Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту



жүктеу 405,72 Kb.
бет1/54
Дата22.01.2022
өлшемі405,72 Kb.
#34748
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту. 2


Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту.

Компьютерные средства в обучении иностранным языкам как способ развития речевых навыков учащихся.

Computer – assisted language learning as the way of developing students’ speech skills in teaching foreign languages.

Введение.



  1. 1...........................................................................................................

  2. 1.

  3. 1.

Заключение.

Список использованной литературы.

Приложение.

Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту.


(Шет тілі сабағында сөйлеу сауаттылығын қалыптастырудың жолдары:

Қазіргі таңда шет тілі басқа елдермен және мемлекеттермен қарым қатынас жасаудың құралына айналып отыр. Қазіргі білім беру, оқыту саласында әдіскерлердің айтарлықтай назар аударатын мәселесі – шет тілінде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мен қалыптастыру мәселесі. Бұл міндет, әсіресе, мектепте оқушыларға сабақта оқытуда басты мәселенің бірі болып тұр. Бұл ретте оқушылардың тек дұрыс байланыстырып сөйлеу жайы ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым – қатынас негізінде әр түрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Мұның өзі сөйлеу әрекетінің ішінде ауызша және жазбаша сөйлеу үрдісін тез де сапалы игеруге қажет әдістемелік жүйені талап етеді. Сондықтан мектепте шет тілін оқытудың басты міндеті – сөйлеу әрекеті арқылы сауаттылықты, тіл мәдениетін меңгерту және сол арқылы тілдік қатысымға жаттықтыру.

Шет тілінде сөйлеу және сөйлеу сауаттылығын қалыптастырудың зерттелу жағдайын қарастырғанда мына бағыттар ұстанымға алынады:

Біріншіден; оқушылардың қарым –қатынас құралының бірі - ауызша сөйлеу екендігі және осы құбылыстың өзіндік ерекшеліктерін тану тұрғысынан.

Екіншіден: мектепте шет тілін оқыту барысында ауызша сөйлеу әрекетін дамыта оқытудың және жазбаша сауаттылықты қалыптастырудың осы кезеңге дейінгі жайын танып – білу тұрғысынан.

Үшіншіден; оқушылардың сөйлеу әрекеті икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесінің мақсаты мен құрылымын анықтау тұрғысынан.

Шет тілі сабағында оқушылармен үнемі аралық тіл арқылы сөйлесу ағылшын тілін үйренуге көмектеспейді. Мұғалім оқушыларға ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, оларды сол тілде ойлануға да мүмкіншілік жасауы керек, құр қағиданы оқытып, аударма жаттығу орындау тіл үйренудің негізгі тірегі болмайтыны хақ. Осыдан ұстаздың білім деңгейі, ағылшын тілінде сөйлеу деңгейі қалай деген өзекті сұрақ туады.

Ағылшын тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясы тек жеке даралықты қарастырмайды, ол бірдей жастағы балалардың ортық қасиеттерін жүйелей, жинақтай отырып, оқу ақпаратын меңгерудің ортақ жақтарын да қарастырады.

Себебі бір сыныптағы оқушылардың сабақтағы өтілетін тілдік материалдарды меңгеру деңгейлері әр алуан болады. Бірақ меңгеру талаптары бәріне бірдей қойылады.

Сонымен қатар тыңдау және түсіну, ең бастысы меңгеру оқушылар үшін қиынға соғады, себебі олар дыбыстарды жылдам айырып өзінің ойында оларды сақтап түсінуі керек болады. Оқушылар бұл процесті өзінің туған тілінде өте жеңіл орындайды, ал шет тілінде қатты қиналады. Өйткені, шет тілі олар үшін бөтен тіл болып саналады.

Сондықтан тыңдағанда өте зерек болуы керек және ойлай білуі керек. Ерік – зейінін, есте сақтау қабілетін толық пайдалану дыбыстарды есте сақтауға көмектеседі.

Ол үшін 3 негізгі факторды еске сақтау керек:



  1. Лингвистикалық материал;

  2. Материалдың мазмұны;

  3. Материалды беру жағдайы;

Ағылшын тілінде сөйлеу - тілді игерудің ең қиын түрі, бір – екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшін оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, машықтандыру керек.

Бұл көп дайындықты қажет етеді, ал мектепте оқушы өз ойын айтып түсіндіруі қажет.

Әрине механикалық жаттығулар өте қажет бірақ жылдан жылға оларды сөйлеу машығынсыз қолдану ешқандай пайда бермейді.

Басқа фактор – психолингвистикалық фактор. Оқушы өз есінде қалған сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлеу үлгілерін грамматикалық формаларды, құрылымдарды сөйлеу үшін қолданады. Соған байланысты мұғалім белгілі бір тақырыпты, жағдайды пайдаланып, сөздерді грамматиканы үйрете отырып сөйлеуге ынталандырады. Мұғалім оқушыларды әзірленген сөйлеуден әзірленбеген сөйлеуге біртіндеп әкелуі керек.

Сондықтан мұғалім белгілі бір тақырыпты, жағдайды пайдаланып, сөздерді, грамматиканы үйрете отырып, сөйлеуге үйретуі қажет.

Шетел тілін үйретуде оқушыларға негізінен аутенттік материалдарды тыңдап түсінудің маңызы зор. Бұны шет тілін оқытуда тыңдай отырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда ерекше орын алады.

Тыңдап түсіну оның оқушыдан тәуелсіз сөйлеу әрекетінің жалғыз ғана түрі, тыңдап түсінуді дұрыс игерудің бірден бір жолы осы бағытта кездесетін қиындықтардың алдын алу және оларды болдырмау шараларын қарастыру.

Шетел тілін оқыту процесінде аутенттік сөйлеу тілінің үлгісіне фильмнен алынған полиглоттар мен диалогтар да жатады. Кез – келген көркем фильмнің ұзақтығы шамамен бір жарым сағатқа созылатындықтан, аудитивтик дағдыларды қалыптастыру үшін қолайлы емес. Әрине бұл жерде көркем фильмде үлкен тілдік материал қамтылатынын айтпай кетуге болмайды. Бірақ оның мазмұнын толық түсіну көптеген қиындықтар тудырады. Осыған байланысты шетел тілін үйретуде фильмнің жеке фрагменттерімен жұмыс істеу продуктивті болып табылады.

Аутенттік бейне немесе аудиоматериалдардың жалпы мазмұнын түсіну аса қиын емес. Мәселе сол ақпаратты анық және толық түсіну кезінде көптеген қиындықтардың пайда болуымен байланысты. Сонлықтан аутенттік материалдарды тыңдап түсінуде қиындықтардың алдын-алу үшін әдіскерлер әр түрлі жолдарды ұсынады. Кейбір әдіскерлер мәтінді бірнеше рет (қажет болса 5-6 рет) қайтара тыңдату ондағы барлық элементтерді түсінуге көмектеседі десе, енді біреулері фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қиындықтарды болдырмау үшін материалды тыңдар алдындағы онымен жүргізілетін жұмысқа көп көңіл бөлу қажет дейді.

Тағы бір топ әдіскерлердің аутенттік материалдардағы сөйлеу темпін баяулату мәтінді толық түсінуді жеңілдетеді деген пікірі де бар. Себебі, аудиоматериалдарды түсіну деңгейінің табысты болуына аудио және бейнематериалдағы сөйлеу темпінің айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Егер материалдың сөйлеу темпі баяу болса, оны түсіну оңайырақ болады. Ал сөйлеу темпі өте жылдам болса оны тыңдап түсіну де қиынырақ болады.

Тыңдауға үйрету. Ағылшын тілі сабағында оқушылар бірқалыпты жылдамдықтағы мұғалімнің сөзін немесе үнтаспаға жазылған мәтінді тыңдап түсіне алуы тиісті. Бұл материал бағдарламаға сай болуы керек және ойнау, оқу және тұрмыстық іс – әрекеттерімен қамтамасыз етілуі керек.

Оқушылар шет тіліндегі мәтіндерді жоғары дәрежеде түсінуі тиісті: олар мұғалімнің және құрбыларының өтініштерін қабылдап, сұрақтарға жауап бере алуы, өздерінің келісетінін және келіспейтінін, бір затты қолдайтынын немесе қолдамайтынын білдіре алулары тиісті.

Тыңдауға арналған мәтіндер біреудің қысқа немесе толық ойы ретінде, жай мәтін ретінде немесе мұғалімнің әңгімесі ретінде дайындалған болуы тиіс. Мәтіннің ұзақтылығы 0,7-1 минуттан аспауы керек.

Сонымен қатар оқушылар сабақ барысында қолданылған мұғалімнің нұсқауларын түсінулері де керек.

Сөйлеуге үйрету – диалогтік сөйлеу. Оқушылар шет тілінде сұрақ –жауап, өтініш айту, нұсқау беру, және т.б жұмыстар ретінде қарапацым іс – әрекеттерді жасай алуы тиіс. Оқушылар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құра алуы керек.

Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек.

Оқушылардың ауызша сөйлеу қарқынын өсіру және әр оқушы сөйлегенде 2 репликадан айтуы тиіс.

Монолог сөзі. Оқушылар бағдарламаға сай әр түрлі жағдайлар жайлы дайындықсыз өз ойларын жеткізе алулары тиіс. Осы жағдайлар оқу, ойын, тұрмыс іс- әрекеттерімен бірге байланысты болуы керек.

Сөйлеудің көлемі – дұрыс құрылған 7-8 фразадан аз болмауы керек және олар суреттеу (суреттер, заттар) әңгімелеу (досы, отбасы мүшесі, үй жануарлары туралы) сияқты жұмыстармен байланысты болуы қажет.

Ағылшын тілінде хабарлама жасап, сөйлеп үйренгеннен кейін, оқушылар сөйлеуге және талдауға үйренеді.

Шет тілін үйрену үшін, тілдің өзін емес, қоршаған ортаны сол тіл арқылы үйрену керек. Оқушы мектеп қабырғасынан бастап шет тілін жүйелі түрде меңгерсе, жоғарғы оқу орнына түскен кезде шет тілі бойынша өтетін сабақтар оған жеңіл болады.

Оқытудағы технологияның басты ерекшелігі берілген әдістеменің мақсаты болып табылатындар:

- білім беру үрдісінің нәтижесін жоғарылату;

- белсенді және толық қатынасқа үйрету;

- тілге деген қызығушылықты арттыру;

- жазбаша сауаттылықты қалыптастыру;

- ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін меңгерту;

- белгілі жағдаятқа байланысты оқушылардың ауызекі сөйлеу үрдісінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.

Қай салада болмасын, сөйлеуге үйретуде алдағы кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін оны болдырмаудың шараларын қарастырып, оның алдын алуға мән берілетіні белгілі. Сол сияқты шетел тілінде сөйлеуге үйрету мен тыңдап түсінуде кездесетін қиындықтардың алдын – алу үшін әрине осы бағыттағы зерттеуші ғалымдардың ұсынған жолдарына талдау жасай отырып, тиімді жолдарын анықтау өте маңызды деп айтуға болады.


жүктеу 405,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау