Шет тілін меңгеруде интернет ресурстарын пайдалану
Шетел тілдерін меңгерудің талаптарын жаңаша анықтайтын елімізде болып жатқан саяси- әлеуметтік және экономикалық өзгерістер негізгі әдістемелік ұғымдарды, оның ішінде шетел тіліндегі мәтіндерді түсінуге үйрету әдістемесін, жаңа әдіснамалық тұрғыдан байқауға мүмкіндіктер туылды. Оқу әрекеті Халықаралық қатынастарда ерекше маңызды роль атқарады. Оқу әрекеті арқылы ең басты ақпарат көздері – кітапқа, газет – журналдарға, интернетке қол жеткізуге болады және оқу ақпараттық іс әрекетті жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады.
Сөйтіп 21 – ғасыр компьютерлік ақпараттық технологияның пайда болуына ықпал етіп, «интернет» ұғымын өмірге енгізді. Интернет ұғымының мағынасы «халықаралық желі» (international network) дегенді білдіреді. Интернет – миллиондаған компьтерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және адамдардың бір- бірімен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Шетел тілін оқытудағы қатысымдық амал мәдениетаралық қатысымға үйрету мен халықаралық қарым қатынасқа шығу қабілетін қалыптастыруды көздейді. Бұл – интернет желісінің қызмет етуінің негізгі себебі болып табылады. Қатысымнан тыс Интернеттің мәні жоқ десе де болады, себебі ол халықаралық көпұлтты, кросс-мәдениетті қоғам. Интернет білім беру жүйесінде жаңа жағдаят туғызуға септігін тигізетін ауқымды ақпарат көзі.
Көптеген әдіскерлер Интернетті оқыту процесіне дәстүрлі оқыту құралдарын сақтай отырып ендіруді ұсынады. Л.А. Подопригорованың айтуынша, шетел тілін оқытуда Интернетті қолдану өз алдына мақсат болмауы керек, оның тілді үйретудегі орны мен ролін дұрыс анықтауда мына сұрақтарға жауап болуы керек: кім үшін, не үшін, қашан және қандай көлемде. О. Винярская бұл тізімді Интернет арқылы қашықтықта оқу, әртүрлі байқауларға қатысу, тестілерден өту, мәтіндік және дауысты чаттарға қатысу сияқты мүмкіндіктермен қоса, Интернет-ресурстарымен жұмыс істеу формалары маңызды деп атап көрсетеді. Мысалы, Н.М. Коптюг интернет – ресурстарымен жұмыс істеудің формаларын белгілейді:
Интернет- ресуртарын жаңа тақырып өту барысында қолдану (қосымша материал таңдау);
Студенттердің (оқушалардың) Интернет-ресурстарымен баяндамалар, мағлұматтар дайындау мақсатында өз бетімен жұмыс істеуі (іздестіру жүйелерін белсенді түрде пайдалану);
Халықаралық жобаларға қатысу (мақсатқа сәйкес жоба тақырыбын таңдау т.б)
Электрондық почта арқылы хат жазысу (бұл әрекетке дайындық белгілі техникалық даярлықты талап етеді, яғни әр қолданушының «электрондық почтасы» болуы керек т.б);
Сайттар құру (бұл форма шетелде сәтті қолданылуда );
Оқытушы мен әріптесінің қатынасуы, тәжірибе алмасуы.
Интернет желісі – шетел тілі мен мәдениеті жайлы үйретіліп отырған тілдегі ресурстың кең көзі. Алайда, көптеген Интернет саиттарға фактілік ақпарат әрқашан тексерілген, сапалы, сенімді бола бермейді. Интернет желісінде грамматикалық, орфографиялық және лексикалық қателері бар көптеген шетел тіліндегі материалдарды кездестіруге болады. Сол себепті де алынатын ақпараттар мен көздерді дұрыс бағалау өте маңызды.
Дидактикалық тұрғынды Интернет желісі екі негізгі компоненттен тұрады: телекоммуникация формалары және ақпараттық ресурстар. Ең кең таралған телекоммуникация формаларына (яғни Интернет –технологиялары арқылы қатысымға) электрондық почта, чат, форум, ICQ,видео, веб-конференциялар және соңғы кезде қолданысқа еніп жатқан Веб 2,0 әлеуметтік сервистері (блоктар, вики беттері, подкатс және белгілер (закладки) серверлері, фотосуреттер сервері Flickr, видеороликтер сервері YouTube және т.б.) жатады. Ал Интернет желісінің ақпараттық ресурстары әртүрлі тілде алуан тақырыптар бойынша мәтіндік, аудио және визуалды материалдарды қамтиды. Алайда, студенттердің әртүрлі мазмұн мен сапаға ие ақпараттың көптігінен адаспай, оларды білімдік және кәсіби қызығушылықтары мен қажеттілік қанағаттандыруда нәтижелі қолданулары үшін Интернет желісінің ресурстарымен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған арнайы оқу мақсатындағы Интернет – ресурстарын құру қажеттілігі туды. Мұндай Интернет ресурстарына хотлист, мультимедия скрепбук, трежа хант, сабджект семпла, вебквест жатады. Бұл ресурстардың Телекоммуникациялық Интернет –ресурстардан айырмашылығы, олар тек қана оқу мақсатында қолданылуы үшін құрылады.
Ағылшын әдебиетіне сүйене отырып, оқу мақсатындағы Интернет – ресурстарының бес түрін ажыратуға болады: хот – лист (hotlist), мультимедия скрэпбук (multimedia scrapbook), трежа хант (treasure hunt) сабджект сэмпла (subject sampler) және вебквест (webquest). Бұл интернет ресурстарының әрқайсысы белгілі бір құрылымға ие.
Ресей зерттеушілері П.В. Сысоев пен М.Н. Евстегнеев оқу мақсатындағы Интернет – ресурстарын қолдану барысында дамитын қатысымдық сөз іскерліктерін сөз әрекеті түрлері бойынша топтастырды. Солардың ішінде біздің зерттеу жұмысымыз үшін қажет оқу мақсатындағы Интернет – ресурстары негізінде дамитын оқу әрекетіне қатысты іскерліктер мыналар болып табылады:
Қажетті фактілерді, мәліметтерді айқындау;
Негізгі ақпаратты жарнама ақпараттан айқындау;
Оқиғалар арасында уақытша және себеп салдарлық байланысты анықтау.
Қортындылай келе,қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру жағдайында жеке тұлғаны қалыптастырып, оның ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін қалыптастыруда тілдік оқу орындарында ақпараттық – қатынастық технологияларды, соның ішінде Интернет – ресурстарды пайдаланудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |