Ежелгі Спартаның құқығы.
Ежелгі Спарта құқығы жазбаша нысанды білген жоқ, ол әдет-ғұрып нормалары мен кезінде Ликург жүйелендірген басқа елдердің заңнамасы негізінде дамыды. Ол Ликург және Феопомп пен Полидор патшалардан қалған төрт ретраның негізінде пайда болды. Ретралардың бірі жазбаша заңдар шығаруға тиым салады. Бұндай бағытты рулық аристократия қолдады, себебі жазбаша заңдар олардың құқықтарын шектеп, байыған құлиеленушілермен теңестіруші еді. Ликург ретралары Спарталық қоғам өмірінің жеке және жариялы жақтарын толығымен, түгелдей реттеп отырды.
Ежелгі Спарта құқығында мүлікті қатынастардың дамуы төмен деңгейде болды. Тауар-ақша қатынастары болған жоқ, оның рнына натуралды айырбас жүрді. Арнайы заңдармен жермен мәміле жасауға тиым салынған болатын. Арнайы заңи актілерде қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті болдырмау үшін қандай үй салу, қандай киім кию және қандай тамақ ішу керек екендігі қатаң белгіленіп отырған. Периэктерге зергерлік әшекейлер жасауға, ал спартиаттарға оларды тағуға тиым салынған.
Неке-отбасы қатынастары да қатаң реттеуге ұшырады. Спартандық тек қауым рұқсат берген кезед ғана некеге отырды. Олар көп уақыт арнайы әскери лагерлерде жүрді, үйге тек түнеуге келді. Балалар әке-шешесіне тиесілі болмады. Жеті жастан оларды ата-анасынан айырып, арнайы лагерлерде тәрбиеледі. Он алты жасқа келген бозбалаларды қатаң сыннан өткізді. Оларды таяқтармен сабады, жас жігіттер үн қатпаулары тиіс еді. Сынау жас спартиаттың бір илотты өлтіруімен аяқталды.
Ликург ретраларының басым бөлігі жариялы құқыққа, яғни, мемлекеттік институттарды ұйымдастыру мен қызмет етуіне арналған. Біріншіден, мемлекеттік органдардың құрылымы, құрылу және қызмет ету тәртібі анықталған. Екіншіден, Ликург аристократиялық және демократиялық негіздер араласқан мемлекет құрды.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:
Антика заманының мемлекеті мен құқығының ерекшеліктері.
Ежелгі Греция мемлекеті мен құқығының даму кезеңдері.
Ежелгі Афинаның құқығы
Ежелгі Спартаның қоғамдық құрылымы.
№7: Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығы.
Рим мемлекеті пайда болуы мен дамуының кезеңдері.
Патшалық кезеңдегі Ежелгі Рим
Рим Республикасы
Рим империясының
Ежелгі Рим құқығы
Қолданылған әдебиеттер:
История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.
Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.
Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.
Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.
Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005
Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.
История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006
Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000
Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.
1-сұрақ:
Аңыз бойынша Ежелгі Римдегі мемлекетті б.э.д. 753 жылдың 21 сәуір күні рекс (патша) Ромул үш тайпаны Рим қауымына (civitas) біріктіру арқылы құрды. Яғни, Ежелгі Рим мемлекеті сабиндар, латындар және этрускілердің синойкизмі нәтижесінде құрылды. Дәстүрге сәйкес рекс Ромул 100 ақсақалдан құралған кеңес – сенатты құрып, халық жиналысымен бірге Римді басқара бастады. Б.э.д. VIII ғасырда Рим қауымына әскери сипаттағы тұйық рулық ұйымның белгілері тән болды.
Рим қауымдық құрылымының әлеуметтік негізін рулар (genus) құрады. Басында олар 100 болды, кейін 300 жетті. Оған келесі белгілер тән болды: өзара мұрагер болу құқығы, ортақ мекен, бөтендерді қауымға алу құқығы, ақсақалдарды сайлау және орнынан алу, руластардың бір-біріне көмек көрсету міндеті. Римдік қауымның екінші элементі куриялар болды. Оған 30 курия (бір курия он рудан тұрды ) кірді. Курия дегеніміз – жауынгер-ерлердің одағы. Әрбір курия 100 жаяу және 10 атты жауынгер шығаруға міндеттенді. Рим қауымының ең ірі бірлігі трибалар (тайпалар) болды. Рим халқы әрбіреуі 100 рудан құралған 3 трибадан тұрды.
Ежелгі Рим қауымы мемлекетті білген жоқ, ол әскери демократия жағдайында өмір сүрді. Римді Сенат, Рекс және харық жиналысы – комиция басқарды.
Сенат басында 100 кейін 300 ақсақалдан құралды. Ол жоғарғы әкімшілік биліктің органы болды. Ол тікелей басқарумен айналысты, халық жиналысының бекітілуіне ұсынылатын заң жобаларын дайындады, соғыс жағдайында бейбіт келісімге келді.
Комиция – бұл халық жиналысы, дәлірек айтатын болсақ, курия бойынша жиналатын жауынгер-ерлердің жиналысы. Сол себепті оларды кей жағдайда куриаттық комициялар деп атады. Бұл орган сенат дайындаған заң жобаларын бекітті немесе қайтарды, барлық лауазымды тұлғаларды сайлады, өлім жазасы қарастырылған істер бойынша жоғарғы аппеляциялық инстанция болды, соғысты жариялады.
Рекс, яғни, патша куриаттық жиналыста сайланды және әскери көсем, жоғарғы абыз және жоғарғы судья функцияларын атқарды.
Ежелгі Рим мемлекетінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:
Патшалық кезең (б.э.д. 753-510 жж.) – жеті патшаның билік кезеңі: Ромулдың, Нум Помпулийдің, Тулл Гостилийдің, Анка Марцидің, Ежелгі Тарквинидің, Сервий Тулидің, Өркөкірек Тарквинидің. Патшалық кезеңде Рим қауымы әскери демократиядан ертетаптық мемлекетке ауысты. Ежелгі Рим мемлекеті дамуының негізінде плебейлер мен патрицилердің арасындағы қақтығыс жатты. Плебейлердің Рим қауымы мүшелерімен теңқұқылық үшін күресі рулық құрылымның ыдырап, мемлекеттің орнығуына жағдай жасады. Патрицилер дегеніміз рим қауымына кіретін адамдар. Плебейлер дегеніміз Рим қауымына кірмейтін Рим қаласының тұрғындары.
Республикалық кезеңде (б.э.д. 509-27 жж.) Соңғы патшаны Римнен қуған соң Рим қала-полистен қуатты державаға айналды. Ол өзінің жақын және алыс көршілерін басып алды. Бұл кезеңде өндірістің дамуы және классикалық құлдықтың орнауымен байланысты сенаттық республиканың дамуы жүзеге асты.
Империя кезеңі (б.э.д. 27- б.э.д 476жж.). Бұл кезеңде монархиялық басқару ныcаны қалыптасты және кейін варвар тайпаларының қысымымен күйреді. Бұл уақыт екі кезеңге бөлінді: Ертеимперия кезеңі – принципат (б.э.д. 27- б.э.д 284 жж.); Кеш империя кезеңі – доминат (б.э.д. 284-476 жж.).
2-сұрақ:
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ. Бұл кезеңде Рим қауымы ру-тайпалық құрылыста өмір сүрген тайпалар одағы болудан қалды, онда әлеуметтік теңсіздік дами бастады. Бірінші кезекте Рим халқының өзі патрицилер мен клиенттерге бөлінді. Кейін сословиелік-таптар патрицилер мен плебейлер қалыптасты. Алғашқы қауымдық кезеңдегі жастың үлкендігі, ақылдылығы және көргендігі қағидалары тектілік қағидасымен ауыстрыла бастады. Уақыт өтісімен осы текті отбасылардың мүшелері ғана плебейлер деп атала бастады. Ал олардың кедейленге туысқандары оларға тәуелділікке түскендіктен клиенттер деп атала бастады. Потрицилер оларға қатысты патрон,яғни, қорғаншы, қамқоршы деп аталды. Патрондар өз клиенттеріне жер бөліп беруге және оларды сотта қорғауға міндетті болды. Ал клиенттер өз кезегінде патронның жеке жасағына кірді. Рим экономикасының дамуы әлеуметтік құрылымда одан сайын күрделендірді. Рим халқының саны жаулап алынған және өз еркімен қосылған халықтармен толықтырыла бастады. Бастапқыда сырттан келгендер үш трибаның құрамына қабылданды, алайда кейін оған тиым салынды. Сол себепті олар сенат пен куриаттық комицияларға қатысы алмады, яғни, құқысыз болды. Олардың саны тез өсті және қаланы толтыра бастады, сол себепті оларды плебс деп атай бастады, яғни, толтырушы. Плебейлер ешбір трибаға кірмейтін ірі патриархалды отбасы болып өмір сүрді. Сол себепті оларға жер берілмеді. Плебейлер сауда және қолөнермен айналысты. Көптеген плебейлер клиенттке айналу арқылы құқықтарды иелену мақсатында өздеріне патрон іздей бастады.
Сонымен, осы плебейлер мен патрицилердің күресі мемлекет пайда болуына және ертетаптық қоғамның құрылу процестерін тездетті. Сонымен бірге бұл процестерді Римнің соңғы үш патшасымен байланыстырады. Осы кезеңде патшалардың билігі нығая бастады. Олар өздеріне кез-келген қауым мүшесінің өмір сүруі немесе өлуі туралы мәселелерді шешу құқығын иемденді. Патшалардың билігінің күшеюіне сенаттағы орындарды алған ру шонжарлары қарсы тұрды. Алтыншы патша – Сервий Тулий (б.э.д. 578-534) рулық аристократияны әлсірету үшін рулық құрылымды бұзуға бағытталған реформаларды жүзеге асырды. Мемлекет Рим қауымы сияқты туыстық қатынастарға емес, мүліктік және аумақтық белгілер бойынша құрылды. Рим мемлекетінің орнығуы Сервий Тулидің жүзеге асырған үш реформасымен байланысты:
Ценздік реформа Рим халқының бұрынғы рулық бөлінісін жойып, оның орнына бөліністің мүліктік цензін енгізді. Римнің барлық еркін ер адамдары мүліктік цензге сәйкес алты разрядқа бөлінді. Бастапқыда ценздің өлшемі ретінде жер үлесі қарастырылды, ал кейін мүліктің ақшалай құны. Римнің ең бай азаматтары ерекше разряд – аттыларға біріктірілді. Бірінші разрядқа 100 000 мыс ассы барлар, екінші разрядқа 75 000 асстан 100 000 ассқа дейін барлары, үшінші разрядқа 50 000 асстан 75 000 ассқа дейін барлар, төртінші разрядқа 25 000 асстан 50 000 ассқа дейін барлар, бесінші разрядқа 11 500 асстан 25 000 ассқа дейін барлар жатты. Алтынша разрядты өз ұрпағынан басқа ешқандай байлығы жоқтар – пролетарийлер құрады. Әрбір разряд әскери жүздіктердің белгілі бір санын шығаруға тиіс еді. Аттылар 18 центурия, бірініші разряд 80 центурия, екінші разряд 22 центурия, үшінші разряд 20 центурия, төртінші разряд 22 центурия, бесінші разряд 30 центурия жауынгер шығаруға міндетті болды. Ал пролетарилер ауыр қаруланған бір центурия жауынгер ұсынуға тиіс болды. Жалпы әскерде 193 центурия болды. Бұл реформаның нәтижесінде центуриаттық комициялар құрылды. Ендігі кезекте ең маңызды сұрақтар әскердің центуриаттық жиналыстарында шешілді. Әрбір центурия бір дауысқа ие болды. Бұл шешімдер заңға тең болды. Куриаттық жиналыстардың ықпалы түсе бастады. Осы кезеңде центуриаттарының саны көп болғандықтан негізгі саяси билік аттылар мен бірінші разряд мүшелерінде болды.
Әскери реформа. Сервий Тулий ру жасақтарынан тәуелсіз патрицилер мен плебейлерден тұратын тұрақты әскер құрды. Ол әскер жинау қағидасын өзгертті. Ендігі кезекте әскер разрядтардың центуриялары бойынша құралды. Барлық жері бар 16 және 46 жас аралығындағы ерікті азаматтардың барлығы әскериқызметке келуге міндетті болды. Жылына екі рет, күзде және көктемде, әскерлер қала сыртындағы Марс алаңында сапқа тұрғызылып оларға сұрақтар қойылды. Соғыс ашу керек пе және кім жорықты басқарады?
Әкімшілік-аумақтық реформа. Оның негізгі мақсаты рулық қауымды ыдыратып оның орнына көршілік қауымды құру болатын. Сервий Тулий Рим аумағын трибалар деп аталатын 21 округқа бөлді.Нәтижесінде ішінде рулық та бар, плебейлер мен патрицилерден тұратын көршілік те бар 4 қалалық триба және 17 ауылдық триба құрылды. Осы аумақтық бөліністің негізінде жиналыстардың жаңа түрі – трибутты комициялар пайда болды. Комициядағы әрбір триба бір дауысқа ие болды.
Қорытындыласақ, Сервий Тулий реформалары ру-тайпалық құрылыстың құлдырауын аяқтады және оның орнына цензге негізделген Рим халқының аумақтық ұйымын құрды. Бұл реформалар плебейлердің Рим халқының құрамына және сол арқылы центуриаттық пен трибуттық комицияларға кіруіге жол ашты. Алайда патрицилер мен плебейлердің арасындағы қайшылықтардың толық шешілмеуі мемлекет құрылуының аяқталмай қалуына әкеліп соқты. Патрицилер плебейлерге кейбір құқықтарды бергенімен азаматтық теңқұқылықты орнатқан жоқ. Бұл күрес екі жүз жылдан астам уақыт жалғасты және Рим республикасының дамуының негізіне айналды.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСЫ. Бұл кезеңде Ежелгі Римде рулық демократия институттары сақталған полистік монархия орнады. Заңшығарушы, сот, атқарушы және жоғарғы діни, әскери биліктерді қолына алуға тырысқан патшалардың күшеюіне рулық аристократия кедергі жасады. Осы кезеңнің ортасында патша арқа сүйейтін мемлекеттік аппарат қалыптасты. Сервий Тулий өзінің реформалары арқасында плебейлермен кедейленген ру мүшелерінің жағдайын жақсартса, соңғы патша Өркөкірек Тарквиний ру аристократиясының өкілдерін, сенаторларды қуғын-сүргінге ұшыратты, сенатты шеттетіп, сотты және жазалауды өзі жеке-дара жүзеге асырды. Нәтижесінде б.э.д. 510 ру шонжарлары халықтың көмегімен Өркөкірек Тарквиниді және оның туысқандарын Римнен қуды. Патшалық билік жойылып, республика орнады.
3-сұрақ:
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ. Бұл кезеңде Римде құлиеленушілік сипаттағы республика орнады. Алайда осы кезеңнің басында таптық қоғамда рулық элементтер сақталып келді. Оның себебі мемлекет аумағының түрлі деңгейде дамуы. Ертеқұлиеленішілік Рим қоғамының негізгі үш табы болды: патрицилер, плебейлер және құлдар. Сонымен қатар, бұлар сословие болып табылды. Олар бір-бірінен тек еңбек құралдарына қатысты меншік құқығының болуымен ғана емес, сонымен бірге құқықтық мәртебесімен де ерекшеленді. Тек патрицилер ғана құқықтар мен бостандықтарды толық деңгейде иеленді. Плебейлердің құқықтары шектеулі болды, ал құлдарда құқықтардың ең аз мөлшері болды. Ертеқұлиеленушілік қоғамда құлдық патриархалды сипатта болды. Оларды өндірістің түрлі салаларында қолданғанмен, саны аз болды және оларды қанау қатыгездікпен ұштаспады. Яғни, құлдар негізгі өндірушілер болған жоқ. Құлмен қатар көп жағдайда еріктілер де қожайын оның баласы да жұмыс істей берді. Бұл кезеңде құл құқықтың объектісі болған жоқ. Оның сотта жауапкер болу, кепіл болу және асыранда болуға құқығы болды. Құлдардың жағдайы онша ауыр болмады. Сонымен бірге, құлмен ерікті шаруалардың арасында өндірушілердің тағы бірнеше категориялары қалыптасты. Мысалы: клиенттер, басыбайлы қарыз алушылар, кедейленген плебейлер.
Клиенттер – бұл экономикалық тәуелді, саяси құқықсыз тұлғалар. Үлкен әлеуметтік топ болған олардың құрамына еркіндікке жіберілген құлдар, Римге басқа жақтан көшіп келген және патрицилерден қамқорлық іздеуге мәжбүр болған шетжерліктер жатты. Клиенттер патрицилердің рулық ұйымдарына басыбайлы адамдар ретінде кірді. Клиенттің өзінің патронына бағынбаған жағдайында, патронда оны құлға айналдыру мүмкіндігі болды. Алайда патрон да өзінің клиентін басқа текті тұлғалардың қысымынан қорғауға және сотта оның мүдделерін білдіруге тиіс болды.
Плебейлер ертеқұлиеленушілік Рим қоғамының басты таптарының бірі болды. Олар патрицилермен қатаң күрес жүргізді. Олар заңи түрде ерікті болғанымен, алайда саяси және азаматтық құқықтарды иелене алмады. Плебейлер тнегізгі үш талап ұсынды:
плебейлерге қоғамдық жерлерді алуға жол ашу, патрициандық жер иеленуді шектеу, плебейлерге жер учаскелерін беру;
қарыздық басыбайлылықты жою және қарыз пайыздарын азайту;
саяси теңқұқылық, яғни, барлық мемлекеттік органдарға сайлану құқығын иелену.
Плебейлердің патрицилермен жүргізген ұзақ та ауыр күресі плебейлердің Рим қауымына кіруімен аяқталды. Бастапқыда плебейлер лауазымды тұлғалардың бассыздығыны, теріс пайдаланушылығына тиым салдырды.
Б.э.д. 494 жылы Римде плебейлерді лауазымды тұлғалардың зұлымдығынан қорғайтын ерекше плебейлік магистратура – халықтық трибунат құрылды. Жыл сайын сайланатын он трибуннан тұратын бұл орган плебейлердің құқықтарын шектейтін кез-келген лауазымды тұлғаның шешіміне вето қоя алатын болды.
Патрициандық судьялардың бассыздығынан қорғау ескі рулық әдет-ғұрыптарды жазбаша заңнама – Он екі кесте заңдарымен ауыстыру арқылы жүзеге асырылды.
Қоғамдық жерлерді патрицилермен тең дәрежеде иемдену құқығын плебейлер б.э.д. 454 жылы Ицилий заңының арқасында алды.
Валерий және Горацидің заңдарына сәйкес халықтық трибундарға қол сұғылмайтындық, патрициандық судья өлім жазасына немесе дене жазасына кескен іс бойынша халық жиналысына аппеляциялық саты ретінде шағымдану құқықтары, плебей жиналыстарының шешімдері заңи күшке иеболып, патрицилер үшін міндеттілікке ие болғандығы бекітілді.
Б.э.д. 444 жылы Канулияның заңы плебейлерге патриций әйелдермен некеге тұруға рұқсат берді. Бұл патрицилер мен плебейлердің бір сословиеге бірігуіне жағдай жасады.
Күрестің екінші кезеңінде плебейлер қарыздық басыбалылықтың жойылуына қол жеткізді.
Секстия мен Лицинияның заңдары(б.э.д. 367 ж.) патрициандық жер иеленуді 500 югермен (125 га) шектеді, екі консулдың біреуі плебей болу керектігін бекітті.
Б.э.д. 326 жылы Петелияның заңы бойынша Рим азаматтары үшін қарыздық басыбайлылық жойылды, ендігі кезекте адамдар қарыз үшін өз тұлғасымен емесғ мүлкімен жауап берді.
Б.э.д. 300 Плебейлер абыздық алқалардың құрамына кіргізілді.
Б.э.д. 3287 жылы Гортензияның заңы плебей жиналыстарының шешімдері заң болып табылатындығын және Рим азаматтарының барлығына міндетті деп таныды. Осы заңда плебейлердің құқықтар үшін күресі аяқталғандығы жарияланды.
Плебейлер толық құқықты Рим азаматтарына айналды. Патрицилер мен плебейлердің теңқұқылы болуы құлиеленушілік мемлекетті нығайтты және оның дамуына жағдай жасады.
