштың  белді  азаматы 

Ахмет  Байтұрсынов  бұндай  ӛзгеріске  бірден  қарсы  шығып,  «латын  әрпін  бірден  алып,  бірден 

соған  түсіп  кетуге  одан  да  кӛп  қаржы  мен  қайрат  керек.  Бірден  мұғалімдердің  бәрін  латынш 

үйретіп, бірден баспаханалардағы әріптерді латынға айналдырып, адамдарын латынша үйретіп, 

оқу    кітаптарын  латынша  бастырып,  арабша  сауаттыларды  латынша  сауаттандырып  жіберу, 

адамдардың  керек  қылуын  былай  қоя  тұрғанда  да,  он  шақты  миллион  қаржымен  біте  қоятын 

жұмыс емес.  

1935  жылдың  қарашасында  Қазақстан  қыз-келіншектердің  1-съезі  болып  ӛтті.  Мұнда  

әйелдерді  социалистік  құрылысқа  тарту  және  ескіліктің  қалдықтарымен  күрес  жӛнінде  әңгіме 

қозғалды. Съезде сӛз алған Қазақстан Халық Ағарту комиссары Т.Жүргенов қазақ әйелдерінің 

арасындағы оқу, білім алу ісінің әлсіздігіне тоқталып, «қазіргі заманның адамдарының міндеті 

сауатын  ашып,  хат  танып  қана  емес,  білім  алуы,  белгілі-бір  ӛнерге  жетіліп,  бір  істің  басын 

ұстауы  керек...  Мақсат  қазір  білімді  болуда,  ӛнерлі  болуда»,  -  деп  айта  келіп,  сӛзінің  соңын 

«сіздердің  осы  съездеріңіз  әйелдерді  оқуға,  мәдениетке  шақыратын  съез  болу  керек»  [6],-деп 

түйіндеді.  Қазақстан  сауатсыздықпен  күресте,  қазақ  жастарын  оқуға,  білімге  тартуда 

Т.Жүргеневтің  орны  ерекше.  Ол  қазақ    жастарының  жоғары  оқу  орындарында  білім  алуына 

ерекше кӛңіл бӛлді. Сол үшін де ауыл мектептерінің жағдайын жақсартуға күш салды.  

Қарастырылып  отырған  жылдардағы  республикамыздағы  қазақ  әйелдерінің  арасында 

жүргізілген қоғамдық-саяси жұмыстар, ӛзінің проблемалық негізінде белгілі деңгейде ғылыми 

танымдық,  практикалық  маңыздылығын  әлі  де  жойған  жоқ.  Әйелдерді  басыбайлықтан  босату 

процесі кеңес ӛкіметінің алғашқы жылдарында тарихшылардың назарынан тыс қалмады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.   Есқызы Сара, Баранова Софья  “Қызыл отау”  Қызылорда: Қызмембаспасы, -1927. -72 б. 



2.   Ш. Ермағамбетова. Қазақстан әйелдері.// Социалистік Қазақстан. №249, 26 қазан, -1940 

3.  Жалгатаева.  Т.  «Деятельность  Компартии  Казахстана  по  вовлечению  женщин  в 

колхозное производство (1933-1937гг)» Автореф. дисс канд. ист. Наук, - Алма-Ата, -1979.  

4.  Сембаев  А.И.    «История  развития  советской  школы  в  Казахстане».  Алма-Ата:  Каз. 

Государ. учебно-педогогическое изда-во, 1962. -367с. 

5.  Садвокасова  К.  «Развитие  женского  образования  в  Казахстане  (1920-1932  гг)»  

Автореф канд. пед. наук. – Алма-Ата, -1966.  

6.  Ұ.  Құлымбетов.  «Совет  әйелдері  толық  провалы  азамат.  (Қазақстан  қыз-

келіншектерінің I-съезінде сӛйлеген сӛзі)» Алматы: Қаз. баспасы, -1936 , -22б. 

 

 



 

 

 



 

 

 



жүктеу 54,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау