Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мəдениетінің символы болып табылады



жүктеу 68,29 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2020
өлшемі68,29 Kb.
#30429
Абай акын



Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мəдениетінің символы болып табылады. 

Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай​ла​нысты, ал даналығы қа​зір​гі 

заманмен үндес. Абай шығар​машылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, 

жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап 

тазаруға итермелейді. Кемеңгер бейнесі көптеген аса көрнекті ақындар мен 

жазу​шылардың, суретшілердің назарын аударып келеді. Ұлы ақын өз дə​уі​рінің 

ар-ожданы бол​ған сол кезеңдегі қазақ қо​ғам​дық ойы мен əдебиеті Абай есімімен тығыз 

байланысты болды. Алаш қозғалысының 100 жылдығы аталып жатқан кезде біз 

Абай​ды жəне оның бай мұ​​ра​​сын қазақ халқының ру​​ха​ни əлеміне қоса отырып, Алаш 

қай​рат​керлерінің ел тə​уел​​сіз​дігі жолында өз із​гі мұрат​​​тарын тауып, ұлт пен Ота​​нын 

сақтау үшін кү​рес жүргізгендерін айқын сезіне​міз. Абайдың алғашқы өмір​баянын Алаш 

қозғалы​сының көшбасшысы, белгілі экономист, тарихшы, əдебие​тші, пуб​лицист, 

журналист, аудармашы Əли​хан Бөкей​ханов жазған болатын. Ə.Бөкей​ханов​тың орыс 

тілін​де жазы​лып, 1905 жы​лы «Семи​палатинские ведомос​ти» газе​тін​де жарияланған 

«Абай (Ибра​һим) Құнанбаев» ат​ты мақаласы ұлы ақын туралы тұңғыш та анағұрлым 

толыққанды ғылыми еңбек болып табылады. Кейін бұл ма​қала Абайдың портретімен 

бірге 1907 жылы «Записки Се​ми​палатинского подотдела Западно-Сибирского отдела 

Императорского русского географического общества» журналында жарияланды.  Бұл 

жарияланым Əлихан Бөкейхановтың Абайдың жеке өзі мен шығармашылығын, 

ше​жіресі мен оның қоршаған ортасын жақсы білгендігін дəлелдейді. Ол Абайдың ұлы 

Тұрағұлмен жəне Абайдың немере інілері Шəкəріммен жəне Кəкітаймен жақын таныс 

болды. Ə.Бөкейханов өз мақала​сын​​да Абайдың қоғам​дық қыз​​мет​​тен ақындық​қа қалай 

ауы​​сып, орыс жəне əлем поэ​зия​сын көркем аудару​мен ай​на​лыс​қандығын, Спен​​сер​дің 

«Тəжірибелер», Льюистің «Ақиқат философия​сы», Дрэ​пер​дің «Еуропаның ақыл​ды 

да​муы» еңбектерімен таны​са келіп, қалай еуропа​лық мəде​ниет биігіне көтеріл​генді​гін 

егжей-тегжейлі қарас​тыра​ды. Ол өзінің Абай өмірі мен шы​ғар​ма​шылығы туралы осы 

қыс​қа​ша очеркін аяқтай келіп, оны Еуропаның атақты ақындары қатарына қосады. 

Алаш қозғалысының көр​нек​​ті басшыларының бірі, ағар​​​​​ту​​шы, ақын, филолог Ах​мет 

Байтұрсынов Абайды «Қазақ​​тың бас ақыны» деп атап, «Онан асқан бұрынғы-соң​ғы 

заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ», деп жазды. Əлем əдебиетінің 

классигі Мұх​тар Əуезов дербес əде​биет​​тану ғылымы ретіндегі абай​та​нудың негізін 

қалады. Ұлы ақын туралы «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы: «Ол өз халқының 

тарихында биіктен көрінеді. Ол қазақ халқының көп ғасырлық мəдениетінен озығын 

алып, бұл қазынаны əлемдік жəне орыс мəдениетінің игі ықпалымен байытты», деп 

Абай талантына жоғары баға берді.  Əрине, Абай тірі күнінде өз кітаптарын көрген жоқ, 

алай​да оның шығармашылық дəс​түрін жалғастырған рухани шəкірт​тері Əлихан 

Бөкейханов, Ах​мет Байтұрсынов, Мұхтар Əуе​зов оның əдеби мұрасының бү​кіл жер 

шарына таралуына ық​пал етті. Абайдың 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының 

Шыңғыстау бөктерінде өмірге келгені мəлім. Тобықты руы​ның беделді де өктем 

басшы​сы Құнанбай өз ұлын Семей медресесіне оқуға береді. Бұл мек​тептің қатаң 

тəртібін бұз​ған Абай орыс тілін білмек ниетте медреседен кетіп, орыс-​приход мектебіне 

ауысады. Əкесі Семейге келгенде он үш жастағы Абай туған өлкесіне қайтып оралады, 

бі​рақ он бес жылдан кейін білімін тереңдетіп, ұлттың рухани көшбасшысы болу үшін 

қайтадан қалаға келеді. Семейге келе салысымен ол орыс жəне Еуропа əдебиеті 

классиктерін оқиды, патша үкіметі Семейге жер аударған алдыңғы қатарлы 

зиялылармен танысады. Ағылшын философтары Милль, Дрэпер жəне басқа 




еуропалық ойшылдар еңбектерін терең оқып біледі. Бұл туралы америкалық саяхатшы 

жəне журналист Джордж Кеннан 1906 жылы Петербургте жарияланған «Сібір жəне жер 

аудару» кіта​бында Абай туралы: «Ағыл​шын философтарын мық​тап зерт​теп біліп, 

Миллді, Бокль мен Дрэперді оқиды», деп есте​лік қалдырды. А.С.Пушкин мен Гете, 

М.Ю.Лер​монтов пен Дж.Бай​рон Абай​дың ең сүйікті ақын​да​ры болған сияқты. Оны 

олар​​дың шығармаларының шы​найылығы, жоғары шебер​лігі, өмірлік қуаты 

толғандырды. Абай алыстағы қазақ ауыл​дары​​ның тұрғындарын ұлы орыс 

ақындарының шығар​машылығымен таныстыруды ниет етіп, ХІХ ғасырдың екінші 

жартысында А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романы​нан үзінділер жəне 

М.Ю.Лер​монтов өлеңдерін аудара бас​тайды. Ақын ту​ған халқы мəдениетінің 

дамуындағы орыс классиктері шығар​ма​шы​​лығының маңызын жете тү​сін​​ді. Абай осы 

аударма​лары​ның қазақ даласына тез тар​ап, ұғынықты болуы үшін бұл туындыларына 

əн жазады. Халық ақын əндерін жылы қабылдады да, Пушкин мен Лермонтов өлеңдері 

ең сүйікті шығармаларға айналды.  Шынайы өмірдің барлық құбылыстарына өзінің 

өткір де сергек ойын білдірген ол халықтың сана-сезімін оятып дамытатын бейнелер 

сомдады. Абай шығармаларын қайта-қайта оқи отырып, шынайы бейнелердің 

көркемдік қуаты мен идеялық мазмұнының санқырлылығына жəне та​қы​рыптық 

əралуанды​ғы​на орай Абай шығармашы​лы​ғы​​ның нағыз өмір энциклопедия​сы екендігіне 

тəнті боласың. Адамдардың типтік түрлері, портреттік суреттемелер, таби​ғат пен 

тұрмыстың қанық​​қан əсерлі бояулары, лирика​лық ой толғаныстары тұтастана келіп, 

бізден алыс өмір ақиқатын көз алдымызға əкеледі. Абай 1904 жылы қайтыс бол​ды. 

Ақынның тірі кезінде оның жекелеген өлеңдері 1889-1890 жылдары Омбыда шық​қан 

«Дала уəлаятының газеті» беттерінде жариялан​ды. Абайдың алғашқы өлең​дер жинағы 

ол өмірден өткен​нен кейін ғана, 1909 жылы Петер​бургте жарық көрді. Осылай​ша ішкі 

сезім​нен буырқанып шыққан шындық​қа толы ақын сөзі терең ұғын​дырылып, ла​йық​ты 

бағаланған болатын. Абай шығармалары одан кейін 1922 жылы Қазанда жə​не 

Ташкентте, 1933 жылы Қызыл​ордада жеке кітап болып басылып шықты. Одан 

іле-шала Алматыда, Мəскеу​де жəне əлемнің басқа қалала​рында жиі-жиі шықты. Абай 

шығармалары əлемнің көптеген тілдеріне аударылған, оның ақындық талантына шет 

елдердің ақындары мен жазушылары, əдебиет сыншылары кеңінен үн қатты. Оның 

шығармашылығы туралы мақалалар, «Қара сөздеріне» арнал​ған зерттеулер Корея 

мен Қытайдан, Үндістан мен Иран​нан, Еуропа елдері мен АҚШ-қа дейінгі əлемнің 

көптеген мемлекеттерінде жария​​лан​ды. Бұл мақалалар мен зерттеулерде ұлы ақын 

шығарма​шылығының Батыс пен Шығыс елдерінде қабыл​дануы кеңінен қарас​тыры​лып, 

оның əлем əдебие​тіндегі рөлі ашып көрсетілген. Бүгінгі күні Абай мұрасы əлем 

мəдениеті қазынасының ажырамас бір бөлігіне айнал​ды, ал оның есімі қазіргі 

за​ман​ның ұлы ақындарының қатарында тұр. Абай мұрасы – түркі мəде​ниетінің бір 

бөлігі. Өзбек ғалы​мы Абдулла Рустамов Абай​ды «адам жанының емші​сі» деп атаған 

болатын. Ол пайым​дағандай, Абай шығар​малары ғасырлар сүзбесінен өткеннен кейін 

де өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ. «Өлең жолдарынан көптеген 

сұрақтарға жауаптар табуға болады, жаралы жүректі емдеуге болады, жаңа арманға 

беріліп, қиял жетегінде кетуге болады, жай ғана – оның тақуа сөздерінен жаңылып 

қалуға болады. Ақын өлеңдері – бұл жаралы жүректер қуанышы, бұл əлсіздер үшін 

күш, бұл түңілгендер үшін тірек пен қолдау». А.Рустамов Абай поэзия​сын «өз бастауын 

биік те қуатты таудан алатын» ұлы сарқырамамен салыстырады, ал «адамдардың 

көңіл күйі үшін оның өлең жолдары өмірді жасартатын сиқырлы сусын ретінде қызмет 




етеді». Башқұрттың қабырғалы қаламгері Мұстай Кəрімнің жү​рек түкпірінен шыққан 

тілек сөздері түркі əлемі үшін Абай​дың маңыздылығын жоғары таныған сырлы 

жолдарға толы: «Біздер, баш​құрттар үшін қазақ жазба поэзиясының ал​ғаш​қы 

хабаршысы, алғашқы үні Абай болды. Ол бірінші болып бізге қазақ жанын аш​ты... Абай 

ұлттық қана емес, əлем​нің ақындық мəдениетінің шыңы болып табылады. Ал шыңдар 

алыстан көрінеді жəне олар үнемі өздеріне тартады. Биікті алыстан да, Шығыстан 

Батысқа дейін көреді. Абайдың рухани ой-өрісіне, ақындық көзқарасының кеңдігі мен 

те​рең​дігіне, Абай парасатының қуат​тылығына таң қаласың. Осының өзі оның Шығыс 

пен Батыс мəдениетіне қатысты​лығын байқатады». «Абай – қазақтардың ғана емес, 

барлық түркі халықта​рының да рухани əкесі. Абай – біздің ортақ игілігіміз, – деп нық 

айтқан еді Түркияның белгілі мемлекет қайраткері Намык Кемал Зейбек. – Абай 

адамзатқа қажет! Біз Қожа Ахмет Ясауиді, Абайды, өткен ғасырлардың басқа дана 

адамдарын өз əкелеріміздей біліп құрметтеуіміз керек». Абай шығармашылығы Еу​ропа 

мен АҚШ-қа да белгілі. Қазақ ақын-жазушыларының үлкен досы Леонард Кошут 

қаламынан Абайдың 20 өлеңі алғаш рет неміс тіліне аударылып шыққан еді. Осы 

аудар​машы Берлиннен «өзіндік, қай​таланбас, терең мағына мен ма​ңыз​ға толы Абай 

сөздерінің інжілдік-шығармашылық қуа​ты» өзін таңғалдырғаны туралы жазады. «Оның 

поэтикасы сіресіп қалған дəстүр​лерді өлең құрылысына, бейне​лілі​гіне, дауыс ырғағына 

дейін бұза​ды, аудармашы ақын ал​ды​​на күрделі мəселелер қоя​ды...» деп таңданады 

ол. Абай өлең​дері авторды түрлі кө​ңіл күйде – батыл, мазасыз, ой​лы, қайғылы, жалғыз 

етіп көрсетеді. Мұның бəрі бізге, ХХІ ғасыр оқырмандарына арналған. Абай үнінің 

ғажайып күші туралы айтудан Францияда Мадлен жəне Альберт Фишлер еш тынған 

емес. Ақын, философ, ойшыл пікірінше «халық​тар арасындағы қарым-​қаты​настар 

өзара баю, ұғы​нысу жəне құр​меттеу негізін​де қа​лып​тасуы 

 

 

Абайдың «Ес​​кен​​дір» поэмасындағы: «Жақ​сы болсаң, жарықты кім көр​мейді, Өз 



бағаңды өзің​нен кім сұрайды?!» деген сөзде​рін​дегі философиялық ой-толғаныстарда 

өсиет пен ғиб​рат үнемі байқалады». Ресей əдебиеттануы Абай шығармашылығына 

ерекше қы​зығу​шылық таныта​ды. Шығыс​танушы, түркітану​шы-ғалым Владимир 

Горд​лев​скийдің 1914 жылы шығыс​танушы, академик Николай Веселовскийдің 70 

жылдығына арналған «Шығыс жинағына» Абай мен Міржақып Дулатов шығармаларын 

енгізгендігі белгілі жайт. Əдеби байла​ныс​​тардың осы даңқты дəстүр​лерінің 

жалғасындай РҒА М.Горький атындағы Əлем əде​бие​ті институты РФ жəне ТМД 

халықтары əдебиеттері бөлі​мінің меңгерушісі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары 

академиясының академигі Қазбек Сұлтанов «Абай Құнан​баев шығармашылығын қазіргі 

зерттеу тұрғысында оның қа​зақ​тар үшін маңызы орыс əдебиетіндегі Пушкин рөлімен 

салыстыруға келеді», деп жазады.  Жазушы, əдебиеттанушы, М.В.Ломоносов 

атындағы Мəс​​кеу мем​лекеттік универси​теті​нің про​фессоры, филология ғылы​мының 

докторы Николай Анастасьев Абай туралы «Абай. Ұшу​дың ауырлығы» ат​ты «Тамаша 

адамдар өмірі» серия​сы бойынша шыққан кіта​​бын (Мəскеу, 2008) Абай өмі​рі мен 

шығармашылығына арнады. Ғалым өз еңбегінде Абай «жас күнінен жыр ортасында 

өсті, ол ырғақ пен ды​быс​тың баласы еді. Бұл тура​лы Мұхтар Əуезов өзінің 

ро​ман-эпопеясында тамаша сурет​теген. Баяндау сөзі үне​мі өзгеріске ұшырайды, бірде 

бір​қалыпты жылжып, енді бірде арғымақтың жүрдек жыл​​дамдығын алады. Абай 

поэ​​зиясының ырғақты кейпі де осындай – бірде одан кер​уен​нің қалыпты қозғалысы 



байқа​лады, бірде алыс​тан да​ла тынысын бұзған құм​ның, жер қыртысының үнсіз 

қимылы, енді бірде аң аулай​тын құс самғауы, тағы бірде ат тұяқтарының тықылы 

естіле​ді», деп тамсана жазды. Абай поэзиясы елдер мен құр​​лық​​тарға танылуда, се​бебі 

оның поэзиясында ұлы ақынның бүкіл өмірі қамтылған, оның жарқын болашақ туралы 

арманы жыр​лан​ған. Тəуелсіздік жылдары Абай​​​дың ақындық дауысы ағыл​шын, 

белорус, болгар, корей, моңғол, неміс, поляк, түрік, француз, парсы, урду тілдерінде 

сөйледі. Жаңа аудар​ма​лар қазақ ақынының жар​қын да қайталанбас жыр əлемін ашып 

берді. Абай əлемді бағындыруда. Оның өлеңдері корей тіліне Абай​дың 100 туындысын 

аудар​ған Ким Бён Хак үшін «жүй​рік аттың шабы​сын бей​нелейді, өмірлік күш-қуатқа 

толы. Оның арғы​мақтары гүлге толы даламен желіп келе жат​қан​дай əсер беріп, 

қоршаған орт​а​ны таң​ғалдырады. Мифтік тұл​парларға айналған бұл арғы​мақтар 

даланың үстінен бір​де шапшаң ұшса, бірде Қазақстанның ашық аспанында байсалды 

қалықтайды». Абайдың «Күз» жəне «Қан​сонар​да бүркітші шығады аң​ға» атты өлеңдері 

институт жү​зе​ге асырған «Жаңа дəуір​дегі қазақ-американ əдеби ын​ты​мақ​тастығы» 

ғылыми жобасы деңгейінде шыққан «Жаз​ғы кеш, даладағы түн, алтын бидай жері: 

қазақ əдебиетіндегі қор​шаған əлем» атты ағылшын тіліндегі қазақ əдебиеті 

антологиясына алғаш рет енді. Кітаптың Вашингтонда өткен тұсаукесерінде 

Смитсо​нов​ский институтының Азия мə​дениеті жөніндегі бағдар​ла​малар директоры Пол 

Тей​лор өзінің философиялық жəне əлеуметтік маңызын жоғалт​паған Абай поэзиясы 

мен му​зы​​ка​​сының сұлулығын, терең мағынасын АҚШ-та қа​лың жұртшылыққа жеткізуді 

міндеттеріне алғандығы туралы əңгімеледі. Абай поэзия​сы америкалық оқырмандар 

қызығушылығын туғызуда. Жаңа басылымдарда əкесінің емес, Отанының ұлы болуды 

армандаған қазақ халқының лайықты ұлына деген құрмет жалғаса түсуде.  Абай, ең 

бірінші, – қазақ хал​қының жаны, ал оның «қа​ра сөздері» əлем мен адамдар мағынасын 

ұғынудың құн​ды кітабына айналды. Абай үні ға​​сырлар өтсе де өзінің қуат​ты кү​шін 

жоғалтқан емес. «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл за​ман​дағылардан 

білімі, күті​мі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық 

екі мінезі бар екен... Ат аталып, ар​уақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа 

қарамайды екен, жанын салысады екен... Бұлар да арлылық, намыстылық, 

табандылықтан келеді», деген Абай үні (Отыз тоғы​зыншы сөз) ғасырдан артық уақыт 

өтсе де өзінің қуат​ты күшін жоғалтпай, те​рең​ді​гімен таңғалдырады. Абайдың 150 

жылдық мерейтойы 1995 жылы ЮНЕСКО деңгейінде бүкіл əлемде кеңі​нен атап өтілді. 

Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев кезін​де ұлы Абайдың мерей​тойын ЮНЕСКО-ның 

Естелік күн​тізбесіне енгізу туралы ЮНЕСКО-ға хат жазған болатын. Елбасының осы 

ерлікке пара-пар əрекетінің арқасында Абай мерейтойының биік дең​гейде атап өтілуі 

үлкен əлем​​дік құбылысқа айналып, шетелдік оқырмандардың ұлы ақын, ойшыл 

мұрасына қы​зы​ғушылығын арттырғаны бел​гілі. Абай – бүкіл адамзат игілігі. Оның 

поэзиясы – мəңгілік поэ​зиясы, даналықтың, махаббат пен адалдықтың поэзиясы. 

Соң​ғы жылдардағы зерттеулерде Абайдың рухани ізденістері терең ашылып, оның 

ұлттық рухани қалыптасуындағы рөлі айқындалды. Бүкілəлемдік қауымдастық 

Абайдың туған күнін 1845 жылдың 10 тамызы деп есептейді. Алайда соңғы кезде 

кейбір отандық ғалымдар ескі жыл санауға сүйеніп, оның туған күнін 23 тамыз деп 

ұсынуда. Бұл пікірталас тақы​рыбы емес. Əлемдік қа​уым​дастық, Еуропа, Азия 

мем​лекеттері мен АҚШ-тағы ірі əдебиеттану орталықтары, сыншылар мен 

баспагерлер, Абай шығармаларын аударушылар оның туған күнін жыл сайын 10 

тамызда атап өтеді. Осымен бұл тақырыпқа байланысты кейбір пікірталастар мен 




пікірлерге нүкте қою керек деп ойлаймын. Қазақстан халқы Абайдың туған күнін 10 

тамызда тойлайды, бұл дата мектеп жəне ЖОО оқулықтарында, ел таныған 

абайтанушылардың ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген. ХХІ ғасырда мəңгі жас 

классиканы жаңаша оқу үрдісі өтуде. Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша 

ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. 

Өйткені Абай халықпен мəңгі бірге. Уəлихан ҚАЛИЖАНОВ,  

 

Толығырақ: https://egemen.kz/article/abay-%E2%80%93-manhgilik-poeziya 



МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ! 

 

Толығырақ: https://egemen.kz/article/abay-%E2%80%93-manhgilik-poeziya 



МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦ 

жүктеу 68,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау