Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Гуманитарлық факультеті
БОӨЖ
Тақырыбы: «Жеке тұлғаны әлеуметтендіру»
Орындаған: Өкен Жанель Есілқызы
ПиП-907 топ студенті
Тексерген: Едигенова Алма Жунусбековна
Семей 2020
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру
Жоспар:
Педагогикалық психология пәні
Педагогикалық психология дамып келе жатқан ғылым
Педагогикалық психологияның даму кезеңдері
Қазақстандағы педагогикалық психологияны зерттеген ғалымдар еңбектері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мақсат – іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.
Тәрбие – әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру.
Әлеуметтік ұғым, психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады.
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарына жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру – тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан».
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күіне сай келуге тиіс.
Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі.
Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект — объект деп қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер, ал адам —оның объектісі). Бұл ұғым — пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули жоне Д.Г. Мид ұстанды.
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.
Бірінші — мегафакторлар (мега- ете үлкен) — космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші — макрофакторлар (макро-үлкен)
— ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүрстін
тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші — мезофакторлар (мезо-орташа)
— тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке
қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру
жағдайы.
Микрофакторлар — белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады — үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдъщ, діни, мемлекеттік, жеке үйымдар, микросоциум.
Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны жеке түлғаны қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында іс-эрекет пен адамның мінез-құлқы жеке тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде келеді.
Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік тәрбиенің мазмұны;
— ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке тұлғаны
әлеуметтендіру;
— жастардың адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөліктері: отанға деген сүйіспеншілік, халықаралық мәдени қарым-қатынас, еңбекке деген жауапкершілік, саналы тәртіп, мінез-құлық мәдениеттілігі, эстетикалық және дене дамуы, жанұя мен әлеуметтік ортаның әсері, жеке тұлғаның әлеуметтік институттармен қарым-қатынасы,. орта және тәрбие. Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойъшша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет — материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. «Мәдениет» латьш тілінен аударғаңда өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты деріптеп кетеру. Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің
«Тускуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э.Тайлер мәдениетке барлық
білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік денгейінде
зерделеген.
С.Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру қажет деп түсіндірген. Онын ойьшша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. «Мәдениет» ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке материалдык әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов «мәдениетті коғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның техника-логикалық және заттық-өнімдік» шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.
Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.
Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-катынасы болып табылады. Әлеуметгік тәрбие — өзіне тән әдістер арқылы, сонымен қатар экономикалық саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.
Достарыңызбен бөлісу: |