Осы кезеңде Римнің негізгі таптары құлдар, құлиеленушілер және ұсақ өндірушілер болды. Олардың құқықтары бірдей болмады, ол бостандық жағдайы бойынша ерекшеленді. Ол бойынша еріктілер және құлдар бөлінді. Осы кезеңде патриархалды құлиеленушілік классикалық түрге ауысты және жаппай сипат алды. Құлдар негізінен құлдан туылғандардан, тұтқынға түскендерден және Римнен тыс жерден сатып алынғандардан құралды. Құлдар ешқандай құқықтарды пайдалана алмады, оларды сөйлейтін құрал ретінде қарастырды. Олар қатаң қанауға ұшырады, мүліктің бір бөлігіне айналды.
Сонымен бірге құлдардан басқа негізгі өндірушілер колондар болды. Олар басыбайлыққа түсіп қалған жерді жалға лаушы шаруалар болды. Оларға жер үлесі берілді және өлтірумен қорқыту арқылы егіннің алтыдан бір немесе тоғыздан бір бөлігі үшін жұмыс істеткізді. Сондай қанау жағдайына тағы бір сословие еркіндікке жіберілгендер душар болды.
Ұсақ өндірушілер табын басы бос шаруалар, құлдық еңбектің аз бөлігін пайдаланатын қолөнершілер, саудагерлер құрады.
Құлиеленушілер табы біртекті болмады. Олардың арасында басты орынды нобилдер сословиесі, яғни, сенаторлық сословие, иемденді. Олар бай плебейлер мен ірі жер иеленуші патрицилердің бірігуі нәтижесінде пайда болған сословие. Бұл таптың екінші сословиесіне бай қала тұрғындары, қарызға берушілер, ұстаханалардың иелері, әскерді азық-түлікпен, құрал-сайманмен қамтамасыз етушілер, провинцияларды тонау арқылы байыған тұлғалар кірді. Бұл екі сословие мемлекеттік қызметке қатысты жеңілдіктерге ие болды.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ. Бұл кезеңде Рим аристократиялық (сенаттық) республика болды. Рим республикасының мемлекеттік механизмі жоғарғы билік органдарының функцияларды бөлу, сайланбалылығы, ауыспалылығы, лауазымды тұлғалардың жауаптылығы, шешім қабылдаудағы алқалылық қағидаларының негізінде жұмыс істеді.
Мемлекетте жоғарғы билік органы заңшығарушы функцияларды атқарған халық жиналысы, яғни, комициялар болды. Римде комициялардың үш түрі болды. Біріншісі - центуриаттық комициялар, оларды консулдар Марс алаңында шақырды. Олар соғыс мәселесін шешті, жоғарғы магистраттарды сайлады, заңдарды қабылдады немесе кері қайтарды. Сонымен бірге, өлім жазасы көзделген істер бойынша жоғарғы инстанция болды. Екіншісі – трибуттық комициялар. Бұларды плебейлік жинаолыстар деп атады. Уақыт өте бұл органдардың маңызы арта түсті, себебі олардың шешімдері сенатпен бекітілуді талап етпеді. Олар кішігірім магистраттарды сайлады. Жиналыстардың үшінші түрін куриаттық комициялар құрады. Рулық кезеңде олар маңызды рөл ойнады, мемлекет пайда болысымен оны жоғалтты. Римде халық жиналыстары Афинадағыдай орын алмады. Себебі Рим олар заңшығару бастамасы құқығын иемденбеді. Заңды толығымен қабылдау немесе толығымен кері қайтару керек болды, өзгерістер мен толықтырулар жасауға тиым салынды.
Рим республикасында биліктің басты органы сенат болды. Ол Рим азаматтарының еркінен тыс тұраұты түрде қызмет ететін аристократияның органы болды. Оның құрамына ең бай, ең текті Рим отбасыларының мүшелері, бұрын жоғарғы магистраттар болған тұлғалар және мемлекет үшін маңызды қызмет атқарған тұлғалар кірді. Республикалық кезеңде сенаттың құрамына бұрын магистрат болған плебейлерді сайлау жүзеге асырылды. Сенаторлардың тізімі бес жыл сайын арнайы лауазымды тұлғалар – цензорлармен қайта қаралып отырды. Сенаттың құзыреті келесі қағидамен түсіндіруге болады: «Сенат ойлайды, кеңес береді және ұсыныс жасайды». Оның актілері магистраттар үшін нұсқама ретінде қарастырылды. Сенаттың келісімінсіз халық жиналыстарын ешбір магистраттарды тағайындай алмады. Сенат қаржы мәселелерін қарастырды, сыртқы саясатты анықтауға қатысты, соғыс пен бейбітшілікті жариялады. Ол елде төтенше жағдай жариялай алды. Сенатты тек жоғарғы магистраттар шақыра алды: диктаторлар, консулдар, преторлар.
Римдегі атқарушы-әміршілік билікті магистратуралар жүзеге асырды. Римде тұрақты шенеуліктік аппараттың болмағандығынан билікті сайланбалы лауазымды тұлғалар – магистраттар іске асырды. Атқаратын қызметтеріне сәйкес магистратураларды жыл сайын сайланатын ординарлы, яғни, кәдімгі, және төтенше жағдайларда ғана сайланатын экстроординарлы деп бөлінді.
Магистраттар жылына бір рет сайланды. Магистраттың қызметі жұмыс емес, сый-құрмет ретінде қарастырылғандықтан, ол төленбеді.
Жоғарғы магистраттардың қатарына сот әділдігін жүзеге асырған преторлар жатты. Претор істі сотқа жіберер алдында қарастырды. Жоғарғы магистраттар қатарына цензорлар да жатты. Цензорлар мүліктік жағдайын негізге ала отырып салық төлейтін азаматтардың тізімін жасады. Екіншіден, олар қоғамдық жұмыстарға тапсырыс берді, олардың сапасын бақылап отырды, кеденнен төлемдерді жинап тұрды.
Атқару билігінің жүйесінде ерекше орынды халықтық трибундар алды. Олардың саны он болды. Олар бастапқыда патрицилердің бассыздығын шектеу үшін пайда болды. Кейін оларға барлық азаматтарды құқықтарын қорғау және заңдылықты қадағалау функциялары тапсырылды. Трибун тұлғасына қол сұғылмады және сот жауапкершілігіне тартылмады.
Төменгі магистраттарға қарауыл эдилдер және квесторлар жатты. Эдилдер Римдегі тәртіпті қадағалады, ал квесторлар мұрағатты сақтады және қылмыстық істерді тергеді. Бұлардың барлығы ординарлы магистраттарға жатты.
Экстроординарлы магистраттардың ішінде диктатор лауазымы ерекше маңызға ие болды. Бастапқыда ол алты ай мерзіміне сенатпен сайланды, содан соң өз құзыретін тоқтатуға міндетті болды. Оны сайлаудың негіздеріне шапашаң іс-әрекетті қажет ететін соғыстағы немесе мемлекет ішіндегі дағдарыстар жатты. Диктатор өз қызметінің мерзімінде қатарынан жоғарғы азаматтық, әскер және соттық билікті иеленді.
Республикалық кезеңде Рим қоғамдық құрылысы дағдарыс жағдайына ұшырай бастады. Нәтижесінде сословиелер мен таптардың арасындағы қайшылықтар өрши түсті. Мемлекеттік механизмді жаңа жағдайларға бейімдеу талпыныс б.э.д. 82-79 жж. әскербасы Корнелий Сулламен жасалды. Әск ерге сүйеніп ол жеке бас билігі – диктатураны орнатты. Оның реформалары сенаттың маңызын арттырып, халық жиналыстады жою болып табылды. Аладй б.э.д. 79 жылы Сулла биліктен өз еркімен бас тартты.
Республикалық институттарды одан әрі жою Юлий Цезарьдың атымен байланысты. Б.э.д. 44 жылы ол мәңгілік диктатор деп жарияланды. Оның қолына халық трибуны, цензордың, консулдың және жоғарғы абыз магистраттардың уәкілеттіліктері берілді. Цезарь әскери диктатураны орнатты. Б.э.д. 45 жылы ол император титулын қабылдады. Республикалық лауазымдар сақталғанымен, барлық сайланбалы лауазымдарға үміткерлерді Цезарь ұсынды. Республиканың толық құлауы және биліктің бір қолға өтуі Цезарьдің немере ініс Октавиан Августтың кезінде жүзеге асты.
Достарыңызбен бөлісу: |