«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ең үздік бейнесабағы»



жүктеу 54,5 Kb.
Дата10.11.2018
өлшемі54,5 Kb.
#18802
түріСабақ

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ең үздік бейнесабағы»

Саньязова Бекзат Қабдуалиқызы.

Зырян ауданы “Зырян қаласының №9 орта мектебі”КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.


  1. Сабақ тақырыбы: Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының

Үлгісі.

Сыныбы: 10.

Сабақ типі. Жаңа сабақты игеру сабағы.

Сабақ түрі: іскерлік - танымдық сабақ

Сабақ мақсаты:

  1. Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының

үлгісін меңгеру;

2. Шығармашылық дағдыны дамыту.



Оқытуды ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық. Топтық.

Көрнекіліктер: актив тақта кітапханасы, бейнежазбалар, электронды оқулық, парақтар, постер беттері.

Оқыту әдістері: ғылыми және оқу танымдық іскерлікті дамыту.

Сабақ кезеңдері:

  • қызығушылықты ояту,

  • мағынаны ашу;

  • ой толғаныс

Әдіс-тәсілдер:

  • тақыртық-көрнекілік;

  • жартылай-іздену;

  • шығармашылық;

  • сатылай-кешенді талдау.

Тапсырма түрлері:

  • жарнама жасау;

  • түйіндеме талқылау;

  • модель құру;

  • бұйрық, өтініш, хабарламахат жазу;

  • Сәйкестендіру,

  • келісімшарт жазу.

  • Электронды оқулықтағы шығармашылық жұмыс.

Формативті бағалау түрлер: «Күн, ай, бұлт», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Өзіндік бағалау: бағалау парағы мен кері байланыс парағын жазу.

Сабақ барысы.



Сабақ кезеңі

Жұмыс түрі

1

Қызығушылықты ояту

1. –Сендер болашақта қай тілді еркін қолданғыларың келеді? (француз, ағылшын, неміс, латын, орыс) Парақтарды таңдау.

(Қосымша мәлімет: Түйіндеме немесе Резюме - француз тілінен; Жарнама, реклама (лат. reclamo  жар саламын) сөздерінен шыққан.



  1. Лентадағы жазу «Қазақстан Республикасы Конституциясы, “Тіл туралы” Заң, “Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” республикадағы тіл мәселесін шешуге бағытталған шаралар белгіледі. Солардың ішіндегі ең өзектісі - қазақ тіліндегі іс-қағаздарын жүргізуді қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

  2. Электронды оқулықтан іс-қағаздар стилі туралы бейнефильм көру.

  3. Сабақ мақсатымен таныстыру, табыс критерийін белгілеу, бағалау парағын тарату.

  4. Үй тапсырмасын беру: сенімхат жазу, “Менің қаламда іс-қағаздарын қолдану” зерттеу жазбасы.

2

Мағынаны ашу.

1. Өткенді бекіту:

Құжаттар столына: “Менің алғашқы түйіндемем...” Үйден жазып әкелген түйіндемелерін жинастыру.

I жұмыс. (жеке) Сөйлемге кешенді талдау жасау.

1-сөйлем: “Сіздің бірегей шығармашылық өмірбаяныңыз – жоғары өнерге қызмет етудің айқын үлгісі болып табылады.”

2-сөйлем: Елбасы халық әртісінің 70 жылдық мерейтойына орай құттықтау хат жолдады.

2 оқушы тақтада. Синтаксистік талдау мен морфологиялық талдау. 1 оқушы «мерейтой» сөзіне фонологиялық талдау жасау.



II жұмыс: (топтық) Ресми іс-қағаздар стиіліне модель құрау.

III жұмыс. Сәйкестендіру. (жұптық) Өтініш.

Сенімхат. Қолхат. Өмірбаян. Құттықтау. Талапарыз.

Сәйкестендіретін сөздер: «Сізден денсаулығыма байланысты халықаралық турнирден босатуыңызды өтінемін», «Азамат Ержанов Асылбекті анықтамалар мен құжаттарды алуға өкілетті етемін», «Мен кітапханадан «Қазақ тілі» оқулығының 10 данасын алдым», «Сейнур»ЖШС 30 000 теңге көлемінде зиян шеккені үшін шара қолдануыңызды сұраймын», «Ата-анам – қызметкер. Зырян қаласында тұрады», «Тәуелсіздік күні қарсаңында «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Әділ Дүйсенбекті жоғары награда алуымен құтты болсын айтамыз».

IV жұмыс. (жұптық) Электронды оқулықтағы ребус, сөзжұмбақ шешу. (Жауабы: іс қағаздар стилі)

Жұмыстарды тексеру:

“Менің нәтижем” (Бағалау парағына күн, ай, бұлт түрінде бағалау.)7

1. Жаңа материалмен жұмыс:

Хабарландыру, хабарламахат, бұйрық, өтініш, келісімшарт туралы мәтіндер мен жазылу үлгілерін тарату.

I жұмыс. Актив тақтадан бейнефильм көрсету.

1. Бейнефильм бойынша хабарландыру жазу керек.

2. Бейнефильм бойынша жарнама мәтінін жазу.

Оқушылар жеке жазып алып, ішінен ең озық хабарландыру мен жарнаманы таңдайды. 2 оқушы құжаттар столынан “Менің таңдаған түйіндемем…» талдау жасау.

Жұмыстарды тексеру:

“Сенің нәтижең” (Бағалау парағына күн, ай, бұлт түрінде бағалау)



II жұмыс: іскерлік келіссөз. (топ)

Озық екі оқушыны 2 фирма басшысы ретінде белгілеу. Әр топ өз келісімшартын құрау. (үлгі ұсыну).



III жұмыс: (жеке)

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Фирмаға орналасуға арналған өтініш жазу.


3

Ой толғаныс.

  1. Табыс критерийіне нені белгіледің?

  2. Бағалау парағын өткізу.

  3. Кері байланыс парағын жазу.

“Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ.”

С.Аманжолов.



жүктеу 54,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау