(Ағылшын тілін үйрену заман талабы.)
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Тілдің адам өмірінде ең шешуші роль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениетаралық қарым- қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шет елдермен Халықаралық байланыстары күннен күнге арта түсуде. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы ғана әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. Екінші бір тілде сөйлеу өзге тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениеттің, психологияның аясына сыналап енуді де аңғартады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған,біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз. Ағылшын тілін кең тұрғыда білмей,ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын»- дегенді. Елбасымыз: « Мектеп жасына дейінгі білім беру дейгейінде үш тілде оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету қажет. Осылайша біз тілдерді меңгерудің қисынды жүйесін қалыптастыра аламыз: әліпбиі – балабақша деңгейінде, мектепте – базалық деңгей, университет пен колледжде – мамандық бойынша кәсіби тіл» - деп, көптілді білім беруді дамытуға басымдық танытып отыр. Сондай – ақ, Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік Тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін, және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Елбасы қойып отырған міндеттің негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым –қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзыреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін,білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |