L. N. Gumilyov Eurasian national university Баспасөз анонсы Л. Н. Гумилев атындағы еұу жұмыс берушілер кеңесінің «Қазақстан ғарыш сапары»



жүктеу 74,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі74,5 Kb.
#21303

Баспасөз анонсы
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КЕҢЕСІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰК» АҚ-дағы КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ
2017 жылдың 31 наурызында cағат 16.00-де «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да (Астана қ., Тұран д-лы, 89) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жұмыс берушілер кеңесінің көшпелі отырысы өткізіледі.

Күн тәртібінде Кеңестің 2017 жылғы Жұмыс жоспарын бекіту, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлаудың кәсіби стандарттары туралы, ИИДМБ-2 аясында ЕҰУ-де мамандар дайындау туралы және Қазақстан Республикасында ғарыш саласындағы кадрлар даярлаудың ерекшелігі тақырыптарында баяндамалар, басқа да мәселелер талқыланады.

Негізгі баяндамашылар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Академиялық мәселелер департаментінің Жоспарлау және оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімінің бастығы Айгүл Сағымбай, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры Жумат Каргин, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ жүйесінің ғарыштық байланыс орталығының директоры Айдар Қуатбаев.

Еуразия ұлттық университетінің ИИДМБ бағдарламасын орындау мақсатында еліміздегі таңдап алынған 10 базалық ЖОО қатарында ғарыштық техника және технология, ғарыштық робототехника мен мехатроника саласында магистрлер дайындау жүзеге асыратынын атап өткен жөн.



Білікті мамандар дайындау мен оқу үдерісінің тәжірибелік бағытын жақсарту, ортақ ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3 кафедра филиалы жұмыс істейді: «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «Ғарыштық техника және технологиялар», сондай-ақ «Геодезия және картография».

Бұл ретте ИИДМБ-2 шеңберінде университет базасында білім алушыларға зерттеулер жүргізіп, тәжірибелік сабақтарға қатысуға мүмкіндік беретін заманауи зертханалар ашылды. Зертханалар ерекше құрылғылармен жабдықталған, олар ғылымның пәнаралық физика, нанотехнология, физикалық және аналитикалық химия, биотехнология салаларында қолданыла алады.

Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға Германия, Оңтүстік Корея, Польша, Түркия мен Қытайдағы серіктес ЖОО-лар қатысады. Жұмыс берушілермен жүйелі жұмыс жүргізу арқасында университет түлектерінің жұмысқа орналасуы жоғары деңгейде.

2017 жылдың наурызында Еуразия ұлттық университетін ИИДМБ-2 аясындағы магистратура бағдарламасы бойынша алғашқы түлектер бітіріп, дипломдарын алды, олардың арасында «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 73 магистрі бар.

Анықтама үшін.

Тиімді серіктестік жүргізу мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жұмыс берушілер кеңесі құрылды, оның құрамына бизнес-құрылым өкілдері, университеттің білім беру мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енген. Алғашқы отырыс 2016 жылдың наурызында өтті. Бүгінгі таңда Еуразия ұлттық университетінің жұмыс берушілер қорында 840-қа жуық кәсіпорын мен ұйым бар.

Қазіргі таңда жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен сараптауға белсенді қатысады, студенттердің кәсіптік практикаларына жетекшілік, дипломдық және магистрлік жұмыстарға қосалқы жетекшілік жасайды, сондай-ақ олар факультеттердегі түлектерді жұмысқа алдын ала бөлістіру бойынша комиссия мүшелерінің құрамына ене отырып, олардың болашақта жұмысқа орналасуына ықпал етеді.



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Сатбаева 2 Қазақстан,Астана қ.Сәтбаев 2 к-сі Kazakhstan,Astana, Satbayev st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com


жүктеу 74,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау